Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2133 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2862. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 8 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 8 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының л-2) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеудегі айқындық және тиімділік дәрежесін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. <*>
      Ескерту: 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 171 қаулысымен .

      2. "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2133 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" басылымдарында 2003 жылғы 27 ақпан - 9 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "тізілімді" деген сөз "тізілімдер жүйесі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:

      ереженің атауындағы және мәтініндегі "тізілімді", "тізілімде", "тізілімдерді" деген сөздер тиісінше "тізілімдер жүйелері", "тізілімдер жүйесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;

      3-қосымшадағы "басқа номиналды ұстаушылар" деген жетінші бағаны алынып тасталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен соң он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығына жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы       
      Ұлттық Банкінің              
      Төрағасы

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
      жөніндегі агенттігінің
      Төрағасы

                                 "Бағалы қағаздар ұстаушылардың
                                 тізілім жүйесін жүргізу
                                 жөніндегі қызметті жүзеге
                                 асыратын ұйымдардың қаржылық
                                 есеп беру тізбесі, нысандары
                                 және ұсыну мерзімдері
                                 туралы нұсқаулықты бекіту және
                                 Қазақстан Республикасының Әділет
                                 министрлігінде N 2133 тіркелген
                                 Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 Банкі Басқармасының "Бағалы
                                 қағаздар ұстаушылардың тізілімін
                                 жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
                                 асыруға лицензиялары бар ұйымдардың
                                 есеп беру ережесін бекіту туралы"
                                 Қазақстан Республикасының Ұлттық
                                 Банкі Басқармасының 2002 жылғы
                                 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына
                                 өзгерістер енгізу туралы"
                                 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54 және
                                 Қазақстан Республикасының Қаржы
                                 нарығын және қаржы ұйымдарын
                                 реттеу мен қадағалау жөніндегі
                                 агенттігі Басқармасының 2004 жылғы
                                 12 сәуірдегі N 111 бірлескен
                                 қаулысымен бекітілген

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

      Ескерту: Нұсқаулықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 171 қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады