Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығы. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 2004.08.02. N 1413 жарлығымен

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  17-1-бабына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлген:
      1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
      2) Агенттiктiң құрылымы;
      3) мемлекеттiк мекемелердiң - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Агенттiктiң штат саны 573 адам болып белгiленсiн. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.14. N 1367   жарлығымен .

      3. Агенттiк төрағасының үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) Үкiметтiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шаралар қабылдансын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2003 жылғы 20 маусымдағы  
N 1141 Жарлығымен     
БЕКIТIЛГЕН        

  Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже

      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу бәсекелестiктi дамытуды қорғау және үйлестiру, сондай-ақ қызметiн табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерi жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк туралы Ереженi, сондай-ақ оның құрылымы мен жалпы штат санын Агенттiк төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      4. Агенттiк заңды тұлға - мемлекеттiк орган болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында ашатын шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Агенттiктiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      5. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар түрiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына мiндеттi күшi бар актiлер шығарады.
      6. Агенттiктiң аумақтық органдары - заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттерi болады.
      7. Агенттiктiң заңдық мекенжайы:
      473000, Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 14.
      8. Толық атауы - "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Агенттiкке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Агенттiктiң негiзгi мақсаттары, функциялары,
құқықтары және мiндеттерi

      10. Агенттiктiң негiзгi мақсаттары:
      1) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу;
      2) монополиялық қызметтiң, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестiктiң алдын алу және жолын кесу жөнiнде шаралар қолдану;
      3) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндiрiсi саласында бәсекелестiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау және жәрдем көрсету;
      4) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың ақылы қызмет көрсетуiнiң тәртiбiн бақылау;
      5) мемлекеттiк монополияға жатқызылған салада өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiне бақылау жасау;
      6) табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестiру;
      7) кәсiпкерлiктiң құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Pecпубликасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      8) табиғи монополия субъектiлерi мен белгiлi бiр тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгiлеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру.
      11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн, Белгiлi бiр тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу;
      2) табиғи монополия саласында тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) белгiлеудiң кемсiтпеушiлiк әдiстемесiн әзiрлеу, бекiту және қолдану;
      3) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын қолдану тәжiрибесiн жинақтау, осы негiзде әдiстемелiк ұсынымдарды тұжырымдау;
      4) табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындарын түзудiң ерекше тәртiбiн қолдану және олардың iс жүзiндегi шығыстарын бақылауды жүзеге асыру;
      5) мемлекеттiк ұйымдар монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге бағалар белгiлеудiң есептерi мен ережелерiнiң әдiснамасын әзiрлеу;
      6) табиғи монополиялардың, тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестiктi дамытуға, баға белгiлеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерiне қатысты заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сараптама жасауды жүзеге асыру;
      7) нарықтың және ондағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы баяндамалар, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мен оны қолданудың тәжiрибесiн жетiлдiру туралы ұсыныстар дайындап, оларды Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкiметiне жiберу;
      8) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
      9) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметiне тексерулер жүргiзу;
      10) табиғи монополия субъектiлерiн қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      11) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие, бәсекелестiктi шектейтiн және монополистiк қызметтi жүзеге асыратын нарық субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзу;
      12) тауар нарықтарында бәсекелестiктi дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, iске асыру;
      13) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ Агенттiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      14) нарық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыретiнiң аясында әзiрлеу мен бекiту;
      15) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу туралы iстердi өз құзыретi шегiнде қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
      16) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
      17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      12. Агенттiктiң мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өз құзыретiнiң шегiнде:
      1) табиғи монополия субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) және мемлекеттiк органдар болып табылатын мемлекеттiк мекемелер көрсететін қызметтерге тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге;
      2) табиғи монополия субъектiсi жүргiзетiн сатып алуларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асыруға;
      3) табиғи монополия субъектiлерi үшiн мiндеттi мемлекеттiк реттеудi енгiзу, өзгерту және тоқтату туралы шешiмдер қабылдауға;
      4) табиғи монополия субъектiлерi, сондай-ақ тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi көрсететiн қызметтер бөлiгiнде тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен әдiстемелiк база әзiрлеуге;
      5) табиғи монополия субъектiлерiнiң материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу бойынша тендер жүргiзу тәртiбiн айқындауға;
      6) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тұтынушылармен шарттар жасасуы туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзуi туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдар енгiзуге;
      7) табиғи монополия субъектiлерiнiң тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынуға;
      8) табиғи монополия субъектiлерiнiң - қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге бастамашылық жасауға;
      9) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      10) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) қолданыс мерзiмiн кемiнде алты айға белгiлеуге;
      11) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi шешiмдер беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      12) нарықта үстем (монополиялық) жағдайдың орын алуын анықтауға;
      13) жолсыздықтар туралы iстердi өз құзыретiнiң шегiнде қарауға және кiнәлiлердi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
      14) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарын сақтай отырып, өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      15) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзудың нәтижесiнде алған кiрiстi бюджетке аудару туралы, сондай-ақ тікелей немесе тарифтердi уақытша төмендету арқылы келтiрiлген залалды және (немесе) шығынды өтеткiзу туралы шешiм қабылдауға;
      16) бәсекелестiктi дамытуға, монополияға қарсы органның нұсқамаларын орындауға кедергi келтiретiн және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жолсыздықтар үшiн нарық субъектiлерi мен олардың басшыларына, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына айыппұл салу туралы шешiмдер қабылдауға;
      17) мемлекеттiк органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына, тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiне, олардың басшыларына орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
      18) Агенттiктiң отырыстарында мемлекеттiк органдардың, тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын не тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
      19) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
      20) ғалымдар мен мамандардан, Агенттiк қызметкерлерiнен, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi мен нарық субъектiлерiнен сарапшы кеңестерді құруға;
      21) тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға;
      22) мемлекеттiк баға тәртiбiнiң, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының, тұтынушыларды құқықтарын қорғау жөнiндегi заңнамасының бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арыз беруге, оларды қарауға қатысуға;
      23) өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн аумақтық органдарға беруге;
      24) егер бұл тиiстi тауар рыногында үлесi отыз бес пайыздан асатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің пайда болуына жеткiзетiн болса, нарық субъектiлерiн құруға, сондай-ақ тиiстi тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға, таратуға қорытынды беруге;
      25) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      26) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн материалдар мен нормативтiк құқықтық актiлердi прокуратура органдарына жiберуге;
      27) тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерiне) бағаларды мемлекеттiк реттеудi енгiзу туралы шешiм қабылдауға;
      28) мыналарға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға:
      нарық субъектiлерiнiң жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайдаларды) сатып алу кезiнде және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына;
      табиғи монополия субъектiсiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуына, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы  заңымен  рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға қатысуының өзге де нысандарына;
      табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi иелiктен айыруға және онымен өзге де мәмiлелер жасасуға;
      табиғи монополия субъектiсiнiң өзiнiң тұтынуына арналмаған, олар тасымалдайтын немесе беретiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алуына;
      табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметiмен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектiсi саласына қатысты өзге қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы  заңнамасында  белгiленген қызметтi жүзеге асыруына;
      29) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
      13. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) заңсыз көтерумен және (немесе) нақты орындалмаған жұмыс құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) енгiзумен тұтынушыларға келтiрген залалды өтеуi үшiн уақытша өтемдiк тариф бекiту туралы шешiм қабылдауға;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
      3) Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмдерiне енгiзiлген, табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiтуге немесе өзгертуге берген өтiнiмдерiн қарау кезiнде тұтынушылардың немесе табиғи монополия субъектiлерiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ашық тыңдаулар өткiзу қажеттiгiн анықтауға;
      4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерден басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi жөнiнде қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
      5) Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң pecпубликалық бөлiмдерiне енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берген өтiнiмiн қарау кезiнде ашық тыңдаулар өткiзуге;
      6) тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының), уақытша төмендету коэффициентiнiң жобаларын ұсыну тәртiбiн белгiлеуге мiндеттi.

  3. Агенттiктiң мүлкi

      14. Агенттiктiң оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Агенттiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатына, сондай-ақ құны Агенттiктiң балансында көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
      15. Агенттiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      16. Агенттiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      17. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Агенттiк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне тұрақты есеп бередi.
      18. Агенттiк төрағасының үш орынбасары бар, оларды төрағаның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырып, оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
      20. Агенттiк төрағасы осы мақсатта:
      1) бұйрықтарға қол қояды;
      2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн белгiлейдi;
      3) Агенттiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерi мен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Агенттiктiң атынан өкiлдiк етедi;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
      7) сарапшы кеңестердiң дербес құрамын бекiтедi;
      8) Агенттiктiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      21. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады.
      22. Агенттiк және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы iстердi қарайды.

  5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы     
Президентiнiң         
2003 жылғы 20 маусымдағы   
N 1141 Жарлығымен       
БЕКIТIЛГЕН           

  Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ <*>

      Басшылық
      Электр және жылу энергиясы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру департаменті
      Заң департаменті
      Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті
      Талдау және жоспарлау бөлімі
       Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.21.   N 1210   жарлығымен .

      Қазақстан Республикасы     
Президентiнiң         
2003 жылғы 20 маусымдағы   
N 1141 Жарлығымен       
БЕКIТIЛСІН           

  Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
ТIЗБЕСI

      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
      3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы облысы бойынша департаментi.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Атырау облысы бойынша департаментi.
      5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Жамбыл облысы бойынша департаментi.
      7. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      8. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментi.
      9. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша департаментi.
      10. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi.
      11. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментi.
      12. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша департаментi.
      13. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      14. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      15. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментi.
      16. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы қаласы бойынша департаментi.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады