N 2381 тіркелген "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік  білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2909. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 291 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 291 бұйрығымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Заң департаменті (Р. Әлімқұлов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
       3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр                                Ж. Түймебаев

                                         Қазақстан Республикасы    
                                     Білім және ғылым министірінің
                                         2008 жылғы 21 мамырдағы   
                                         N 297 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. " Мемлекеттік білім гранттарын та ғ айындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру ж ө ніндегі конкурсты қ комиссия ж ұ мысыны ң ережелерін бекіту туралы" Қ аза қ стан Республикасы Білім және ғ ылым министріні ң міндетін ат қ арушыны ң 2003 жыл ғ ы 22 мамырда ғ ы N 337 бұйрығына ө згерістер мен толы қ тырулар енгізу туралы" Қ аза қ стан Республикасыны ң Білім және Ғ ылым министрлігіні ң 2004 жыл ғ ы 5 маусымдағы N 518 б ұ йры ғ ы ( Қ аза қ стан Республикасыны ң Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2909 тіркелген, 2004 ж. 3 шілде N 27(183) "Ресми газетінде", 2005 ж. 12 тамыз, N 83-84 "За ң газетінде" жарияланды).
      5. ...
      6. ...
      7. ...
      8. ...
      9. ...

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 наурыздағы N 317 қаулысын іске асыру және мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде N 2381 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерінде:
      5-тармақта:
      "нәтижелерді қарастырады" деген сөзден кейін "ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) және" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      "және даярлау бағыты" деген сөз алынып тасталсын;
      "нәтижесі бойынша" деген сөздерден кейін "ҰБТ немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Бірінші кезекте мемлекеттік білім гранттары тағайындалады, одан әрі мемлекеттік білім несиелері беріледі";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау әрбір жоғары оқу орны үшін тиісті мамандықтар бойынша, белгіленген квотаны ескере отырып бекітілген мемлекеттік білім гранты көлемі шегінде, талапкер өтініш білдірген жоғары оқу орнына, мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Талапкер өзі өтініш білдірген екі мамандық бойынша конкурстық іріктеуден өткен жағдайда мемлекеттік білім гранты көрсетілген бірінші мамандық бойынша тағайындалады.";
      Мынадай мазмұндағы 10-1-тармағымен толықтырылсын:
      "10-1. Мемлекеттік білім несиелерін беру белгіленген квотаны ескере отырып, мамандықтар мен тіл бөлімдері бойынша мемлекеттік сертификаттар баллдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Талапкер өзі өтініш білдірген екі мамандық бойынша конкурстық іріктеуден өткен жағдайда мемлекеттік білім несиесі көрсетілген бірінші мамандық бойынша беріледі.";
      11-тармақта:
      "70% грант" деген сөздерден кейін "және кредиттерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "30% грант" деген сөздерден кейін "және несиелерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тіл бөлімдерінің біріндегі босаған орындар мамандықтар ішінде конкурстық негізде тағайындау үшін беріледі.
      Мемлекеттік білім гранттарын конкурстық тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беруден кейін қалған бос орындар көрсетілген оқу нысанына және тіл бөліміне қарамастан, жоғары өту баллымен мамандықтарға даярлау бағыттарының ішінде қайта бөлінеді.";
      15, 16, 17, 18-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Министрдiң
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады