Сайлау өткізу кезеңіндегі сайлау блоктарын құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрайымының 2004 жылғы 19 шілдедегі N 112/137 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2961. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 91/183 қаулысымен.

  ------------Қаулыдан үзінді------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. ....
      3. ....
      
      Төраға
      
      Хатшы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. ....
      2. ....
      3. ....
      4. "Сайлау өткізу кезеңіндегі сайлау блоктарын құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 19 шілдедегі N 112/137 қаулысы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне 2004 жылғы 4 тамызда тіркелген, тіркеу N 2961).
      5. ....
      6. ....

----------------------------------------------

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңның  12 және  87-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған сайлау өткізу кезеңінде сайлау блоктарын құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы

Қазақстан Республикасы Орталық    
сайлау комиссиясының "Сайлау     
өткізу кезіндегі сайлау блоктарын  
құрудың, тіркеудің және қызметінің 
Нұсқаулығын бекіту туралы"     
2004 жылғы 19 шілдедегі      
N 112/137 қаулысымен       
бекітілген             

  Сайлау өткізу кезеңіндегі сайлау блоктарын
құрудың, тіркеудің және қызметінің Нұсқаулығы

1. Сайлау блоктарын құру

      1. Саяси партиялар сайлау өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тіркелетін сайлау блоктарын құра алады. Сайлау блоктарын кем дегенде екі саяси партия құра алады.

      2. Сайлау блоктары тараптардың әлеуметтік негізін кеңейту және сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылардың дауыс санын көбірек жинау мақсатында саяси партиялардың идеологиясы бойынша жақын санаткерлік, ұйымдық, қаржы ресурстарын біріктіру үшін құрылады.

      3. Сайлау блоктары мынадай белгілерге ие болуы тиіс:
      1) сайлауға қатысушылар одағының еріктілігі;
      2) құрамының бірыңғай болмауы.

      4. Сайлау блогы сайлау жарияланған күннен бастап кандидаттар, партиялық тізімдер ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін құрылуы мүмкін.

      5. Сайлау өткізу кезеңінде саяси партия тек бір сайлау блогына кіре алады.

      6. Саяси партияның жоғарғы органы сайлау блогын құру болжамдаған саяси партиялардың атын көрсетіп, сайлау блогына кіру туралы шешім қабылдайды.

      7. Саяси партиялардың жоғарғы органдары сайлау блогын құру немесе оған кіру туралы шешім қабылдағаннан кейін, осы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері сайлау блогын басшылыққа алу және басқару үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы бірлескен шешімге (келісімге) қол қояды.

  2. Сайлау блогын тіркеу

      8. Сайлау блогы құрылғаннан кейін тікелей Орталық сайлау комиссиясында тіркелуге жатады не сонымен бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардың бірлескен партиялық тізімін ұсынуға тиіс.      

      9. Сайлау блогын тіркеу үшін, оның уәкілетті өкілі Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды:
      1) саяси партияның жоғарғы органының саяси партияның Республика Әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамалардан көшірме;
      2) сайлау блогының Үйлестіруші кеңесін құру туралы саяси партиялар өкілдерінің бірлескен шешімін және оның мүшелерінің тізімін ұсынады.

      10. Жоғарыда аталған құжаттардың болмауы не тиісті дәрежеде ресімделмеуі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының сайлау блогын тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.

      11. Орталық сайлау комиссиясы сайлау блогы тіркегеннен кейін оның құрамына қандай да бір өзге саяси партиялардың осы Нұсқаулықтың 4-тармағында белгіленген мерзімде Орталық сайлау комиссиясында қайта құрылған сайлау блогының міндетті түрде қайта тіркеле отырып кіргізуі мүмкін.

      12. Сайлау блогына кіретін саяси партиялардың жекелеген партиялық тізімі тіркелуге жатпайды.

  3. Сайлау блогының қызметі

      13. "Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында саяси партиялар үшін көзделген ережелер сайлау өткізу кезеңінде сайлау блоктарына қолданылады.

      14. Саяси партиялардың жоғарғы органдары сайлау блогын құрған кезде бірлескен қызметтің аясын дербес анықтайды.

      15. Саяси партияның жоғарғы органы, сайлау блогына кіру туралы шешім қабылдай отырып, сайлау блогынан жалпы партиялық тізімге кіретіндерден бір адам және (немесе) аумақтық сайлау округтері бойынша кандидат ретінде қаралатын бір адамды ұсынуға құқылы.

      16. Сайлау блогының Үйлестіру кеңесі саяси партиялардың жоғарғы органдары ұсынған адамдардың жалпы партиялық тізімін жасайды және оған кіретін адамдардың кезектілігін анықтайды.

      17. Сайлау блогының Үйлестіру кеңесі саяси партиялардың жоғарғы органдары ұсынған кандидаттардан, аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған бірыңғай кандидаттарды анықтайды.

      18. Сайлау блогының сайлау қоры саяси партия үшін белгіленген шектегі мөлшерден аспауы тиіс.

      19. Сайлау блогының Үйлестіру кеңесі сайлау блогына кіретін партияның қайсысының атына сайлау қорын тіркеу және сайлау блогын қаржыландыратын арнайы уақытша шот ашу керектігін анықтайды.

      20. Сайлау блогынан аумақтық сайлау округі бойынша бірыңғай кандидаттың сайлау қорына сайлау блогына кіретін саяси партиялардан, бірақ "Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы " Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында кандидаттардың сайлау қорлары үшін белгіленген шегінен аспайтын қаражаттар түсуі мүмкін.

      21. Сайлау блогы дауыс қорытындылары шығарылғаннан және депутаттық мандаттарды таратқаннан кейін өз қызметін тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады