N 2257 болып тіркелген "Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы" ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2869

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында бұйырамын:

      1. "Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықты және "Ішкі істер органдарында алынып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен материалдарды, оқ-дәріні, суық қаруды қабылдап алу, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тәртібі туралы" ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 111  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2257 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген "Ішкі істер органдарының лицензиялау-рұқсат ету жұмысын жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы" нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:
      "74-1. Қызметтік қару мен оның патрондарын өндіруге, өңдеуге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, көрмеге қоюға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға тек арнайы басылымдарда, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сауда жәрмеңкелерде жарнамалауға ғана рұқсат етіледі. Аталған жарнама тікелей немесе жанама түрде өндіру технологиясын ашпауы керек.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер Бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға, Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.Алпысбаев) жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

      "Келісілді"

       Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      генерал-лейтенант

       2004 жылғы 12 мамыр

      "Келісілді"

       Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      армия генералы

      2004 жылғы 14 мамыр

      "Келісілді"

       Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі

      2004 жылғы 12 мамыр

      "Келісілді"

       "Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар жөніндегі
      агенттігінің төрағасы

      2004 жылғы 11 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады