Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1503 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2824. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384   қаулысымен .
________________________________ 

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86  қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1503 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 7-20 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1688 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 414  қаулысымен  және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2418 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 221  қаулысымен  бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенімділігінің рейтингі ретінде мыналар қабылданады:
      1) Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін қаржылық күштердің халықаралық рейтингі (Financial Strength Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы қаржылық күштердің рейтингі (Financial Strength Rating);
      2) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокері үшін халықаралық кредиттік рейтингі (Credit Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы кредиттік рейтингі (Credit Rating).";

      3-тармақтағы:
      "Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан" деген сөздерден кейін ", оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мұндайда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласында талап етілетін ең төменгі рейтингіге ие Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы және сақтандыру брокері "Moody`s Investors Service", "Standard & Poors" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына тағайындалған тиісті тәуелсіз рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингілерінің біреуіне ие елде тіркелуі тиіс.";

      3-1-тармақ алынып тасталсын;
      1-қосымшадағы:
      "Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан" деген сөздерден кейін ", оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ алынып тасталсын;

      2-қосымшаның 2-тармағындағы:
      ""А++"-дан ("Эксперт-РА" Ресейлік рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша)" деген сөздер "ұлттық рейтинг шкаласы бойынша ең жоғары рейтингісінен ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мұндайда ұлттық рейтинг шкаласы бойынша рейтинг ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша) тиісті префикспен белгіленеді.".

      2. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2004 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады