Тіркелген N 2647, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 3 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 шілдеде тіркелді. N 2932. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      55. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 (тіркелген N 2932) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2647" бұйрығына N 3 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген N 2647 оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің енгізілген өзгерістер мен толықтырулары 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген  N 2806 ; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 - тіркелген   N 2884)  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында 3 "Сыртқы саяси қызмет" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 21 бағдарламасы бар 233 бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
      "233 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі";
      "21 Қазақстан Республикасының Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруға қатысу үлесі";

      308 "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген бағдарламаның әкімшісі бойынша 2 "Қорғаныс" функционалдық тобында 2 "Төтенше жағдайлар бойынша жұмысты ұйымдастыру" кіші функциясында 2 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" деген бағдарлама мынадай мазмұндағы 109 кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      "109 Метеостанция - 3 объекті сақтау қамтамасыз ету";

      4 "Білім беру" функционалдық тобында:
      6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін кәсіби білім беру" кіші функциясында 225 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 20 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлау" кіші бағдарлама бар 110 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "110 Жоғары оқу орындарының үшін оқулықтарды сатып алу және даярлау";

      9 "Білім беру саласындағы өзге де қызмет көрсетулер" кіші функциясында 225 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 1 бағдарламасы 101 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "101 Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және аралық аттестаттау жүргізу кезінде білім алушыларды тестілеуді ұйымдастыру";

      6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" деген функционалдық тобында 9 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызмет көрсетулер" кіші функциясында 213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бағдарламаның әкімшісі бойынша 16 бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "16 Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда, сот мемлекетке жүктеген, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу";

      7 "Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:
      мынадай мазмұндағы 53 бағдарламасы бар 217 бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
      "217 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі";
      "53 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту";

      233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 2, 25 және 26 бағдарламалармен толықтырылсын:
      "2 Тұрғын үй салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кредиттер беру";
      "25 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйін салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер";
      "26 Тұрғын үй салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге Астана қаласының бюджетіне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер";

      274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 17 және 28 бағдарламалармен толықтырылсын:
      "17 Тұрғын үй салуға аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредиттер беру";
      "28 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйін салуға аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер";
      мынадай мазмұндағы 6 бағдарламасы 13 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "13 Бағдарламаны республикалық бюджеттен алынған кредиттер есебінен іске асыру";

      275 "Астана қаласын дамыту бағдарламасына әкімшілік ету департаменті" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 3 кіші бағдарламасы 13 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "13 Бағдарламаны республикалық бюджеттен алынған кредиттер есебінен іске асыру";

      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында:
      1 "Мәдениет саласындағы қызмет" кіші функциясында 235 "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 15 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "15 Мәдени объектілерін салу және қайта жаңарту";

      3 "Ақпараттық кеңістік" кіші функциясында 236 "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 3 "Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу" кіші бағдарлама бар 103 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "103 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын насихаттау";

      9 "Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында 1 "Отын және энергетика" кіші функциясында 231 "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бағдарламаның әкімшісі мынадай мазмұндағы 20 бағдарламамен толықтырылсын:
      "20 Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбырын салу";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 3 "Орман шаруашылығы" кіші функциясында 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығының, ормандарды және хайуанаттар әлемін қорғау жөніндегі атқарушы орган" деген бағдарламаның әкімшісі мынадай мазмұндағы 20 бағдарламамен толықтырылсын:
      "20 Жергілікті деңгейде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстау";

      12 "Көлік және байланыс" деген функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлігі" кіші функциясында 217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 14 бағдарламамен толықтырылсын:
      "14 Семей қаласында Ертіс өзені арқылы көпір салу жобасының шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне берілетін мақсатты инвестициялық трансферттер";

      13 "Өзге де" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кіші функциясында 233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 23 бағдарламамен толықтырылсын:
      "23 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту".

      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады