Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2917. Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 120 бұйрығымен.

Бұйрықтан үзінді

      Бұйырамын:
      1. "Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 120 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2917 нөмірмен тіркелген) күші жойылған деп танылсын.....

      Министр

____________________________________      

      Қазақстан Республикасының ұйымдарын энергетикалық зерттеуді ретке келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (Рамазанов М.З.) осы бұйрықты энергетикалық сараптама жүргізетін ұйымдарға жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Электр энергетикасы және қатты отын департаментіне (Бертісбаев Н.Б.) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрінің     
2004 жылғы 28 мамырдағы    
N 120 бұйрығымен бекітілген 
"Энергетикалық сараптама   
жүргізуге үміткер ұйымдарға 
рұқсат беру жөніндегі    
Нұсқаулықты бекіту туралы" 

Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер
ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі Нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Энергетикалық сараптама жүргізуге үміткер ұйымдарға рұқсат беру жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық)  "Электр энергетикасы туралы" "Энергия  үнемдеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Іске қосылған және салынып жатқан объектілердің энергияны үнемдеуіне сараптама жүргізу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 167  қаулысына  және "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 1822  қаулысына  сәйкес жобаланатын, салынып жатқан, пайдалануға енгізілетін, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен объектілердегі энергетикалық зерттеуді ретке келтіру, сондай-ақ энергетикалық рыноктағы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық электр энергетикасы саласының жұмыс істеп тұрған ұйымдары мен тұтынушыларының жобаланатын, салынып жатқан, пайдалануға енгізілетін жеке энергия тұтынатын жабдықтарына сараптаманы жүзеге асыру құқығын алуға үміткер ұйымдарға қатысты қолданылады.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      арыз беруші - сараптау ұйымы мәртебесін алуға үміткер заңды тұлға;
      сараптау ұйымы - электр энергетикасы мен энергияны үнемдеу мәселелері бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге белгілі бір тәртіппен аккредитацияланған ұйым.

  2. Энергетикалық сараптама жүргізуге
үміткер ұйымдарға рұқсат беру

      4. Арыз беруші сараптау ұйымының мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мыналар қамтылуға тиіс құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысандағы арыз;
      2) құрылтайшылық құжаттардың, тіркеу және статистикалық есеп туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелері;
      3) ұйымның ұйымдастыру құрылымдары туралы мәліметтер;
      4) энергетика саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес білікті қызметкерлер жөніндегі мәліметтер;
      5) қызметкерлердің орналастыру үшін қажетті өндірістік базасы туралы, мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеу жүргізу үшін қажетті, сынақтық, метрологиялық және өлшеу аспаптары жөніндегі мәліметтер;
      6) мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеу жүргізу үшін қажетті стандарттау, метрология және сертификаттау органдарында тексеруден өткен аттестацияланған өлшеу және сынақ аспаптарының тізбесі;
      7) уәкілетті орган бекіткен мәлімделген жұмыс түрлері бойынша энергетикалық зерттеулер жүргізудің тиісті әдістемелері;
      8) ұйымдарды энергетикалық зерттеу жөніндегі қорытынды құжаттардың нысандары (сараптамалық бағалау актілері, тексерістер мен сынақтар хаттамалары);
      9) қызметкерлердің саладағы басшылыққа алынатын құжаттарды білетінін растайтын құжаттар немесе куәліктер.

      5. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      6. Сараптау ұйымын белгілеу немесе бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган қарау нәтижелері негізінде қабылдайды. Қарау нәтижелері сәйкестілікті бағалауда қамтылатын қорытындыда көрсетіледі.

      7. Сараптау ұйымдарына энергетикалық зерттеу жүргізуге арналған рұқсатты уәкілетті орган 5 жылдан аспайтын мерзімге береді.

  3. Сараптау ұйымының қызмет саласы мен жұмыс түрлері

      8. Сараптау ұйымының қызмет саласы энергия көздері, жылу және электр тораптары, тұтынушылардың жылу және электр тұтыну қондырғылары болып табылады, олар үшін сараптау ұйымы жұмыстардың мынадай түрлерін:
      1) жылу және электр энергиясы шығындарының нормативтік техникалық сипаттамаларын анықтау жөніндегі есептеулердің энергетикалық сараптама жүргізуді;
      2) жөндеу жұмыстарының көлеміне энергетикалық сараптама, энергия жабдықтарына қайта құру мен жаңғырту жүргізуді;
      3) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша, соның ішінде қайта құрылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектілер бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді;
      4) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу саласында инженерлік және консультациялық қызметтер көрсетуді;
      5) зерттеу жөнінде қызметтер көрсетуді және электр жабдықтары мен тораптарды сынау жөніндегі зертханаларды пайдалануға сараптамалық баға беруді;
      6) электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге және қайта қарауға қатысуды;
      7) энергетикалық және сынақ жабдықтарды, тораптарды зерттеу жөнінде белгіленген тәртіппен қызметтер көрсетуді және қорытындылар беруді;
      8) заңнамаға сәйкес ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді;
      9) электр энергетикасы саласында лицензияланатын қызмет түрлері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге біліктілік талаптарының сәйкестілігіне сараптамалық бағалар беруді;
      10) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша сот талқылауларын жүргізу кезінде тәуелсіз сараптау қызметтерін көрсетуді;
      11) техникалық қызметшілерді энергетикалық жабдықта жұмыс істеуге дайындау және қайта дайындау бойынша қызметтер көрсетуді;
      12) электр энергетикасы саласы мамандарының біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсетуді;
      13) энергетикалық жабдыққа қызмет көрсетуші қызметкерлердің білімін білікті тексеруге қатысуды;
      14) энергетикалық жабдықтағы және өндірістік жарақат алған жағдайларда тораптардағы технологиялық бұзылушылықтар мен авариялардың себептері мен мән-жайларын тексеру жөнінде қызметтер көрсетуді;
      15) электр және жылу энергиясын пайдаланудың тиімділігін талдаумен энергия үнемдеу мәселелері бойынша ұйымдарды зерттеу жөнінде қызметтер көрсетуді және ұсынымдар беруді;
      16) авариялық және технологиялық бронь актілерін белгіленген тәртіппен жасау жөнінде қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады