Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.16 N 711 бұйрығымен.
Дәріхана қоймаларында, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймаларында дәрілік заттардың айналымы саласындағы субъектілер жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасын реттеу мақсатында және "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2004 жылы 12 наурызда N 2735 тіркелген, 2004 жылы 30 ақпанда N 18 "Ресми газет" газетінде жарияланған), 2004 жылғы 11 ақпандағы N 19 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
дәрілік заттардың, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережеcіне:
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
12-тармақтың 4) тармақшасында "бар" деген сөзден кейін ", мемлекеттік сатып алуды жүргізуші бюджеттік бағдарлама әкімшілерін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"17. Дәрілік заттарды дәріхана қоймаларында, медициналық техника және медицинаға арналған бұйымдар қоймаларында сатқанда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жолдама құжаттар жазылады.";
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"18. Жолдама құжаттар дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер басшысының немесе ол өкілдік берген адамның қолымен, бас бухгалтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды берген адамның қолымен куәландырылады. Жолдама құжаттарын түзетуге тиым салынады.";
19-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"19. Дәрілік заттарды сатқанда жолдама құжатта көрсетілген әр дәрілік заттың атауына және сериясына сәйкестік сертификаттың нөмірі және оның жарамды мерзімі көрсетіледі.";
20, 23-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Фармацевтикалық бақылау басқармасы (Абдрахманов С.Ә.):
1) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты облыстық (қалалық) фармацевтикалық бақылау басқармаларының (бөлімдерінің) назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның ресми түрде жариялаған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және
Медицина өнеркәсібі комитеті
төрағасының міндетін атқарушы