Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi құрылсын.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы  министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасы" және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Зайсан-Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" және "Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағына берiлсiн.

      4. Қоса берiлiп отырған:
      1) <*>
      2) <*>
      2-1) <*>
      3) <*>
      4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 517   қаулысымен , 1),2),2-1),3)-тармақшалардың күші жойылды - 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық- техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетiне берудi қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2003 жылғы 18 шілдедегі 
N 714 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитетінің
құрылатын аумақтық органдарының
тізбесі

       Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

       Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 18 шілдедегі 
N 714 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
Балық шаруашылығы комитетi
туралы
Ереже 

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 18 шілдедегі 
N 714 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитетінің
құрылымы 

       Ескерту. Құрылымның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 18 шілдедегі 
N 714 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Балық шаруашылығы комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi

       Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен

      Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 18 шілдедегі 
N 714 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06. N 310   қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады