Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2453 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Акционерлердің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2995. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 151 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - Қазқстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 151  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
____________________________________

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Акционерлердің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2453 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауында "нұсқаулықты" деген сөз "ережені" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "нұсқаулық" деген сөз "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлердің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру жөніндегі нұсқаулықтың:
      жоғары оң бұрышында және атауында "нұсқаулықты" және "нұсқаулық" деген сөздер тиісінше "ережені" және "ереже" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспеде:
      "нұсқаулық" деген сөз "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "әзірленді" деген сөз "әзірленген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6 және 7-тармақтардағы "осы Нұсқаулықтың" және "Осы Нұсқаулықпен" деген сөздер тиісінше "осы Ереженің" және "Осы Ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушыға және орталық депозитарийге жіберсін.
      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады