Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі N 102 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3019. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірмеде (бұдан әрі – көшірме) мыналар болады:
      1) көшірме жасалған күн;
      2) көшірме берілетін кезең;
      3) клиенттің атауы (аты-жөні) және жеке бірегейлендіру коды;
      4) клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік бірегейлендіру коды;
      5) егер клиент ақша жіберуші (бенефициар) болып табылған жағдайда, бенефициардың (ақша жіберушінің) атауы (аты-жөні) және жеке бірегейлендіру коды;
      6) теңгемен банк шоты бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы мен жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.
      Бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы және/немесе банктік сәйкестендіру коды клиенттің және оған қызмет көрсететiн банктiң арасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру кезінде жазылмайды;
      7) көшірме берілетін кезеңнің басындағы және аяғындағы кіріс және шығыс қалдығы;
      8) төлемнің белгіленуі;
      9) көшірме берілетін кезеңдегі дебет және кредит бойынша айналымдар;
      10) банктік шоттың валютасы;
      11) банктің уәкілетті адамының аты-жөні және мөртабан (үзінді көшірме электрондық түрде берілетін жағдайларды қоспағанда).
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз), 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз), 2012.03.26 № 108 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 26.04.2013 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 50-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар көшірме нысанында ұсынылады.
      Банктер туралы заңның 50-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама берген кезде бар болса қосымша мынадай мәліметтер қоса беріледі:
      1) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, орындалмаған инкассалық өкімдердің сомасы;
      2) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, акцептеуді талап етпейтін, орындалмаған төлемдік талап-тапсырмалардың сомасы;
      3) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шотына қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмаларының сомасы;
      4) көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банк шоттарындағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтардың (тыйым салудың) сомасы;
      5) уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынған өкімдерінің саны;
      6) банк шоты бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегергенде, көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).
      Ескерту: 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді.
      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады