Мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2838. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 106 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 106 бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді----------------

       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) ...
      2) ...
      3)«"Мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне
қосымша ақыны төлеудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Мәдениет министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 117
бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2838, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2004 ж., N 17-20, 924-құжатта жарияланған).
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Е.Ертісбаев

___________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"  қаулысын  іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Мәдениет министрінің    
2004 жылғы 20 сәуірдегі N 117
"Мәдениет қазыналық    
кәсіпорындарының кейбір 
қызметкерлеріне қосымша 
ақы төлеудің қағидаларын 
бекіту туралы"     
бұйрығымен бекітілген  

Мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақы төлеудің қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  сәйкес әзірленген.
      2. Театр әртістері, кино актерлері, опера және балет театры, концерттік ұйымдар әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін лауазымдық жалақының 50%-на дейін қосымша ақы тағайындалады.
      3. Аталмыш әртістердің кәсіби шеберлігі деңгейін анықтау бас режиссерлерге, дирижерлерге, балетмейстерлерге, хормейстерлерге және көркемдік жетекшілерге жүктеледі. Олар әртістердің басты (бірінші) рольдерді (партияларды) орындауына, ағымдағы репертуарда қамтылуына және жоғары кәсіби біліктіліктің басқа да көрсеткіштеріне қарап, әрбір жағдайда жазбаша түрде дербес ұсыныс дайындайды.
      4. Қосымша ақыны тағайындау туралы ұсыныста қызметкердің фамилиясы және лауазымы, қысқаша мінездемесі, ұсынылатын қосымша ақы көлемі мен негізі көрсетіледі.
      5. Ұсыныс негізінде театралды-концерттік кәсіпорын дирекциясы қосымша ақының лауазымдық ақыға пайыздық қатыстағы нақты мөлшерін белгілейді және еңбеқақы есептегенде қосымша ақы үшін негіз болатын тиісті бұйрық шығарады.
      6. Кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы алуға құқылы әртістерге сондай-ақ дирижерлер (бас дирижерлер), аккомпаниатор-концертмейстерлер және концерттерге (музыкалық спектакльдерге) қатысатын музыкатанушы-лекторлар жатқызыла алады.
      7. Қосымша ақыны тағайындау несиелік қарыз болмаған жағдайда, қазыналық кәсіпорын үшін мемлекеттік басқарушы органмен бекітілген еңбеқақы есебінен және қор шегінде жүзеге асырылады.
      8. Кәсіби шеберлік үшін қосымша ақы календарлық жылдың ішінде жарамды және жыл сайын қайта қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады