"Аджип Қарашығанақ Б.В. ("Аджип"), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед ("Бритиш Газ"), Тексако Интернэшнл Петролиум Компани ("Тексако") компаниялары, ЛУКойл Мұнай Компаниясы Ашық Үлгідегі Акционерлік Қоғамы ("Лукойл"), Қазақойл Ұлттық Мұнайгаз Компаниясы жабық үлгідегі акционерлік қоғамы ("Қазақойл") мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы "Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орынының мердігер учаскесінің өнімін бөлу туралы нақты келісімнің салық режимі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" N 681 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 42 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 29 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2875. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 569 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.12.2012 № 569 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Би Джи Қазақстан арасында жасалған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен келісілген Салық мәселелерін реттеу туралы 2004 жылғы 5 ақпандағы келісімнің ережелеріне сәйкес бұйырамын:
 

      1. "Аджип Қарашығанақ Б.В. ("Аджип"), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед ("Бритиш Газ"), Тексако Интернэшнл Петролиум Компани ("Тексако") компаниялары, ЛУКойл Мұнай Компаниясы Ашық Үлгідегі Акционерлік Қоғамы ("Лукойл"), Қазақойл Ұлттық Мұнайгаз Компаниясы жабық үлгідегі акционерлік қоғамы ("Қазақойл") мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы "Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орынының мердігер учаскесінің өнімін бөлу туралы нақты келісімнің салық режимі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 42 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 29 бірлескен  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 11 ақпанда N 681 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аджип Қарашығанақ Б.В. ("Аджип"), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед ("Бритиш Газ"), Тексако Интернэшнл Петролиум Компани ("Тексако") компаниялары, ЛУКойл Мұнай Компаниясы Ашық Үлгідегі Акционерлік Қоғамы ("Лукойл"), Қазақойл Ұлттық Мұнайгаз Компаниясы жабық үлгідегі акционерлік қоғамы ("Қазақойл") мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы "Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының мердігер учаскесінің өнімін бөлу туралы нақты келісімнің" салық режимі туралы нұсқаулықта:
 

      1-тармақта:
      бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтар тиісінше 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалар болып есептелсін;
      19) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";"; деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) "Технологиялық жабдық" - мұнай және ілеспе заттарды өндіру, өңдеу және тасымалдау процесінде қоса алғанда пайдаланылатын, бірақ мынадаймен шектелмейтін жабдық: құбырлар жабдығы, магистральды құбырлар жабдығы, шығарымды құбырлар жабдығы, өндірістік қондырғылар жабдығы, қайта өңдеу қондырғыларының жабдығы, өңдеу жөніндегі жабдық, сағалық жабдық, жер асты жабдығы, интенсивтендірудің түрлі әдістерін қолдана отырып мұнай өндіру жүйелерінің жабдығы, терминалдар жабдығы, сондай-ақ тиісті өндірістік қондырғылар жабдығы.";
 

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "49. Көмірсутектерін іске асырудан алынатын табыс Мұнайгаз шикізатының құнын анықтау жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкес анықталатын болады және Салық кодексінің 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес есептеу әдісі бойынша жиынтық жылдық кіріс ретінде танылатын болады. Іске асырудан алынатын кірісті тану мақсатында тиеу сәті Келісімнің 19.3 (с) бабына сәйкес меншік құқығы сатып алушыға өту сәті болып табылады.";
 

      52-тармақта:
      1-абзацта "мынаны қоса алғанда" деген сөздерден кейін "оларды құжаттамалық растаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Іссапар шығыстары осындай шығыстарды шеккен сәтке Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде шегеріледі.";
      10-мысалдан кейінгі 5), 6) тармақшалар тиісінше 6-1), 6-2) тармақшалар болып есептелсін;
      6-3) ӨБҚК 3 және 5.2-баптарына сәйкес 1992-1995 жылдары төленген бонустар Келісім бойынша бонустар шотына аванстық төлемдерді білдіреді. Осы бонустар Келісімнің 19.3 (д) (ІV) бөліміне сәйкес салық салу мақсатында 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап амортизация арқылы шегерімге жатады;
      6-4) ӨБҚК бойынша қызметке байланысты шеккен шығыстар Келісімнің 19.3 (д) (ІV) бабына сәйкес амортизация арқылы шегерімге жатады;";
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) жеке құрылыс жөніндегі шығыстар және пайдалану мерзімі үш жылдан асатын сатып алынған технологиялық жабдықтың құны Келісім күшіне енген сәттен бастап әрбір Мердігер компанияның қарауы бойынша 100%-ға дейін ставка бойынша амортизация арқылы шегерімге жатады;";
      11) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Республика Мердігердің пайдалануына берген негізгі құралдар мен құрылыстарды жөндеуге, ұстауға және жаңартуға жұмсалатын шығындар ағымдағы кезеңде немесе Келісім күшіне енген сәттен бастап Келісімнің VІ "Бухгалтерлік есеп тәртібі" қосымшасының және 19.3 (д) (VІІІ) бабының ережелеріне сәйкес амортизациялық есептеулер арқылы шегерімге қатыстыруға жатады;";
      14) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Келісімнің 9-бабына сәйкес мұнайгаз шикізатын бірлесіп іске асыруға байланысты барлық шығындар Келісім күшіне енген сәттен бастап тең негізде Мердігер мен Республика арасында бөлінуі тиіс;";
      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) Келісімнің VІ Қосымшасының 2.10-бабына сәйкес әрбір Мердігер жылы есептелетін жиынтық өтелетін шығындардың 2,14%-ы мөлшеріндегі әкімшілік үстеме шығыстар шегерімге жатады. Операторға берген Мердігер Компанияның шоты шегерімге жатқызу үшін растайтын құжат болып табылады. Осы ереже Келісім күшіне енген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.";
 

      90-тармақта бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ресей Федерациясына 1998 жылдан бастап 2001 жылғы 1 шілдені қоса алғанда жүргізілген жүк тиелімдеріне қатысты ҚҚС 20%-ы ставкасы қолданылады.";
 

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "101. Тіркелмеген резидент еместер бойынша ҚҚС ҚҚС бойынша кейіннен есепке жатқыза отырып бюджетке есептеледі және төленетін болады.";
 

      131-тармақта "аспайтын" деген сөз алынып тасталсын;
 

      132-тармақта:
      "отыз пайыздан аспайтын 30%" деген сөздер "жиырма тоғыз жарым пайыз 29,5%" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мөлшерінде" деген сөзден кейін "Келісім күшіне енген сәттен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
 

      134-тармақ алынып тасталсын;
 

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "136. Ставка ҚҚС бойынша Декларацияда көрсетілген Келісім күшіне енген сәттен бастап өткізу нәтижесінде әрбір Мердігер компания алған кірістер бойынша айналым процентінің жартысын (0,5%) құрайды. Жол Қорына төлемдерді есептеу мақсатында Мердігердің кірісі Қазақстан Республикасының үлесін қамтымайтын болады.";
 

      мынадай мазмұндағы 44-тараумен толықтырылсын:
      "44-тарау. Әлеуметтік жобалар бойынша ҚҚС.
      137. Келісім қызметінің басталуынан әлеуметтік жобаларды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің сомасы ҚҚС қамтиды. Осы ереже Келісім күшіне енген сәттен бастап қолданылады.".
 

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің N 1 Аймақаралық салық комитеті (Б.Тілеулесов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
 

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады