Әділет министрлігінде N 2779 тіркелген "Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжанды шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпанындағы N 68-п бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 117-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2865. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 81-ө бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.04.02 № 81-ө бұйрығымен.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
      1. "Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжанды шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпанындағы N 68-п  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2779 тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжанды шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа:
      32 тармақтағы екінші абзацта "аудан" деген сөзі "аудандық" деген сөзімен ауыстырылсын;
      5 тараудың атауындағы "Қатысушылардың" деген сөз "Қатысушылар" деген сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады