"Қазақстан Республикасының су айдындарындағы мелиорация жұмыстары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 469 бұйрығына толықтырулар мен өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 418 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4289. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 579 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.09.16 N 579 бұйрығымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің келесі:
      1) ...
      2) ...
      3) "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы мелиорация жұмыстары туралы ережені бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 469 бұйрығына толықтырулар мен өзгерту енгізу туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы N 418 бұйрықтарының күші жойылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Күрішбаев

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережесінің 10 тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 469 "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы мелиорация жұмыстары туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3110 тіркелген, 2005 жылғы N1, 2-б. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" ресми баспасөз басылымында жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерту енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының су айдындарындағы мелиорация жұмыстары туралы ережесінде:
      преамбулада:
      "(бұдан әрi - Заң)" деген сөздерден кейін ", "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "2003 жылғы 18 шiлдедегi N 714" деген сөздер "2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармағында "өсімдіктерді жою" деген сөздерінен кейін, мынадай сөздермен толықтырылсын: ", мүмкін болатын салмақтық өлім-жітім салдарынан ветеринариялық-санитариялық жағдайдың нашарлауын болдырмау мақсатында қолайсыз ортаға түскен балықтарды және басқа да су жануарларын аулау".

      2. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады