Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.04.23 N 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде N 2043 тiркелген, "Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы N 192 бұйрығына (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Аталған бұйрықпен бекiтiлген Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ережеде:
2-тармақтың 1) тармақшасында "уәкiлеттi органның мерзiмдi ресми басылымы" деген сөздер "интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми басылым" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасында "азаматтар" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
37-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"уәкiлеттi орган топологияның құқық иесi болып табылмайтын авторына оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.".
2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету жөнiндегi басқарма осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының орынбасары А.Х.Әмiрғалиевқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға мiндетiн атқарушы