Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3020. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 273   қаулысымен .
_______________________________

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  51-бабына сәйкес және қаржы құралдарының тізбесін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2484 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 19 басылымдарында 2003 жылғы 8-21 қыркүйекте жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2665 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 488 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      1) 1-тармақта:
      3) тармақшада "10" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) осы Ереженің 3-1-тармағының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары, осы Ереженің 4-тармағының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары мен инвестициялық қорлардың пайлары, осы Ереженің 2-тармағында айқындалған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары - 40%-тен көп емес, оның ішінде:
      осы Ереженің 3-1-тармағының 2) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары және осы Ереженің 4-тармағының 3)-4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары мен инвестициялық қорлардың пайлары - 30%-тен көп емес;
      осы Ереженің 3-1-тармағының 3) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары және осы Ереженің 4-тармағының 5)-6) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің  мемлекеттік емес бағалы қағаздары мен инвестициялық қорлардың пайлары - 20%-тен көп емес;
      осы Ереженің 3-1-тармағының 4) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары және осы Ереженің 4-тармағының 7)-8) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің  мемлекеттік емес бағалы қағаздары - 10%-тен көп емес;";
      7) тармақшадағы "15" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) Лондонның қымбат металдар рыногының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар - 5%-тен көп емес;";

      2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Ұйым (Қор) осы Ереженің 1-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып шетел мемлекеттерінің мынадай бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы:
      1) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ААА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Ааа"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары;
      2) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Аа2"-дан ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары;
      3) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары;
      4) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің  жіктемесі бойынша) немесе "Ваа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары.";

      3) 4-тармақта:
      бірінші абзацта "қағаздарын" деген сөзден кейін "және инвестициялық қорлардың пайларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      1), 3) және 5) тармақшалардағы "қағаздар" деген сөзден кейін "мен инвестициялық қорлардың пайлары" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 10-тармақта "үш" деген сөз "он екі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады