Iрi қараның гиподерматозы, балықтың лигулез және дифиллоботриозының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3133. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған бекiтiлсiн:
      1) iрi қараның гиподерматозының алдын алу және жою туралы ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы Ереже;
      2) балықтың лигулезiнiң алдын алу және жою туралы ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы Ереже;
      3) балықтың дифиллиоботриозының алдын алу және жою туралы ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы Ереже.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқармалары Ветеринария департаментiмен бiрлесе отырып заңнамада бекiтiлген тәртiп бойынша осы бұйрықтан туындайтын керектi шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы        
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң    
2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 495   
"Iрi қараның гиподерматозы, балықтың 
лигулез және дифиллоботриозының   
алдын алу және жою бойынша      
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге  
асыру жөніндегі ережелерін бекіту  
туралы" бұйрығымен бекiтiлдi    

  Iрi қара гиподерматозының алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже

      Осы "Ipi қара гиподерматозының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы Ереже" (одан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларды мiндеттi түрде ұйымдастыруының және орындалуының тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ереже

      1. Гиподерматоз (Hypodermatosis) - оқалақ балаңқұрттар тудыратын, жалпы организмнiң улануы және жануарлар қондылығының төмендеп паразит орналасқан жерлердiң қабынып өзгеруiмен сипатталатын жануарлардың созылмалы ауруы.
      Негiзiнен iрi қара мал (оның iшiнде қодас, өркештi бұқалар, буйволдар) ауырады, жылқылар сирек ауырады.
      Iрi қара малында Hypoderma bovis - жай терi асты бөгелегiнiң балаңқұрттары және H. Lineatum - оңтүстiк терi асты бөгелегi (өңештiк) паразиттi өмiр сүредi.

      2. Жануарлар организмiнде оқалақ балаңқұрттарының тоғышарлық етуiмен шақырылатын ауру. Жыныстық толық жетiлген жәндiктер араларға ұқсас. Денесi қалың сары, сарғыш немесе қара түктi.

      3. Жануарларға жайылымдардан жұғады.

      4. Ауруға диагноз - жота, белдеме, құймышақ тұстарында бұлтақтардың пайда болуына байланысты қойылады.

  2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда
жүргiзiлетiн алдын алу шаралары

      5. Гиподерматоздың алдын алу және жою мақсатында ауру қоздырушысының биологиясын, эпизоотиялық ерекшелiктерiн, жергiлiктi табиғи климат жағдайын және шаруашылықты жүргiзу технологиясын ескере отырып шаруашылық ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық және емдеу алдын алудың кешендi шараларын жүргiзедi.

      6. Шаруашылық ұйымдастыру шараларына кiретiндерi: жануарларды жем шөппен қамтамасыз ету, азықтандыру, суару және ұстау орындары зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек.

      7. Ветеринариялық-санитариялық шараларға кiретiндерi: қоралардан, жайылу алаңдарынан қиларды уақытылы тазалау, қораларды, жазғы загондарды, қоршауларды шаруашылық жүргiзу технологиясын ескере отырып дезинфекциялау.

      8. Жайылымдарға оқалақ балаңқұрттарымен зақымданған малдар, сондай-ақ шаруашылыққа жаңа түскен малдар инсектицедтермен алдын ала дәрiленбей жiберiлмейдi.

      9. Оқалақ ұшу кезеңiнде малдарды қораларда, лапас астында ұстайды, таңертең оқалақ ұшқанға дейiн, кешке олардың ұшу кезеңi аяқталған мерзiмде жаяды.

  3. Гиподерматоздан таза емес пункттер және
эпизоотиялық ошақтарда жүргiзiлетiн шаралар

      10. Гиподерматозбен күресудiң кешендi iс-шараларындағы негiзгi әдiсi болып, мал денесiндегi бөгелек балаңқұрттарының бiрiншi сатысын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ветеринариялық Реестрiнде тiркелген препараттарды қолдану арқылы жою болып табылады. Осы мақсатта жануарларды күзде бөгелектердiң ұшуы тоқтаған кезде домдайды. Гиподерматоздан таза емес аймақтарда барлық жануарлар химиотерапиядан өтедi.
      Iрi қара малдарын зерттеу және балаңқұрттардың 1-2 сатысына қарсы химиотерапия жүргiзудi республиканың оңтүстiк аймағында ақпан-наурыз айларында, орталық және солтүстiк бөлiктерде сәуiр-мамыр айларында жүргiзедi.

      11. Осы Ережеде көрсетiлген шаралардың жүргiзiлуiн әкiмшiлiк аймақтың бас мемлекеттiк инспекторлары бақылайды.

Қазақстан Республикасы        
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң    
2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 495   
"Iрi қараның гиподерматозы, балықтың 
лигулез және дифиллоботриозының   
алдын алу және жою бойынша      
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге  
асыру жөніндегі ережелерін бекіту  
туралы" бұйрығымен бекiтiлдi    

  Балық лигулезiнiң алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже

      Осы "Балық лигулезiнiң алдын алу және жою бойынша ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы Ереже" (одан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларды мiндеттi түрде ұйымдастыруының және орындалуының тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ереже

      1. Осы ережеде келесiдей түсiнiктемелер қолданылады:
      1) аралық ие бұл иеде паразит личинка сатысында жүрiп метаморфоздан өтiп, жыныссыз жолмен көбейедi;
      2) дефинитивтi хозяин, оларда паразит жыныстық қатынасқа жетiлiп, жыныстық жолмен көбейедi.

      2. Лигулез (Ligulosis) - ауруға табиғи суларда табандар, плотвалар, густера және бақса тұқы балықтар бейiм. Тоғандарда ауруға ақ амур, ала доңмаңдай бейiм. Тоғандарда басқа балық түрлерiнде ремнецтер (белдiк құрттар) сирек кездеседi.

      3. Лигулез және диграммоздың қоздырушысы Ligulidae туыстығына жататын плероцеркоид балықтардың денесiнде паразиттi (тоғышарлы) өмiр сүредi.
      Белдiк құрттар - iрi цестодтар, ұзындығы 2-3 метрге жетедi. Паразит денесiнiң алдыңғы және арт жақтары жiңiшкерек болып келедi, алдыңғы жағында 2 кiшiрек тесiк тәрiздес шұңқыр болады. Liqula туыстығына жататындарында бауырында ұзағынан бiр сызық созылып жатады. Diqramma туыстығында екеу.
      Белдiк құрттардың көбеюi аралық иелер бiрiншiсi - циклоптар немесе диаптомустар, екiншiсi - балықтардың қатысуымен болады. Ақырғы иесi балық жейтiн құстар шағалалар, қара қарғалар, ақ сұр үйректер болып табылады.
      Лигулездiң энзоотия кезеңi табан, плотва, густера, мөңке, алабұға, қара балықтарда және ақпайтын, қызып тұратын, қалың шөптi су қоймаларында кездеседi. Балық денесiне орналасқан плероцеркоидтар өсiп ұзындығы 1 метр және одан да жоғарыға жетедi. Паразиттер iшкi органдарды қысып олардың қалыпты қызметiн өзгертедi.

      4. Диагноз клиникалық белгiлер және паразитологиялық зерттеу арқылы балық денесiнен белдiк құрттарды табу арқылы қойылады.

  2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда
жүргiзiлетiн алдын алу шаралары

      5. Лигулез бен диграммоздың алдын алу шаралары балық аулайтын шаруашылық субъектiлер аумағынан балық жейтiн құстарды үркiтiп отыру болып табылады. Балық жейтiн құстар көбею кезеңiнде оларды ұя салып жиналмас үшiн тоғандарда қатты және жартылай қатты шөптердi шауып отырады.

      6. Кәсiпшiлiк балық өндiрiсiнде сазандар, судактар, негiзiнен плерецеркоидқа бейiм емес балықтар өсiрiледi.

  3. Лигулезден таза емес эпизоотиялық ошақтарда
және таза емес пункттерде жүргiзiлетiн шаралар

      7. Ауру балықтарды жиналған орталардан аулау. Лигулезбен ұсақ тұқы балықтар зақымданғанда судак санын көбейтедi. Лигулездан таза емес орындарда жаңадан су қоймаларын жасаған кезде, осы ауруға аса бейiм емес немесе мүлде бейiм емес балық тұқымдарын лосостарды жiбередi.

      8. Лигулез табылған кезде сатуға iшкi құрылысы алынып жiберiледi. Iшкi органдары гельминттермен бiрге утилге жiберiледi.

      9. Осы Ережеде көрсетiлген шаралардың жүргiзiлуiн әкiмшiлiк аймақтың бас мемлекеттiк инспекторлары бақылайды.

Қазақстан Республикасы        
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң    
2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 495   
"Iрi қараның гиподерматозы, балықтың 
лигулез және дифиллоботриозының   
алдын алу және жою бойынша      
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге  
асыру жөніндегі ережелерін бекіту  
туралы" бұйрығымен бекiтiлдi    

  Балықтың дифиллоботриозының алдын-алу және жою
бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру
ережесi

      Осы Балықтық дифилоботриоз ауруының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру ережесi (кейiн - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға мiндеттi ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы мәлiметтер

      1. Дифиллоботриоз - ас қорыту жүйесiнiң зақымдалуымен сипатталатын, жалпақ құрттармен шақырылатын ет қоректi жануарлар мен адамдардың ауруы.

      2. Инвазияның таралуында балық өнеркәсiптерiнiң және балық шаруашылықтарының жанындағы тоғандарда зақымдалған иттердiң болуы үлкен роль атқарады, сондай-ақ су көлiктерiнен тазартылмаған ағынды суды төгу және қазылған орлардан, дәретханалардан судың шығуы нәтижесiнде адамдар мен малдардың нәжiстерiмен ластанған тоғандар аурудың таралуына қолдау болады. Негiзiнен тамаққа шикi, сәл қуырылған, балауса мұздатылған (жонылған), аз тұздалған және кептiрiлген балықтарды, сондай-ақ шикi немесе аз тұздалған шортанның уылдырығын жейтiн тұлғалар көбiнесе ауырады. Зақымдану жиi мерзiмдiк сипатта болады және көктемдiк су тасымға бейiмделген. Инкубациялық кезеңi 3-тен 6 аптаға дейiн созылады.
      Толық термикалық өңделмеген инвазияланған балықты (шортан, нәлiм, таутан, алабұға, тағы да басқа) жеу арқылы адам зақымданады.

      3. Тiрi кезiнде диагноз кешендiк әдiспен эпизоотологиялық мәлiметтердi, клиникалық белгiлердi ескерумен, нәжiсте құрттың буылтықтарын табумен және копроовоскопия арқылы қойылады. Ең дұрыс диагноз өлгеннен кейiн паразиттердi табу әдiсiмен қойылады. Дифиллоботриялардың балаң құрттарымен зақымдануын толық гельминтологиялық сойып-зерттеу әдiсiмен анықтайды.

  2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда
жүргiзiлетiн алдын-алу шаралары

      4. Жануарлардың дифиллоботриозбен зақымдануының алдын алу мақсатында қажет:
      1) тоғандарды нәжiспен ластанудан қорғау;
      2) қызмет көрсететiн адамдарға гельминтологиялық тексеру жүргiзу;
      3) санитариялық қызметпен бiрiгiп табиғи тоғандар мен су қоймаларындағы балықтарды тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
      4) күзет иттерiне мерзiмдi дегельминтизация жүргiзу.

      5. Шикi балықтарды және оның қалдықтарын тоғандарға, қоқсық тастайтын арнайы орындарға тастауға, ет қоректi және барлық қоректi жануарларға азыққа беруге тиым салынады.

      6. Дифиллоботриялардың балаң құрттарымен зақымдалуына келесi балықтар тексерiледi: шортан, нәлiм, таутан, пеляд, ақсаха, хариус, көкшұбар, талма, алабұға, бахтах, ақ балық, кета, кумжа, таймен, албырт тұқымдасының кейбiр түрлерi және су шаяндары-циклоптар мен диаптомустарды жейтiн балықтың басқа да түрлерi.

  3. Дифиллоботриоздан таза емес
ошақтарда жүргiзiлетiн шаралар

      7. Тоғандарда дифиллоботриялардың балаң құрттарымен зақымдалған балықтар табылған жағдайда барлық балық зақымдалу дәрежесiне қарамастан шартты жарамды деп саналып, сәйкес өңделуден кейiн ғана тамаққа қолдануға жiберiледi.

      8. Дифиллоботриоздан таза емес шаруашылық субъектiлерiнде балықтар мен балық өнiмдерiн алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптаусыз және залалсыздандырылмаған күйiнде терiсi бағалы аңдар мен иттерге азыққа беруге болмайды.

      9. Аурудан таза емес тоғандардан ауланатын, құрттардың плероцеркоидтарымен зақымдалуына бейiм балықтардың барлық түрi мiндеттi түрде ихтиопатологиялық зертханалық-диагностикалық зерттелу қажет.

      10. Балықтарды өңдеген кезде алынатын қалдықтар қайта өңделуге азықтық балық ұнын жасау үшiн жiберiледi, ал майлы-ұнды қондырғылар болмаған жағдайда қазанда 30 минут қайнатылады.

      11. Балық аулаған жерлерде шартты жарамды балықтарды өңдеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда оны аудан, облыс шегiнде ең жақын өңдеу орнына дейiн тасымалдауға болады.

      12. Шартты жарамды балықты оның түрiне байланысты тұздау, мұздату, қайнату, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервiлеу арқылы сәйкес өңделгеннен кейiн тамаққа пайдалануға болады.

      13. Жалпақ құрттың плероцеркоидтарымен қатты зақымдалған балық техникалық утильдеуге жiберiлдi.

      14. Аурудан таза емес тоғандары бар аумақтарда санитариялық-насихаттық жұмыстар жүргiзу қажет.

      15. Осы Ережемен қарастырылған шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады