Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарындағы 2004 жылғы 17 наурыздағы кеңейтілген шешімін орындау барысында және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты нығайту жөніндегі біркелкі тәжірибені, сондай-ақ мемлекеттік өрт қадағалау қызметін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. "Бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 10 қарашадағы N 850 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2613 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаруашылық жүргізуші субъектілерін тексерудің барлығын тіркеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12
бұйрығымен
бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2744 тіркелген) Құқықтық статистика жөніндегі комитеттің аумақтық органдарында және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының арнайы есебімен, олардың аудандарда және қалаларда болмағанда тіркеуді осы аудандар мен қалалардың прокурорлары жүргізеді, сондай-ақ уәкілетті органның тиісті бөлімшелерімен ұсыным, тіркеу және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін тексерудің барлық құжаттарын ақпараттық есепке алу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.";
104-тармақтағы төртінші абзацтағы "аға мемлекеттік инспекторлар" сөздерінен кейін ", мемлекеттік инспекторлар" сөздерімен толықтырылсын;
160-тармақ "Қазақстан Республикасының Заңдарымен" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен" сөздерімен толықтырылсын;
164-тармақтағы "прокурорлардың ұсыныстары" сөздері "прокурорлық әрекеттер актілері" сөздерімен ауыстырылсын;
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
285-бабында
көзделген қылмыс туралы іс жөнінде сотқа дейін жүргізу барысында анықтау органы бастығының өкілеттілігіне, өз құзыреті шегінде Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментінің, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментінің анықтау бөлімінің, Бас басқарманың және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік өртке қарсы басқармаларының, Бас басқарма мен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік өртке қарсы басқармаларының анықтау бөлімі, бөлімшелері, басқармалары, анықтаушылары бар қалалық, аудандық өрт бөлімінің бастығы ие болады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі орталық аппаратының анықтау органы қызметкерлері, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының анықтау органдарының бастықтары мемлекеттік өртке қарсы қызметтің анықтау органы бастығының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен тағайындалады немесе қызметінен босатылады. Бас басқарма және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармалары, бөлім, анықтау бөлімшесі, анықтаушылары бар қалалық, аудандық өрт бөлімдерінің бастықтары мен қызметкерлері Бас басқарма және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы анықтау органының бастығымен тағайындалады немесе қызметінен босатылады;
Қылмыстық істерге, қаулы көшірмелеріне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген басқа да жүргізілген істерге жолдама хат аудан прокурорына және соған теңестірілген прокурорға қалалық, аудандық өрт бөлімдері бастықтарының қол қоюымен; облыс прокурорына және соған теңестірілген прокурорға облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік өртке қарсы қызмет Бас басқармасы мен басқарма бастығының қол қоюымен; Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, оның орынбасарларының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаменті бастығының қол қоюымен жіберіледі";
170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Анықтау органының бастығы:
қылмыстық іс жөнінде анықтау жүргізуге және тексеру өткізуге, олардың материалдарын жүйелі зерделеуге, қол астындағылардың қабылдаған іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын дер кезінде тексерумен, жіберілген бұзушылықтарды тез арада жоюмен көрінетін бақылауды жүзеге асырады;
заттайлық, аумақтық және жекелей тергеулер жөніндегі тексеру материалдары мен қылмыстық істерді жіберу мәселелері туралы анықтаудың заңдылығын қадағалау жүргізуші прокурормен келіседі;
прокурордың сұранымы бойынша қылмыстық іс пен тексеру материалдарын тез арада жіберуді қамтамасыз етеді;
қылмыстық іс қозғау немесе қозғамау, тінту жүргізу және заттарға тыйым салу туралы, жауапкерді қызметінен босату туралы, жауапкерге (күдіктіге) қатысты күзетпен қамауға алу түр шарасын таңдау, өзгерту немесе қабылдамау туралы, іс бойынша тоқтату, тоқтатып қою, қайта бастау туралы, жауапкерді (күдіктіні) күзетсіз тұрақты сот-дәрігерлік немесе сот-психиаторлық сараптау жүргізу үшін дәрігерлік мекемеге жіберу, жауапкерді (күдіктіні) күзету мерзімін ұзарту туралы, жауапкерді алып жүру, іздеу салуды хабарлау туралы қаулыларды бекітеді, қылмыс жасады деген күдікті адамдарды ұстау туралы хаттаманы, айыптау хаттамасын бекітеді, қылмыс жасауға мүмкіндік туғызатын жағдаяттарды жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді, қылмыстық істі айыптау хаттамасымен прокурорға жібереді;
қылмыстық іс қозғауды қабыл алмау, сотқа жіберу, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы қабылданған шешімнің негізділігіне тез арада (тергеу және анықтаудың заңдылығына қадағалау жүргізетін прокурорға жібергенге дейін) тексеру жүргізеді, қылмыстық іс қозғауды қабыл алмау, сотқа жіберу, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы қабылданған шешімнің негізділігін тексеру мерзімі қабылданған мерзімнен 10 күннен аспауы керек;
қылмыстық істі қозғау, сотқа жіберу, тоқтата тұру немесе тоқтатуды қабыл алмаумен келіскен кезде бұл қаулы жазбаша бұрыштамамен ресімделеді, лауазымы, аты-жөні, мерзімі және қол туралы мәліметтерін көрсетумен салынады, анықтаушының шешімімен келіспеген жағдайда қылмыстық іс жүргізу заңнамаларымен белгіленген мерзімде негізделмеген шешімді қабыл алмау туралы прокурорға өтініш енгізеді;
қылмысты істі бір анықтаушыдан басқасына өткізуді дәлелдеген қаулымен ресімдейді, ол туралы тәулік ішінде қадағалаушы прокурорға мәлімдейді;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
196
,
285-баптарымен
белгіленген тергеу мен анықтаудың шектелген мерзімінде айыптау қорытындысы жасалып біткен қылмыстық істерге зерделеу жүргізеді, зерделеу жеке мерзімде жүргізілмейтіні ескеріледі.
Прокурорға қылмыстық істі жіберу туралы жолдама хатқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
280
,
287-баптары
тәртібімен қылмысты іздестіру органының басшысының қолы қойылады;
анықтаушылардың әрекеттерінің заңдылығы мен мерзімділігін және олардың қабылдаған іс жүргізу шешімін тұрақты бақылайды;
алғашқы есеп құжаттарын күнделікті тексеру жолымен қол астындағылардың есептеу-тіркеу тәртібінің жағдайы мен сақталуын жекелей бақылайды;
тергеу тексерісіне, анықтауға және адамды қамауға алғанға дейін белгіленген іс жүргізу мерзімінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етуге жекелей міндетті. Әрбір жағдайда оларды бұдан былай болдырмау шараларын қабылдай отырып, ұзартылуының себебін анықтайды;
бақылау жолымен азаматтардың заңсыз ұсталу фактілерін болдырмауды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
132-бабы
тәртібімен қылмыс жасады деген күдікті адамды іздестіру органының орталық аппарат қызметкерлерімен ұсталған кезде бұл туралы тез арада тергеу және анықтау саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асырушы прокурорға немесе соған теңестірілгендерге хабарлау керек;
анықтау жүргізу жөніндегі жұмыстың жағдайы мен нәтижесін зерделейді, оны жақсартудың шараларын қабылдайды, алдыңғы қатарлы іс тәжірибелерді жинақтап қорытады және ендіреді;
анықтауды жүргізу мәселелері бойынша қызметтік дайындық жүйесінде сабақтар ұйымдастырады, оларды өткізуге тәжірибелі қызметкерлерді, тергеушілерді, прокуроратура мен сот қызметкерлерін, мамандар мен ғалымдарды тартады;
анықтау органының жұмысын жоспарлайды, қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, қажет болған жағдайда анықтаушылардың кезекшілік кестесін жасайды, бұл құжаттарды бастықта бекітеді, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
анықтаушылардың қылмыстық іс жөніндегі анықтау жүргізу тәжірибесін жүйелі түрде жинақтап қорытады және талдау жасайды, сондай-ақ анықтау жүргізу мен ұйымдастырудың сапасын және тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады, басшыларға осы мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
анықтаушылардың басқа да қызмет және бөлімшелердің қызметкерлерімен өзара әрекеттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
қылмыс туралы түскен материалдарды, арыздарды, хабарларды қарайды және олар бойынша қол астындағы қызметкерлерге жазбаша тапсырмалар береді;
қажет болған кезде нақты тергеу әрекетін жүргізуге жекелей қатысады;
анықтау жүргізу мәселесі бойынша талдау және әдістемелік жұмысты қамтамасыз етеді және бақылайды, оның сапасын арттыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
анықтаушылардың еңбекті ғылыми ұйымдастыру, криминалистикалық техника мен озат істерді тәжірибеге ендіру жұмыстарын қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде анықтаушылардың әрекеттері мен шешімдеріне шағым мен арыздарды қарайды және шешеді, белгіленген тәртіппен оларды марапаттауға және тәртіптік жаза салуға, қызмет бойынша ауысуға ұсыныс енгізеді;
үлкен қоғамдық жаңғырығы бар, аса ауыр қылмыс бойынша болған орынды, сондай-ақ апат, қирау, авария мен көліктегі басқа да төтенше жағдайларды көруге прокурордың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында мұндай фактілер туралы оған жазбаша хабарлайды (Прокурордың қатысуы болған орынды қарау хаттамасында көрсетілуі керек)".
171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық іс жөніндегі орган бастығының нұсқауымен анықтаушының дербестігін, оның құқығын шектей алмайды. Нұсқау жазбаша түрде беріледі (нұсқау көшірмесі тәулік ішінде тергеу мен анықтау заңдылығына қадағалау жүргізуші прокурорға жіберіледі) және орындау үшін міндетті, бірақ прокурорға шағымдалуы мүмкін. Анықтаушының анықтаушы орган бастығының әрекетін прокурорға шағымдануы оларды орындауды тоқтатпайды. Қылмыстық істі тергеу жөніндегі нұсқауды анықтаушының басқа да өртке қарсы қызметтің лауазымды адамдарына беруіне болмайды".