Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 243 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3104. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 112 (V053609) қаулысымен.

      "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  қаулы етеді :
      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 30 қыркүйектегі N 1396  қаулысының  күші жойылды деп танылған күннен бастап осы қаулы қолданысқа енеді.
      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Зейнетақы қорларының қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.
      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасының     
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігі Басқармасының      
"Зейнетақы жарналарын тарту және 
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
жөніндегі қызметті лицензиялау 
ережесін бекіту туралы"    
2004 жылғы 21 тамыздағы     
N 243 қаулысымен бекітілген   

  Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін
 жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Осы Ереже зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны (бұдан әрі - лицензия) беру тәртібін белгілейді. 

      1.  Лицензия  алуға үміттенген заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш иесі) лицензияны алу үшін қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - лицензиар) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгіленген нысанда лицензияны беру туралы өтініш;
      2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      4) статистикалық карточканың көшірмесі;
      5) жарғының нотариат куәландырған көшірмесі, оған енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (ондайлар болса);
      6) акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен келісу рәсімін өту үшін басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттардың құжаттары;
      8) жинақтаушы зейнетақы қорының екі данада зейнетақы ережелері (ереженің бір данасы келісу туралы белгімен лицензия берілген кезде қайтарылады);
      9) жинақтаушы зейнетақы қорының есеп жүргізу саясаты;
      10) есеп жүргізілуінің және құжат айналымының қамтамасыз етілуіне бақылау жасау тәртібі жататын жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне ішкі бақылау жасау ережесі;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық құрылымы;
      12) үй-жайлардың, ұйымдастыру техникасының, телекоммуникациялық жабдықтың болуын растайтын құжаттар;
      13) салымшылардың және алушылардың дербес зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын уақтылы әрі сенімді есепке алу үшін жеткілікті болатын бағдарламалық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар.

      2. Осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың кері жағынан, тігілген парақ санын көрсете отырып, тігу түйініне желімделген жапсырманың үстінен өтініш иесінің мөрімен бекітілген күйде ұсынылады. Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің сенімділігі осындай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш иесінің лауазымды тұлғаларының қолымен және өтініш иесі мөрінің бедерімен расталады.

      3. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттарды лицензиар Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгіленген мерзімде қарайды.

      4. Лицензияны алу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш иесіне осы Ереженің қосымшасына сай нысанда лицензия беріледі.

      5. Лицензия өтініш иесінің атқарушы органының бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

      6. Лицензиар Қазақстан Республикасының  заң  актілерінде белгіленген негіздер бойынша лицензияны беруден бас тартады.

      7. Лицензиаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде солардың негізінде лицензия берілген 1-тармақтың 3)-5), 8)-11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды ұсынады.

      8. Лицензиар Қазақстан Республикасының  заң  актілерінде белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады әрі оны қайтарып алады.

      9. Лицензиардың лицензияны беруден бас тартуы туралы, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы және оны қайтарып алу туралы шешімдеріне Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      10. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Зейнетақы жарналарын тарту   
және зейнетақы төлемдерін    
жүзеге асыру жөніндегі қызметті
      лицензиялау ережесіне қосымша 

Қазақстан Республикасының
елтаңбасы

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы 
төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті
 жүзеге асыруға
Лицензия

Лицензияның нөмірі __    Лицензияның берілген күні "__"______200__ж

_________________________________________________________ берілді.
               (заңды тұлғаның толық атауы)

Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензия қолданылу мерзімі шектелместен берілді.
Лицензияны берген орган
__________________________________________________________________
             (уәкілетті органның толық атауы)

Уәкілетті органның
басшысы (басшының орынбасары)
__________________________________________________________________
  (басшының (басшы орынбасарының) аты-жөні және инициалдары

Мөр орны

Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады