Кейбір аулау құралдарын пайдалануға тыйым салу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шарушылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 5 мамырдағы N 56-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2871. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 605 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.17 № 605 Бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың қолданылуы тоқтатылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шарушылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 ақпандағы N 16-5/16п бұйрығымен .

-------------Бұйрықтан үзінді-----------------

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі құрамына енетін және енбейтін орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдардың құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасы жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеу ережесінің 21-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті туралы ережесіне сәйкес және "Балық шаруышылығы ғылыми-өндірістік орталығы" РМК-ның ұсынымы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының "Кейбір аулау құралдарын пайдалануға тыйым салу туралы" 2004 жылғы 5 мамырдағы N 56-б бұйрығының әрекеті 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын...
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шарушылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы N 16-6/112п бұйрығымен.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

---------------------------------  

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480  қаулысымен бекітілген балық және өзге де су жануарлары түрлерін аулау Ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы Ережесіне және "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" РМҚК ұсыныстары негізінде бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы су айдындарында ұяшықталатын (қойылмалы және сүзбелі сеткалар) салалық стандарттарға сәйкестендірілмеген, сондай-ақ полиамидті және пластикалық жеке жіптер мен жеке мата жіптерден дайындалған аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынсын.
      2. Аймақтық органдар басшыларына осы бұйрықты орындауға қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына басшылық жасау Балық қорлары мен өзге де су жануарлары қорларын қорғау, өсімін молайту және реттеу жөніндегі басқарманың балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу бөліміне (Сыздықов Н.Н.) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады