Республикалық бюджеттен қаржыландыру есебiнен мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын конкурстық негiзде орналастыру туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2836. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 311 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.06.24 N 311 бұйрығымен.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау тиiмдiлiгiн арттыру және республикалық бюджет қаражытының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. Қосымшалар бекiтiлсiн:
      1) Республикалық бюджеттен қаржыландыру есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырмасын орналастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық);
      2) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшiн конкурстық құжаттамалардың тiзбесi.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (Б.Әбдiрәсiлов):
      1) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын;
      2) 2004 жылғы 1 маусымға дейiн Конкурстық комиссияны»(бұдан әрi - Комиссия) құрамы бойынша ұсыныстар берсiн;
      3) Нұсқаулыққа сәйкес Комиссияның жұмысын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың»орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

"Республикалық бюджеттен қаржыландыру 
есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын орналастыру   
туралы нұсқаулықты бекiту туралы"  
Қазақстан Республикасы         
Бiлiм және ғылым министрiнiң      
2004 жылғы 21 сәуірдегі        
N 341 бұйрығымен бекiтiлген     

Республикалық бюджеттен қаржыландыру есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның қызметiн республикалық бюджеттен қаржыландыру есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөнiндегi қызметiн iске асыруға бағытталған және "Бiлiм туралы"»Қазақстан Республикасының Заңына және бiлiм беру саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.

      2. Жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға арналған бiлiм гранттары түрiндегi (бұдан әрi - мемлекеттiк бiлiм гранттары) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау сапасын және оларға деген салалық және өңiрлiк сұраныстарды ескере отырып, мемлекеттiк аттестаттаудан өткен жоғары оқу орындары арасында конкурстық негiзде орналастырылады.

      3. Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, мемлекеттiк аттестаттаудан өткен, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау тиiмдiлiгiн, сондай-ақ оларға деген салалық және өңiрлiк сұраныстарды ескере отырып, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу ұйымдарының арасында конкурстық негiзде орналастырылады.
      Мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдардың мемлекеттiк аккредитациясы болуы тиiс.

2. Конкурсты ұйымдастыру

      4. Республикалық бюджеттен қаржыландыру есебiнен мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға арналған ұйымдар арасындағы конкурсты (бұдан әрi - Конкурс) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұйымдастырады (бұдан әрi - Конкурсты ұйымдастырушы).
      Конкурс өткiзу туралы шешiм, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн конкурстық құжаттамалар тiзбесi (бұдан әрi - Конкурстық құжаттамалардың тiзбесi) және осы Тiзбеге кiретiн құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң (бұдан әрi - Министр) бұйрығымен бекiтiледi.

      5. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру республикалық басылымдарда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде алдағы оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемi бекiтiлген күннен бастап он күн iшiнде жарияланады.

      6. Конкурс өткiзу үшiн 11 адам құрамында Комиссия құрылады. Комиссия құрамы Министрдiң бұйрығымен бекiтiледi. Комиссия төрағасы Министр болып табылады.
      7. Комиссия өз жұмысында "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.

      8. Комиссия мәжiлiсi оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және онда жалпы мүшелер санының 2/3 астамы қатысса заңды деп есептеледi.

      9. Комиссия шешiмдерi мәжiлiске қатысушы Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк жәй ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен ресiмделедi, оған барлық комиссия мүшелерi қол қояды.
      Комиссия шешiмi соңғы шешiм болып табылады.

3. Конкурстық өтiнiмдердi ресiмдеу, беру және қабылдау

      10. Конкурсқа осы нұсқаулықтың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген ұйымдар (бұдан әрi - Конкурсқа қатысушы) қатыса алады. Конкурсқа қатысушылардың өтiнiмдерi хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде берiледi.

      11. Конкурсқа қатысушы дайындаған конкурстық өтiнiм мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде берiледi.

      12. Конкурстық өтiнiмде конкурстық құжаттамалардың тiзбесiне сәйкес құжаттар болуы тиiс.

      13. Конкурстық өтiнiштер қабылдау мерзiмi аяқталғанға дейiн Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаларға конкурс шарттарын елеулi өзгерiске соқтырмайтын түзетулердi енгiзе алады. Ол туралы конкурсқа қатысушыларға мiндеттi түрде хабарланады.

      14. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өзiнiң өтiнiмiн дайындаған кезде енгiзiлген түзетулердi ескеру үшiн Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдер беру мерзiмiн кейiнге қалдыра алады.

      15. Құжаттар пакетi толық емес немесе дұрыс ақпарат бермеген, Нұсқаулықты бұза отырып ресiмделген немесе конкурстық құжаттамаларда белгiленген нысандардан ауытқу болған жағдайда конкурстық өтiнiм қаралмайды.

      16. Конкурстық өтiнiмге кiретiн құжаттарға ұйымның бiрiншi басшысы қол қойып, елтаңбалы мөрмен расталуы қажет және конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген тәртiпте ұсынылады.

      17. Конкурстық өтiнiмдi конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген сағат пен күннен кешiктiрмей конкурсты ұйымдастырушының қабылдауы тиiс. Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi өткеннен кейiн түскен конкурстық өтiнiм кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтiнiмге оларды беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн қандай да бiр өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiлмейдi.

      18. Конкурстық өтiнiм конкурстық құжаттама талаптарына мынадай жағдайларда сай келедi деп есептеледi:
      тiзбеге сәйкес барлық қажеттi құжаттар берiлгенде;
      берiлген құжаттары бойынша Конкурсқа қатысушы белгiленген талаптарға сәйкес конкурсқа қатысуға құқылы.

4. Конкурсты өткiзу

      19. Комиссия конкурстық өтiнiмдi қарап, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiк деңгейiн анықтайды және оларға баға бередi.

      20. Комиссия Конкурсқа қатысушыдан қосымша немесе нақтылайтын ақпарат сұрата алады.

      21. Ұйымдардың конкурстық iрiктеу шарттары мен өлшемдерiн анықтау кезiнде Комиссия мынадай көрсеткiштердi басшылыққа алады:
      бiлiм беру процесiнiң кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi және педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейi;
      оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етiлуi;
      ғылыми әлеуетi және олардың жүргiзетiн ғылыми-зерттеулерiнiң деңгейi;
      бiлiм алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру, дәрiгерлiк қызмет көрсету орындарымен қамтамасыз ету мүмкiндiгi;
      мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орындауға қатысуы;
      бiтiрушi түлектерiнiң сұранысқа ие болуы;
      инновациялық технологияларды енгiзуi.

      22. Жоғары кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткiзу кезiнде Комиссия мамандық бойынша оның ең аз көлемi кемiнде 10 (он) мемлекеттiк бiлiм гранты болуы керектiгiн шарт етiп қояды.

      23. Конкурс жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң әрбiр мамандығы бойынша бөлек өткiзiледi.

      24. Комиссия конкурстық өтiнiмдердi салыстыру және бағалаудың негiзiнде, конкурс шарттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылуы мүмкiн болатын Конкурс қатысушылар тiзбесi туралы шешiм қабылдайды.
      Конкурс қорытындысы Министрдiң бұйрығымен бекiтiледi.

      25. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлаудың мемлекеттiк бiлiм тапсырысы берiлетiн ұйымдар тiзбесi мен нақты мамандықтар бойынша әрбiр ұйымға бекiтiлген мемлекеттiк тапсырыс көлемi тиiстi бiлiм беру және ғылыми ұйымдарға құжаттар қабылдау басталарға дейiн республикалық баспасөзде жарияланады.

      26. Қазақстан Республикасының азаматтары емес қазақ ұлтының өкiлдерiне, жоғары оқу орындарына қабылдау квота шеңберiндегi, сондай-ақ мемлекетаралық келiсiм бойынша оқуға келген шетелдiк азаматтар және жетiм балаларға арналып көзделген мемлекеттiк бiлiм гранттары көрсетiлген бойынша тұлғалар санатының iшiнен мемлекеттiк бiлiм грантының иегерiн қабылдау қорытындысы бойынша конкурста жеңiп шыққан жоғары оқу орындарына орналастырылады.

"Республикалық бюджеттен қаржыландыру 
есебiнен конкурстық негiзде мемлекеттiк
бiлiм беру тапсырысын орналастыру   
туралы нұсқаулықты бекiту туралы"   
Қазақстан Республикасы         
Бiлiм және ғылым министрiнiң      
2004 жылғы 21 сәуірдегі        
N 341 бұйрығымен бекiтiлген     

Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi
мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру конкурсына қатысуға
арналған конкурстық құжаттамалардың
тiзбесi

      1. Ұйымның өтiнiмi.
      2. Ұйымның анкетасы.
      3. Ұйымның ақпараттық картасы.
      4. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы ұсыныстар.
      5. Заңды тұлға ретiндегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi.
      6. Бiлiм беру құқығына берiлген лицензияның көшiрмесi (қосымшаларымен).
      7. Мемлекеттiк аттестаттаудан өткенi туралы бұйрықтың көшiрмесi.
      8. Аккредитация туралы куәлiктiң көшiрмесi (мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдары үшiн).
      9. Оқу процесiне инновациялар, қазiргi ақпараттық технологиялар мен оқу құралдарын енгiзу туралы мәлiметтер (ерiктi түрде).
      10. Банктiң (банктердiң) алдында кешiктiрiлген берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) анықтамасы.
      11. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша кешiктiрiлген берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады