Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын кенбайлықтарын барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануына жарамды жер қойнауы учаскелері жайындағы геологиялық ақпаратқа қойылатын талаптар туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті Төрағасының 2004 жылғы 13 тамыздағы N 127-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2004 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3057. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының м.а. 2009 жылдың 8 шілдедегі N 54-п бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының  м.а. 2009.08.01 N 54-п бұйрығымен.

      Кенбайлықтарын барлау мен өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты Қазақстан Республикасы үшін бірыңғай геологиялық ақпараттың мемлекеттік сараптамасы тәртібін бекіту мақсатында бұйырамын:
      1. Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын кенбайлықтарын барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануына жарамды жер қойнауы учаскелері жайындағы геологиялық ақпаратқа қойылатын талаптар туралы ұсынылатын Нұсқаулық (ары қарай - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Кенбайлықтар қорлары бойынша Мемлекеттік комиссияға қолданыстағы ведомстволық нормативтік-әдістемелік құжаттарды Жоғарыда бекітілген Нұсқаулыққа сәйкестендіру жүктелсін.
      3. Бұйрықтың орындалуына бақылауды жүзеге асыру Кенбайлықтар қорлары бойынша Мемлекеттік комиссия Төрағасы Құлсарин У.Ш-ға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді.

      Төраға

"Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын
кенбайлықтарын барлау және (немесе)
өндірумен байланысты емес жер асты
ғимараттарының құрылысы мен    
пайдалануына жарамды жер қойнауы 
учаскелері жайындағы геологиялық
ақпаратқа қойылатын талаптар туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы Энергетика
және минералдық ресурстар   
Министрлігінің геология және жер
қойнауын қорғау Комитеті Төрағасының
2004 жылдың 13 тамыздағы     
N 127-п бұйрығымен Бекітілген 

Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын кенбайлықтарын барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануына жарамды жер қойнауы учаскелері жайындағы геологиялық ақпаратқа қойылатын талаптар туралы Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Жер қойнауы саласында құқықтық аспектілерді реттейтін және бақылайтын мемлекеттік органдар, сондай-ақ меншік нысанына байланыссыз кенбайлықтарын барлау және өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарын пайдалану мен құрылысын жүзеге асырушы барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдармен тәжірибелік қолдану үшін арналған.

      2. Барлау және (немесе) өндірумен байланысы жоқ жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануға құқық Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес ұсынылады.

      3. Барлау мен (немесе) өндіруге қатысы жоқ жер қойнауы учаскесі жайындағы геологиялық ақпараттар материалдарында экономикалық мақсатқа сәйкес және техникалық негізделген шешімдерді қайта өңдеу үшін жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы кезінде табиғат ортасын ұтымды пайдалану мен қорғауды есепке алатын қажетті мәліметтер болу керек. Жобалық шешімдерді негіздеу үшін бар фактілік материалдардың жоқ болу немесе жетіспеушілігінде құрамы және көлемі техникалық тапсырмаға сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Аймақтық басқармасымен келісілген Жер қойнауын пайдаланушымен жобаланған Жұмыс бағдарламасы мен бекітілетін арнайы зерттеулерді (іздестірулерді) орындау керек.

      4. Жер қойнауы жайындағы геологиялық ақпарат жаңа құрылысты негіздеу, қолданыстағы жер асты ғимараттарын кеңейту, қайта құру мен пайдалану үшін қалдықтарды (ағын суларды) орналастыруға (көмуге, жинап қоюға, пайдалануға) арналған жер әлдебір учаскесін таңдауға мүмкіндік беретін аймақты зерттеудің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету керек.
      Аймақты зерттеу жағдайы 3 категориямен анықталады: зерттелген, жеткіліксіз зерттелген және зерттелмеген. Аймақты зерттеу дәрежесін анықтайтын шарттар 2 Қосымшада келтірілген.

      5. Аймақтың геоморфологиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық шарттарының күрделілік категориясын 3 Қосымшада көрсетілген факторлардың жиынтығы бойынша бекіту керек. Егер әлдебір бөлек бір фактор үлкен күрделілік категориясына жатса және негізгі жобалық шешімдерді қабылдауда анықтайтын болып табылса, онда табиғат шарттарының күрделілік категориясын осы фактор бойынша бекіту керек. Бұл жағдайда, яғни мониторингтік зерттеулерді өңдеуде аталған факторға ерекше назар аудару қажет.

      6. Кенбайлықтарын барлау мен (немесе) өндіруге қатысы жоқ объектілердің құрылысы мен пайдалануы үшін жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты мақұлдау әрекет етуші кәсіпорындармен пайдаланылатын учаскелерге де, сондай-ақ жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы болжанатын жер қойнауы учаскелерінде жүзеге асады.

      7. Кенбайлықтарын барлау мен өндіруге қатысы жоқ жер асты объектілерінің құрылысы мен пайдалануына арналған жер қойнауын пайдалануға Келісім шарты олар бойынша геологиялық ақпарат мемлекеттік сараптаманың жағымды бағасын алған жер қойнауы учаскелеріне ғана ұсынылады.
      Ресімдеу тәртібі тиісті Келісім-шарттың 1 қосымшасында берілген.

      8. Аймақтың зерттелгендік дәрежесінен, геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық шарттарының күрделілігінен, жер асты ғимараттарының қауіптілік сыныбынан, барлаумен және өндірумен байланысы жоқ объектілерді орналастыру (көму, сақтау, пайдаға асыру және сол сияқты) және пайдалану үшін қалдықтар (ағынды сулар) түрлері мен көлемінен, жер қойнауын пайдаланушымен жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер асты және жер үсті суларының мониторингтері, өндірістік және экологиялық мониторингтер байланысты шаралардың арнайы кешені анықталады.

      9. Жер асты ғимараттарының геологиялық ортаға әсері келесі шектеулі шарттармен: жобаланатын жер асты ғимараттарының техникалық шекарасы тау жыныстарының қозғалатын және құлайтын белдеу есебімен, сондай-ақ осы ғимараттардың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін алдын ала сақтағыш және тосқауылдайтын кен діңгектерінің нұсқалары; мұнай мен оның өңдеу өнімдерін жер астында сақтауда, зиянды заттардың және өндіріс қалдықтарын қоймалауда, ағынды суларды тасталуда - олардың толық локализациясы немесе қоршаған орта үшін қауіпсіз сақталуы қамтамасыз етіле алатын жер қойнауының бөлігі; газдың жер асты қоймасын ұйымдастыруда - осындай сақтау қоймасының құрылысына жобалы құжатқа сәйкес булы қабаттарға енгізілетін газдың максималды көлемін тарату нұсқаларымен анықталады.

      10. Кен учаскелері жайындағы геологиялық ақпарат жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы іргелес жатқан кенбайлықтар кен орындарының қайта өңдеу жұмысын қиындатпайтындығы және таулы өнімдерге, жердің беткі қыртыстарына және көметін заттардың (қалдықтардың, ағын сулардың, тағы да басқадай) сулы объектілеріне, соның ішінде өнімді сулы жазықтарға енуіне әкеп соқтырмайтындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретіндей жеткілікті толық болуы керек.

      11. Есеп беру материалдары геологиялық және қоршаған ортаға жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануының әсерлерін сипаттайтын есеп пен құрылғыларды негіздеу және тексеру үшін қажетті барлық алғашқы деректерді қамтуы керек. Келесі әсерлер түрлерін ажыратуға болады:
      1) механикалық әсер - тау жыныстары төзімділік қасиеттерін төмендететін және геологиялық сілемнің тұтастығын бұзатын жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалану әсерімен байланысты техногендік процестердің білінуі. Механикалық әсер дәрежесі жүріп өткен бұрғылау ұңғымаларының санымен, таулы өнімнен өңделген кеңістіктің созылуы мен ауданымен, үйіндідегі, шлам жинағыштағы және қалдықтарды сақтағыштағы таулы массаның көлемімен сипатталады;
      2) гидродинамикалық әсер - жер асты суларының тасқынының табиғи қозғалысының бұзылуына әкеп соқтыратын жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы кезінде пайда болатын техногенді үрдістердің көрсетілуі. Гидродинамикалық әсердің индикаторы болып жер асты суы қысымының өзгеруі қызмет етеді, ал гидродинамикалық әсердің деңгейі алғашқы оның қалпы бойынша ауытқу деңгейінің төмендеуі мен көтерілуінің көлемімен сипатталады;
      3) гидрохимиялық әсер - тау жыныстары құрамының, жер асты және беткі сулар сапасын өзгеруін тудыратын жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы кезінде пайда болатын техногенді үрдістердің көрсетілуі. Жер қойнауына көмілетін өнеркәсіптік ағынды сулар (қалдықтар), қалдықтарды сақтау және басқадай су жинағыштар сұйық фазасын фильтрационды түрде жоғалуы, көмірсутекті шикізат пен оның қайта өңдейтін өнімдерін сақтау қоймасынан жоғалуы гидрохимиялық әсер етеді.

2. Кенбайлықтар қорлары бойынша Мемлекеттік
комиссиясына материалдарды ұсыну

      12. Кенбайлықтарын барлауы мен (немесе) өндірумен байланысты емес жер қойнау учаскелері туралы геологиялық ақпарат мемлекеттік сараптамаға 3 экземплярда ұсынылады және жер қойнауын пайдаланушымен осы нұсқаулық талаптарына сәйкес дайындалады.

      13. Геологиялық ақпарат кенбайлықтар қорлары бойынша мемлекеттік комиссияға объектілерді кез келген зерттеу кезеңінде ұсынылуы мүмкін. Егер кенбайлықтар қорлары бойынша мемлекеттік комиссия геологиялық ақпарат сараптамасы нәтижесінде жағымсыз қорытынды беретін болса, жер қойнауын пайдаланушы материалдарды қайталама мемлекеттік сараптамаға кенбайлықтар қорлары бойынша мемлекеттік комиссия хаттамасында сипатталған ұсыныстар мен ескертулерді есепке ала отырып оны өңдеу шартымен ұсынуы құқығы бар.

      14. Мемлекеттік сараптама жүргізу үшін кенбайлықтар қорлары бойынша мемлекеттік комиссиясымен тізімі бекітілген тәуелсіз сарапшылар топтары тартылады.

3. Есеп беру материалдарының мазмұны

      15. Мемлекеттік сарапнамаға ұсынылған есеп Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің геология және жер қойнауын қорғау комитетінің қолданыстағы талаптарына сәйкес рәсімделуі қажет.

      16. Есеп беру материалдары өзіне мәтінді, суретті, кестелерді, мәтіндік және графикалық қосымшаларды қамтиды.

      17. Есеп беру мәтіні келесі тараулардан құралуы керек:
      1) кіріспе. Жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалану қажеттілігінің негіздемесі, оның мақсаттық тағайындалуы мен орналасқан жері; жобаланған (қазіргі кезде бар) ғимараттардың техникалық, технологиялық және басқадай мінездемелері; Жер асты ғимараттары жіктелуіне сәйкес анықталатын нақты қауіптілік сыныбы объектілеріне ғимараттың жататындығы, жер асты суы, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингінің тәртіптік жүйесінің бар болуы мен орналасуы (4-ші Қосымша); жобаланған ғимараттар учаскелері мен іргелес аудандар, кенбайлықтар кен орны, сонымен бірге жер асты суларының болмауы мен (немесе) бар болуы жайындағы мәліметтер; жұмыстың жекелеген түрлері бойынша орындаушы ұйымдар мен бірігіп орындаушылар; ғимараттар құрылысы мен пайдалану мерзімдері;
      2) жер қойнауын пайдалану ауданы мен учаскесі жайындағы жалпы мәліметтер. Әкімшілік және географиялық жағдай; 1:200000 масштабты қағаз бетінің номенклатурасы; климаты, орогидрография, жер қыртысы және өсімдігі, адам шаруашылығы қызметінің мінездемесі;
      3) жер қойнауын пайдалану ауданы мен учаскелерінің геологиялық құрылысы, тектоника және геоморфологиялық шарттар, зерттелгендігі, соның ішінде рудасыз жерлерді зерттеу; литологиялық-стратиграфиялық мінездеме; аймақтың геологиялық-құрылымдық және геоморфологиялық ерекшеліктері;
      4) жер қойнауын пайдалану ауданы мен учаскелерінің гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттары. Зерттеулілік; көлемді және фильтрационды параметрлерін, жер асты сулары сапасын көрсетумен сақтау жазықтары және суға төзімді жыныстардың гидрогеологиялық мінездемесі; физика-механикалық, төзімді, сулы-физикалық және басқадай тау жыныстары мен топырақтардың қасиеттері көрсетілген инженерлік-геологиялық шарттар мінездемесі; аймақтың санитарлық жағдайы; жер қойнауы мен қоршаған ортаға ғимарат құрылысы мен пайдалану салдарын бағалау үшін гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және экологиялық зерттеулердің түрлері мен көлемдерінің негізделу және жеткілікті бағасы;
      5) көмуге (үйіндіні жиып қою, қалдықтарды пайдалану және сол сияқты) жататын қалдықтар мен ағынды сулардың (олар бар кезде) мінездемесі. Зерттеудің көлемдері, түрлері және әдістері; зертхананың атауы; қатты және сұйық фазадағы рұқсат етілген қоспалардың салыстырмалылығындағы заттардың уыттылығын анықтайтын талдау нәтижелері; минералды, химиялық, гранулометрлік құрам және шламдар, қалдықтар мен тағы да басқадай қасиеттері; қалдықтар және пайдаланылған сулардың саны мен көлемдері; уыттылық сыныбын бағалау;
      6) әрекет етуші ғимарат-аналогтардың құрылысы мен пайдалануды талдауы және (немесе) жеке тәжірибе. Негізгі қорытындылармен жан-жақты объектілер мінездемесі;
      7) барлау мен өндірумен байланысты емес құрылыс пен пайдалану үшін кен учаскелерін таңдаудағы негізделу. Анықталған, дәлелденген және фактіленген деректер негізінде жер қойнау мен қоршаған ортаға негативті әсерін болдырмайтын ғимараттардың құрылысы мен пайдалануы мүмкіндігі дәлелдену керек; қалдықтарды (ағынды суларды) көму (үйіндіні жиып қою, қалдықтарды пайдалану және сол сияқты) кезінде аудан мен кесінді бойынша шекаралық нұсқасын таратуды анықтаумен олардың жер қойнауына әсерін бағалау;
      8) жобаланған және (немесе) орындалған жұмыстардың түрлері, әдістемесі және көлемдері. Олардың тізімі, құрылымы және мақсаттық тағайындалуы; фактілік немесе күтілетін нәтижелері; ертеректе өткізілген мемлекеттік сарапнамамен және берілген объекті бойынша геология-барлау материалдарын қарастыратын басқадай органдардың хаттамаларында сақталған ұсыныстардың орындалуы; зерттеу нәтижелілігі мен ол нәтижелерді пайдалану мүмкіндігінің қорытындылары мен ұсыныстары;
      9) қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау. Жер қойнауы мен қоршаған ортаға ғимараттардың құрылысы және пайдалану әсерін бағалау; аймақтың геология-гидрогеологиялық, геоморфологиялық, гидрологиялық, экологиялық және инженерлік-экологиялық шарттарының өзгеру болжамы; санитарлы шекара, белдеу, аймақтық негіздемесі және оларды қорғау бойынша шаралар; Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша, соның ішінде өндірістік және экологиялық мониторингі, жер асты және жер бетіндегі суларды зерттеу түрлерін, әдістемелері және зерттеу көлемдерімен, тәртіптік жүйесінің тармағының орналасқан жерлерін көрсете отырып жүргізілетін шаралар;
      10) ғимараттың құрылысы мен пайдалануы бойынша кеңестер. Табиғатты қорғау немесе басқа да шектеулер есебі мен жер қойнауын қолдану мүмкіндігін негіздеу;
      11) Қорытынды. Барлау мен (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы үшін жер қойнауы учаскелерінің жарамдылығы жайындағы басты қорытындылар; ғимараттардың құрылысы мен пайдалануы жер қойнауы және табиғи ортаға, соның ішінде кенбайлықтар және жер асты суларын өнеркәсіптік игеру негативті ықпал көрсетпеуі жайындағы қорытындылар; кен учаскесінің геологиялық-гидрологиялық, инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттарды зерттеу дәрежесі жайындағы басты қорытындылар; жер қойнауы учаскелерінің геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық, және экологиялық шарттардың зерттелгендігі деңгейі туралы негізгі қорытындылар, жер қойнауы учаскелерінің ғимараттардың құрылысы мен пайдаланылуы үшін дайындалғандығын бағалау; геологиялық және экологиялық мінездің ары қарайғы жұмысын өндіру бойынша қысқаша түсініктемелер (комментарийлер); ғимараттың рекультивациялар және (немесе) консервациялар мерзімі;
      12) қолданылған деректер тізімі. Есепті құрастыру кезінде пайдаланылған қорлық, мұрағаттық және басқадай материалдардың жарық көрген әдебиеттерінің тізімі; авторлары, баспасөз, шыққан жері және (құрастырылған) жылы.

      18. Әр тараудың көлемі мен мазмұны ғимараттың мақсаттық тағайындалуы, маңыздылығы, кен ауданы мен учаскені зерттеу дәрежелеріне, жер қойнауы мен табиғат ортасына негативті әсер ететін мүмкіндігі бар дәрежелеріне байланысты авторлармен анықталады.

      19. Терең су сақтайтын жазықтарға өнеркәсіптік пайдаланған суларды (қалдықтарды) көму кезінде жер қойнауы мен табиғат ортасының қауіпсіздігі бағалаудың келесі басты критерийлерін басшылыққа алу керек: пайдалану үшін қарастырылып отырған су сақтау көкжиегінде сумен қамтамасыз ету және басқадай мақсаттарға жарамды жер асты суларының болмауы; коллекторлық-резервуардың басқа жазықтардан сенімді оқшаулануы; тектоникалық бұзулардың жоқтығы; жер асты су тәртібі немесе күрделі су ауыстыруды тоқтатудың бар болуы; көму коллекторы орны тереңдігінің тиімділігі; сыйымдылық пен фильтрационды мінездемелер бойынша көму үшін коллектор-резервуарлардың тиімділігі; ортаның сәйкестігі мен пайдаланылған сулардың (қалдықтардың) шайқалуы.

      20. Суреттер мен кестелер. Қысқарту мақсатымен мәтін құрастырар кезде мүмкіндігінше оны сурет, графиктер, диаграмма, схема, кестелермен тізімдеу ұсынылады.

      21. Мәтіндік қосымшалар ажырамас бөлігі болып табылады және келесі бір құжаттарды қосады:
      1) орындаушылар тізімі;
      2) реферат;
      3) техникалық немесе геологиялық тапсырма;
      4) есептік мәтіннің мазмұны;
      5) суреттер және кестелер тізімі;
      6) мәтіндік қосымшалар тізімі;
      7) графиктік қосымшалар тізімі;
      8) жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы үшін кен учаскелерінде (сонымен бірге жер асты суында) кенбайлықтардың жоқ болуы жайындағы аймақтық Басқарма анықтамасы;
      9) жерлерді бөліп беру актісі немесе ғимараттардың құрылысы мен пайдалануына жер қолдану құқығы;
      10) арнайы табиғат қолдануға арналған Өкілетті органының рұқсат қағазы;
      11) барлау мен (немесе) табысқа қатысы жоқ жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануы үшін кенді пайдалану құқығын алу жайындағы сұраным;
      12) кен қолдану Келісім шартына отыру бойынша келіссөздер жүргізу жайындағы Комитеттің шешімі;
      13) аймақтық зерттеудің санитарлық-экологиялық актісі және (немесе) ғимараттардың құрылысы мен пайдалану учаскесінде экологиялық жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық көздейтін органдарының Қорытындысы;
      14) кенбайлықтарды қайта өңдеу және байытатын қалдықтарды сақтайтын құрылыс пен пайдалану кезіндегі "О" тәріздес техногенді объектінің төлқұжаты 2002 жылдың 11-ші ақпанынан N 40а-П "Қазақстан Республикасында техногенді минералды білім беру мемлекеттік кадастрдың жүргізуі бойынша нұсқаудың бекітілуі туралы" Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Төрағасы бұйрығына сәйкес рәсімделеді;
      15) геологиялық ақпараттың анықтылығын дәлелдейтін алғашқы материалдар (керн алғашқы құжаттарының, жазық материалдарын қабылдау актілері, алғашқы геологиялық құжаттар);
      16) есепті қарастыру бойынша кенді қорғау мен пайдалануының аймақтық басқармасының хаттамасы;
      17) метрологиялық сарапнаманың қорытындысы.

      22. Графикалық қосымшалар. Басты графикалық қосымшалардың масштабтары (карта, кесінді, схема және тағы да басқадай) геологиялық-гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық шартының есебімен ғимаратының және сол сияқтылардың қауіпті класының көлемдік объектілерінен әр бір нақты жағдайларда өз авторларымен анықталады. Графикалық қосымшаларды дайындауда келесі масштабтарды қолдану қажет:
      1) объектінің геометриялық көлемінде 1 километрден аз - 1:1000-нан 1:5000-ға дейін;
      2) объектінің көлемінде 1-ден 10 километрге дейін - 1:5000-нан 1:25000-ға дейін;
      3) объектінің көлемінде 10 километрден артық - 1:25000-нан 1:50000-ға дейін.
      Терең жазықтарға өнеркәсіптік пайдаланылған суларды көму кезінде графикалық қосымша масштабы коллектор-резервуарлардың шектеулі шарттарының есебімен сараланып анықталады.

      23. Графикалық қосымшалар өзіне келесі материалдарды қосады:
      1) 1:200000 - 1:2000000 масштабты жұмыс ауданының шолу картасы (облыстар мен аудандардың әкімшілік шектері; халық тұратын жерлер; хабарлау жүйелері; гидрографикалық жүйе; жобаланған ғимаратының (қазіргі кезде бар) орналасқан жері);
      2) фактілік материал картасы (демеулі геодезиялық жүйе пункты; орман және ауыл шаруашылығында пайдаланылған жерлер, халық тұратын жерлер, таулы өнімдер, су объектілері, хабарлау жүйелері, жер бетіндегі және жер астындағы байланыстар жобасы, табиғат ескерткіштері, тарихы мен мәдениеті; геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық скважиналардың аузы (құйылысы); жер асты су кен орындары мен басқадай кенбайлықтар орындарының шекаралары; мониторингті және басқадай зерттеулерді бақылау нүктелері);
      3) аудан мен (немесе) учаскелердің геологиялық картасы (стратиграфия, литология, тектоника, скважиналар, ғимараттардың орналасқан жері, кенбайлықтар кен орнының шекаралары, мінезді кесінділер, шартты белгілер);
      4) аудан мен (немесе) учаскелердің гидрогеологиялық картасы (әлсіз сіңетін және суға төзімді жыныстарды су сақтайтын жазықтар мен комплекстердің жайылуы; жер асты суының химиялық құрылымы мен минералдануы; дебиттің, төмендеудің, минералдану мен статикалық деңгейді көрсететін гидрогеологиялық скважиналар; бұлақтар мен жоғарғы беткі су ағарлар; жер асты суы кен орындарының шекарасы; мінезді кесінділер; жер асты су тасқынының бағыты (гидроизогипстер, гидроизопъездер); шартты белгілер);
      5) ғимараттар құрылысы мен пайдалану учаскелерінің инженерлік-геологиялық картасы (ғимараттар құрылысы мен пайдалануды инженерлік-геологиялық шарттар бойынша аймақтарды аудандандыру; скважиналар мен тау өнімдері; ғимараттардың геометриялық нұсқалары; әр түрлі стратиграфиялық және литологиялық айырымдардың қабатты белгіленуі; топырақтың физика-механикалық, төзімді және сулы-физикалық қасиеттері; типтік кесінділер; шартты белгілер);
      6) аймақтың санитарлы-экологиялық зерттеу (сұлбасы) картасы (халық тұратын жерлер; өнеркәсіпті, таулы және басқадай объектілер; ғимараттардың орналасқан жерлері; натуралы зерттеу нүктелері; ауа, топырақ, өсімдік, кен және су объектілерінің ластану учаскелері мен аудандары; табиғи ортаның және кеннің фонды жағдайы);
      7) геоморфологиялық карта (инженерлік-геологиялық картасымен сәйкестіруге болады) және ғимараттардың құрылысы мен пайдалануы кезінде бөлек таулы аймақтар мен ірі өзендер алқаптары шарттарында (гипсометриялық жоғарғы бет; рельеф формалары; эндогенді және экзогенді үрдістер; құрылымды элементтер);
      8) ғимаратының құрылысы мен пайдалануына негіздеу үшін пайдаланатын басқа мамандандырылған карталар, сызбалар (сұлбалар), жоспарлар, кесінділер, бағаналар, графиктер;
      9) авторлардың қарастыруы бойынша көрсетілген графикалық материалдар бөлігі есеп беру мәтінінде (карта, сұлба, кескін және профиль, графиктерде) сурет түрінде орналаса алады.

Қазақстан Республикасы Энергетика және
Минералдық ресурстар Министрлігінің
геология және жер қойнауын қорғау 
Комитетінің Төрағасы бұйрығымен 
бекітілген            
2004 жылдың 13 тамыздағы N 127-п 
"Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын
кенбайлықтарын барлау және (немесе)
өндірумен байланысты емес жер асты
ғимараттарының құрылысы мен    
пайдалануына жарамды жер қойнауы 
учаскелері жайындағы геологиялық 
ақпаратқа қойылатын талаптар   
туралы Нұсқауына"        
1 Қосымша            

Барлау мен өндірумен байланысты емес жер асты
ғимараттарының құрылысы мен пайдалануына арналған
Келісім шартты рәсімдеу
Сызбасы

____________
жер қойнауын|
падаланушы  |
____________|
    |
____|___________    _____________________    ______________________
Уәкілетті орган.|  |Келіссөздер жүргізу  |  |Келіссөздер           |
дарға Сұраным   |  |бойынша уәкілетті    |  |Жер қойнауын          |
(геология және  |  |органдар Шешімі      |  |пайдаланушы - жұмыс   |
жер қойнауын    |  |(мерзім 3 айға дейін)|  |(Мүдделі министрліктер|
қорғау Комитеті)|  |_____________________|  |мен ведомстволар      |
Көкшетау қаласы |           |               |міндетті түрде қатысу |
________________|           |               |керек), Көкшетау      |
                            |               |қаласы                |
                            |               |______________________|
                            |                      |       |
___________________________________________        |       |
МҚК-дағы Геологиялық ақпараттың мемлекеттік|_______|       |
сараптамасы шешімдерді қабылдау мен        |               |
Келіссөздерге дейін өткізіледі             |               |
Көкшетау қаласы                            |               |
___________________________________________|               |
                       |                                   |
                       |                                   |
____________________________________________________________________
                  Келісім шарт жобасы
   Келісім        Жер қойнауын пайдаланушы Модельді Келісім шарт
   шартқа         ережелерін есепке ала отырып дайындайды
   қосымша        (2001 жылдың 31 шілдедегі N 1015 Қаулысы) - Шешім
                  қабылданғаннан кейін 90 күннен кешіктірмей
           1. Уәкілетті органдардың шешімі
           2. Тауды бұрып жіберу
           3. Қаржы-экономикалық үлгі
           4. Жұмыс бағдарламасы
____________________________________________________________________
               |                                  |
               |                                  |
               |                 __________________________________
               |                |           Келісімдер
               |                | 1. (30 күн) - Әділет министрлігі
___________________________     | 2. (15 күн) - Қоршаған ортаны
салықтық және экономикалық |    | қорғау министрлігі; Геология және
сараптама                  |    | жер қойнауын қорғау комитеті (3
Келісім шарт Жобасын       |    | Басқармасы бар): Денсаулық сақтау
(30 күн) 2 жақтың келісуі: |    | жұмыстары бойынша Агенттік;
1) Экономика және келісіл. |    | ТО бойынша Агенттік (Астана
   ген министрлігі;        |    | қаласы, Көкшетау қаласы)
2) Қаржы министрлігі       |    |__________________________________
   Астана қаласы           |                 |
___________________________|                 |
                  |                          |
                  |                          |
        _________________________________________________
       |                      Қол қою                    |
       |(Уәкілетті органының басқарушысы - Жер қойнауын  |
       |                    пайдаланушы)                 |
       |_________________________________________________|

      Ескерту: Сұлба Қазақстан Республикасы Үкіметтерімен 2000 жылдың 21-ші қаңтарынан N 108 , 2001 жылдың 29-шы маусымынан N 894 , 2001 жылдың 31-ші шілдесінен N 1015 , 2002 жылдың 1-ші қарашасынан  N 1160 Қаулыларына сәйкес құрастырылған

Қазақстан Республикасы Энергетика және
Минералдық ресурстар Министрлігінің
геология және жер қойнауын қорғау 
Комитетінің Төрағасы бұйрығымен 
бекітілген            
2004 жылдың 13 тамыздағы N 127-п 
"Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын
кенбайлықтарын барлау және (немесе)
өндірумен байланысты емес жер асты
ғимараттарының құрылысы мен    
пайдалануына жарамды жер қойнауы 
учаскелері жайындағы геологиялық 
ақпаратқа қойылатын талаптар  
туралы Нұсқауына"       
2 Қосымша            

Аймақтардың зерттелгендік категориялары

___________________________________________________________________
  Аймақтар      |      Аймақтардың зерттелгендік дәрежесін
зерттелгендігі. |            анықтайтын шарттар
нің жағдайы    |
___________________________________________________________________
1. Зерттелген     Геологиялық құрылым, гидрогеологиялық және
                  геологиялық шарттар, таулы-техникалық
                  ерекшеліктер белгіленген мақсаттарда жер қойнауын
                  пайдалану үшін жеткілікті толық зерттелген. Жер
                  асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалану
                  процесінде геологиялық зерттеу бойынша арнайы
                  жұмыстар, міндетті мониторингтік зерттеулерді
                  қоспағанда, өткізілмейді. Қолда бар нақты
                  материалдар анализі мен өңдеу негізінде
                  құрастырылған жер қойнауының геологиялық құрылымы
                  туралы есеп бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік
                  сарапнамаға ұсынылады.

2. Толық          Геология-гидрогеологиялық және
зерттелмеген      инженерлік-геологиялық зерттелу жағдайы бір
                  мағынада жер қойнауы учаскесін бөліп қарастыруға
                  және жер асты ғимараттарының құрылысы мен
                  пайдалануының кері әсерінің дәрежесінен анықтауға
                  мүмкіндік бермейді. Жер қойнауының геологиялық
                  құрамы жайындағы есеп белгіленген тәртіп бойынша
                  мемлекеттік сараптамаға ұсынылады. Материалдардың
                  мақұлдануы туралы МҚК шешімі ғимараттардың
                  қауіптілік класына және аймақтардың табиғи
                  шарттарының күрделілігі категорияларына
                  байланысты қабылданады.

3. Зерттелмеген   Ландшафты-географиялық жағдай, геологиялық-
                  құрылымдық ерекшеліктер, гидрогеологиялық және
                  инженерлі-геологиялық шарттар, зерттелмеген және
                  (немесе) жер асты ғимараттарының құрылысы мен
                  пайдалану шарттарын сипаттау үшін толық
                  ақпаратандырылмаған.
                  Жер қойнауының геологиялық құрылымы туралы
                  материалдар мақұлдануы 2 кезеңде орындалады.
                  1-ші кезеңде МҚК-ның ұсыныстары мен материалдары.
                  ның алдын ала (жедел) мақұлдауы негізінде, жер
                  қойнауын пайдаланушы, сәйкес объектілердің
                  құрылысы мен пайдалану мүмкіндігін негіздеу үшін
                  қажетті детальды геология-гидрогеологиялық және
                  инженерлі геологиялық зерттеулерді жүзеге асыру
                  керек және техникалық жобаны (технологиялық
                  сызба) дайындау керек.
                  Дайындалған техникалық жоба өкілетті органдармен
                  келісілген және белгіленген тәртіпте бекітілуі
                  керек. Екінші кезеңнің аяқталуына дейін
                  (геологиялық ақпарат материалдарының қайта
                  мақұлдануы) жер асты ғимараттарының құрылысы мен
                  пайдалануы үшін жер қойнауымен пайдалануға рұқсат
                  етілмейді.
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Энергетика және
Минералдық ресурстар Министрлігінің
геология және жер қойнауын қорғау 
Комитетінің Төрағасы бұйрығымен 
бекітілген            
2004 жылдың 13 тамыздағы N 127-п 
"Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын
кенбайлықтарын барлау және (немесе)
өндірумен байланысты емес жер асты
ғимараттарының құрылысы мен    
пайдалануына жарамды жер қойнауы 
учаскелері жайындағы геологиялық 
ақпаратқа қойылатын талаптар  
туралы Нұсқауына"       
3 Қосымша           

Табиғи шарттардың күрделілік категориялары

___________________________________________________________________
Факторлар  |  1 (қарапайым)   | 2 (күрделілігі  |   3 (күрделі)
           |                  |     орташа)     |
___________|__________________|_________________|__________________
Геоморфоло. Бір геоморфология.  Бір генезисті     Әр түрлі генезисті
гиялық      лық элемент шегін.  бірнеше геомор.   бірнеше геоморфо.
шарттар     дегі аудан          фологиялық        логиялық элемент.
            (учаске).           элементтері       тері шегіндегі
            Беткейі горизон.    шегіндегі аудан   аудан (учаске).
            тальды, мүшеленбе.  (учаске).
            ген.                Беткейі икемді
                                әлсіз мүшеленген.

Геологиялық Екіден көп емес     Төрттен артық     Төрттен артық
шарттар     литология бойынша   емес литологиясы  литологиясы
            әртүрлі, горизон.   бойынша әртүрлі,  бойынша әртүрлі
            тальды немесе       икемді немесе     жыныстар.
            әлсіз еңкейген      сыныланбай        Қуаттылығы бірден
            жыныс (бұрышы 0,1   жатқан жыныс.     өзгереді. Қасиет
            ден артық емес).    Қуаттылығы заңды  көрсеткіші бойынша
            Күштілік көлем      түрде өзгереді.   біртектілік
            бойынша сақталған.  Жоспарлы және     еместіктің елеулі
            Біртектісіздіктің   тереңдігі бойынша дәрежесі.
            елеусіз деңгейі.    жыныс сипаттама.  Жартастық топырақ.
            Тасты жыныстар      сының заңды       тар қатты мүшелен.
            беткейде жатады     түрде өзгеруі.    ген жабынға ие
            немесе борпылдақ    Тасты топырақ.    және борпылдақ
            шөгінділердің       тарда біркелкі    шөгінділермен
            әлсіз қабатымен     емес жабындар     жабылған.
            жабылған.           бар және борпыл.
                                дақ шөгінділер.
                                мен жабылған.

Гидрогео.   Жер асты сулары     Біртекті емес     Жер асты суларының
логиялық    жоқ немесе          химиялық құрамы   жазықтары ауданы
шарттар     біртекті химия.     немесе қысымы     және қуаттылығы
            лық құрамымен жер   бар учаскелері,   бойынша біртекті
            асты суының         жер асты сулары.  емес химиялық
            төзімді бір         ның екі не одан   құрамымен ұсталма.
            көкжиегі болады.    да көп төзімді    ған. Су сақтағыш
                                жазықтар.         және суға төзімді
                                                  жыныстардың
                                                  күрделі алмасуы.

Ғимараттар. Берілмеген          Шектеулі          Кең таралған және
дың құрылы.                     таратылуы бар.    жер асты ғимарат.
сы мен пай.                                       тардың жобалануы
далануына                                         мен құрылысына
әсер ететін                                       шешуші әсер етеді.
геологиялық
процестер

Ғимараттар. Берілмеген          Жобаланушы        Жобаланушы шешім.
дың геоло.                      шешімдердің       дердің таңдауына
гиялық                          таңдауына         шешуші әсер етеді,
ортамен                         елеулі әсер       құрылысты және
өзара әсері                     етпейді; төзімді  пайдалануды
жағдайында.                     орны мен біртек.  күрделендіреді.
ғы специфи.                     ті қасиеттері
калық топы.                     бар.
рақтардың
бар болуы
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Энергетика және
Минералдық ресурстар Министрлігінің
геология және жер қойнауын қорғау 
Комитетінің Төрағасы бұйрығымен 
бекітілген            
2004 жылдың 13 тамыздағы N 127-п 
"Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын
кенбайлықтарын барлау және (немесе)
өндірумен байланысты емес жер асты
ғимараттарының құрылысы мен    
пайдалануына жарамды жер қойнауы 
учаскелері жайындағы геологиялық 
ақпаратқа қойылатын талаптар  
туралы Нұсқауына"       
4 Қосымша           

Барлау мен (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының классификациясы

____________________________________________________________________
Таулы-    | Ғимараттар.  |   Ғимараттар   |   Объектілер    |Қауіп.
құрылыс    | дың негізгі  |орналастырылатын|      түрі       |тілік
жұмыстары. | тағайындалуы |немесе қалдықтар|                 |сыныбы
ның сипаты |              | жиналатын қуыс |                 |
           |              |    түрлері     |                 |
____________________________________________________________________
     1     |       2      |       3        |        4        |   5
____________________________________________________________________
Табиғи      Қалдықтарды    Қазаншұңқырлар,  Кенбайлықтарын       1
рельефті    сақтау қоймасы ашық кеніштер,   өңдеу мен байыту
қолдануымен және басқадай  шұңқырлар, жыра. қалдықтарының
плотина,    қалдықтарды    лар, сайлар,     басқа да өнер.
дамбы,      жинақтағыштар  опырылған        кәсіптік қалдық.
қазаншұң.                  учаскелер        тарының қоймасы
қырлардың
құрылысы

Үш метрден  Көлік          Тонельдер,       Автомобиль, жол,     3
артық       байланысы      көмілетін        гидротехникалық
тереңдікте                 оржолдар         тонельдер, метро.
орналасқан                                  политендер, құбыр
инженерлік                                  жолдары
ғимараттар  Азаматтық      1,5 м 3 -ден астам ГЭС, жылу және       2
            тағайындалу    көлденең қима    атомды ЭС, ауыз
            объектілері.   камералары       суды сақтауға
            нің орналасуы                   арналған резерву.
                                            арлар, ағындысу.
                                            ларды тазарту
                                            зауыттары

            Мұнай мен газ. Қазаншұңқырлар   Мұнай сақтау         2
            дың немесе     және көмілетін   қоймалары, газ
            олардың қайта  орлар, ұсақ-     сақтау қоймалары,
            өңдеу өнімде.  түйектер салы.   АЗС
            рін сақтау     натын орлар
            үшін резерву.
            арларды
            орналастыру

            Әскери және    Шахталық баған.  Ракеталардың старт.  3
            арнайы тағай.  дар, штольналар, тық кешендері,
            ындалу объек.  камералар,       ұзақ мерзімді
            тілерінің      көмілетін        командалық
            орналасуы      қазаншұңқырлар   пункттер, баспа.
                                            налар және с.с.

Тау кен     Өнеркәсіпті    Рудалы, гипсті,  Бройлерлік құс       3
қазбалары   және өндіріс.  тұзды шахталар.  фабрикалары,
объектіле.  тік кәсіпорын. дың тау кен      саңырауқұлақ,
ріне арнал. дардың         өнімдері, карсты гүлдер өсіру
ған құрылғы орналасуы      үңгірлер         кәсіпорындары,
                                            қоймалар,
                                            тоңазытқыштар,
                                            емдеумекемелері,
                                            туристік кешендер

Жер қойнау. Мұнай мен      Күйзелген        Ірі мұнай, табиғи    2
ында геоло. газды сақтау   газ-мұнайлы      газ, мұнай өнім.
гиялық      қоймаларының   пласт-коллектор. дері, сұйылтылған
кеуекті     және олардың   лар, кеуекті     газ және т.б.
құрылымды   қайта өңдеу    сулы құрылым.    қоймалары
пайдалану   өнімдерінің    дары
            орналасуы

            Өндірістегі    Өтелген пласт-   Радиоактивті         1
            зиянды қалдық. коректорлар,     заттар қалдықтары.
            тарды көму     өткізгіштігі     ның, мұнай, химия
                           нашар жыныстар.  өнеркәсібінің
                           мен шектелген    қалдықтарының
                           кеуекті құрылым. қоймалары.
                           дар
___________________________________________________________________

      Жер қойнауы мен қоршаған ортаға мүмкін негативті әсер деңгейі бойынша жер асты ғимараттары 3 сыныпқа: 1 сынып (аса қауіпті) - ғимараттардағы апаттар тұрғылықты пункттер, жер қоймалары және қоршаған орта үшін апатты зардаптармен, соның ішінде жер асты суларының, су қоймаларының және ауыз су қоймаларының улануы мен ластануымен қабаттасады; 2 сынып (қауіпті) - ғимараттардағы апаттар тұрғылықты пункттер, жер қоймалары және қоршаған орта үшін апатты салдармен байланысты және ауыл шаруашылығы жерлерінің су басуына және жер асты сулары, су қоймалары және ауыз су қоймаларының ластануын тудыруы мүмкін. 3 сынып (қауіптілігі елеусіз) - ғимарат апаты тұрғылықты пункттер мен кәсіпорындар үшін елеулі қауіп және ауыз су объектілерінің ластануын тудырмайтын ғимараттар құрылысы салынбаған және аз игерілген жерлерде орналасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады