Балықтардың кейбір инвазиялық және инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 525 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3166. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшалар бекітілсін:
      1) тұқы балықтарының аэромонозын алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ереже;
      2) описторхоздың алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ереже.
      2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада анықталған тәртіп бойынша, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жүргізу, Ветеринария департаментінің директоры А.Ә.Қожамұратовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің  
29 қыркүйектегі 2004 жылғы   
"Балықтардың кейбір инфекциялық 
ауруларын алдын-алу және жою  
жөніндегі ветеринариялық    
ережелерін бекіту туралы"   
N 525 бұйрығымен бекітілген  

  Тұқы балықтары аэромонозының алдын-алу және жою
жөніндегі ветеринариялық ережесі

      Осы Тұқы балықтары аэромонозының алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Аэромоноз (геморрагиялық септицемия, шемен, қызамық) - балықтың терісі мен ішкі мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршақтарының сыдырылып, құрсақ қуысына сұйықтар жиналып, кейде денесінде ойық жарақаттар пайда болуымен сипатталатын ауру.
      Аурудың қоздырушысы Aeromonas, оның ішінде Vibrionaceае тұқымына жататын бактерия - ол қысқаша, соңы жұмырлау келген спор мен қауашақ түзбейтін, грамтеріс қозғалмалы таяқша.

      2. Тұқы балық, сазан және бір жастан бастап аталықтарына дейін олардың будандары ауруға шалдыққыш келеді. Ауру балықтар, олардан бөлінетін өнімдер және өлекселер, сондай-ақ микроб тасушы балықтар індет қоздырғышының көзі болып табылады. Су айдындарына індет қоздырғышы сумен, ауру балықпен, суда жүзетін және балықпен қоректенетін құстар арқылы, сонымен қатар балық аулайтын құрал-саймандар, жабдықтар және ыдыстармен беріледі. Балық ауруды зақымданған тері мен желбезек арқылы, сонымен қатар алиментарлық (ауыз арқылы) жолмен жұқтырады. Көктем-жаз мезгілдерінде індет көбірек таралып, күзге қарай ол басылып және ауру созылмалы ағын түрін қабылдайды.

      3. Инкубациялық кезең 2-30 күн, ол жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді. Жіті барысының ең бастысы екі, үш жастағы тұқыларының барлық тері қабатының немесе жекелеген аймақтарының геморрагиялық қабынуымен, ішпердесінің өсуімен, жалпы сулануымен, көзі шарасынан шығып және қабағының түксеюімен сипатталынады. Ауырған балықтар 2-4 жетінің ішінде өліп қалады. Ал жітілеу барысында ауырған балықтарда бір мезгілде іш шемені, сулану, қабақтың түксеюі, көздің шарасынан шығуы мен ойық жараның әртүрлі көлемде және кескінде білінуі байқалады. Жітілеу ауру түрі 1,5-3 айға созылады. Созылмалы барысы балықтың терісі мен жүзу жарғағында ашық ойық жара, сонымен қатар жазылған ойық жараның орнына пайда болған көкшіл түстес жалғасқан тыртық пен қатпаршақ болуымен білінеді. Ауру 1,5-2,5 айға созылып, балықтар жазылып шығады.

      4. Ауруды эпизоотологиялық, клиникалық және бактериологиялық зерттеулеріне сүйене отыра анықтайды (өсін қоздырғышының уытты бөлінуін, оның серологиялық иелігін айқындау үшін сау тұқылар мен ақ тышқандарға биопроба жасау).

  2. Тұқы балықтарының аэромонозын алдын-алу
шаралары

      5. Балықтардың аэромонозын алдын-алуға қажетті шаралар:
      1) шаруашылыққа балықтарды, тек жұқпалы аурулардан таза су айдындарынан тасымалдап әкелу;
      2) тұқымдық балықтарды (осы жылғы, бір жылдық, екі жылдық) жергілікті балықтардан арнайы жеке бөлінген тоғандарға орналастыру;
      3) аулау және көшіріп отырғызу кезінде балықтардың жарақат алуына жол бермеу;
      4) тоғандарда қатты өсімдіктердің көп өсуіне тосқауыл қою;
      5) балық организмдерінің төзімділігін арттыруға бағытталған кешендік шараларды (толыққұнарлы азықтандыру, бір қалыпты зоогигиеналық жағдай жасау) жүргізу;
      6) ихтиопатологиялық зерттеуді вегатациялық кезеңінің аулау уақытында, ал ұдайы түрде тоқсан сайын бір рет жүргізіп отыру.

  3. Қолайсыз бекеттердегі ауруды жою шаралары

      6. Қолайсыз балық өсіретін шаруашылықтарда және табиғи балық шаруашылық су айдындарында тұқы аэромонозы пайда болған жағдайда карантин қойылады. Карантиннің шарты бойынша қолайсыз шаруашылықтарда мынандай тиым салынады:
      1) табиғи балық шаруашылық су айдындарына және шаруашылықтың басқа тоғандарына балықтарды ауыстырып салуға;
      2) аэромонозға бейімді балықтарды әр түріне және жасына қарай араластырып салуға.

      7. Карантиндегі су айдындарынан тасуға, сонымен қатар оларға балықтар мен гидробионттарды әкелуге, кейбір жағдайда ветеринариялық органдардың рұқсатымен карантиндегі шаруашылықтың қолайсыз тоғандарына байланысы болмаған шаруашылықтың қолайлы тоғандарынан балықтарды, егерде олар кейіннен карантинде міндетті түрде жыл бойы ұсталса, басқа шаруашылыққа және су айдындарына тасуға болады.

      8. Тірі тауарлы балықтарды тірі балық сақтайтын арнаулы орынға ұстамай, тек тікелей сауда орындарына тасуға рұқсат беріледі. Қолайсыз шаруашылықтардағы балықтарды тасуға пайдаланылған суларды хлорлаудан өткізгеннен кейін барып, соңынан жалпы өзектік арнаға төгіп тастайды, ал ауылдық жерлерде далаға су айдынынан 500 метрден кем емес қашықтық аралығында төгіп, ыдысты тиісті өңдеуден өткізеді.

      9. Балық өсіретін шаруашылықтарда және балық шаруашылықтарының су айдындарында сауықтыру шарасын суды ағызып жіберу арқылы немесе кешендік тәсілдерді қолдану жолымен іске асырады.

      10. Құйылма тоғаны бар шағын толық жүйелі балық шаруашылықтар, балық питомниктер немесе жекелеген тоғандарды бір жыл ішінде суларын ағызып жіберіп, бір мезгілде барлық ветеринариялық-санитариялық және балық өсіру-мелиоративтік іс шаралар жүргізілуге жатқызылады. Сонымен:
      1) күзде тоғандарды ағызып жібереді, барлық тауарлы балықтар, аталық және жетілген жас балықтар сауда жүйесі арқылы өткізіледі, тұқымдық балықтар (шабақтар) мал азығына жіберіледі;
      2) келесі жылдың қыс, көктем және жаз айлары іштерінде тоған арнасын, балық жинайтын орларды және су құрылыстарын қайнатылмаған ізбес (25-30 центнер/гектарына) немесе хлорлы (3-5 центнер/гектарына) ізбеспен зарарсыздандырады;
      3) көктемге қарай зарарсыздандырған тоғандарға су құйып, оларға сау тұқымдық балықтарды жұқпалы аурудан қолайлы шаруашылықтардан әкеліп, балықтандырады.

      11. Суды тек тасымалдап жеткізетін ірі толық жүйелі балық өсіретін шаруашылықтарда, суы ағызылмайтын немесе толық ағып кетпейтін тоғандарда, сонымен қатар жабық табиғи су айдындарында кешенді әдіспен сауықтандыру жүргізілінеді. Әдістің құрамына енетіндері: ауру қоздырғышының көздерін анықтау, жою шаралары бойынша қоздырғыштардың таралу жолдарын үзу, балықтардың табиғи төзімділігін арттыру, аурудың таралуына тосқауыл қою және оларды бағып ұстауға бір қалыпты жағдай туғызу.

      12. Судың қышқылдығын және оларда жиналып қалған органикалық қалдықтарды бейтараптау мақсатында, судың рН деңгейін 8,5 дейін көтерілуіне қол жеткізе отырып, семірту, өсіру және аналық тоғандарына су көлемінің 150-300 килограмм/гектарының мөлшерінде сөндірілген әкті немесе әктің сүтті сұйығын енгізуді ұсынады.

      13. Қолайсыз балық өсіруші шаруашылықтарында аэромонозбен ауырып жазылған және осы көрсетілген ауруға едәуір төзімділігі бар балықтардан, аталық өндіргіш балықтар мен жас балықтардың топтары жасақталады.

      14. Аэромоноздың созылмалы ауруынан қолайсыз шаруашылықтарда, табиғи су айдындары мен су қоймаларында балықтардың ауруларына шалдықпайтын немесе едәуір төзімді балықтарды: өсімдік улы (ақ амур және дөңмаңдай), шортан, өзектік жайын және басқа түрлері өсіріліп, көбейтіледі.

      15. Емдеу мақсатында Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектік препараттар қолданылады.

      16. Балық өсіруші шаруашылықтан балық аэромонозына қойылған карантинді, балықтардың ауруының соңғы тіркелгенінен бір жыл өткеннен кейін және өндірістік тоғандардан алынған биологиялық сынамалардың жақсы нәтижелері және жүргізілген ветеринариялық-санитариялық шаралар кешені өткізілгеннен кейін алады.

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің  
29 қыркүйектегі 2004 жылғы   
"Балықтардың кейбір инфекциялық 
ауруларын алдын алу және жою  
жөніндегі ветеринариялық    
ережелерін бекіту туралы"   
N 525 бұйрығымен бекітілген  

  Описторхозды алдын-алу және жою жөніндегі
ветеринариялық ережесі

      Осы описторхозды алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Описторхоз - Opisthorchidae тұқымдас Opisthorchis felineus трематодасының адам және етқоректі жануарларда (иттердің, мысықтардың, түлкілердің, ақ түлкілердің, шошқалардың) қоздыратын ауруы. Жыныстығы жетілген описторхтар бауырдағы өт жолында, өт қабында және ұйқы безінде паразиттік тіршілік етіп, бауырдың қатты зақымдануын тудырады. Метацеркарийлар - балаң құрт кезеңі тұқы балықтарының бұлшық еттерінде тіршілік етеді. Описторхоздың табиғи ошағы бар. Ауру жиі энзоотиялар түрінде өтеді және ол бауырдың жіті зақымдануымен, дененің улануымен сипатталады.
      Трематод қоздырушысының ұзындығы 8-12 миллиметр, ені 1,2-2 миллиметрге жетеді. Жұмыртқалары сопақ, сары-боз түсті, бір ұшында қақпағы орналасқан, мөлшері: ұзындығы 0,026-0,034 миллиметр және ені 0,011-0,019 миллиметр. Орналасқан орны - үй және жабайы жануарлардың, сонымен қатар адамдардың өт қабышығында, бауырдың өт жолы, сирек ұйқы безінде кездеседі. Описторхтың жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа бөлінеді. Жұмыртқа су ағынына түскеннен кейін, паразит тұщы сулардағы Bithynia туыстығының ұлуларында және тұқы туыстығы балықтарында бірнеше жалғасқан даму сатысынан өтеді. Адам мен етқоректілер тұқы балықтарындағы және олардың қайта өңдеуден өткен өнімдеріндегі тірі балапан құрты (метацеркарий) бар тамақты пайдалану нәтижесінде жұқтырып алады.

      2. Описторхтар өт жолын жарақаттау арқылы өттің шығуын қиындатып, бауырда тоқырау құбылыстарын туғызады. Дененің улануы және аллергиялық жағдайдың дамуы басталады. Холецистит, бауыр циррозы пайда болады. Метацеркарийлармен интенсивті зақымданған балықтардың ұлпаларында инкапсуляциялық аймақтар пайда болады, дәнекер ұлпалар өсіп жетіледі, бұл бұлшықеттердің созылмалығының және қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

      3. Адамдарға диагноз, гельминтокопрологиялық зерттеулердің негізінде және клиникалық белгілерін есепке ала отырып қойылады.

      4. Су ағындарында мекендейтін тұқы балықтарға гельминтологиялық зерттеулер жүргізіп, описторхтің балаң құрттарымен жұқтырылғанын анықтайды. Бұлшықеттің кесімдері микроскоппен компрессорлық тәсіл арқылы зерттеледі. Метацеркарийлердің қай түрге жататындығын белгілеу үшін, балық етінің балауса кесімдерімен таза (стерилді) мысықтарды қоректендіру жолымен биологиялық сынама қойылады, оларды 25-30 күннен кейін зерттейді. Нәжістерден жұмыртқаларды, ал бауырдың өт жолынан описторхтарды анықтайды.

  2. Описторхоздың алдын алу шаралары

      5. Күрес және алдын алу шараларының кешенінде, адам және малдың денсаулықтарына қауіпсіз балық өнімдерімен қамтамасыз етудің алғашқы маңызы бар іс-шараларына жататындары:
      1) адам және малдың гельминтоздар қоздырғышынан зарарсыздандыруына кепілдік беруші, балықтарды өңдеу реттілігімен қамтамасыз ету;
      2) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық сараптама;
      3) медициналық-биологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға, сондай-ақ паразитарлық тазалықтың көрсеткіштері бойынша санитариялық нормаларға сәйкес, зерттеулерді ұйымдастыру және сапалығын қамтамасыз ету.

      6. Елді-мекен мен жануарларды описторхоздан қорғау үшін, балық өнімдерін тек ветеринариялық-санитариялық паспорты бар балық шаруашылығы мен балық өндірісінің су ағындарынан сатып алуға рұқсат етіледі.
      Ветеринариялық-санитариялық паспорт есепке алу құжаты болып табылады, онда су ағынының және оларда тіршілік ететін барлық балықтардың түрі мен гидробионтардың эпизоотиялық жағдайы, сонымен қатар судың гидрохимиялық, радиологиялық және токсикологиялық талдаулары көрсетіледі.

      7. Елді-мекенге балықтарды сату зертханалық-ихтиопатологиялық анықтаулық зерттеулер жүргізілгеннен кейін рұқсат беріледі.

  3. Қолайсыз бекеттердегі ауруды жою шаралары

      8. Күресу және алдын алу тәсілдері медициналық және ветеринариялық қызметтердің бірлескен күшімен жүзеге асырылады. Гельминтокопрологиялық тексерулермен ауруды жұқтырып алған адамдар мен малдарды, ал балықтарды зерттеу кезінде-қолайсыз су ағындарын анықтайды.

      9. Қауіпсіздік және санитариялық нормалардың талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер кезінде адамдардың денсаулығына және малға қауіпті тірі метацеркарилер Opisthorchis felineus анықталса, балықтарды және олардың өңделген өнімдерін сатуға тыйым салынады.

      10. Адамдардың денсаулығына және жануарларға қауіпті тірі метацеркарилері бар балықтар және олардың өңделген өнімдері "шартты жарамды" немесе "жарамсыз" санатына ауыстырылады.

      11. "Шартты жарамды" балық өнімі тағамдық өнімге, қайта өңдеуге және сатылуға тек зарарсыздандырудан кейін ғана рұқсат етіледі.

      12. "Жарамсыз" санатына ауыстырылған балық және олардың өңделген өнімдері утилизациялауға жіберіледі.

      13. "Шартты жарамды" балықты тамаққа пайдалану мақсатында:
      тұздау, тоңазыту, ыстау, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервілеу жолымен өңдеуден өткізгеннен кейін рұқсат беріледі.

      14. Шартты жарамды балық өнімін тұздау:
      1) описторхидтың балапан құрттарынан балықтарды зарарсыздандыру, аралас өткір және орташа тұздауды (+1+2 С о температурасында тұздаудың бірінші күнінен тұздықтың тығыздығы 1,20) балық етінде тұздың массалық бөлігін 14 пайызға жеткізе отырып қолдану қамтамасыз етіледі. Бұндай кезде тұздаудың ұзақтығы төмендегіндей болуға тиіс:
      - теңге балықта, үкішабақта, қабыршақ балықта - 10 тәулік;
      - тортада, тарақ балықта, қызыл қанатта, щипа балықта, ұсақ (25 сантиметрге дейін) аққайрандарда, табанда, онғақта - 21 тәулік;
      - ірі (25 сантиметрден жоғары) аққайрандарда, табанда, онғақта - 40 тәулік.
      2) осы ветеринариялық ереженің 14-тармағының 1-тармақшасындағы "Шартты жарамды" балықтарға арналған әлсіз немесе ұзақ тұздау, тек 16-тармақта көрсетілген реттілікке сәйкес алдын ала тоңазытудан кейін рұқсат етіледі.

      15. Балықтардың уылдырығын тұздау:
      1) жылы күйінде тұздау (15-16 С о температурада), тұздың мөлшерінде (уылдырық салмағына пайызбен) жүргізіледі: 12% - 30 минут, 10% - 1 сағат, 8% - 2 сағат, 6% - 6 сағат жүргізіледі;
      2) салқындатып тұздау (5-6 С о -температурада) тұз бен уылдырықтың сондай мөлшерінде екі есе ұзақ жүргізіледі;
      3) шайлы лентец құртымен жұқтырылған ақсаха және басқа балықтардың уылдырықтарының салқындатылған тұздауы, уылдырықтың салмағына 5% тұздың мөлшерінде 12 сағат бойы жүргізіледі.

      16. Балықтарды тоңазыту:
      тоңазытудың келесі реттілігін сақтағанда балық описторхистың балапан құртынан зарарсызданады:
      минус 40 С о (балық денесіндегі температура) - 7 сағат (зарарсыздандыруға қажетті уақыт);
      минус 35 С о - 14 сағат;
      минус 28 С о - 32 сағат.

      17. Балық өнімінің ыстық термиялық өңделуі. Балық өнімін зарарсыздандырудың сенімді тәсілі оны жоғары температурамен өңдеу болып табылады.
      Қолданыстағы технологиялық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылатын ыстық және салқын ыстауы, сүрлеуі, кептіруі, сондай-ақ консервілерді жасау, описторхтың балаң құрттарынан балықтарды, аққайраннан басқаларын, зарарсыздандырады. Сүрленген және салқын ысталған балық өнімдерін дайындап шығаруға салқындатқан аққайран қолданылмайды, өйткені мұндай өңдеулерде описторхистың балапан құрттарынан оның зарарсыздандыруы іске аспайды.

      18. Малдардың азығына тағайындалған балық өнімдері, осы ветеринариялық ереженің 14-17-ші тармақтарында көрсетілген өңдеу реттерімен зарарсыздандырылады.

      19. "Шартты жарамды" балық өнімдерін қайта өңдеу кезінде алынатын қалдықтар, сонымен қатар "жарамсыз" санатына ауыстырылған балық өнімдері (10-тармақ), мал шаруашылығы мақсатына арналған балық ұнын шығаруға жіберіледі. Балық ұнын шығарушы қондырғылар болмаған жағдайда, қалдықтар қазанда қайнай бастаған мезгілінен бастап 30 минут бойы қайнатылады. Биотермиялық шұңқырларда көмуге рұқсат етіледі. Балық өнімін қайта өңдеуден алынған қалдықтарды алдын ала зарарсыздандырмай, су ағындарына және қоқсық орындарына тастауға, сонымен қатар олармен малдарды азықтандыруға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады