Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 8 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5563 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 256 (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылғаны танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                           Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы   
26 қаңтардағы N 8      
қаулысына қосымша      

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2133 тіркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде N 13, 825-құжатында жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2133 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 485 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 54, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 111 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2862 тіркелген, 2004 жылғы 29 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде N 139 (23775), 2005 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде N 20, 187-құжатында жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 415 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4848 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 5 қыркүйекте N 135 (1338) жарияланған), Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1) тармақшасы.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының   
2009 жылғы 26 қаңтардағы   
N 8 қаулысымен бекітілді  

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну ережесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      1) тiркеушi - бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi кәсiби қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, оның ішінде бірыңғай тіркеуші;
      2) басшы - тiркеушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға немесе тiркеушiнiң атқарушы органының функцияларын жеке дара орындайтын тұлға немесе тiркеушiнiң алқалы атқарушы органы басшысының орынбасары болып табылатын және тiркеушiнiң iшкi ережелерiне сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;
      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2. Тiркеушi есептi уәкiлеттi органға тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.
      3. Есеп беру уәкілетті органға қағаз және электронды жеткізушіде ұсынылады.
      Электронды нысанда жасалған есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық жеткізушіде ұсынылады.
      Қағаз жеткізушіде жасалған есепке басшы, бас бухгалтер қол қояды, мөрімен куәландырады және еркін түрде жасалған ілеспе хатпен жібереді.
      Есептің барлық парақтары нөмірленеді, олардың жалпы саны есепті уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.
      Қағаз жеткізушіде ұсынылған есептегі мәліметтер электронды жеткізушіде ұсынылған есептегі мәліметтерге ұқсас болуы тиіс.
      Қағаз жеткізушідегі есеп екі данада жасалады, есептің бір данасы уәкілетті органға ұсынады, екінші данасы тіркеушіде қалады.
      Түзету мен тазартуы бар қағаз жеткізушідегі есеп тіркеушіге қайтарып беріледі.
      Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, тіркеуші өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу себептерін түсіндіре отырып, уәкілетті органға жазбаша өтініш ұсынады.
      4. Есепте осы Ереженің 16-қосымшаларына сәйкес жасалған нысандар енгізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      6. Есеп бойынша ескертулер бар болса, уәкiлеттi орган тiркеушiге олар жөнiнде жазбаша хабарлайды және анықталған кемшiлiктердi жою қажеттiлiгiн және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еместiгiн көрсетедi. Уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып түзетiлген есеп ескертулердiң бар екендiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмеген мерзімде уәкiлеттi органға қайтадан ұсынылады.
      7. Уәкiлеттi орган есептi қарау барысында есепте көрсетiлген ақпаратты тексеру үшiн тiркеушiден қажеттi мәлiметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
      8. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

Бағалы қағаздарды     
ұстаушылардың тізілімдер 
жүйесін жүргізуді жүзеге 
асыратын ұйымның есептерін
ұсыну ережесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

    20__ жылғы_______ бастап 20__ жылғы________ дейінгі кезеңге
         тіркеуші _______________________ туралы мәліметтер
                           (атауы)

1

Орналасқан орны (тіркелген):


2

Орналасқан орны (нақты):


3

Тіркеушінің байланыс құралдары туралы мәліметтер (телефон, факс, электрондық почта, Интернет желісіндегі сайттағы адрес):


4

Тіркеушінің акцияларына ие тұлғалар туралы мәліметтер:
1) резиденттер:
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы мәліметтер;
салық төлеушіні тіркеу нөмірі;
заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы;
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
туған күні;
жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы;
2) резидент еместер:
заңды тұлға үшін:
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлғаны тіркеу және орналасқан орны;
заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы;
жеке тұлға үшін:
азаматтығы және тұрғылықты орны (заңды мекен-жайы);
жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы.


5

Тіркеуші акционер (қатысушы) болып табылатын, акциялардың жиырма бес және одан астам пайызын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иеленетін заңды тұлғалар туралы мәліметтер


6

Тіркеушінің басшы қызметкерлері туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса әкесінің аты, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдау күні, уәкілетті органмен басшы қызметкерді келісу күні)


7

Бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлер туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса әкесінің аты, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдау күні)


Басшы         (қолы)              Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер (қолы)              Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

Бағалы қағаздарды     
ұстаушылардың тізілімдер 
жүйесін жүргізуді жүзеге 
асыратын ұйымның есептерін
ұсыну ережесіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға бастап өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

20__ жылғы _______ бастап 20__ жылғы _______ дейінгі кезеңдегі
      бағалы қағаздармен мәмілелерді орындауға қатысатын           тіркеуші __________________ филиалдары және филиалдарының
                  (атауы)
                    қызметкерлері туралы мәліметтер

Филиалдың атауы

Филиалдың орналасқан орны

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

Атқаратын лауазымы

Қызметкерді жұмысқа қабылдау күні

















Басшы                (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер        (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

Бағалы қағаздарды     
ұстаушылардың тізілімдер 
жүйесін жүргізуді жүзеге 
асыратын ұйымның есептерін
ұсыну ережесіне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға бастап өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

  20__ жылғы ________ бастап 20__ жылғы _______ дейінгі кезеңде
        бағалы қағаздарды аударым жасау бойынша операциялар
          туралы тіркеуші _________________________ есебі
                                       (атауы)

N

Операцияны тіркеу күні 1

Бұйрықтың нөмірі

Бұйрықтың күні

Қарсы бұйрықтың нөмірі

Қарсы бұйрықтың күні

Бағалы қағаздың ұлттық бірегейлендіру нөмірі 2








Жиынтығы







кестенің жалғасы

Эмитенттің атауы 3

Бағалы қағаздардың саны (дана) 4

Бір бағалы қағаздың бағасы (теңге) 5

Мәміле көлемі (теңге) 6

Сатушы 7

Орналастыру 8


Ескерту















Басшы               (қолы)        Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер       (қолы)        Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      Ескертулер:
      Осы есепте сатып алу-сату мәмілесі негізінде бағалы қағаздарды аударым жасау бойынша операцияларды көрсету қажет.
      1 Күні/айы/жылы/ форматында тіркеу күні көрсетіледі.
      2 Бағалы қағазға берілген бірегейлендіру нөмірі көрсетіледі.
      3 Бағалы қағаздармен бірге мәміле жасасқан эмитенттің атауы көрсетіледі.
      4 Мәміле жасалған бағалы қағаздардың саны (данамен) көрсетіледі.
      5 Үтірден кейін төрт белгіге дейін мәміле бағасы (теңгеде) көрсетіледі.
      Шетел валютасында мәміле жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәміле жасалған күніне белгілеген теңгеде ресми бағамы көрсетіледі.
      Мәміле бойынша есептесулерді мәміле жасалған күні емес, басқа күні жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептесуді жүзеге асырған күні белгілеген ресми бағамы бойынша теңгемен мәміленің бағасын көрсету қажет.
      6 Үтірден кейін екі белгіге дейін мәміле көлемі (теңгеде) көрсетіледі.
      7 Мәміле жасалған есебінде және мүддесінде клиенттердің коды көрсетіледі.
      Сатушылардың және бағалы қағаздарды сатып алушылардың коды:

N

Толық атауы

Бес таңбалы код

1.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы

Сауда-саттық ұйымдастырушысы берген бес таңбалы код

2.

Эмитент

ISS___

3.

Заңды тұлға

JUR___

4.

Жеке тұлға

FIZ____

5.

Инвестициялық қор

INVFD

6.

Орталық депозитарийі (номиналды ұстаушы ретінде)

CDS___

7.

Орталық депозитарийі (меншіктенуші ретінде)

CDS___O

      8 Мынадай символдар пайдаланылады:
      "1" - бағалы қағаздардың бастапқы орналастыруы;
      "2" - бағалы қағаздардың қайталама айналысы.

Бағалы қағаздарды     
ұстаушылардың тізілімдер 
жүйесін жүргізуді жүзеге 
асыратын ұйымның есептерін
ұсыну ережесіне 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаға бастап өзгерту енгнізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

  20__ жылғы ________ бастап 20__ жылғы _______ дейінгі кезеңге
   бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу бойынша
     қызметтің нәтижелері туралы тіркеуші ____________ есебі
                                                 (атауы)

N

Бағалы қағаздар эмитентінің атауы

Бағалы қағаздың ұлттық бірегейлендіру нөмірі

Шартты жасау күні

Шартты бұзу күні

Бағалы қағаздар ұстаушыларының жалпы саны







Жиынтығы






кестенің жалғасы

Бағалы қағаздар ұстаушыларының саны және жеке шоттардағы бағалы қағаздар саны

Орталық депозитарий

Қазақстан Республикасының брокер-дилерлері (банктік емес меншік иелері)

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары (меншік иелері)

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар













кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері (меншік иелері)

Қазақстан Республикасының сақтандыру қайта сақтандыру) ұйымдары (меншік иелері)

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар









кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасының қаржы нарығының басқа лицензиаттары (меншік иелері)

басқа заңды тұлғалар

резиденттер

резиденттер емес

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар













кестенің жалғасы

жеке тұлғалар

эмитент

жиынтығы

резиденттер

резидент еместер

жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін (дана)

сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін (дана)

бағалы қағаздар

бағалы қағаздарды ұстаушылар

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар

бағалы қағаздар (дана)

бағалы қағаздарды ұстаушылар

















Басшы                   (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер           (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

Бағалы қағаздарды     
ұстаушылардың тізілімдер 
жүйесін жүргізуді жүзеге 
асыратын ұйымның есептерін
ұсыну ережесіне 5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаға бастап өзгерту енгнізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

                                                      1-нысан

          20___жылғы "___"______________ жағдай бойынша
     тіркеуші _______________________ қызмет көрсететін
                       (атауы)
          инвестициялық қорлардың саны туралы есеп

Инвестициялық пай қорларының жалпы саны

Оның ішінде:

Акционерлік инвестициялық қорлардың жалпы саны

Оның ішінде:

Инвестициялық қорлардың жалпы саны

ашық

аралық

жабық

жылжымайтын мүлік қорлары

Тәуекелді инвестициялау қорлары









Басшы               (қолы)        Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер       (қолы)        Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

                                                            2-нысан

     20 ___ жылғы "___"______________ жағдай бойынша тіркеуші
      ____________________ қызмет көрсететін инвестициялық
              (атауы)
қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есеп

N

Инвестициялық қордың атауы

Басқарушы компанияның атауы

Кастодианның атауы

Пайдың (акцияның) ұлттық бірегейлендіру нөмірі

Инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларының) ұстаушылардың жалпы саны







Жиынтығы






кестенің жалғасы

Оның ішінде:

Жеке тұлғалардың

Заңды тұлғалардың

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ

резиденттері

резидент еместері

резиденттері

резидент еместері











Басшы            (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер    (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

Бағалы қағаздарды     
ұстаушылардың тізілімдер 
жүйесін жүргізуді жүзеге 
асыратын ұйымның есептерін
ұсыну ережесіне 6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға бастап өзгерту енгнізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

        20___жылғы "___"______________жағдай бойынша
   тіркеуші _________________ жүргізген операциялардың
                   (атауы)
              саны және көлемдері туралы есеп

Барлы қ ж ү ргізілген операциялар

Оны ң ішінде:

Сатып алу-сату м ә мілелері бойынша

Операциялар саны

Ба ғ алы
қ а ғ аздар
саны (дана)

М ә мілелер к ө лемі
(те ң ге)

Операциялар саны

Ба ғ алы
қ ағаздар саны  (дана)

М ә мілелер к ө лемі
(те ң ге)

кестенің жалғасы

Оны ң ішінде:

М ұ рагерлік

Сот шешімі бойынша

Операциялар саны

Ба ғ алы
қ а ғ аздар
саны (дана)

М ә мілелер к ө лемі
(те ң ге)

Операциялар саны

Ба ғ алы
қ а ғ аздар саны (дана)

М әмілеле р
к ө лемі
(те ң ге)

кестенің жалғасы

Оны ң ішінде:

Ө зге жа ғ дайларда

Операциялар саны

Ба ғ алы қ а ғ аздар саны (дана)

М ә мілелер к ө лемі (те ң ге)

Басшы                (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер        (қолы)       Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

                                      Бағалы қағаздар ұстаушылар
                                  тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
                                қызметті жүзеге асыруға лицензиялары
                                    бар ұйымдардың есептерін ұсыну
                                          ережесіне 7-қосымша

           20___жылғы "___" _________ жағдай бойынша
                   тұлғалардың тізімдері

Жеке тұлғалар

N

Тегі
Аты
Әкесінің аты
(бар болса)

Туған күні
(күні/айы/жылы)

Тізімге енгізу үшін негіздеме

Тізімге енгізу үшін негіздеме пайда болған күні (күні/айы/жылы)

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Заңды тұлғалар

N

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, почталық адресі және заңды тұлғаның орналасқан нақты орны

Тізімге енгізу үшін негіздеме

Тізімге енгізу үшін негіздемені пайда болуы күні (күні/айы/жылы)

Ескерту

1

2

3

4

5

6







      " Тізімге енгізу үшін негіздеме" деген бағанда осы ереженің 5-тармағының тармақшасына сәйкес келетін сілтеме көрсетіледі.

Басшы                (қолы)      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер        (қолы)      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады