Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1503. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 384   қаулысымен .
________________________________ 

       Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221   қаулысымен .

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
       Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221   қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенімділігінің рейтингі ретінде мыналар қабылданады:
      1) Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін қаржылық күштердің халықаралық рейтингі (Financial Strength Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы қаржылық күштердің рейтингі (Financial Strength Rating);
      1-1) Қазақстан Республикасының резидент емесі - қайта сақтандыру ұйымы үшін "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша сенімділік рейтингісі;
      2) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокері үшін халықаралық кредиттік рейтингі (Credit Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы кредиттік рейтингі (Credit Rating).
       Ескерту: 2-тармақ өзгертілді, толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221   қаулысымен ,  ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114   қаулысымен 2004 жылғы 27 қазандағы N 324   қаулысымен .
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан - Қазақстан Республикасының резидентінен, оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы, қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің осы қаулыға N 2 қосымшада белгіленген рейтингтен төмен емес қаржылық сенімділігінің ең аз талап етілетін рейтингі болуға тиіс.
      Мұндайда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласында талап етілетін ең төменгі рейтингіге ие Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы және сақтандыру брокері "Moody`s Investors Service", "Standard & Poors" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына тағайындалған тиісті тәуелсіз рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингілерінің біреуіне ие елде тіркелуі тиіс.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту мен толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221   қаулысымен ,  ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114   қаулысымен .
      3-1. <*>
       Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды, алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221   қаулысымен ,  ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114   қаулысымен .
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. 
      5. Сақтандыру қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.   

       Ұлттық Банкі
      Төрағасы  

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 31 наурыздағы
N 86 қаулысына     
N 1 қосымша      

       Ескерту: 1 қосымшаға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 414   қаулысымен 2003 жылғы 4 шілдедегі N  221   қаулысымен ,  ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114   қаулысымен 2004 жылғы 27 қазандағы N 324   қаулысымен .

Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта
 сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің
қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын
рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi

     Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы, қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерi мыналар деп есептелсiн:
     1. Мооdу,s Investors Service (АҚШ)
     2. Standard & Poors (АҚШ)
     3. Ғitсh (Ұлыбритания)
     4. А.М.Веst (АҚШ)
     5. <*>
     6. "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігі (Ресей Федерациясы)

      Ұлттық Банк 
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
2001 жылғы 31 наурыздағы  
N 86 қаулысына      
N 2 қосымша       

       Ескерту: 2 қосымшаның 1-тармағы  алынып тасталды , өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 19 қазандағы N 414   қаулысымен 2003 жылғы 4 шілдедегі N 221   қаулысымен ,  ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 114   қаулысымен 2004 жылғы 27 қазандағы N 324   қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта
сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің
ең аз рейтингi  

      Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң ең аз рейтингi "А3"-тен ("Мооdу,s Investors Service" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-дан ("Standard & Рооrs" жiктеуi бойынша) төмен болмауға, немесе ұлттық рейтинг шкаласы бойынша ең жоғары рейтингісінен ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-дан ("Ғitсh" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-ден ("А.М.Веst" жiктеуi бойынша), немесе "А++" төмен емес ("Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен болмауға тиiс.
      Мұндайда ұлттық рейтинг шкаласы бойынша рейтинг ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша) тиісті префикспен белгіленеді.     

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады