"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлеріне қойылатын Біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 154-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2974. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 126-ө-м бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.03.2013 № 126-ө-м бұйрығымен (01.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлеріне қойылатын Біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек  
және халықты әлеуметтік қорғау 
министрінің "Мемлекеттік     
әлеуметтік сақтандыру қоры"   
акционерлік қоғамының басшы   
қызметкерлеріне қойылатын    
Біліктілік талаптарын бекіту  
туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі 
N 154-ө бұйрығымен бекітілген 

  "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"
акционерлік қоғамының басшы қызметкерлеріне қойылатын Біліктілік талаптары

      1. Осы Біліктілік талаптары "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) басшы қызметкерлері үшін белгіленді және олар басшы лауазымдарын атқаруға үміткер кандидатураларға қойылады.
      2. Қордың басшы қызметкерлеріне төмендегідей Біліктілік талаптары қойылады:
      1) Бірінші басшы мен оның орынбасарлары үшін:
      білім - жоғары кәсіби (заңгерлік, қаржы-экономикалық);
      құнды қағаздар рыногындағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты және қаржы рыногында қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы басшы лауазымдарында кемінде бес жыл еңбек стажының не Қордың басшы қызметкерінің функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 6 жыл еңбек стажының болуы.
      2) Бас бухгалтер үшін:
      білімі - жоғары кәсіби (қаржылық, Экономикалық);
      кемінде бес жыл қаржы-бухгалтерлік, оның ішінде басшы лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс стажы.
      3. Қордың басшы қызметкерлері болып: бірінші басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер танылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады