Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 20-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда N 2154 нөмірмен тіркелген (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық кесімдері 2003 жылы, N 14, 829-құжат бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда N 2357 нөмірмен тіркелген 2003 жылғы 28 маусымда N 26 "Ресми газетте" жарияланған) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша "іске қосылған активтердің коэффициенті" деген сөздер "активтердің іске қосылғандық коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "акционерлік (меншік)"деген сөздер "меншік" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нұсқаулық су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйе қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің және тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын), оның ішінде орташа мерзімді кезеңге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеу және бекіту кезінде ескерілетін энергетика секторының табиғи монополия субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) құрамына кіретін пайданың (таза табыстың) қол жетімді деңгейін есептеу тәртібін тәптіштейді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Нұсқаулық табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын), оның ішінде орташа мерзімді кезеңге арналған тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) қалыптастыру кезінде қолданылады.";
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) меншік капиталы - Субъектінің қатысушылары немесе акционерлеріне тиесілі, Субъектінің қатысушылары мен акционерлеріне белгілі бір табыс алуға құқық беретін үлестердің немесе акцияларды белгілі бір санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлінбейтін пайда мен резерв капиталын, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) активтердің іске қосылғандық коэффициенті табиғи монополия саласына жататын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде Субъектінің негізгі құралдарының іс жүзінде пайдаланылуын (іске қосылуын) сипаттайтын, олардың технологиялық қуатынан пайыздық түрдегі көрсеткіш;";
4) және 5) тармақшалар алынып тасталсын:
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) іске қосылған активтердің реттелетін базасы Субъектілердің негізгі құралдарын сатып алудың (сатып алу және сатып алудың басқа тәсілдері) құнының негізінде иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін, негізгі құралдардың бастапқы құнының өсуіне әкеп соқтыратын іс жүзінде өндірілетін (жыл сайынғы) инвестицияларды, жұмыстың жөндеу және басқа да түрлерін иелену және (немесе) пайдалану кезеңі үшін (жыл сайынғы) іс жүзінде есептелетін амортизациялық аударымдарды шегеруді ескере отырып айқындалады;";
13-тармақта:
"ТР = (Z x P)/С x 100%, мұндағы" деген формула мынадай редакцияда жазылсын:
"ТР = (Z x P)/С x 100%, мұндағы";
"P = Ка/365 x100%, мұндағы" деген формула мынадай редакцияда жазылсын;
"P = Ка/365, мұндағы";
14-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"g қаржыландырудың жалпы құрылымдағы, Субъектінің заемдық және жекеменшік капиталының арасалмағын сипаттайтын шама болып табылатын леверидж, яғни негізгі құралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалауды ескеріп барлық капитал құрылымындағы (меншік және заемдық капиталдың сомасы) нақты қарызға алынған қаражаттардың үлесі. Леверидждің деңгейі нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектінің жеке капиталының жағымсыз мәні жағдайында, леверидж деңгейі бірге тең шама ретінде қабылданады.";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"rе жеке капиталға сыйақының ставкасы (%)";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"rd - заемдық қаражатқа сыйақының ставкасы (%)";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ra жеке капиталға тәуекел үшін сыйлықақы. Жеке капиталға тәуекел үшін сыйлықақыны уәкілетті орган белгіленген тәртіппен айқындайды.".
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің аумақтық органдары технологиялық тәуекелдерді қайтадан санасын және бекітілген тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізілген өзгерістерді ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен қайта қарасын.
Осы бұйрықтың орындалуы үшін жеке жауапкершілік Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі аумақтық органдарының бірінші басшыларына жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Григорьева С.П.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
6. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның | |
міндетін атқарушы |