Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.09.16 N 579 бұйрығымен.
------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің келесі:
1) "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы мелиорация жұмыстары туралы ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 469;
2) ...
3) ... бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 8-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының су айдындарындағы мелиорация жұмыстары туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Балық шаруашылығы комитетi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Балық шаруашылығы комитетiнiң Төрағасы М.Х.Мұсатаевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
"Қазақстан Республикасының
су айдындарындағы мелиорация
жұмыстары туралы ереженi
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2004 жылғы 2 қыркүйектегі
N 469 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының су айдындарындағы
мелиоративтiк жұмыстар туралы ереже
Қазақстан Республикасының су айдындарындағы мелиоративтiк жұмыстар туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының
Су кодексiне
, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
(бұдан әрi - Заң, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ережесiне сәйкес әзiрлендi, және балық шаруашылығы мелиоративтiк жұмыстарын жүзеге асырудың, ұйымдастырудың, жоспарлаудың тәсiлдерiн және жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Балық шаруашылығы мелиорациясы су айдындарының балық өнiмдiлiгiн сақтау және көбейтуге, балық (оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген) және басқа да гидробионттардың өмiр сүру мен көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған кешендi iс-шаралардың құрамды бөлiгi болып саналады. Мелиорация нысаны болып балық шаруашылық маңызы бар немесе болуы мүмкiн су айдындары саналады.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2006 жылғы 27 маусымдағы N
418
(алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жерсiндiру жұмыстары - бұл бұрын онда болмаған немесе жойылып кеткен гидробионттарды бiр су айдынынан екiншiсiне жаңа жағдайға одан әрi бейiмделу және өзiндiк жеке түр шығаруды қалыптастыру үшiн ауыстыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу;
2) су айдындарын эвтрофикациялау және басы артық өсiмдiктерге қарсы биологиялық күрес - судың түстенуiне әкелетiн төменгi балдырлар мен өсiмдiктердi жою үшiн су айдынына өсiмдiк қоректi балықтар жiберу;
3) табиғи уылдырық шашу орнын қалпына келтiру - бұрын жоғалған уылдырық шашу орнын суландыруға мүмкiндiк туғызатын, олардың лайлануын болдырмау, қорытпа және басқа да тасталымдардан тазалау, уылдырық шашу кезеңiнде судың қалыпты теңдiгiн қамтамасыз ететiн техникалық шаралар кешенi;
4) балық жiберу - тауарлы салмаққа дейiн толығуы немесе жергiлiктi балық түрiнiң санын толықтыру мақсатында су айдынына балық жiберу. Жерсiндiруден айырмашылығы - балық жiберу үшiн осы су айдынын мекендейтiн, алайда өсуге қабiлеттi емес немесе нашар өсетiн балық түрлерi пайдаланылады;
5) балықтарды су жиылғы құрылымдарына және ирригациялық торларға түсуден қорғау - жас балық пен ересек балықтардың әр түрлi тұрпаттағы су жиылғылар мен ирригациялық жүйелерде өлiмiн болдырмау жөнiндегi жобалық және техникалық шаралар жүйесi. Жобалау сатысында су жиылғы үшiн қауiпсiздiгi артық жерге орнату; iске қосу сатысында - су жиылғыны балық қорғаудың тиiмдi құралдарымен жабдықтау жолы қарастырылады;
6) балықтардың уылдырық шашатын орынға өтуiн қамтамасыз ету - өтетiн және жартылай өтетiн аталық балықтардың өзендерге көтерiлуiн қамтамасыз ету жөнiндегi гидротехникалық және басқа да шаралар жүйесi (түптереңдету, өсiмдiктердi ору, деңгейлiк режимдi қолдау);
7) балықтың құнсыз түрлерiн аулау - балықтың құнсыз түрлерiн бағалы балық түрлерiмен ауыстыру жөнiндегi iс- шаралар кешенi;
8) балық аулайтын учаскелердi тазалау - қорытпаларды, су басқан ағаштар мен бұталарды, құрылыстық құрылғылар мен материалдарды, көлiктiк құралдарды алып тастау жолымен қауiпсiз және тиiмдi кәсiпшiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шаралар жүйесi;
9) балық қорлары мен басқа су жануарларын пайдаланушылар - заңнамада белгiленген тәртiппен балық қорлары мен басқа су жануарларын пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар (пайдаланушылар);
10) жазда суалып, қыста қатып қалуды болдырмау - су айдынының оттегi режимiн қолдайтын гидротехникалық және техникалық шаралар кешенi (су ағынын қамтамасыз ету, сумен қосымша қамту, аэрация);
11) ихтиофауналарды қайта құру - жерсiндiру, балық жiберу және басқа да шаралар жолдарымен жемдiк базаны және ихтиофоуналардың құрамын жартылай немесе толық ауыстыру жөнiндегi iс-шаралар кешенi. Негiзiнен, көлдi тауарлы шаруашылық ұйымдастыру үшiн қолданылады.
12) балықты бөлектенiп қалған су айдынынан және ирригациялық жүйеден сақтау - бөлектенiп қалған су айдындарында және ирригациялық торапта аулау және тұрақты су айдынына алып бару немесе оларды арналармен қосу жолымен балықтың өлiмiне жол бермеу жөнiндегi гидротехникалық және басқа да шаралар кешенi;
13) су айдындарын сумен қамтамасыз етудi жақсарту гидробионттарды қолдау және өмiр сүру жағдайы мен көбеюiн жақсарту жөнiндегi гидротехникалық және басқа да шаралар кешенi (судың химиялық құрамы, ағымдылығы, деңгейлiк режимi және басқалар);
14) артық өсiмдiктердi жою - артық өсiмдiктердi механикалық жолмен жою (ору, тамыр жүйесiн жарақаттау, балдыр өсiп кеткен учаскелердi қысқа мерзiмдi кептiру);
15) уылдырық шашу орнын қолдан жасау - уылдырық шашатын орынды табиғи және синтетикалық материалдардан жасап орнату, литофильдiк балықтар үшiн өзендiк құмды тастар себу жолымен көбеюге қолайсыз су айдындарында табиғи өсiмдi қолдау жөнiндегi шаралар;
16) уәкiлеттi орган - балық қорлары мен басқа су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2. Балық шаруашылығы мелиорациясы пайдалану құралдарына байланысты биологиялық және техникалық болып бөлiнедi. Шығыны мен әсер ету ұзақтығы бойынша балық шаруашылығы мелиорациясы ағымдағы және күрделi болуы мүмкiн.
Күрделi мелиорация - күрделi шығындары жоғары болғанда (жерсiндiру, балық жiберу, өзендердi тереңдету) ұзақ мерзiмге оң әсер етудi қамтамасыз ететiн техникалық және биологиялық iс-шаралар кешенi немесе оның жеке түрлерi. Күрделi мелиорация өткiзу гидробионттардың түрлiк құрамы мен өмiр сүру ортасының едәуiр өзгеруiне әкеп соғады.
Ағымдағы мелиорация - күрделi шығындарды қажет етпейтiн (жас балықты құтқару, қатып қалудың алдын aлу) қысқа мерзiмде оң нәтижеге қол жеткiзетiн техникалық және биологиялық шұғыл сипаттағы iс-шаралар кешенi. Ағымдағы мелиорация кезiнде гидробионттардың түрлiк құрамы мен өмiр сүру ортасында елеулi өзгерiстер болмайды.
Биологиялық мелиорация - биологиялық iс-шаралар көмегiмен мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн шаралар кешенi.
Техникалық мелиорация - балықтардың өмiр сүру және көбею жағдайларын және аулау тәсiлдерiн жақсартуды қамтамасыз ететiн техникалық шаралар кешенi.
3. Биологиялық мелиорация мынадай негiзгi iс-шараларды қамтиды: жерсiндiру жұмыстары және балық жiберу, ихтиофауналар мен балықтың жемдiк базасын қайта құру, құны төмен балық түрлерiн мелиоративтiк аулау, биологиялық объектiлер көмегімен басы артық өсiмдiктердi жою, мүмкін болатын салмақтық өлім-жітім салдарынан ветеринариялық-санитариялық жағдайдың нашарлауын болдырмау мақсатында қолайсыз ортаға түскен балықтарды және басқа да су жануарларын аулау.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2006 жылғы 27 маусымдағы N
418
(алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Техникалық мелиорация мынадай негiзгi iс-шараларды қамтиды: сумен қамтамасыз ету мен гидробиоттардың өмiр сүру жағдайын жақсарту, басы артық өсiмдiктердi ору, жазда суалу мен қыста қатудың алдын алу, табиғи уылдырық шашу орнын қалпына келтiру мен жасандысын орнату, бөлектенiп қалған суаттардан балықтарды құтқару, балықтардың уылдырық шашатын жерiне өтуiн қамтамасыз ететiн түптереңдету және басқа жұмыстар, балықты су жиналғыға түсуден қорғау, тиiмдi кәсiпшiлiк үшiн балық аулайтын участкелердi тазалау.
3. Балық шаруашылығы мелиорациясы жөнiндегi
жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау және
жүргiзудiң тәртiбi
5. Балық шаруашылығы мелиорациясы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау және жүргiзу осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мелиорациялық жұмыс жүргiзуге уәкiлеттi орган, билiктiң республикалық және жергiлiктi атқарушы органдары, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, балық аулаушы кәсiпорындар, жеке тұлғалар бастамашы бола алады.
7. Күрделi мелиорация өзектi мәселелердi талдауды, ұсынылған iс-шаралардың биологиялық негiздемесiн қамтыған, оны орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi жобалық шешiм, шығындар көлемi, осы жобаның экологиялық, әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан маңызды екендiгiн дәлелдейтiн биологиялық және техникалық-экономикалық негiздемелер негiзiнде өткiзiледi.
8. Ағымдағы мелиорация балық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдар, уәкiлеттi орган жүргiзген сараптама бағаларының негiзiнде өткiзiледi.
9. Биологиялық және техника-экономикалық негіздемелер уәкiлеттi органның және басқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша ғылыми, жобалау және басқа да ұйымдар дайындайды.
10. Балық шаруашылығы мелиорациясы жөнiндегi бастамашыл жобалар уәкiлеттi органға жолданады және мыналар болуы керек: өтiнiш, қаржыландыру көздерi мен шығындар көлемi көрсетiлген биологиялық және техникалық-экономикалық негiздеме.
11. Гидробионттарды жерсiндiрудi өткiзуге биологиялық негiздемелер дайындау Заңға сәйкес жүргізiледi.
12. Балық шаруашылығы мелиорациясын өткiзуге биологиялық негiздемелер балық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың Ғылыми Кеңестерiмен келiсiледi және мемлекеттiк экологиялық сараптамаға қарауға жiберiледi. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң шешiмiмен техникалық-экономикалық негiздеме әзiрленедi.
13. Күрделi мелиорацияны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамаларына сәйкес басқа да қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
14. Ағымдағы мелиорацияны қаржыландыру пайдаланушылар, жергiлiктi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
15. Күрделi балық шаруашылығы мелиорациясы жөнiндегi жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Мелиорациялық жұмыстар жүргiзiлуiн бақылау
16. Мелиорациялық жұмыс жүргiзуге бақылау жасауды уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
17. Қолдаушы өндiрiстiк мониторинг және қоршаған ортаға әсердi бағалау күрделi мелиорациялық жұмыс өткiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
18. Қолдаушы өндiрiстiк мониторингтiң мақсаты гидробионттарға өткiзiлетiн жұмыстардың әсер етуiн бағалау, биологиялық нысандармен жұмыс iстеу кезiнде технологиялық нормаларды сақтау, жүргiзiлген жұмыстардың тиiмдiлiгiн бағалайтын мәлiметтер жинау болып табылады.
19. Мелиорациялық жұмыстың барлық түрi аяқталғаннан кейiн оның орындалу сапасы, көлемi мен құны көрсетiлген өткiзу-қабылдау актiсiмен ресiмделедi. Құрамында мүдделi мемлекеттiк органдар мен пайдаланушылардың өкiлдерi бар орындалған жұмысты қабылдау комиссиясы уәкiлеттi органның бұйрығымен тағайындалады.