Сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі объектілерінің, базарлардың көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығын байқауды өткізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық Бас дәрігерінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2849. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 10 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2010.05.17 N 10 Қаулысымен.

      Сапасы нашар тамақ өнімдерінен пайда болған жіті ішек жұқпалы аурулары мен жаппай тамақтан улану бұрқ етулерінің алдын алу, тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі объектілерінің, базарлардың санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту мақсатында, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес қаулы етемін:
      1. Меншік нысанына қарамастан, тамақ өнімдерін өндірумен, қайта өңдеумен, сақтаумен және сатумен байланысты сауда қызметімен, сондай-ақ оларды сату үшін орын берумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес:
      іргелес аумақтардың, кіреберіс жолдардың және өндірістік үй-жайлардың санитарлық-гигиеналық жағдайын тиісті деңгейге сәйкес келтірсін;
      олардың кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, технологиялық және тоңазытқыш жабдықты жөндеуді, жарамсыз өндірістік жабдық пен мүкәммалды ауыстыруды, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін тексеруді жүргізсін;
      белгіленген тәртіппен жұмысқа келер алдында, қызметшілердің міндетті түрде алдын ала және мерзімдік медициналық қараудан уақтылы өтуін, сондай-ақ гигиеналық оқуын қамтамасыз етсін;
      тамақ өнімдерін тасымалдау үшін мамандандырылған көлікке белгіленген үлгідегі санитарлық паспорттар алуды қамтамасыз етсін;
      белгіленген үлгідегі санитарлық паспорттарды алу тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы көлікті дайындасын;
      тиісті аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын атқарушы органдардың тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтау мен сату жағдайларының сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алсын.
      2. Тиісті аумақтардың, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері:
      1) жыл сайын 20 сәуірден 20 мамырға дейін меншік нысанына қарамастан, сауда, қоғамдық тамақтану, тамақ өнеркәсібі объектілерінің, базарлардың көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығын байқауды (бұдан әрі - байқау) ұйымдастырсын және өткізсін;
      2) аумақтық ішкі істер, ветеринарлық қадағалау, стандарттау, метрология және сертификаттау органдарымен бірлесіп, сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарсыз тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтау мен сату фактілерінің анықталуы және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын;
      3) кәсіпкерлік қызметті лицензиялаумен айналысатын органдармен өзара іс-қимылды және лицензияны тек мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының объектілердің санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде ғана беруді қамтамасыз етсін;
      4) алдын ала жүргізілетін медициналық қараулар мен декреттелген контингентті гигиеналық оқытудың сапасын, толықтығы мен растығын бақылауды күшейтсін. Жалған құжаттар жасау фактілері анықталған жағдайда, санитарлық минимумдардың негіздерін білуіне қайта аттестаттауға және алдын ала медициналық қараудан қайта өтуге шаралар қабылдасын;
      5) эпидемиологиялық маңызы бар объектілерге көңіл бөле отырып, объектілердің толық қаралуын қамтамасыз етсін;
      6) жыл сайын 25 мамырға дейін осы қаулыға 1-3-қосымшаларға сәйкес, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының талаптары жүйелі түрде орындалмайтын объектілер бойынша нақты мысалдарды және басқа органдармен және ведомстволармен бірлесіп шешуді қажет ететін проблемалы мәселелерді көрсете отырып, қараудың нәтижесі жөніндегі ақпаратты "Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - РСЭС) ұсынсын.
      3. РСЭС-тің бас дәрігері К.С.Оспанов жыл сайын 30 мамырға дейінгі мерзімде қараудың нәтижесі жөніндегі қорытынды ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне ұсынсын.
      4. Осы қаулы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің назарына жеткізілсін, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, іс-шаралардың жүргізілуінде жариялылық қамтамасыз етілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиоогиялық қадағалау комитетінің төрағасы Б.С.Байсеркинге жүктелсін.

Қазақстан Республикасы  
Бас мемлекеттік     
санитарлық дәрігерінің  
2004 жылғы 15 сәуірдегі 
N 6 қаулысына      
N 1 қосымша       

Байқауға жататын объектілердің тізбесі

      Тамақтану объектілері, барлығы:
      1. Сүт зауыттары:
      шағын сүт зауыттары;
      ірімшік жасайтын цехтар;
      май жасап шығаратын цехтар;
      балмұздақ шығаратын цехтар;
      балалар сүтханалары.
      2. Сүт-тауар фермалары, шаруа қожалықтары.
      3. Ет өңдейтіндер:
      ет комбинаттары
      шұжық цехтары
      консерві өндірістері
      ыстайтын цехтар.
      4. Кондитерлік крем өндірістері.
      5. Сыра, алкогольсіз сусындар шығаратындар:
      сыра зауыттары;
      шағын сыра зауыттары;
      алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі цехтар.
      6. Маргарин кәсіпорындары:
      майонез цехтары,
      тамақ өнеркәсібі ұйымдары, жиынтығы:
      7. Қоғамдық тамақтану объектілері, барлығы, 
      соның ішінде:
      мейрамханалар, кафелер;
      жазғы тамақтану алаңдары;
      кәуәпханалар, асарханалар;
      жалпы асханалар;
      өнеркәсіп асханалары;
      жоғары оқу орындарының асханалары;
      басқалар.
      8. Сауда объектілері, барлығы,
      соның ішінде:
      дүкендер;
      базарлар,
      соның ішінде:
      шағын базарлар;
      көшедегі сауда орындары (дүңгіршектер, ларектар, далада сауда сатуға арналған үстелдер, нан сататын дүңгіршектер және басқалар).

Қазақстан Республикасы  
Бас мемлекеттік     
санитарлық дәрігерінің  
2004 жылғы 15 сәуірдегі 
N 6 қаулысына      
N 2 қосымша        

Тамақ өнімдерін өндіретін және сататын объектілердің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы

__________________________________________________________________
   Қаулыға  | 1   |          Объектілердің атауы
1-қосымшаның|     |
  тізбесіне |     |
   сәйкес   |     |
__________________________________________________________________
              2    Бақылаудағы объектілердің саны/олардың ішінде
                   эпидемиологиялық маңыздылары
              3    Байқаумен қамтылатын объектілердің саны/олардың
                   ішінде эпидемиологиялық маңыздылары
              4    Санитарлық бұзылулар анықталған объектілердің
                   саны/олардың ішінде эпидемиологиялық маңыздылары
              5    Объектілердің қанағаттанғысыз жай-күйі
              6    Жеткіліксіз және ақауы бар      _______________
                   тоңазытқыш және                |               |
                   технологиялық құралдар         |               |
              7    Ақауы бар инженерлік           |               |
                   коммуникациялар мен су         |               |
                   құбыры желілері мен кәріз      |  соның ішінде |
              8    Ыстық және суық ағынды сумен   |               |
                   жеткіліксіз қамтамасыз етілу   |               |
              9    Жеке бас гигиенасының          |               |
                   сақталмауы                     |               |
              10   Мерзімдік медициналық          |               |
                   қараумен % қамтылу             |_______________|
              11   Пайдалануға рұқсат берілген объектілердің саны
              12   Пайдалануы тоқтатылған          ______________ 
              13   Айыппұл салынған               |  әкімшілік   |
                                                  |    шаралар     |
              14   Шайындылар (сәйкессіздігі)     |              |
              15   Бактериологиялық көрсеткіштерге|              |
                   тексерілетін өнімдер           |  Зертханалық |
                   (сәйкессіздігі)                |  зерттеулер  |
              16   Санитарлық-химиялық            |              |
                   көрсеткіштерге тексерілетін    |              |
                   өнімдер (сәйкессіздігі)        |              |
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Бас мемлекеттік     
санитарлық дәрігерінің  
2004 жылғы 15 сәуірдегі 
N 6 қаулысына      
N 3 қосымша        

Ауылдық жерлерде орналасқан тамақтану объектілерінің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы

__________________________________________________________________
   Қаулыға  | 1   |          Объектілердің атауы
1-қосымшаның|     |
  тізбесіне |     |
   сәйкес   |     |
__________________________________________________________________
              2    Бақылаудағы объектілердің саны/олардың ішінде
                   эпидмаңыздылары
              3    Байқаумен қамтылатын объектілердің саны/олардың
                   ішінде эпидемиологиялық маңыздылары
              4    Санитарлық ережелер мен нормаларға жауап
                   бермейтін объектілердің саны/олардың ішінде
                   эпидемиологиялық маңыздылары
              5    Объектілердің қанағаттанғысыз жай-күйі
              6    Санитарлық бұзылулар анықталған объектілердің
                   саны/олардың ішінде эпидемиологиялық маңыздылары
              7    Объектілердің қанағаттанғысыз
                   санитарлық-техникалық жай-күйі
              8    Жеткіліксіз және ақауы бар      ______________
                   тоңазытқыш және технологиялық  |              |
                   құралдар                       |              |
              9    Ақауы бар инженерлік           | соның ішінде |
                   коммуникациялар мен су құбыры  |              |
                   желілері мен кәріз             |              |
              10   Ыстық сумен жеткіліксіз        |              |
                   қамтамасыз ету                 |              |
              11   Суық ағынды сумен жеткіліксіз  |              |
                   қамтамасыз етілу               |              |
              12   Жеке бас гигиенасының          |              |
                   сақталумауы                    |                |
              13   Мерзімдік медициналық қараумен % қамтылу
              14   Пайдалануға рұқсат берілген объектілердің саны
              15   Пайдалануы тоқтатылған          ______________
              16   Айыппұл салынған               |   әкімшілік  |
                                                  |     шаралар    |
              17   Шайындылар (сәйкессіздігі)     |              |
              18   Бактериологиялық көрсеткіш.    |              |
                   терге тексерілетін өнімдер     |  Зертханалық |
                   (сәйкессіздігі)                |  зерттеулер  |
              19   Санитарлық-химиялық            |              |
                   көрсеткіштерге тексерілетін    |              |
                   өнімдер (сәйкессіздігі)        |              |
__________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады