Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде ұстау түрінде сотталған әскери қызметшілерді жіберу және қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2910. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 655 Бұйрығымен

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2010.09.10  № 655Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде ұстау түрінде сотталған әскери қызметшілерді жіберу және қабылдау тәртібін регламенттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде ұстау түрінде сотталған әскери қызметшілерді жіберу және қабылдау ережесі бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қорғаныс министрі Аппаратының Құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті осы Бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.

     3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
     4. Бұйрық жекелеген батальонға жіберілсін.

     Қазақстан Республикасының
     Қорғаныс министрі
     армия генералы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2004 жылғы 3 маусымдағы
N 238 "Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің тәртіптік
әскери бөлімінде ұстау түрінде
сотталған әскери қызметшілерді жіберу
және қабылдау ережесін бекіту туралы"
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімде ұстау түрінде сотталған әскери қызметшілерді
жіберу және қабылдау ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Ереже Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде ұстау түрінде сотталған әскери қызметшілерді жіберу және қабылдау тәртібін белгілейді.

     2. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталушыларды түзету, оларда қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға ұмтылысты, еңбек пен әскери қызметке адал ниетті, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын және қоғамда қабылданған басқа да өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауға, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғыларының және командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын нақты орындауға дағдыландыру, сондай-ақ сотталушылар сияқты өзге де адамдардың жаңадан қылмыс жасауының алдын алу мақсатында жасаған қылмысы үшін жазалау болып табылады.

     3. Заңды күшіне енген соттың үкімі немесе қаулысы тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны өтеу үшін негіз болып табылады.

     4. Сотталушыларды тәртіптік әскери бөлімде ұстау уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептелмейді.
     Тәртіптік әскери бөлімде жазасын өтеген немесе жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылған әскери қызметшілер күзетілетін аумақтан тез арада босатылады.

     5. Сотталушылардың Қазақстан Республикасының КонституциясыменҚылмыстық-атқару кодексімен, өзге де заңдармен және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген шектеулі құқықтары болады және азаматтар міндеттерін атқарады.

     6. Тәртіптік әскери бөлім Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлер қызметі бас басқармасына бағынады.

     7. Тәртіптік әскери бөлімде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады.

2. Сотталған әскери қызметшілерді тәртіптік бөлімдерге
жіберу және қабылдау

     8. Тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған адамдар үкім немесе соттың қаулысы заңды күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен гауптвахтада ұсталады.
     Тәртіптік әскери бөлімде жазаны өтеу мерзімі тәртіптік әскери бөлімге кейіннен жіберу үшін сотталушыны гауптвахтаға отырғызған сәтінен бастап, ал егер адам үкім немесе сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін қамауда болса - оны қамауға алған сәтінен бастап есептеледі.

     9. Сотталушы тәртіптік әскери бөлімге үкім немесе сот қаулысы, сондай-ақ  рахымшылық немесе кешірім актісі заңды күшіне енгеннен кейін жіберіледі.
     Жазаны орындау туралы құжатты алғаннан кейін әскери бөлімнің командирі үш күн мерзімде сотталушыны айдауылмен тәртіптік әскери бөлімге жібереді.
     Басқа гарнизондар бөлімдерінің әскери қызметшілерін тәртіптік әскери бөлімге жіберу сол мерзімде гарнизон бастығының өкімімен жүргізіледі.
     Сотталушыларды тәртіптік әскери бөлімге жіберу туралы бөлімнің командирі (гарнизонның бастығы) үкім шығарған сотқа және осы қылмыстық іс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын гарнизонның әскери прокурорына хабарлайды.

     10. Бөлімнің командирі (гарнизонның бастығы) айдауыл бастығымен тәртіптік әскери бөлімге мыналарды жібереді:
     1) жолдама құжатты;
     2) сот үкімінің көшірмесін және заңды күшіне енген үкім немесе соттың қаулысы орындалуы туралы өкімді, ал үкім өзгерген жағдайда, сондай-ақ апелляциялық (қадағалау) сот шешімінің көшірмесін немесе рахымшылық, кешірім актісін;
     3) есептік-қызметтік және қызметтік карточкаларын, медициналық кітапшасын;
     4) әскери билетін;
     5) азық-түлік, зат және ақшалай аттестаттарын;
     6) бөлімнің командирі (гарнизонның бастығы) немесе бөлімнің штаб бастығы және сотталушы қол қойған тізімдемемен (екі данада) жеке заттарын, олардың ордендерін, медальдарын, кеуде белгілерін, құжаттарын, құндылықтарын және сотталушының барлық қалған заттарын жібереді.
     Әскери қызметшіні басқа гарнизонда соттаған кезде, сотталушы қызмет өткерген бөлімнің командирі кінәліні соттау орны бойынша гарнизон бастығына сотталушының азық-түлік, зат және ақшалай аттестаттары мен басқа да құжаттарын дереу жібереді.

     11. Тәртіптік әскери бөлімге жіберілген сотталушылар мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін белгіленген жабдықтау нормаларына сәйкес олардың пайдалануында болған күнделікті киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі.

     12. Сотталушының тәртіптік әскери бөлімге келуі және тізімдемеде көрсетілген құжаттар мен заттарды алғаны туралы тәртіптік әскери бөлімнің командирі жеке заттар тізімдемесінің екінші данасына қол қояды, оны елтаңбалы мөрмен бекітеді және айдауыл бастығымен тізімдеменің осы данасын сотталушы келген бөлімнің командиріне (гарнизонның бастығына) қайтарып береді. Жеке заттар тізімдемесінің бірінші данасы тәртіптік әскери бөлімде қалады және сотталушының жеке ісіне тігіледі.
     Тәртіптік әскери бөлімнің командирі сотталушының келгені туралы үкім шығарған сотқа дереу хабарлайды, сондай-ақ он тәулік ішінде жақын туыстарының біреуін не сотталушының қалауы бойынша заңды өкілдерді хабардар етеді.

     13. Сотталушыға тиісті ақша мен құндылықтар тәртіптік әскери бөлімнің қаржы қызметіне тапсырылады, онда олар сотталушының жеке есепшотында ескеріледі. Ордендер, медальдар, кеуде белгілері және олардың құжаттары тәртіптік әскери бөлімнің штабында мөрленген сейфта (темір шкафта), ал сотталушының қалған жеке заттары - арнайы қоймада сақталады.

     14. Сотталушылар бөлімге келген күннен бастап тәртіптік әскери бөлімнің ауыстырмалы құрам тізіміне енгізіледі.

Об утверждении Правил направления и приема военнослужащих, осужденных в виде содержания в дисциплинарной воинской части Министерства обороны Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 3 июня 2004 года № 238. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июня 2004 года № 2910. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 10 сентября 2010 года № 655

     Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 10.09.2010 № 655.

     В соответствии с требованиями действующего законодательства Республики Казахстан, в целях регламентации порядка направления и приема военнослужащих, осужденных в виде содержания в дисциплинарной воинской части Министерства обороны Республики Казахстан, приказываю:

     1. Утвердить прилагаемые Правила направления и приема военнослужащих, осужденных в виде содержания в дисциплинарной воинской части Министерства обороны Республики Казахстан.

     2. Департаменту документационного обеспечения Аппарата Министра обороны Министерства обороны Республики Казахстан обеспечить опубликование настоящего приказа.

     3. Приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     4. Приказ разослать до отдельного батальона.

     Министр обороны
     Республики Казахстан
     генерал армии

                                             Утверждены
                                     приказом Министра обороны
                                        Республики Казахстан
                                    от 3 июня 2004 года N 238
                                       "Об утверждении Правил
                                         направления и приема
                                     военнослужащих, осужденных в
                                   виде содержания в дисциплинарной
                                      воинской части Министерства
                                     обороны Республики Казахстан"

Правила
направления и приема военнослужащих, осужденных в виде
содержания в дисциплинарной воинской части
Министерства обороны Республики Казахстан

1. Общие положения

     1. Правила устанавливают порядок направления и приема военнослужащих, осужденных в виде содержания в дисциплинарной воинской части Министерства обороны Республики Казахстан.
     2. Содержание в дисциплинарной воинской части является наказанием за совершенное преступление и имеет цели восстановления социальной справедливости, исправление осужденных, формирование у них стремления к занятию общественно-полезной деятельностью, добросовестного отношения к труду и военной службе, соблюдению требований Конституции, законов Республики Казахстан и других, принятых в обществе правил поведения, точного выполнения требований военной присяги, уставов Вооруженных Сил Республики Казахстан и приказов командиров (начальников), а также предупреждение совершения новых преступлений, как осужденными, так и иными лицами.
     3. Основанием для исполнения наказания в виде содержания в дисциплинарной воинской части является приговор или постановление суда, вступившие в законную силу.
     4. Время содержания осужденных в дисциплинарной воинской части не засчитывается в срок срочной службы.
     Военнослужащие, отбывшие наказание в дисциплинарной воинской части или досрочно освобожденные от отбытия наказания, немедленно освобождаются из охраняемой территории.
     5. Осужденные имеют права и несут обязанности граждан Республики Казахстан с ограничениями, предусмотренными КонституциейУголовно-исполнительным кодексом, иными законами и нормативно-правовыми актами Республики Казахстан.
     6. Дисциплинарная воинская часть подчиняется Главному управлению службы войск Вооруженных Сил Республики Казахстан.
     7. Надзор за соблюдением законности в дисциплинарной воинской части осуществляется Генеральным прокурором Республики Казахстан и подчиненными ему военными прокурорами в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Направление и прием осужденных военнослужащих в
дисциплинарную воинскую часть

     8. Лица, осужденные к содержанию в дисциплинарной воинской части, до вступления приговора или постановления суда в законную силу, содержатся на гауптвахте в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
     Срок отбывания наказания в дисциплинарной воинской части исчисляется с момента помещения осужденных на гауптвахту для последующей отправки в дисциплинарную воинскую часть, а если лица до вступления приговора или постановления суда в законную силу содержались под стражей - с момента взятия их под стражу.
     9. Осужденные направляются в дисциплинарную воинскую часть после вступления приговора или постановления суда в законную силу, а также акта амнистии или помилования.
     После получения документа об исполнении наказания, командир воинской части в трехдневный срок направляет осужденных под конвоем в дисциплинарную воинскую часть.
     Направление в дисциплинарную воинскую часть военнослужащих частей других гарнизонов производится в тот же срок распоряжением начальника гарнизона.
     О направлении осужденных в дисциплинарную воинскую часть командир части (начальник гарнизона) сообщает в суд, вынесший приговор, и военному прокурору гарнизона, осуществляющему надзор по данному уголовному делу.
     10. Командир части (начальник гарнизона) направляет с начальником конвоя в дисциплинарную воинскую часть:
     1) сопроводительный документ;
     2) копию приговора суда и распоряжение об исполнении вступившего в законную силу приговора или постановления суда, а в случае изменения приговора, также копию кассационного, апелляционного (надзорного) решения суда или акт амнистии, помилования;
     3) учетно-послужную и служебную карточки, медицинскую книжку;
     4) военный билет;
     5) продовольственный, вещевой и денежный аттестаты;
     6) личные вещи с описью (в двух экземплярах), подписанной командиром части (начальником гарнизона) или начальником штаба части и осужденным, в которую заносятся ордена, медали, нагрудные знаки, документы к ним, документы, ценности и все остальные вещи осужденных.
     При осуждении военнослужащего в другом гарнизоне, командир части, в которой проходил службу осужденный, незамедлительно высылает начальнику гарнизона по месту осуждения виновного продовольственный, вещевой, денежный аттестаты и другие документы на осужденного.
     11. Осужденные, направляемые в дисциплинарную воинскую часть, обеспечиваются предметами повседневного обмундирования, находившимися в их пользовании, согласно норм снабжения, установленным для военнослужащих срочной службы.
     12. О прибытии осужденных в дисциплинарную воинскую часть и получении перечисленных в описи документов и предметов командир дисциплинарной воинской части на втором экземпляре описи личных вещей расписывается, скрепляет ее гербовой печатью и с начальником конвоя возвращает этот экземпляр описи командиру части (начальнику гарнизона), откуда прибыли осужденные. Первые экземпляры описей личных вещей остаются в дисциплинарной воинской части и подшиваются в личных делах осужденных.
     О прибытии осужденных командир дисциплинарной воинской части немедленно сообщает в суд, вынесший приговор, а также в течение десяти суток уведомляет одного из близких родственников, либо законных представителей по усмотрению осужденных.
     13. Деньги и ценности, принадлежащие осужденным, сдаются в финансовую службу дисциплинарной воинской части, где они учитываются на лицевом счете осужденных. Ордена, медали, нагрудные знаки и документы к ним хранятся в штабе дисциплинарной воинской части в опечатанном сейфе (железном шкафу), а остальные личные вещи осужденных - в специальной кладовой.
     14. Осужденные зачисляются в списки переменного состава дисциплинарной воинской части со дня их прибытия в часть.