Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесін бекіту туралы

Жаңа

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 30 маусымдағы N 255-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2971

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 231-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

"Коммерциялық актілер мен  
жалпы нысандағы актілерді  
жасау және актілер жасауды 
талап етпейтін мән-жайларды 
куәландыру ережесін     
бекіту туралы"       
Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар
министрінің        
2004 жылғы 30 маусымдағы  
N 255-І бұйрығымен    
бекітілді          

  Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы
актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Ереже  теңіз тасымалы саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру тәртібін белгілейді.      

  2. Коммерциялық актілер мен жалпы нысандағы
актілерді жасау және актілер жасауды талап етпейтін мән-жайларды куәландыру тәртібі

      3. Жүк немесе багажды теңізбен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы және жолаушының жауапкершілігі үшін негіздеме бола алатын мән-жайлар пайда болған жағдайда осы Ережеге 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша коммерциялық акт жасалады.

      4. Коммерциялық акт мынадай мән-жайларды куәландыру үшін жасалады:
      1) жүк немесе багаждың шын мәніндегі атауы, салмағы немесе орындар саны мен тасымалдау құжатында көрсетілген деректер арасындағы сәйкессіздіктер;
      2) жүк немесе багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы (бүлінуі);
      3) жүк немесе багаждың құжаттарсыз, сондай-ақ құжаттардың жүк немесе багажсыз анықталуы;
      4) тасымалдаушыға ұрланған жүк немесе багаждың қайтарылуы.

      5. Коммерциялық акт Ереженің 4-тармағында белгіленген мән-жайлар пайда болған кезде жасалады және оған тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы, жолаушы немесе олардың өкілдері және жүктермен қоймалық операцияларды жүзеге асыратын теңіз портының лауазымдық тұлғасы қол қояды.

      6. Ереженің 4-тармағында көзделмеген, бірақ тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы және жолаушының жауапкершілігі үшін негіздеме бола алатын мән-жайларды куәландыру қажет болған жағдайда осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жалпы нысандағы акті жасалады.

      7. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген тұлғалар жалпы нысандағы актіні жасайды және оған қол қояды.

      8. Актілер мынадай жағдайларда жасалмайды:
      1) табиғи азаю нормалар шегінде жүк салмағының жетіспеуінде;
      2) жүкті тасымалдау кезінде ылғалдылық немесе ластану нормаларының төмендеуінде;
      3) салмақ өлшеу құралдарының көрсеткіштері нормаларының сәйкессіздігінде.

      9. Актілер жасауды талап етпейтін, бірақ теңіз тасымалына қатысушылардың жауапкершілігі үшін негіздеме бола алатын мән-жайларды тасымалдаушы, жөнелтуші, алушы және жолаушы жазбаша нысанда анықтайды.

Коммерциялық актілер мен   
жалпы нысандағы актілерді  
жасау және актілер жасауды  
талап етпейтін мән-жайларды 
куәландыру ережесіне    
1-қосымша          

Коммерциялық акт

Күні _________
N _________

Тиеу порты _____________________________________
Жекізу порты ___________________________________

Жүк жөнелтуші __________________________________
Жүк алушы ___________________________________
Жүктің алушыға берілген күні ___________________
Коносамент N __________

Жүкті тексеру нәтижесі

____________________________________________________________________
Марка.  |Орын. |Буып-|           |       Жүк салмағы
лар,   | дар  |түю  | Жүк атауы |__________________________________
белгілер|саны  |түрі |           | жөнелтушінің   | тасымалдаушының
        |      |     |           |өтініші бойынша | өтініші бойынша
________|______|_____|___________|________________|________________
                       Құжаттар бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                    іс жүзінде анықталғаны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Жүк тексеру кезінде анықталғанның егжей-тегжейлі сипаттамасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қолы ________________________    Лауазымы _______________
     ________________________             _______________
     ________________________             _______________
     ________________________             _______________

Коммерциялық актілер мен   
жалпы нысандағы актілерді  
жасау және актілер жасауды  
талап етпейтін мән-жайларды 
куәландыру ережесіне    
2-қосымша          

Жалпы нысандағы акті N_________
күні __________

___________________________________________________________________
Жүк жөнелтуші
___________________________________________________________________
Жүк алушы
___________________________________________________________________
кеме     |         күні      |     қойма     |     күні
_________|___________________|_______________|______________________
Тиеу порты       |      Түсіру порты         |    Дана саны
_________________|___________________________|_____________________
Маркалар | Жүк атауы   | Орындар | Коносамент  |  Коносамент N
   мен    | және буып-  |  саны   |  бойынша    |
нөмірлер | түю түрі    |         |  салмақ     |
__________|_____________|_________|_____________|___________________
                    Осы актіні жасау себебі
 

                                                  ___________________
                                                |         Қолы
                                                |__________________
                                                |__________________
                                                |__________________
________________________________________________|__________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады