Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 27-бабының, 43-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Төрағасының келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) Мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорларын есептеуге геология-геофизикалық материалдарының көлемін және мазмұнын мемлекеттік сараптамаға ұсыну талабын бекіту туралы 2007 жылғы 11 мамырдағы N 53-п бұйрығы;
2) "Қазақстан Республикасындағы арнайы суды пайдалану бойынша лицензияланған қызмет түрлері бойынша құжаттарды рәсімдеу және есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 03 желтоқсандағы N 162 бұйрығы;
3) Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын кенбайлықтарын барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануына жарамды жер қойнауы учаскелері жайындағы геологиялық ақпаратқа қойылатын талаптар туралы Нұсқаулықты бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 127-п бұйрығы;
4) Қатты пайдалы кенбайлық орындарын алдын-ала геологиялық-экономикалық бағалау жөніндегі материалдарды мемлекеттік сарапнамаға ұсынуда қойылатын талаптар туралы Нұсқауды бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 125-п бұйрығы;
5) Жер асты суларының (ауыз су, техникалық, минералды, өнеркәсіптік және жылу энергетикалық) пайдаланылатын қорларын қайта бағалау материалдарын мемлекеттік сарапнамаға ұсынуда қойылатын талаптар туралы Нұсқауды бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 124-п бұйрығы;
6) Алдын-ала мемлекеттік сарапнамаға ұсынылатын қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу жөніндегі материалдарға қойылатын талаптар туралы Нұсқауды бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 126-п бұйрығы;
7) Қазақстан Республикасы жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есепнамаларды рәсімдеу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 64-п бұйрығы.
2. Осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және арнайы баспаларға жіберілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасының орынбасары Е.Ғ. Кәрібаевқа жүктелсін.
Төраға міндетін атқарушы М.Сайдуақасов