Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2427 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 201 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 205 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3010. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен.

       Ескерту:   Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегi N 218 қаулысымен (2006 жылы 27 қазанда N 189 "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Қаулыдан үзінді--------------------

      Нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7-шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi осы қаулының қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi...

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы    
23 қыркүйектегi N 218 қаулысына
қосымша           

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi
жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      ...
      4. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2427 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң жұмыс iстеу және оған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң қатысу ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 201 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 12 шiлдедегi  N 205 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3010 тiркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенiнде" 2005 жыл, N 15, 108-бапта жарияланған).
------------------------------------

      Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 201  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2427 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесінің:
      кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздерден кейін ", "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қор активтерінің 80 (сексен) процентінен кем емес мөлшері - Қордың Директорлар кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына;";
      2) тармақшада "Ұлттық Банктегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:
      1) тармақшада "Ұлттық Банкпен" деген сөздер "қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшада "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта:
      5) тармақшада "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) Қор ақшасы орналастырылатын бағалы қағаздардың және қаржы құралдарының тізбесін бекіту.";

      15, 16, 30-тармақтардағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31-тармақта "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42-тармақта:
      "және төтенше" деген сөздер алынып тасталсын;
      "осындай жарналарды төлейтін күні" деген сөздер "міндетті күнтізбелік жарналарды төлеудің соңғы есеп беретін күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қатысушы-банктердің шетел валютасында кепілдік берілетін салымдар (депозиттер) сомасы бойынша төтенше жарналарды төлеуі көрсетілген сомаларды Қордың Директорлар кеңесі айқындайтын күнге белгіленген шетел валюталарының теңгеге рыноктық бағамы бойынша теңгеге қайта есептей отырып жүзеге асырылады.";

      43-тармақта "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-қосымшада:
      "Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) туралы мәліметтер" кестесінің "Қордың депозиттер бойынша өтеу сомасы" деген 7-бағаны алынып тасталсын;
      деген кестемен толықтырылсын:
____________________________________________________________________
Қордың депозиттер бойынша өтеу |
сомасы (мың теңге)             |
_______________________________|____________________________________
Клиенттер саны                 |
____________________________________________________________________

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның аумақтық филиалдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі
      Төрағасы

      2004 ж. шілде
      ____________________________
      (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады