Құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 қазандағы N 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3170. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 қазандағы № 111 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2014.10.08 № 111 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

КЕЛІСІЛГЕН:          

Қазақстан Республикасының   
Жоғарғы Сотының Төрағасы   
23 қыркүйек 2004 жыл     

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 
Төрағасы            
20 шілде 2004 жыл       

Қазақстан Республикасының  
Әділет Министрі      
29 қыркүйектегі 2004 жыл 

      Қазақстан Республикасының 
Қорғаныс Министрі     
6 шілде 2004 жыл      

Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер Министрі    
16 қыркүйек 2004 жыл   

Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігінің 
Төрағасы          
13 сәуір 2004 жыл     

Қазақстан Республикасының  
Төтенше жағдайлар жөніндегі 
агенттігінің Төрағасы   
30 сәуір 2004 жыл     

Қазақстан Республикасының   
экономикалық және сыбайлас  
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
жөніндегі агенттігінің    
Төрағасы (қаржы полициясы) 
5 тамыз 2004 жыл     

      Қылмыс туралы статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есепті және оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылдың 31 қазанындағы N 62  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылдың 25 қарашасында N 2576 санымен тіркелген) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-қосымшаға аталған бұйрықпен бекітілген "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есептің:
      8-бөліміндегі "Үкімет органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз жоғалған азаматтар мен басқа да тұлғаларды іздестіру туралы мәліметтер": 
      А кестесінде:
      18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25-бағандары келесі редакцияда берілсін:
      18-баған "халықаралық іздестіруге жарияланғандардың ішінен";
      19-баған "мемлекетаралық іздестіруге жарияланғандардың ішінен";
      20-баған "анықталумен байланысты қысқартылған іздестірудің барлығы";
      21-баған "солардың ішінен ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасымен";
      22-баған "солардың ішінен қамауға алу бұлтартпау шарасымен";
      23-баған "халықаралық іздестіруге жарияланған";
      24-баған "мемлекетаралық іздестіруге жарияланған";
      25-баған "есептік кезеңнің аяғындағы қалдықтардың барлығы";
      төмендегідей мазмұндағы 26, 27, 28, 29-бағандармен толықтырылсын:
      26-баған "солардың ішінен ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасымен";
      27-баған "солардың ішінен қамауға алу бұлтартпау шарасымен";
      28-баған "алдыңғы жылдары іздестіруге жарияланғандардың ішінен белгілеумен байланысты іздестіру қысқартылған";
      29-баған "хабар-ошарсыз жоғалған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалған";
      39-жол келесі редакцияда берілсін "автокөлікпен";
      Б кестесінде:
      40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48-жолдар келесі редакцияда берілсін:
      40-жол "Есептік кезеңнің аяғына анықталған тұлғалар";
      41-жол "есептік кезеңнің басына танылмаған мәйіттер бойынша белгісіз азаматтардың жеке басын анықтау туралы істердің есепте болғаны";
      42-жол "Танылмаған мәйіттер бойынша белгісіз азаматтардың жеке басын анықтау туралы істердің құрылғаны немесе басқа органдардан келгені";
      43-жол "жеке басын анықтаумен байланысты істердің қысқартылғаны (41, 42-жолдардан)";
      44-жол "соның ішінде хабар-ошарсыз жоғалған тұлғалардың санынан";
      45-жол "қылмыстық іс қозғаумен байланысты істердің қысқартылғаны (41, 42-жолдардан)";
      46-жол "соның ішінде хабар-ошарсыз жоғалған тұлғалардың санынан";
      47-жол "ескіру мерзімінің өтуімен байланысты істердің қысқартылғаны";
      48-жол "жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған зорлау әрекеттерін анықтау деректері бойынша қылмыстық істердің қозғалғаны";
      мынадай мазмұндағы 49-жолмен толықтырылсын:
      "Алдыңғы жылдары іздестіруге жарияланғандардың ішінен анықтаумен байланысты іздестіру аяқталған";
      В кестесі төмендегідей мазмұндағы 36 жолмен толықтырылсын:           "сот қаулысымен мемлекет мүддесіне қойылған талап бойынша жүрген жерлері белгісіз болғандағы жауапкерлерді";
      "Қылмыстың ашылуына мүмкіндік туғызатын күштер мен амал-тәсілдер" 10-бөлімінде:
      36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45-жолдар келесі редакцияда берілсін:
      36-жол "АИБ УҰИ А";
      37-жол "АИБ УҰИ АА";
      38-жол "АИБ ТИЗО А";
      39-жол "ТИЗО АА";
      40-жол "А қызметінің басқа да жедел қызметтері";
      41-жол "АА қызметінің басқа да жедел қызметтері";
      42-жол "АІ қызметінің басқа да жедел қызметтері";
      43-жол "Экономикалық қылмыстарды тергеу бойынша жедел қызметкерлер";
      44-жол "Салық салу қылмыстарын тергеу бойынша жедел қызметкерлер";
      45-жол "Қаржы-несиелік саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша жедел қызметкерлер";
      төмендегідей мазмұндағы 46, 47, 48, 49, 50, 51-жолдармен толықтырылсын:
      46-жол "Бюджет саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша жедел қызметкерлер";
      47-жол "ІҚБ";
      48-жол "ЖБ";
      49-жол "ҚПА (Б)Б";
      50-жол "ҚП УҰИ А";
      51-жол "ҚП ТИЗО А";
      төмендегідей мазмұндағы 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33-бағандармен толықтырылсын:
      12-баған "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету";
      13-баған "Алаяқтық";
      14-баған "Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы)";
      15-баған "Заңсыз кәсіпкерлік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі)";
      16-баған "Заңсыз банктік қызмет (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы)";
      17-баған "Жалған кәсіпкерлік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы)";
      18-баған "Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 193-бабы)";
      19-баған "Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 196-бабы)";
      20-баған "Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 199-бабы)";
      21-баған "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы)";
      22-баған "Экономикалық контрабанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабы)";
      23-баған "Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы)";
      24-баған "Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-бөлігі)";
      25-баған "Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215-бабы)";
      26-баған "Әдейі банкроттық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы)";
      27-баған "Жалған банкроттық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы)";
      28-баған "Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 219-бабы)";
      29-баған "Банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 220-бабы)";
      30-баған "Азаматтың салық төлеуден жалтаруы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабы)";
      31-баған "Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222-бабы)";
      32-баған "Тұтынушыларды алдау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 223-бабының 2-бөлігі)";
      33-баған "Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 227-бабының 2, 3, 4-бөліктері)";
      "Қылмыстың ашылуына мүмкіндік туғызатын күштер және амал-тәсілдер (қаржы полициясы органдарына арналған)" 10-А бөлімі алынып тасталынсын;
      15-бөлімде:
      15-бөлімнің аталуы келесі редакцияда берілсін:
      "15-бөлім. Алдын ала оқшаулау, қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінде, қамауда ұстау жерлерінде тіркелген, қоғамнан оқшаулаусыз, күдіктілерді, тергеліп-тұтқындалғандарды алдын ала оқшаулау мекемелеріндегі қылмыстық жазалауды өтеп жүрген тұлғалармен жасалған қылмыстар туралы мәліметтер";
      3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-бағандар келесі редакцияда берілсін:
      3-баған "ТК";
      4-баған "ТК";
      5-баған "қылмыстық-түзету инспекциялары";
      6-баған "УҰИ";
      7-баған "ТИЗО";
      8-баған "басқалар";
      9-баған "Қылмыстық істері есептік кезеңде сотқа жіберілген қылмыстардың саны";
      10-баған "Істері ақталынбаған негіздер бойынша қысқартылған қылмыстардың саны";
      11-баған "Істері есептен шығарылғандықтан қысқартылған қылмыстардың саны";
      12-баған "соның ішінде қылмыстың құрамы және оқиғасы болмағандықтан (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 1, 2-тармақтары)";
      13-баған "іс қозғау туралы қаулылары прокурормен бұзылған";
      14-баған "есептік кезеңде қозғалған істер бойынша";
      15-баған "барлығы";
      16-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігі 1-тармағы бойынша (науқастанумен байланысты)";
      17-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы (айыпкер ретінде жауапқа тартылуға жататын тұлғалардың анықталмауымен байланысты)";
      18-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы (айыпкер тергеуден немесе соттан жасырынғанда не оның қай жерде жүргендігі анықталмағанда)";
      19-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (айыпкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы)";
      20-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің 7-тармағы (айқындалуы қиын күштің қозғалысы)";
      21-баған "Істеріне тергеу жүргізу мерзімі өтіп кеткен, ал мерзімін ұзарту туралы ақпарат келіп түспеген қылмыстардың саны";
      төмендегідей мазмұндағы 22, 23, 24-бағандармен толықтырылсын:
      22-баған "Өткен жылдардағы істері Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігі 4-тармағы бойынша тоқтатылған қылмыстардың саны (науқастанумен байланысты)";
      23-баған "Істері тергеуге алынғандығы бойынша есептен шығарылып берілген қылмыстардың саны";
      24-баған "Ақталынбаған негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған қылмыстардың саны";
      16-бөлімде "Ашылу бағасы қолданыла алатын тіркелген қылмыстар туралы мәліметтер":
      29, 34, 47, 65, 74-жолдар алынып тасталынсын;
      17-бөлімде "Қаруды және техникалық заттарды қолданумен жасалған қылмыстар туралы мәліметтер";
      16, 34, 43-жолдар алынып тасталынсын;
      18-бөлімде:
      18-бөлімнің аталуы келесі редакцияда берілсін:
      "18-бөлім. Республика аумағында алдын ала оқшаулау, қоғамнан оқшаулаусыз, күдіктілерді ұстау, тергеу-қамауға алу мекемелерінде қылмыстық жазасын өтеп жүрген тұлғалармен жасалған тіркелген қылмыстар туралы мәліметтер";
      3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18-бағандар келесі редакцияда берілсін:
      3-баған "ТК";
      4-баған "ТК";
      5-баған "қылмыстық-түзету инспекциялары";
      6-баған "УҰИ";
      7-баған "ТИЗО";
      8-баған "басқалар";
      9-баған "Қылмыстық істері есептік кезеңде сотқа жіберілген қылмыстардың саны";
      10-баған "Істері ақталынбаған негіздер бойынша қысқартылған қылмыстардың саны";
      11-баған "Істері есептен шығарылғандықтан қысқартылған қылмыстардың саны";
      12-баған "соның ішінде қылмыстың құрамы және оқиғасы болмағандықтан (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 1, 2-тармақтары)";
      13-баған "іс қозғау туралы қаулылары прокурормен бұзылған";
      14-баған "(соның ішінде 10-бағаннан) есептік кезеңде қозғалған істер бойынша";
      15-баған "Істері есептік кезеңде тоқтатылған қылмыстардың барлық саны";
      16-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы (айыпкер тергеуден немесе соттан жасырынғанда не оның қай жерде жүргендігі анықталмағанда)";
      17-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігі 4-тармағы бойынша (науқастанумен байланысты)";
      18-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің 5-тармағы (айыпкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы)";
      төмендегідей мазмұндағы 19, 20, 21, 22, 23-бағандармен толықтырылсын:
      19-баған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігінің 7-тармағы (айқындалуы қиын күштің қозғалысы)";
      20-баған "Істеріне тергеу жүргізу мерзімі өтіп кеткен, ал мерзімін ұзарту туралы ақпарат келіп түспеген қылмыстардың саны";
      21-баған "Өткен жылдардағы істері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігі 4-тармағы бойынша тоқтатылған қылмыстардың саны (науқастанумен байланысты)";
      22-баған "Олар туралы істер ретпен есептен шығару арқылы жіберілген қылмастардың саны";
      23-баған "Ақталынбаған негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған қылмыстар саны";
      Аталған бұйрықпен бекітілген "Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" N 1-М нысанды статистикалық есепті құру мен қалыптастыру бойынша Нұсқаулыққа:
      9-тармақтағы бірінші сөйлемнен кейін он бірінші қайырмасы келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Көрсетілген бағанда есептік кезеңде тіркелгендердің, сонымен қатар ақталынбаған негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғандардың саны бейнеленеді";
      12 тармақтың бір азат жолында "оларды жасаған" сөздерінен кейін "тұлғаларға қатысты ақталмаған негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған саны туралы" деген сөздерімен толықтырылсын;
      18-тармақта:
      1) тармақшада:
      сегізінші қайырмадан соң мынадай мазмұндағы қайырмамен толықтырылсын:
      "18-бағанда халықаралық іздестіруге жарияланғандардың ішінен тұлғалардың саны бейнеленеді, 19-бағанда мемлекетаралық іздестіруге жарияланғандардың ішінен тұлғалардың саны бейнеленеді";
      тоғызыншы азат жолдағы "18" саны "20" санымен, "19" саны "21" санымен, "20" саны "22" санымен ауыстырылып;
      тоғызыншы азат жолдан кейін мынадай мазмұндағы қайырмамен толықтырылсын:
      "23-бағанда халықаралық іздестіруге жарияланғандардың ішінен тұлғалардың саны бейнеленеді, 24-бағанда мемлекетаралық іздестіруге жарияланғандардың ішінен тұлғалардың саны бейнеленеді";
      оныншы азат жолдағы "21" саны "25" санымен, "22" саны "26" санымен, "23" саны "27" санымен ауыстырылсын;
      он бірінші азат жолдағы "24" саны "28" санымен ауыстырылсын;
      он екінші азат жолдағы "25" саны "29", "38" саны "39" санымен санымен ауыстырылсын;      
      2) тармақшада:
      он жетінші азат жолдағы "39" саны "40" санымен ауыстырылсын;
      он сегізінші азат жолдағы "40-46" сандары "41-47" сандарымен ауыстырылсын;
      он тоғызыншы азат жолдағы "47" саны "48" санымен ауыстырылсын;
      20-тармақта:
      1), 3) тармақшаларындағы "45" саны "51" санымен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы екінші азат жолындағы ("Қылмыстық кодекстің 311-313 баптары") сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "12-бағанда - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алумен немесе ысырап етумен байланысты қылмыстардың ашылуына қатысу; 13-бағанды - алаяқтықпен байланысты қылмыстардың ашылуына қатысу; 15-23-бағандарда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жеке түрлері бейнеленеді";
      алтыншы және жетінші азат жолдар алынып тасталынсын;
      25-тармақта:
      бірінші азат жол келесі редакцияда берілсін:
      "25. Бұл бөлім алдын ала оқшаулау, қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінде, қамауда ұстау жерлерінде тіркелген, қоғамнан оқшаулаусыз, күдіктілерді, тергеліп-тұтқындалғандарды алдын ала оқшаулау мекемелеріндегі қылмыстық жазалауды өтеп жүрген тұлғалармен жасалған қылмыстардың саны туралы мәліметтерден тұрады. Жазалауды өтеп жүрмеген және күдікті, тергеліп-тұтқындалған болып табылмайтын тұлғалармен түзету мекемелерінің аумағында жасалған қылмыстар бұл бөлімде бейнеленбейді, сондай-ақ қылмыстық жазалауды өтеп жүрген тұлғалармен аймақтың аумағында жасаған қылмыстары да бейнеленбейді. Соңғылары қылмыстың жасалған жері бойынша қылмыстық істі қозғаған органдармен ескеріледі.";
      төртінші азат жол келесі редакцияда берілсін:
      "3-8-бағандарда мынадай жерлерге сәйкес жасалған қылмыстар көрінеді: түзету колонияларында, тәрбиелеу колонияларында, қылмыстық-атқарушылық инспекцияларында, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, басқа да жерлерде (тәртіптік әскери бөлімдерде, гаупвахталарда, сотталғандарды алып жүруге арналған арнайы көліктерде, тағы басқа).";
      26-тармағында:
      "23" саны "24" санымен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын "23 бағанда отбасы-тұрмыстық салада жасалған аяқталған қылмыстардың саны көрінеді";
      28-тармақта:
      бірінші азат жол келесі редакцияда берілсін:
      "28. Бұл бөлім күдіктілерді, тергеліп-тұтқындалғандарды алдын ала оқшаулау мекемелерінде қылмыстық жазалауды өтеп жүрген тұлғалармен жасалған қылмыстардың саны туралы мәліметтерден тұрады. Бұл бөлімде тек қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің аумағында ғана емес, аймақтың аумағында да жасалған барлық қылмыстар бейнеленеді. Қылмыстық жазалауды өтеп жүрмеген және күдікті, тергеліп-тұтқындалған болып табылмайтын тұлғалармен жасалған қылмыстар бұл бөлімде бейнеленбейді.";
      төртінші азат жол келесі редакцияда берілсін:
      "3-8-бағандарда төмендегідей жерлерге сәйкес жасалған қылмыстар көрінеді: түзету колонияларында, тәрбиелеу колонияларында, қылмыстық-атқарушылық инспекцияларында, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, басқа да жерлерде (тәртіптік әскери бөлімдерде, гаупвахталарда, сотталғандарды алып жүруге арналған арнайы көліктерде, тағы басқа).".

      2. "Қылмыс жасаған тұлғалар туралы" N 2-Л нысанды статистикалық есеп пен оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы N 63  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2577 санымен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген "Қылмыс жасаған тұлғалар туралы" N 2-Л нысанды статистикалық есепті құру және қалыптастыру бойынша Нұсқаулыққа:
      5-тармақтағы бірінші азат жол келесі редакцияда берілсін:
      "5. Статистикалық ақпарат есептік кезеңде келіп түскен "Қылмыс жасаған тұлғаға қойылған кәртішке" N2.0 нысанды, соның ішінде жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ ақталынбаған негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған тұлғаларға қатысты алғашқы есепке алу құжаттарында қамтылатын ақпараттың негізінде құрылады.". 
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (В.Г.Ким):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі үшін шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрықты Комитеттің құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және оның аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады