Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1745 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша ақпарат беру нысанын бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 37 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2761. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысымен.

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134  қаулысымен .
____________________________________________

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша ақпарат беру нысанын бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1745 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 28 қаңтарда және 2002 жылғы 10 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "мәмілелері бойынша" деген сөздер "мәмілелері жөнінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банктер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша олармен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен өзінің мәмілелері жөніндегі ақпаратты ай сайын, есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынады деп белгіленсін.";
      қаулының қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының        
Ұлттық Банкi Басқармасының        
"Екiншi деңгейдегi банктердiң      
ерекше қатынастармен байланысты     
тұлғалармен мәмiлелерi туралы      
ақпарат беру нысанын бекiту туралы" 
2001 жылғы 20 желтоқсандағы       
N 543 қаулысына қосымша         

 _______________  банкпен ерекше қатынастармен байланысты
(банктің атауы) тұлғалармен мәмілелері туралы ақпарат

200 жылғы "__" _____ бастап 200__ жылғы "__" ______ дейiнгi есептi кезең iшiнде, сондай-ақ есептi күнгi жағдай бойынша қолданыстағы
__________________________________________________________________
Тұлға.|Осыған сәйкес|Опера. |Сомасы|Шарттың аяқ. |Шарт қолданы.
 ның  |тұлға банкпен|цияның |(мың  |талған күні  |луының аяқталу
атауы |ерекше қаты. | түрі  |теңге)|(талаптарды  |күні (талаптарды
(аты- |наспен байла.|(валюта|      |орындаудың   |орындаудың
 жөнi)|нысты тұлға. | түрiн |      |аяқталу күні)|аяқталу күнi)
      |ларға жатқы. |көрсете|      |             |
      |  зылатын    |отырып)|      |             |
      |   белгісi   |       |      |             |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
        Төлейтiн сыйақы          |Банктiң Директорлар | Ескерту
      (мың теңге немесе %)       |кеңесi шешiмiнiң не |
_________________________________|(Директорлар кеңесi |
 Банктiң  |Банкпен ерекше|iшкi   |болмаған жағдайда)  |
пайдасына |  қатынаспен  |құжат. |aкционерлердiң жалпы|
 банкпен  |  байланысты  |тарға  |жиналысы шешiмiнiң  |
  ерекше  |   тұлғаның   |сәйкес |   деректемелерi    |
қатынаспен|пайдасына банк|       |                    |
байланысты|              |       |                    |
   тұлға  |              |       |                    |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Банктiң банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған мәмiлелердiң жалпы сомасы, банктiң онымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен операциялардың әрбiр түрi бойынша сомасы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1902 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына сәйкес (бұдан әрi - Пруденциалдық нормативтер туралы ереже) есептелетiн меншiктi капиталы мөлшерiнiң 0,1 процентiнен аспайды 200_ жылғы "___" _________ жағдай бойынша _________ болады.

Кестенi толтыру жөнiндегi нұсқамалар: кестеде банктiң банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған, 200__ жылғы "__" _________ жағдай бойынша олардың сомасы Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге сәйкес есептелетiн банктiң меншiктi капиталы мөлшерiнiң 0,1 процентiнен асатын барлық мәмiлелер туралы мәлiметтер көрсетiледi, оның iшiнде мыналарды көздейтiн (бiрақ мұнымен шектелмейтiн) мәмiлелер туралы:
      1) Заемды беру (депозиттi орналастыру);
      2) Депозиттi қабылдау (талап етуге дейiнгi депозиттi және сыйақы есептелмейтiн ағымдағы банк шотын қоспағанда) немесе банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардан заемды алу;
      3) банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар шығарған қаржы құралдарын сатып алу және кепiлге алу;
      4) қаржы құралдарын сатып алу (сату), оның iшiнде оларды банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардан керi сатып алу (сату) талаптарында (банкке қарсы әрiптестi айқындауға жол бермейтiн әдiстермен ұйымдасқан рынокта жасалған мәмiлелердi қоспағанда);
      5) банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың мүлкiн сатып алу (сату) және кепiлге алу;
      6) банктiң жоғарыда көрсетiлген операцияларын жүзеге асыру бойынша болашақ мiндеттемесi, не банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшiн субсидиарлық немесе ортақ жауапкершiлiк;
      7) 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген операцияларды қоспағанда, банктiң және банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаның арасындағы мүлiкке меншiк құқығының көшуi.

Басқарма Төрағасы _____ Бас бухгалтер ______ Орындаушы _______
Iшкi аудит (бақылау) қызметiнiң басшысы _______ мөр орны".

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми баспасөз басылымдарында жариялауды қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі
      агенттігінің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады