Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды ден тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 655 Бұйрығы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде арнаулы құралдарды қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы» 2003 жылғы 26 тамыздағы № 280 (2003 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2501 болып тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөлімінде ұстау түрінде сотталған әскери қызметшілерді жіберу және қабылдау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 3 маусымдағы № 238 (2004 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2910 болып тіркелген, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің бюллетені, 2004 ж., № 45-48, 1051-құжат; 2005 ж., № 15, 112-құжат болып жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тәртіптік әскери бөліміндегі ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 3 маусымдағы № 239 (2004 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2923 болып тіркелген, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің бюллетені, 2004 ж., № 45-48, 1050-құжат болып; 2005 ж. 2 қарашада № 202 (936) «Заң газетінде» жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар
бастықтары комитеті Жауынгерлік даярлық және әскерлер қызметі
департаментінің бастығы бір апта мерзімде белгіленген тәртіппен осы бұйрықтардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұрын бұйрықтар жарияланған ресми басылымдарға жолдасын.
      3. Бұйрық жекелеген әскери бөлімге дейін жеткізілсін.

Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады