Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық және меншiктi капиталдарының ең төменгі мөлшерлерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 257 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3105. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу мерзімін 3-тармақтан қараңыз ).
________________________________

      Сақтандыру рыногын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi белгiленсiн:
      1) 2005 жылғы 1 желтоқсаннан бастап:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды алу кезiнде - 210 (екi жүз он) миллион теңге;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды алу кезiнде - 450 (төрт жүз елу) миллион теңге;
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды және қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 230 (екi жүз отыз) миллион теңге;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды және қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 470 (төрт жүз жетпiс) миллион теңге;
      қызметтiң ерекше түрi ретiнде қайта сақтандыруды жүзеге асыра отырып қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 310 (үш жүз он) миллион теңге;
      2) 2006 жылғы 1 желтоқсаннан бастап:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды алу кезiнде - 310 (үш жүз он) миллион теңге;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды алу кезiнде - 550 (бec жүз елу) миллион теңге;
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды және қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 330 (үш жүз отыз) миллион теңге;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды және қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 570 (бес жүз жетпiс) миллион теңге;
      қызметтiң ерекше түрi ретiнде қайта сақтандыруды жүзеге асыра отырып қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 410 (төрт жүз он) миллион теңге;
      3) 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды алу кезiнде - 430 (төрт жүз отыз) миллион теңге;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды алу кезiнде - 670 (алты жүз жетпiс) миллион теңге;
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды және қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 450 (төрт жүз елу) миллион теңге;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензияларды және қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 690 (алты жүз тоқсан) миллион теңге;
      қызметтiң ерекше түрi ретiнде қайта сақтандыруды жүзеге асыра отырып қайта сақтандыру бойынша лицензияларды алу кезiнде - 530 (бec жүз отыз) миллион теңге.
      Жаңадан құрылатын сақтандыру ұйымы үшiн жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыруды жоспарлайтын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасына өсiрiлуi тиiс.
      2. 2005 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жұмыс iстейтiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн меншiктi капиталдың ең төменгi мөлшерi белгiленсiн:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар - 180 (жүз сексен) миллион теңге қосу шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасы, не 180 (жүз сексен) миллион теңге қосу өткен қаржы жылында (комиссиялық сыйақыдан басқа) есептелген қайта сақтандыруға, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне берiлген және қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын қоса отырып, сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасынан кемiнде 16% өндiру не 180 (жүз сексен) миллион теңге қосу осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерiндегi қайта сақтандырушының үлесiн қоса отырып, сақтандыру төлемдерiнiң жиынтық сомасынан кемiнде 23% өндiру, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар - 430 (төрт жүз отыз) миллион теңге қосу шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасы, не 430 (төрт жүз отыз) миллион теңге қосу қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң сомасынан кемiнде 4%, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты;
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар - 200 (екi жүз) миллион теңге қосу шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасы, не 200 (екi жүз) миллион теңге қосу өткен қаржы жылында (комиссиялық сыйақыдан басқа) есептелген қайта сақтандыруға, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне берiлген және қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын қоса отырып, сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасынан кемiнде  16% өндiру, не 200 (екi жүз) миллион теңге қосу осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерiндегi қайта сақтандырушының үлесiн қоса отырып, сақтандыру төлемдерiнiң жиынтық сомасынан кемiнде 23% өндiру, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар - 450 (төрт жүз елу) миллион теңге қосу шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасы, не 450 (төрт жүз елу) миллион теңге қосу қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң сомасынан кемiнде 4%, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты;
      қызметтiң ерекше түрi ретiнде қайта сақтандыруды жүзеге асыра отырып қайта сақтандыру бойынша лицензиясы - 280 (екi жүз сексен) миллион теңге, не 260 (екi жүз алпыс) миллион теңге қосу осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне берiлген және қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын қоса отырып, сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасынан кемiнде 16% өндiру және қосу "өмiрдi сақтандыру" саласындағы сақтандыру кластары бойынша қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң сомасының 4%, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты.
      3. 2006 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жұмыс iстейтiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн меншiктi капиталдың ең төменгi мөлшерi белгiленсiн:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар - 280 (екi жүз сексен) миллион теңге қосу шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасы, не 280 (екi жүз сексен) миллион теңге қосу өткен қаржы жылында (комиссиялық сыйақыдан басқа) есептелген қайта сақтандыруға, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне берiлген және қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын қоса отырып, сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасынан кемiнде 16% өндiру, не 280 (eкі жүз сексен) миллион теңге қосу осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерiндегi қайта сақтандырушының үлесiн қоса отырып, сақтандыру төлемдерiнiң жиынтық сомасынан кемiнде 23% өндiру, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты;
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар - 530 (бес жүз отыз) миллион теңге қосу шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасы, не 530 (бес жүз отыз) миллион теңге қосу қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң сомасынан кемiнде 4%, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты;
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар - 300 (үш жүз) миллион теңге қосу шеңберiнде сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру кластарына сәйкес, осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамалардың сомасы, не 300 (екі жүз) миллион теңге қосу өткен қаржы жылында (комиссиялық сыйақыдан басқа) есептелген қайта сақтандыруға, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне берiлген және қабылданған сақтандыру сыйлықақыларын қоса отырып, сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасынан кемiнде 16% өндiру, не 300 (екi жүз) миллион теңге қосу осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне өткен қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерiндегi қайта сақтандырушының үлесiн қоса отырып, сақтандыру төлемдерiнiң жиынтық сомасынан кемiнде 23% өндiру, - келтiрiлген шамалардың қайсысы неғұрлым көп болып табылатындығына байланысты;
      "өмiрдi сақтандыру" және қайта сақтандыру саласы бойынша 550 (бec жүз елу) миллион теңгеге осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шаманы қосқандағы сақтандыру класына сәйкес сақтандыру ұйымының өзiнiң сақтандыру қызметi аясында жүзеге асыратын лицензиясы болуы не 550 (бес жүз елу) миллион теңгеге келтiрiлiп отырған шамалардың қайсысы мейлiнше үлкендiгiне қатысты қалыптасқан сақтандыру резервтерi сомасының 4%-нен кем емес соманы қосу;
      қайта сақтандыруды айрықша қызмет түрi ретiнде жүзеге асырудағы 380 (үш жүз сексен) миллион теңгеге лицензиясы болуы не 360 (үш жүз алпыс) миллион теңгеге осының алдындағы қаржы жылы үшiн (комиссиялық сыйақыларды қоспағанда) есептелген, қайта сақтандыруға қабылданған және берiлген сақтандыру сыйлықақыларын қосқандағы сақтандыру сыйлықақыларының жиынтықты сомасының 16 %-нен кем емес соманы қосу, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне және келтiрiлiп отырған шамалардың қайсысы мейлiнше үлкендiгiне қатысты "өмiрдi сақтандыру" саласындағы сақтандыру класы бойынша қалыптасқан сақтандыру резервтерi сомасының 4 %-кен кем емес соманы қосу.
      4. 2007 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн меншiктi капиталдың ең төменгi мөлшерi мынадай болып белгiленсiн:
      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша 400 (төрт жүз) миллион теңгеге лицензиясы болуы - оған сақтандыру ұйымы өзiнiң сақтандыру қызметi аясында сақтандыру класына сәйкес осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шамадағы соманы қосу не 400 (төрт жүз) миллион теңгеге осының алдындағы қаржы жылы үшiн (комиссиялық сыйақыларды қоспағанда) есептелген, қайта сақтандыруға қабылданған және берiлген сақтандыру сыйлықақыларын қосқандағы сақтандыру сыйлықақыларының жиынтықты сомасының 16 %-нен кем емес соманы, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне не 400 (төрт жүз) миллион теңгеге осының алдындағы қаржы жылы үшiн есептелген сақтандыру төлемдерiндегi қайта сақтандырушының үлесiн қосқандағы келтiрiлiп отырған шамалардың қайсысы мейлiнше үлкендiгiне қатысты қалыптасқан осы қаулының 5-тармағына сәйкес сақтандыру төлемдерiнiң жиынтықты сомасының 23 %-нен кем емес соманы қосу.
      "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша 650 (алты жүз елу) миллион теңгеге осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шаманы қосқандағы сақтандыру ұйымының өзiнiң сақтандыру қызметi аясында сақтандыру класына сәйкес жүзеге асыратын лицензиясы болуы не 650 (алты жүз елу) миллион теңгеге келтiрiлiп отырған шамалардың қайсысы мейлiнше үлкендiгiне қатысты қалыптасқан сақтандыру резервтерi сомасының 4 %-нен кем емес соманы қосу;
      "жалпы сақтандыру" және қайта сақтандыру саласы бойынша 420 (төрт жүз жиырма) миллион теңгеге осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шаманы қосқандағы сақтандыру ұйымының өзiнiң сақтандыру қызметi аясында сақтандыру класына сәйкес жүзеге асыратын лицензиясы болуы не 420 (төрт жүз жиырма) миллион теңгеге осының алдындағы қаржы жылы үшiн (комиссиялық сыйақыларды қоспағанда) есептелген, қайта сақтандыруға қабылданған және берiлген сақтандыру сыйлықақыларын қосқандағы сақтандыру сыйлықақыларының жиынтықты сомасының 16 %-нен кем емес соманы қосу, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне не 420 (төрт жүз жиырма) миллион теңгеге осының алдындағы қаржы жылы үшiн есептелген сақтандыру төлемдерiндегi қайта сақтандырушының үлесiн қосқандағы келтiрiлiп отырған шамалардың қайсысы мейлiнше үлкендiгiне қатысты қалыптасқан осы қаулының 5-тармағына сәйкес келтiрiлген шамалардың мейлiнше үлкендiгiне қатысты сақтандыру төлемдерiнiң жиынтықты сомасының 23 %-нен кем емес сомасын қосу;
      "өмiрдi сақтандыру" және қайта сақтандыру саласы бойынша 670 (алты жүз жетпiс) миллион теңгеге осы қаулының 6-тармағында көрсетiлген шаманы қосқандағы сақтандыру ұйымының өзiнiң сақтандыру қызметi аясында сақтандыру класына сәйкес жүзеге асыратын лицензиясы болуы не 670 (алты жүз жетпiс) миллион теңгеге келтiрiлiп отырған шамалардың қайсысы мейлiнше үлкендiгiне қатысты қалыптасқан сақтандыру резервтерi сомасының 4 %-нен кем емес сомасын қосу;
      қайта сақтандыруды жүзеге асырудағы айрықша қызмет түрi ретiнде 500 (бec жүз) миллион теңгеге лицензиясы болуы не 480 (төрт жүз сексен) миллион теңгеге осының алдындағы қаржы жылы үшiн (комиссиялық сыйақыларды қоспағанда) есептелген, қайта сақтандыруға қабылданған және берiлген сақтандыру сыйлықақыларын қосқандағы сақтандыру сыйлықақыларының жиынтықты сомасының 16 %-нен кем емес соманы қосу, осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелген түзету коэффициентiне және келтiрiлiп отырған шамалардың қайсысы мейлiнше үлкендiгiне қатысты "өмiрдi сақтандыру" саласындағы сақтандыру класы бойынша қалыптасқан сақтандыру резервтерi сомасының 4 %-нен кем емес соманы қосу.
      5. Түзету коэффициентi осының алдындағы қаржы жылында есептелген сақтандыру төлемдерiнiң жиынтықты сомасына осының алдындағы қаржы жылы үшiн есептелген сақтандыру төлемдерiндегi қайта сақтандырушының үлесiн шегергендегі сақтандыру төлемдерінің жиынтықты сомасы қатысты деп есептеледi. Осы қатыстылық 0,5-тен кем болмауы тиiс. Егер түзету коэффициентiнiң есебi нәтижесiнде алынған шама 0,5-тен кем болса, онда есеп үшiн 0,5 алынады.
      Егер осының алдындағы қаржы жылында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемдерiн есептемеген болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншiктi капиталының мөлшерiн есептеу кезiнде түзету коэффициентi қолданылмайды.
      6. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру ұйымы үшiн жарғы капиталының және жұмыс iстеп отырған сақтандыру ұйымы үшiн меншiктi капиталдың ең төмен мөлшерi кластар бойынша мынадай шамаларды ескере отырып өсiруге жатқызылады:
      1) сақтандырудың ерiктi нысаны бойынша:
      өмiрдi сақтандыру үшiн - 15 (он бес) миллион теңге;
      аннуитеттi сақтандыру үшiн - 20 (жиырма) миллион теңге;
      жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      медициналық сақтандыру үшiн - 10 (он) миллион теңге;
      автомобиль көлiгiн сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      темiржол көлiгiн сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      әуе жолы көлiгiн сақтандыру үшiн - 10 (он) миллион теңге;
      су жолы көлiгiн сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      жүктi сақтандыру үшiн - 7 (жетi) миллион теңге;
      осы тармақшаның алтыншы-оныншы абзацтарында көрсетiлген       кластардан басқа мүлiктi сақтандыру үшiн - 10 (он) миллион теңге;
      кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру үшiн - 10 (он) миллион теңге;
      автомобиль көлiгiнiң жүргiзушiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      темiржол көлiгiнiң жүргiзушiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      әуе жолы көлiгiнiң жүргiзушiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру үшiн - 10 (он) миллион теңге;
      су жолы көлiгiнiң жүргiзушiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру үшiн - 5 (бес) миллион теңге;
      осы тармақшаның он үшiншi-он сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген кластардан басқа, келтiрiлген зиян үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру үшiн - 10 (он) миллион теңге;
      2) әр класс бойынша сақтандырудың мiндеттi нысаны бойынша - 10 (он) миллион теңге.
      7. Жұмыс iстеп отырған сақтандыру ұйымы осы қаулыда көзделген талаптарға сәйкес сақтандыру кластарын қосу есебiнен өсiп отырған меншiктi капиталдың ең төмен мөлшерi кезiнде тек мiндеттi және ерiктi нысандағы жаңа сақтандыру кластары қосылған кезде ғана лицензия алуға сұраныс бере алады.
      8. Осы қаулы 2005 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшiне енедi.
      9. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық және меншiктi капиталының ең төмен мөлшерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20-сәуiрдегi N 117  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 1513 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 21 мамыр - 3 маусымда жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1513 тiркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық және меншiктi капиталының ең төмен мөлшерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20-сәуiрдегi N 117 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2002 жылғы 13-қарашадағы N 452  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2096 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 16-31 желтоқсан аралықтарында N 26 жарияланған);
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1513 тiркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жарғылық және меншiктi капиталының ең төмен мөлшерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20-сәуiрдегi N 117 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 29-мамырдағы N 175  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2378 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 16-29 маусым аралықтарында N 13 жарияланған).
      10. Сақтандыру рыногының субъектiлерiн және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаментi (А.А. Каримуллин):
      1) Заң департаментiмен (М.Б. Байсынов) бiрлесiп осы қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      11. Агенттiк қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Р.Р. Несiпбаев) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнiнде шаралар көрсiн.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады