Қазақстан Республикасында паразиттік аурулар бойынша санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі N 700 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3171. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.24 № 377 Бұйрығымен.

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және    24-бабының 1-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында паразиттік аурулар бойынша санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Паразиттік аурулардың алдын алу» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 29 маусымдағы N 516 бұйрығының күші жойылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі

      2004 жылғы 20 қыркүйек

"Қазақстан Республикасында   
паразиттік аурулар бойынша   
санитарлық-індетке қарсы    
іс-шараларды жүргізу жөніндегі 
нұсқаулықты бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2004 жылғы 20 қыркүйектегі  
N 700 бұйрығымен      
бекітілген         

  Қазақстан Республикасында паразиттік аурулар бойынша
санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
жүргізу жөніндегі нұсқаулық

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында паразиттік аурулар бойынша санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) қызметі барысында паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен және оларды жұқтыру факторларымен байланысты болатын, сондай-ақ паразиттік аурулардың қоздырғыштарына қарсы санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды ұйымдастыратын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      2. Қызметі барысында паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен және оларды жұқтыру факторларымен байланысты болатын, сондай-ақ қызметі паразиттік аурулардың қоздырғыштарына қарсы санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды ұйымдастыратын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар осы Нұсқаулық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) биогельминттер - инвазиялану қабілетіне ие болмас бұрын организмінде бір немесе бірнеше аралық иелер дамитын гельминттер;
      2) гельминтоздар - әр түрлі гельминттер түрлерінен туындайтын инвазиялық аурулар;
      3) геогельминттер - адам организмінде иелерін ауыстырмай паразиттенетін және олардың бастапқы даму сатысы қоршаған ортада (топырақта) жүзеге асырылатын гельминттер;
      4) дефинитивті ие - онда ересек, ұрықтану сатысына жеткен паразит тіршілік ететін ие (организм);
      5) инвазия - организмге қандай да бір жануарлар паразиттерінің жұғуы;
      6) инсектицидтер - зиянды жәндіктермен күресуге арналған пестицидтер;
      7) имаго - ересек жәндіктер;
      8) жарамсыз өнім - азық-түлік шикізат ретінде пайдалануға рұқсат етілмейтін және кәдеге жаратуға жататын ет және балық өнімдері;
      9) паразиттік аурулар - паразиттердің сан алуан түрлерінен туындайтын аурулар;
      10) паразитті тасымалдаушы - аурудың клиникалық белгілерісіз паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар;
      11) протозооздар - қоздырғыштары патогенді қарапайымдылар болып табылатын паразиттік аурулар тобы;
      12) репелленттер - жәндіктерді үркітетін препараттар;
      13) тұздық - балықты, уылдырықты тұздауға арналған ас тұзының ерітіндісі;
      14) шартты түрде жарамды өнім - зарарсыздандырылғаннан кейін азық-түлік шикізаты ретінде пайдалануға рұқсат етілген ет және балық өнімдері;
      15) химиялық алдын алу - химиялық алдын алу құралдарының көмегімен аурудан қорғау немесе оны болдырмау;
      16) эндемиялық аумақ - адамдарға қарамастан, ауруды таратушы, ал көптеген жағдайларда жылуқанды жануарлар мен буынаяқтылар болғанда жұқпаны ұзақ уақыт сақтайтын паразиттік аурулардың ошақтары болатын аумақтар;
      17) энтомолог - буынаяқтыларды зерделейтін маман;
      18) энтомология - буынаяқтылар туралы ғылым.

  2. Паразиттік аурулардың алдын
алу жөніндегі іс-шаралар

      4. Паразиттік аурулармен ауырғандарды және олардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды анықтауды, медициналық көмекке жүгінгенде, алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар кезінде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

      5. Барлық паразиттік аурулар мен паразитті тасымалдау жағдайы олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелуге, мемлекеттік есепке алуға жатады және Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары мен ұйымдары олардың есебін жүргізеді.

      6. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар ұжымдарында балалар мен қызмет көрсетуші персоналды контагиозды гельминтоздар мен ішек протозооздарына алдын ала жоспарлы тексеру жылына бір рет (жазғы демалыстан кейін, ұжым жиналғанда) және індеттік айғақтар бойынша жүргізіледі.

      7. Гельминтоздарға және ішек протозооздарына зерттеу үшін материалды алуды мектепке дейінгі, мектеп және медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

      8. Материалды гельминтоздарға және ішек протозооздарына зерттеуді медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының паразитология зертханалары жүзеге асырады.

      9. Медициналық ұйымдар тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басқармаларына (департаменттеріне) анықталған науқастар мен паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылардың нәтижелері жөнінде ақпарат береді.

      10. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке баратын балаларды, декреттелген контингенттерді жоспарлы тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді, сондай-ақ анықталған инвазияланғандарды емдеуді және химиялық алдын алуды медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.

      11. Барлық анықталған паразиттік аурулармен ауырғандар және қоздырғыштарды тасымалдаушылар медициналық ұйымдарда емдеуге жатады.

  3. Безгектің алдын алу шаралары

      12. Медициналық қызметкерлер безгекпен ауырғандарды және паразитті тасымалдаушыларды анықтауды адамдар медициналық ұйымдарға бару, үйге шақыру, медициналық қарау, донорларды тексеру кезінде сұрақ қою мен қанын зерттеу жолымен клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша жүргізеді.

      13. Қашан ауырғанына қарамастан, безгекпен ауырғандар және паразитті тасымалдаушылар, сондай-ақ безгек бойынша эндемиялық елдерден келген адамдар үш жыл бойы донор болуына рұқсат етілмейді.

      14. Тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының паразитолог-дәрігері (эпидемиологы) науқас немесе паразитті тасымалдаушы анықталғаннан немесе шұғыл хабарлама алғаннан кейінгі алғашқы тәуліктерде ошақты эпидемиологиялық тексеруді жүргізіп, санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларын ұйымдастырады.

      15. Тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының энтомологы мыналарды жүргізеді:
      1) масалардың фаунасын, әрбір түрінің экологиясы мен фенологиясын, имаголардың бақылау күндіктеріндегі санының маусымдық барысын су айдындарындағы сары масалардың преимагинальды даму фазаларын зерделеуді, сары масалардың тиімді жұқпасы мен безгектің берілу маусымдарының басталу және аяқталу мерзімдерін есептеуді;
      2) ағымдағы жылы сары масалар санының деңгейін белгілеу үшін елді мекендерді шұғыл тексеруді (жаппай ұстауды);
      3) елді мекендердегі су айдындарын және оның айналасындағы 3-5 шақырым аймақты паспорттауды;
      4) эпидемиологиялық және энтомологиялық айғақтар бойынша безгек масаларына қарсы үй-жайларды және су айдындарын өңдеуді ұйымдастыруды.

      16. Батпақтанудың және безгек сары масалар ұрықтануының алдын алу мақсатында гидротехникалық құрылыстарды, күріш егістіктерін және су айдындарын салу мен пайдалануда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      17. Сары масаларға қарсы дезинсекциялық іс-шараларды тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар ұйымдар орындайды. Дезинсекция үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген инсектицидтер пайдаланылады.

      18. Адамдарды масалардың шағуынан сақтау үшін механикалық қорғаныш (жабқыштар, торшалар) және үркітетін заттар (репелленттер) пайдаланылады.

      19. Тиісті аумақтардағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары көші-қон қызметін, сақтандыру және туристік ұйымдарды әрі қызметі эндемиялық елдермен байланысты ұйымдарды безгек бойынша қолайсыз аумақтар мен осы аурудың алдын алу қажеттілігі туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      20. Туристік ұйымдар безгек бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдарды жұқтыру мүмкіндігі, алдын алу шаралары (масалардың шағуынан механикалық қорғау және безгектің химиялық алдын алу), кез келген қызба аурулары пайда болғанда дереу медициналық ұйымға бару қажеттігі немесе субтропикалық және тропикалық белдеу елдерінде болу мерзімдері және химиялық алдын алу препараттарын қабылдау жағдайы туралы хабардар етеді.

      21. Қорғаныш құралдарын таңдаған кезде әр түрлі жыл мезгілдерінде ауруды жұқтыру қаупі, безгек қоздырғышының дәрілік препараттарға (химиялық алдын алу) төзімділігі ескеріледі.

      22. Безгекпен ауыратындар мен паразит тасымалдаушыларды емдеу стационар жағдайында жүргізіледі. Тиімділігін бағалау үшін емдеу кезеңінде қан препараттары үш рет: бірінші, төртінші күндерде және стационардан шығар алдында тексеріледі.

      23. Безгектің жергілікті таралу жағдайында, сары масалардың тиімді жұқтыру кезеңінде аптасына 1 рет халықты (ошақта) делагилмен немесе тиндуринмен маусымдық химиялық алдын алу жүргізіледі.

      24. Ошақта безгекті жұқтырудың алдын алу үшін немесе клиникалық ауырлығының алдын алу мақсатында қызбасы бар адамдарға препараттардың бір дозасымен алдын ала емдеу жүргізіледі. Үшкүндік безгектің кеш белгілерінің алдын алу үшін маусымдық берілу аяқталғаннан кейін немесе келесі індеттік маусым басталар алдында жоғарыда аталған адамдарға 14 күн бойы маусымаралық примахинмен химиялық алдын алу жүргізіледі.

      25. Безгек бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдарға осы Нұсқаулыққа  1-қосымшаның 1 және 2-кестелеріне сәйкес химиялық алдын алу курсы тағайындалады.

      26. Тропикалық безгекке қарсы химиялық алдын алу жұқтыру қаупі бар аймаққа келгенге дейін бір апта бұрын басталады және болған кезеңде және қолайсыз елден кеткеннен кейін 4 апта бойы жалғастырылады. Тропикке тұрақты барған жағдайда және ұзақ уақыт химиялық алдын алу мүмкін болмағанда, препарат аурудың клиникалық белгілері (жіті ұстамасы) пайда болғанда ғана қабылданады.

      27. Кемелердің, ұшақтардың, теміржол көлігінің экипаждары жеке бастың алдын алу шараларын (химиялық алдын алуды қоса алғанда) үйренеді, жадынамалармен қамтамасыз етіледі рейстер орындалатын елдердегі (порттардағы) эпидемиологиялық жағдайлар туралы хабардар етіледі және безгекке қарсы препараттармен және сары масалардың шағуынан қорғаныш құралдарымен (жабқыштар, репелленттермен, аэрозольды баллондармен) жабдықталады.

      28. Безгек бойынша қолайсыз елдерге баратын кемелердің рейстері кезінде қан сынамасы алынады және жақын портқа зертханалық зерттеу үшін тапсырылады, оның нәтижелері кеме дәрігеріне беріледі. Рейс кезінде безгекке күдікті адам анықталған кезде науқас кеме оқшаулағышына емдеу үшін орналастырылады. Жақын портта науқас ауруханаға жатқызылады.

      29. Әрбір безгек ауруы жағдайы туралы кеменің медициналық қызметкері кеме келетін елдің санитарлық-бақылау пунктіне (бұдан әрі - СБП) хабарлайды.

      30. Вокзалдардың, әуежайлардың және порттардың медициналық пункттерінің қызметкерлері жолаушылардың немесе поезд бригадаларының арасынан безгекпен ауыратындар мен оған күдіктілер жүгінген кезде оларды ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады.

      31. Вокзалдардың, әуежайлардың, порттардың медициналық пункттерінің қызметкерлері жолаушылардың арасында безгекке күдікті науқастың болуы туралы хабарлама алған кезде көлік құралын қарсы алады да оны ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады және қажетіне қарай, шұғыл көмек көрсетеді.

      32. Әуе, темір жол көлігінде, эндемиялық жерлерден келген шетел кемелерінде сары масалар табылған кезде дезинсекция жүргізіледі.

      33. Үшкүндік безгек ауруы таралған елдердің аумағында шекаралық әскердегі әскери қызметшілерге әскери міндетінен босатылғанға дейін немесе эндемиялық аудандардан Қазақстан аумағына келгенге дейін 14 күн ішінде безгектің қайталауына қарсы химиялық алдын алу курсы жүргізіледі.

  4. Ет және ет өнімдері арқылы жұғатын
гельминтоздардың алдын алу

      34. Гельминттердің өркенқұрттары табылған ет өнімдері жарамсыз деп танылады және "шартты түрде жарамды" немесе "жарамсыз" разрядына жатады. Ет өнімдері разрядының санаты ("шартты түрде жарамды" немесе "жарамсыз") табылған гельминттердің (өгіздің және шошқаның таспа құрттары немесе трихинеллдің өркен құрттары) түрлеріне, сондай-ақ өгіздің және шошқаның таспа құрттарының ұрықтану қарқындылығына байланысты белгіленеді:
      1) "шартты түрде жарамды" разрядына көлемі 40 шаршы сантиметр (бұдан әрі - см 2 ) тілімінде үш шамасындағы таспақұрттар табылған ет және ет өнімдері;
      2) "жарамсыз" разрядына ет өнімінде трихинелла өркенқұрты (ет өнімін зерттеу әдісіне қарамастан) немесе ең болмағанда көлемі 40 см 2 ет өнімі тілімдерінің бірінде үш және одан астам таспақұрт табылған ет өнімдері жатады.

      35. Етті қайта өңдейтін ұйымдарда бордақыланған (жеке) малды союдан алынған "шартты түрде жарамды" ет және ет өнімдерін иесіне зарарсыздандырылмаған күйде қайтарып беруге болмайды.

      36. "Шартты түрде жарамды" ет өнімдерін зарарсыздандырылғаннан кейін тартылған еттен жасалған шұжықтарды, ет консервілерін дайындауға арналған азық-түлік шикізаты ретінде пайдалануға болады.

      37. Трихинеллез табылған "жарамсыз" разрядына жататын ет және ет өнімдері кәдеге жаратылады.

      38. Ет өнімдерінде гельминттердің өркенқұрттарын тапқан зертхана өнімнің иесі болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға және тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік және мал дәрігерлік қадағалау органына ол туралы хабарлайды.

      39. Трихинеллез жұққан етті пайдаланған адамдар оны пайдаланғаннан кейін екі аптадан кешікпей (антителдердің пайда болған мерзімі) иммунологиялық тексеріледі. Трихинеллезбен ауыратындардың барлығы стационарлық жағдайда емдеуге жатады.

      40. Жабайы және үй жануарларының арасынан трихинеллез анықталған, сондай-ақ адамдардың арасында трихинеллез жағдайы тіркелген аумақ (елді-мекен) осы ауру бойынша қолайсыз аумаққа жатқызылады. Осы аумақта мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
      1) босқын иттерді, мысықтарды, кеміргіштерді жою, өлген жануарларды трихинеллезге тексеру;
      2) T.pseudospiraiis трихинеллезді қабылдағыш құстарды қоса алғанда, сойылған малдың қалдықтарын, үй жануарларының, синантропты және аңшылық-кәсіби жануарлардың өліктерін кәдеге жарату;
      3) құстарды қоса алғанда, аңшылық-кәсіптік аңдар мен жануарлардың тұшаларын шошқаларды тамақтандыруға болмайды;
      4) елді мекендердің, шошқа фермаларының, аң шаруашылығының аумақтарын көркейту және санитарлық өңдеу;
      5) жыл сайын трихинеллезді ықтимал тасымалдаушылардың арасынан жергілікті танымал жануарлардың әрбір түрінен кем дегенде 15-20-сын ветеринарлық қызметтің зерттеуі.

      41. Шошқа шаруашылығында (фермада) трихининеллезбен ауыратын шошқа анықталған кезде, ол қолайсыз деп жарияланады және мынадай іс-шараларды жүргізеді:
      1) барлық жануарлар трихинеллезге иммунды-ферментті реакциясымен (бұдан әрі - ИФР) тексеріледі. Оң реакция берген жануарлар союға жіберіліп, кейіннен еттері мен мүшелері өңдеуден өткізіліп кәдеге жаратылады;
      2) ауырған жануарларды шаруашылықтан тыс жерлерге әкетуге болмайды және оларды шаруашылық ішінде көшіру шектеледі.

      42. Егер мал басын бір жылдан кейін қайта серологиялық тексеру кезінде трихинеллезге оң реакциясы табылмай, ал оны етке сойғанда және тұшаны трихинеллоскопиялық тексеру кезінде трихинелла өркенқұрттары анықталмаса, шаруашылық субъект қолайлы деп жарияланады.

      43. Шаруашылық субъектте трихинеллездің алдын алу мақсатында мыналарды:
      1) жануарлардың етінен жасалынған жемшөптерді сақтауды және өңдеу сапасын ветеринарлық-санитарлық бақылауды жүзеге асырған;
      2) трихинеллезді қабылдағыш аңдарды пісірілген үй және жабайы жануарлардың етімен тек пісірілген күйде ғана тамақтандырған жөн.

      44. Жасушалы терісі бағалы аңдардың трихинеллезбен ауыруы анықталған кезде шаруашылық субъект оны трихинеллез бойынша қолайсыз деп жариялайды және мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
      1) иммунологиялық оң реакция берген барлық аңдар терісін алуға жіберіледі;
      2) олардың шаруашылық ішінде орналастырылуын қатаң ветеринарлық қадағалау жүзеге асырылады және асыл тұқымды аңдарды шаруашылықтан тыс жерлерге әкетуге рұқсат етілмейді;
      3) аңдарды ветеринарлық тексеру жүргізіледі және ауруға күдіктілер оқшауланады;
      4) трихинеллез жұқтырған аңдарды союды және олардың терісін сыпыруды арнайы бөлінген үй-жайда жүзеге асырады, аңдардың тұшасын жағып жібереді немесе ет-сүйек ұнға қайта өңдейді;
      5) егер сойылған аң басының кемінде 30 пайызын (бұдан әрі - %) тексеру кезінде трихинелла өркенқұрттары табылмаса, шаруашылық субъект қолайлы деп жарияланады.

      45. Үй жануарларын күту және сою орындарында, ет және ет өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда дератизациялық іс-шаралар жүргізіледі.

      46. Ет өнімдері ветеринарлық-санитарлық сарапталады. Өгіз және шошқаның таспақұрттары табылған кезде өнім зарарсыздандырылады.

      47. Өгіздің таспақұрттарымен зақымданған ет және ет өнімдерін зарарсыздандыру мүйізді ірі қара малдың тұшасын қалың еттегі температурасы 12 градус Цельсийге (бұдан әрі -  о С) дейін, кейіннен сақтамай мұздату жүзеге асырылады. 6 о  С-дан минус 9 о  С температурада етті мұздатқыш камерада кемінде 24 сағат сақтайды.

      48. Шошқа етін зарарсыздандырғанда қалың бұлшық еттегі температура -10 о  С жоғары болмауы және камерадағы ауаның температурасы -12 о  С болғанда 10 тәулік бойы сақтау керек. Қалың бұлшық етті -12 о  С температурада мұздатқыш камерада 4 тәулік бойы сақтау керек. Температура арнайы термометрмен жамбастың бұлшық етінің 7-10 сантиметр (бұдан әрі - см) қалыңдығында өлшенеді.

      49. Қыздыру әдісімен цистицерктерден зарарсыздандырғанда тұшаның бөлігі салмағы 2 киллограм (бұдан әрі - кг) және қалыңдығы 8 см кесек еттерге бөліп 3 сағат бойы ашық немесе 2,5 сағат бойы будың артық қысымы 0,5 Мега Паскальды құрайтын жабық қазандарда пісіреді.

      50. Егер ет бөліктерінің ішіндегі температура +80 о  С төмен болмаса, ет зарарсыздандырылған деп саналынады. Пісірілген ет ақ-сұр түсті, ал еттің тілімінің бетінен аққан сөл-түссіз болуы керек.

      51. Тұздау әдісімен зарарсыздандырғанда ет 2,5 кг салмақ құрайтын бөліктерге шабылады да, ет салмағының 10 пайызы есебімен ас тұзымен тұздалады және ас тұзының 24 пайыздан кем емес қанықпасы бар тұздықты құяды да 20 күн ұстайды.

      52. Тұзбен немесе қатыру арқылы зарарсыздандырылған сиыр және шошқа еттері өнеркәсіптік қайта өңдеуге (тартылған еттен жасалған шұжық өнімдерін немесе тартылған еттен жасалған консервілерді дайындауға) жіберіледі. Көп пісіріп зарарсыздандыруға жатпайтын ет (сиыр, шошқа) етті қайта өңдейтін ұйымдарда ет нандарын немесе консервілерін дайындағанда пайдаланылуға болады. Зарарсыздандырылған дайын өнімдерді өнеркәсіптік қайта өңдеуге жіберіледі.

  5. Балық, шаян тәрізділер, моллюскілер, қосмекенділер,
бауырмен жорғалаушылар арқылы берілетін гельминтоздардың
және оларды қайта өңдеу өнімдерінің профилактикасы

      53. Құрамында тірі гельминттер бар, адам мен жануарлар үшін қауіпті балықтар, шаян тәрізділер, қосмекенділер, моллюскілер мен оларды қайта өңдеу өнімдері "шартты түрде жарамды" немесе "жарамсыз" разрядына жатады.

      54. "Шартты түрде жарамды" балық өнімдерін тек зарарсыздандырылғаннан және қайта ветеринарлық-санитарлық әрі санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізгеннен кейін ғана тамақ өнімдеріне қайта өңдеуге және сатуға рұқсат етіледі.

      55. Құрамында тірі гельминттер бар, адам мен жануарлар үшін қауіпті балық өнімдерін зарарсыздандырудың немесе кәдеге жаратудың орнын, тәртібін және шарттарын тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және ветеринарлық қадағалау органдары айқындайды.

      56. Балықтарда, шаян тәрізділерде, қосмекенділерде, моллюскілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінде осы Нұсқаулыққа  2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде өлген және адам мен жануарлар үшін қауіпті емес гельминттер болған кезде балық өнімі жарамсыз деп танылмайды.

      57. Құрамында өлген және адам мен жануарлар үшін қауіпті емес гельминттер болған, алайда тауар түрін немесе сапасын органолептикалық және физикалық-химиялық айғақтар бойынша нашарлататын балық өнімдерін сату шарттары осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаның 1-кестесі бойынша айқындалады.

      58. Құрамында осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде өлген және адам мен жануарлар үшін қауіпті емес гельминттер болған балық өнімдерін сатуға рұқсат етіледі.

      59. Құрамында осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген көрсеткіштерге тең немесе одан астам мөлшерде өлген және адам мен жануарлар үшін қауіпті емес гельминттер болған балық өнімі "жарамсыз" разрядына ауыстырылады және кәдеге жаратуға жіберіледі (мал шаруашылығы үшін балық ұнын қайта өңдеу мақсатында).

      60. Гидробионттардың (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскілер, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар) дене қуыстары мен ішкі ағзаларында) оптикалық құралдар мен үлкейтетін жүйелерді қолданбай-ақ көрінетін паразиттер болғанда гидробионттар (жаңа ұсталған, салқындатылған, тоңазытылған) паразиттер мен ішкі ағзалардан алып тастау үшін технологиялық өңдеуге жіберіледі.

      61. Адам мен жануарлардың денсаулығы үшін қауіпті гельминттер бар балық өнімдеріне сынақ зертханалары өкілдерінің, тауар өндірушілердің (өнім беруші) қатысуымен тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және ветеринарлық қадағалау органдарының актісі жасалады.

      62. Жалпақ лентец өркенқұрттары жұқтырылған шартты түрде жарамды балықты зарарсыздандыру осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес ас тұзының ерітіндісін қолдану арқылы жүргізіледі.

      63. Қиыршығыс албырт балықтарының D. Klebanovskii (D. Luxi) дифиллоботриоздары қоздырғыштарының өркенқұрттарынан зарарсыздандыру барлық өнеркәсіптік тұздау тәсілімен, балықтың жон етіндегі тұздың үлес салмағы 5% жеткізілгенде жүргізіледі. Жылы тұздықта тұздалған кезде қиыршығыс албырттарының әр қабатын кемінде 8 тәулік бойы тұздау керек.

      64. Ақсаха, албырт және хариус балықтарды шағала летецінің өркенқұрттарынан зарарсыздандыру 10 тәулік бойы балық етіндегі тұздың салмақтық үлесі 8-9%-ға жеткенде әлсіз аралас тұздау (тұздықтың тығыздығын 1,18-1,19) арқылы жүргізіледі. Салқындатылған түрке балықтың ішек-қарны тұздалады.

      65. Балықтарды описторхид (описторхис, псевдамфистомды, клонорхис), метагонимус және нанофиетус өркенқұрттарынан зарарсыздандыру осы Нұсқаулыққа  3-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес тоңазыту режимін сақтау кезінде және күшті әрі әлсіз аралас тұздық (1-ші күнгі тұздықтың тығыздығы плюс 1 - плюс 2 о С температурада 1,20) қолданыла отырып, балық етіндегі тұздың салмақтық үлесі 14%-ға жеткенде қамтамасыз етіледі. Бұл ретте мыналарды тұздаудың ұзақтығы:
      1) теңгебалық, үкішабақ, сида балық - 10 тәулік;
      2) торта, тарақ, тарғақ, қызылқанатты балық, қылышбалық, ақмарқа, шегіркөз, майда аққайрандар (25 см дейін), табан, оңғақ балық - 21 тәулік;
      3) ірі балықтарды (ұзындығы 25 см астам) аққайран, табан балық, оңғақ балық - 40 тәулік;
      4) балықтардың тұздау деңгейі әртүрлі болмау үшін, әр ванна үшін жүкке арналған ағаш торшалар дайындалады;
      5) "шартты түрде жарамды" балықтарды әлсіз немесе аз уақытта тұздауға оны осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаның 2-кестесінде көзделген режимде алдын ала тоңазытқаннан кейін рұқсат етіледі.

      66. "Шартты түрде жарамды" мыналарға арналған теңіз балықтары (майшабақ, скумбрия, атлантикалық және тынық мұхиттық албырттар) алдын ала тоңазытылуға тиіс:
      1) салқындатылып ыстауға арналған, онда балықтың ішкі температурасы минус 60 о С-тан кемді құрайды;
      2) ыстауға дейін алдын ала тоңазытылмаған салқындатылып ысталған балық өнімі (ішкі температурасы 60 о С-тан кем) ысталғаннан кейін тоңазытылады, сондай-ақ тұздауға дейін тоңазытылатын тұзды теңіз өнімдері тұздалғаннан кейін тоңазытылады;
      3) маринатталған және тұздалған балық өнімдерін өндіру үшін;  
      4) прессервтерді дайындау үшін.

      67. Құрамында анизакидиктердің тірі өркенқұрттары және адам мен жануарлар үшін қауіпті гельминттер бар теңіз балықтары, шаян тәрізділер, моллюскілер, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар олардың дене температурасының, осы температураның қолданылу уақытының көрсеткіштері мен осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес сақтау шарттарында тоңазыту арқылы залалсыздандырылады.

      68. Балықтың уылдырықтарын жеке өнім ретінде тұздаған кезде жалпақ қияқұрт өркенқұрттарынан залалсыздандыру мынандай тәсілдермен жүзеге асырылады:
      1) жылы тұздау (плюс 15 о С - плюс 16 о С температурада) тұздың мөлшері (уылдырықтың салмағына пайызбен) мынадай болғанда жүргізіледі: 12% - 30 минут; 10% - 1 сағат; 8% - 2 сағат; 6% - 6 сағат;
      2) салқындатып тұздау (плюс 5 о С - плюс 6 о С температурада) тұз бен уылдырықтың ара қатынасы сондай болғанда екі есе артық жүргізіледі;
      3) шағаланың жалпақ қияқұртын жұқтырған ақсаха және басқа да балықтарды салқындатып тұздау, 12 сағат бойы тұздың уылдырықтағы салмағы 5% мөлшерде болғанда жүргізіледі.

      69. Балық өнімі залалсыздандыруға кепілдік беретін тоңазыту режимін қамтамасыз ету мүмкін болмағанда, тек ыстық термиялық өңдегеннен немесе зарарсыздандырылғаннан (консервілер) кейін ғана тамақтану мақсатында пайдаланылады.

      70. Теңіз шикізаттарынан жасалған ысталған балық өнімін плюс 45 о С - плюс 60 о С температурада дайындау алдын ала тоңазытылғаннан кейін жүргізіледі.

      71. Салқындатылған аққайранды қақталған және салқындатылып ысталған балық өнімдерін өндіру үшін пайдалануға тыйым салынады. Аққайран және торта балықтан жасалған қақталған және салқындатылып ысталған балық өнімін тек алдын ала тоңазытылған шикізаттан ғана өндіруге болады.

      72. Балықты үлес бөлшектермен қайнаған сәттен бастап кемінде 20 минут, балық тұшпарасын - кемінде 5 минут пісірген жөн. Шаян тәрізділер мен моллюскілер 15 минут бойы қайнату арқылы залалсыздандырылады.

      73. Балықты (балықтан жасалған котлеттер) кемінде 100 грамм (бұдан әрі - г) үлес бөлшектермен кемінде 15 минут бойы, 100 гр-нан астам балық бөлшектерін кемінде 20 минут қуыру керек. Ұсақ балықтар тұтас 15-20 минут бойы қуырылады.

      74. "Шартты түрде жарамды" балық өнімдері мен "жарамсыз" балық өнімдерін қайта өңдеу кезінде алынған қалдықтар жануарлардың жемшөбі үшін балық ұнын өндіруге жіберіледі немесе қайнаған сәттен бастап 30 минут бойы пісіріледі. Қайта өңдеу үшін жағдай болмаған кезде тамақтану мақсатындағы қалдықтар мен жарамсыз балық өнімі биотермальдық шұңқырларға көміледі. Оларды су айдындарына және қоқыс үйінділеріне тастауға болмайды.

      75. Су айдындарын (Ырғыз-Торғай және Обь-Ертіс су бассейндері (Ертіс, Торғай, Ырғыз, Қабырға, Шортанды, Шідерті, Нұра, Сары-су, Сарықопа және Қорғалжын өзендері) Ертіс-Қарағанды арнасының су қоймаларын, Ақтөбе облысындағы Сағыз, Ойыл, Темір), Батыс Қазастан және Атырау облыстарындағы Орал өзенін (Бағырлай өзенінің тармағы) эпидемиологиялық бағалау үшін жыл сайын зооантропонозды гельминттер қоздырғыштарының әрбір аралық және қосымша иелері түрлерінің 25 дарағы (кәсіпшілік мөлшері) зерттеледі. Егер зерттеудің теріс нәтижесі бойынша су айдыны қолайлы деп есептелсе, зерттелетін даналары теріс нәтижесінде еселенеді. Қолайлы су айдынында зооантропонозды гельминттер қоздырғыштарының аралық және қосымша иелері болған кезде зерттеу әрбір 3 жыл сайын жүргізіледі.

      76. Балық шаруашылығы су айдынында гельминтоздардың қоздырғыштарын жұқтырған балықтар, шаян тәрізділер, моллюскілер, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар табылған кезде су айдыны мен барлық балық өнімі "шартты түрде жарамды" деп есептеледі.

      77. Балық пен басқа да теңіз өнімдері арқылы берілетін гельминтоздарға тексеруге мынадай халық топтары жатады: гепатобилиарлық жүйесінің ағзалары, асқазан-ішек жолдарының зақымдалу белгілерімен, аллергия құбылыстарымен медициналық көмекке жүгінген науқастар; су көлігі және балық өңдеу ұйымдарының жұмыскерлері, балықшылар (кәсіби және әуесқойлар) мен олардың отбасы мүшелері.

      78. Барлық анықталған науқастар арнайы емдеуге және кейіннен диспансерлік қадағалауға жатады. Бақылаулық тексерудің мерзімдері нәжісін әрі дуоденальдық сөлін екі рет зерттеумен және гельминтизациядан төрт-бес ай кейін екі апталық үзіліспен белгіленеді.

  6. Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу

      79. Эхинококкоздың табиғи ошақтарындағы санитарлық-гельминтологиялық зерттеу аңшылық маусымының басталуына және аяқталуына орайластырылады, бұл ретте аңшылардың, бақташылардың уақытша болатын орындары (қыстақтар, үйшіктер), олардың маңындағы аумақтар, аңшылық учаскелерінің кеңселері, тері шеберханалары зерттеледі.

      80. Қалалар мен аудандарда иттердің ветеринарлық есебі мен тіркеу жүргізіледі, босқын иттер мен мысықтар жойылады. Отардағы, күзеттегі аңшылық иттер жануарларды өріске айдардың және аңшылардың аң аулауға шығар алдында 5-10 күн бойы алдын ала дегельминтизацияланады.

      81. Зарарсыздандырылмаған (шикі, термиялық өңделмеген) ауылшаруашылығы жануарларын сою қалдықтарымен иттерді тамақтандыруға болмайды.

      82. Мүйізді ірі қара малды, қойды, шошқаны, бұғыларды сою ветеринарлық-санитарлық ережелердің талаптарына сай жүргізіледі. Эхинококкпен зақымдалған барлық сою өнімдері мал көмілетін жерге апарып көміледі, ол болмаған кезде арнайы пеште жағылады.

      83. Бағалы терісі бар аңдар ауланатын орындарда (елді мекендерде, аңшы қыстақтарында) аң терілерін сыпыруға және бастапқы өңдеуге, зақымдалған тұшаларды жинау мен оларды кәдеге жаратуға арналған арнайы үй-жайлармен жабдықталады. Үй-жайлар санитарлық және өндірістік қажеттілікке арналған судың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Еден, қабырғалар мен жабдықтар тегіс болуы тиіс. Үй-жайдың қабырғалары мен жабдықтары қатты қайнаған сумен немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялық құралдармен өңделеді, ал терілерді өңдеудің қалдықтары жағылады. Мұндай үй-жайлара тамақ ішуге, тамақ өнімдерін сақтауға және темекі шегуге болмайды.

      84. Терісі бағалы аңдарды (қара-күміс түсті түлкілер, песецтер) вольерлік ұстау ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкес келуі тиіс. Оларды альвеококкпен, су тышқандар мен басқа да кеміргіштердің тұшашығымен зақымдалған жануарлардың дайын өнімдерімен тамақтандыруға болмайды. Жылына екі рет бағалы терісі бар аңдарды копровоскопиялық ішінара бақылаулық тексеру жүргізіледі. Инвазияланған жануарлар табылған кезде оларды 3 сағат ішінде 10% хлорлы ізбес ерітіндісімен өңдеу жолымен кейіннен экскременттерін зарарсыздандыра отырып, барлық мал басын дегельминтизациялайды. Аң аулау орындарында су тышқандар мен басқа да кеміргіштердің тұшашықтары жағылады.

      85. Эхинококкозға және альвекоккозға мынадай контингенттерді тексеру жүргізіледі:
      1) мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің, санаторийлердің балалары, жалпы білім беру және интернат ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары;
      2) көкөністерді, жемістерді, асхана көктерін өсірумен айналысатын фермалардың, шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтарының жұмыскерлері;
      3) эпидемиологиялық көрсеткіштер (ауру көрсеткіші 100 000 халыққа шаққанда 1,0-ден астам болған елді мекендер) болған кезде қауіп тобының адамдары: малшаруашылық фермаларының, ет өңдейтін ұйымдардың, мал сою пункттерінің, аңшылық фермаларының, қорықтардың, хайуанаттар парктерінің, үлпек жүнді-тері шикізаттарын қайта өңдеу жөніндегі шеберханалардың жұмыскерлері, шопандар, аңшылар, жануарларды кәдеге жарату мен көму объектілерінің жұмыскерлері, аталған кәсіп иелерінің отбасы мүшелері, ветеринарлық қызметкерлер, иттердің иелері;
      4) эхинококкоз бойынша бұрын операция жасалған немесе диспансерлік есепте тұрған адамдар;
      5) медициналық айғақтар бойынша стационарлық және амбулаториялық науқастар.

      86. Ошақты эпидемиологиялық тексеру кезінде контактіде болған адамдарды копроовоскопиялық тексеру және көкөністер, топырақ, сарқынды сулар, тұрмыстық заттар шайындылары сынамаларын санитарлық-гельминтологиялық зерттеу жүргізіледі. Ошақ отбасы мүшелерін және қоршаған орта объектілерін жыл сайын зертханалық тексере отырып, екі жыл бойы қадағаланады.

      87. Шағын ошақтарды есептен шығару өлшемдері мыналар болып табылады: қадағалау мерзімінің ішінде қайта анықталған науқастар мен берілу факторларында гельминтоздар қоздырғыштарының тіршілік етуі.

      88. Ошақты эпидемиологиялық тексеру кезінде контактіде болғандарды серологиялық (иммунологиялық) тексеру және көкөністер, топырақ, сарқынды сулар сынамаларын санитарлық-гельминтологиялық зерттеу жүргізіледі.

  7. Аскаридоз бен трихоцефалездің
алдын алу іс-шаралары

      89. Аскаридоз бен трихоцефалездің алдын алу жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
      1) топырақтың, онда өсірілетін көкөністердің, жемістердің, жидектердің, асхана көктерінің, сондай-ақ термиялық өңдеусіз тамақта пайдаланылатын тағамдардың гельминттер қабыршақтарымен ластануының алдын алуды;
      2) инвазия көздерін анықтауды;
      3) инвазияның шағын ошақтары мен ошақтарында сауықтыру жүргізуді;
      4) инвазия ошақтарында (шағын ошақтарында) санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу;
      5) сауықтыру іс-шараларының тиімділігіне талдау және бағалау.

      90. Аскаридоз бен трихоцефалезді азайту жөнінде жүргізілген іс-шаралардың көлемі мен сипаты ошақтағы халықтың зақымдалу деңгейімен, климаттық жағдаймен, тұрмысының, шаруашылық қызметінің ерекшеліктерімен, эпидемиологиялық ерекшектерімен және санитарлық-гельминтологиялық мониторингтің нәтижесімен айқындалады.

      91. Клиникалық-диагностикалық зертханалардың аскаридозбен, трихоцефалезбен ауыратын науқастарды анықтау жөніндегі жұмыстың тиімділігін бағалау және геогельминтоздардың ошақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды нақтылау мына контингентті ішінара тексеру жолымен жүргізіледі:
      1) бала-бақшадағы балаларды (3-7 жастағы);
      2) мектеп жасындағы балаларды (7-14 жастағы);
      3) санитарлық тұрғыдан қолайсыз нашар жеке меншік үй, пәтер иелері, сондай-ақ асқазан-ішек ауруларымен ауыратын ересек адамдарды;
      4) ауылдық және аудандық жерлердің, сондай-ақ көкөніс, жеміс, асхана көгін өсірумен, сатумен айналысатын фермерлік, шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтардың жұмыскерлері;
      5) медициналық көрсеткіштері бар стационарлық және амбулаториялық-емханалық аурулар.

      92. Гельминтоздарға контингенттерді тексерудің толық қамтылуын, мерзімдері мен тиімділігін бақылауды тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы жылына кемінде бір рет ішінара жүргізеді.

      93. Инвазияланған адамдар анықталған кезде паразитолог (паразитологтың көмекшісі) эпидемиологиялық тексеруді және аскаридоздың, трихоцефалездің шағын ошақтарында есепке алуды (паспорттауды) жүргізеді және инвазиялануға әкелген мынадай негізгі жағдайларды ескере отырып, жұқпалы аурудың ошағын эпидемиологиялық тексеру картасын (357/у есептік нысаны) толтырады:
      1) ауланың санитарлық жағдайы;
      2) дәретхананың болуы және оның жағдайы;
      3) үй жануарларының болуы;
      4) шағын ошақ мүшелерінің жеке бас гигиенасын сақтауы;
      5) тыңайтқыш ретінде бақшада залалсыздандырылмаған нәжісті пайдалану;
      6) бақшада өсірілетін дақылдардың тізбесі.

      94. Эпидеиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарды гельминтоздарға тексеруді (геогельминтоздардың шағын ошақтарында) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының паразитология зертханаларының мамандары жүргізеді.

      95. Дәрігер-паразитолог (паразитологтың, эпидемиологтың көмекшісі) жылына кем дегенде бір рет жоспарлы және клиникалық айғақтар бойынша гельминтологиялық тексеруге жататын адамдардың тізіміне сәйкес контингенттерді толық қамтуды жүргізеді.

      96. Бақылаулық тексеру процесінде анықталған барлық инвазияланған адамдардың тізімдері есепке алу және кейіннен емдеу үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық ұйымдарға жіберіледі (стационарда инвазияланған анықталған жағдайда емдеу стационардан шығарылғанға дейін жүргізіледі).

      97. Желтоқсанның екінші жартысынан бастап наурызға дейін айларда ішінара топты бақылаулық тексеру жүргізіледі, оны барлық емдік және санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шаралар кешенінің эпидемиологиялық тиімділігін есепке алу үшін тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы айқындайды.

      98. Эпидемиологиялық айғақтар бойынша аскаридоз бен трихоцефалездің шағын ошағында инвазияланған адамдардың (контактіде болғандар) барлық отбасы мүшелерін міндетті түрде копроовоскопиялық тексеру және одан әрі екі жыл ішінде шағын ошақты қадағалау жүргізіледі (шағын ошақты сауықтандырудың мерзімдерін тиісті аумақтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы белгілейді).

      99. Геогельминтоздардың шағын ошақтарын есептен шығаруды тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының және медициналық ұйымның мамандары жүзеге асырады. Шағын ошақтарды есептен шығару өлшемдері мыналар болып табылады: қайта анықталған науқастардың болмауы және қадағалау мерзімінде берілу факторларында гельминтоздар қоздырғыштарының тіршілік етуі.

      100. Егер екі жыл ішінде отбасы мүшелерінің біреуінде де аскаридалардың бөлінуі байқалмаса және екінші жылдың аяғына қарай екі рет бақылаулық тексеру кезінде аскаридоз анықталмаса, мұндай адамдар олардың толық сауығуына байланысты есептен шығаруға жатады. Бұл ретте қора-қопсының, тұрғын үй-жайдың санитарлық жай-күйі, тұрғындардың санитарлық-гигиеналық білімдер мен дағдыларды біліп үйрену деңгейі ескеріледі.

      101. Трихоцефалез кезінде жүргізілген сауықтыру іс-шараларының тиімділігі туралы мәселені шешу үшін профилактикалық емдеуден екі жетіден кейін бақылаулық тексеру жүргізіледі.

  8. Энтеробиоздың, гименолепидоздың, стронгилоидоздың
алдын алу

      102. Энтеробиоздың, гименолепидоздың, стронгилоидоздың алдын алу жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
      1) энтеробиозға бір рет тексерілгенде 15% және одан астам инвазияланғандар анықталған балалар ұйымдарында барлық балалар сауықтырылады (14-21 күн аралығымен екі рет антигельминтиктерді тағайындау);
      2) емдеу кезеңінде балаларды мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарына барудан; қоғамдық тамақтану, сауықтыру объектілерінде, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында, жүзу бассейндерінде, ал стронгилоидозда - шошқа шаруашылықтарында жұмыс істейтін адамдарды жұмыстан босатуды;
      3) балалар мен ересектерге гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды;
      4) төсек керек-жарақтарын, киім-кешектерді (ыстық үтекпен үтектеу), кілемдерді (жазда күнге, қыста аязға ұстау, камералық дезинфекция әдісін пайдалану), жұмсақ ойыншықтарды (кейіннен шаңын жағу арқылы шаңсорғышты қолдану, ультракүлгінмен сәулелендіру), жиһазды, жабдықты, спорт мүкәммалын, есік тұтқаларын, баспалдақ сүйеніштерін, қатты пластмассадан жасалған ойыншықтарды (сабынды-сода ерітіндісімен өңдеу) гельминттердің қабыршақтарынан зарарсыздандыру;
      5) сабынды-сода ерітіндісін (хлорлы әктің және хлораминнің ерітіндісі гельминттердің қабыршақтарын өлтірмейді) пайдалана отырып, кейіннен қайнаған сумен өңдеу арқылы үй-жайды ылғалды тазалау жұмыстарын (күніне екі рет) жүргізу.

      103. Диспансерлік бақылаудың мерзімдері:
      1) энтеробиоз кезінде - дегельминтизациядан 10-14 күннен кейін, 1-3 аралығында перианальды қырынды алумен екі рет зерттеу;
      2) гименолепидоз кезінде - алты ай бойы дегельминтизациядан кейін бір рет зерттеу: алғашқы екі айда екі жеті сайын, одан әрі - ай сайын;
      3) стронгилоидоз кезінде - қадағалау ұзақтығы - екі ай: бірінші айда - нәжісті үш рет, екінші айда - бір рет зерттеу.

      104. Жануарлар немесе қордалар бар цехтар мен учаскелерде арнайы киіммен және қолғаппен жұмыс істеген жөн. Арнайы киіммен цехтан және шошқа тұратын жерден таза үй-жайға баруға, жануарлар тұрған үй-жайды тамақтану үшін пайдалануға болмайды.

      105. Шошқа шаруашылығының барлық жұмыскерлерді жұмысқа қабылдар алдында гельминттерге (стронгилоидоз) тексере отырып, алдын ала медициналық қараған жөн және олар бұдан әрі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мерзімдік медициналық қарауға жатады.

      106. Стронгилоидозбен ауыратындар стационарлық жағдайда арнайы және патогенді ем алады.

      107. Стронгилоидозбен ауыратындардың нәжісі Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандырылады.

      108. Медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханаларының және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары паразитология зертханаларының персоналы зерттеу жүргізген кезде жеке резеңке қолғапты пайдалануға тиіс.

      109. Мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарын қоршаған орта объектілерінде, созылмалы психиатриялық науқастар үшін шошқа шаруашылықтарында стационарларда, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде гельминттердің алдын алу мақсатында мыналар зерттеледі:
      1) қатты және пластмассадан жасалаған ойыншықтардан, мүкәммалдан, арнайы киімдерден, аяқ киімдерден, қолдан, киім ілетін шкафтардан, есік тұтқаларынан, шаруашылық мүкәммалы сүйеніштерінен, жануарларға арналған қармақжемдер мен қоршаулар;
      2) жұмсақ ойыншықтардан, кілемдерден, төсек керек-жарақтарынан, еденнен, арнайы киімдерден алынған шаң;
      3) ойын алаңдарынан, аула аумағынан, шошқа шаруашылығынан топырақты топырақ (құмды).

      110. Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының аумақтарында, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде, шошқа шаруашылығында және жеке меншік үйлерде спорт мүкәммалын, нәжісті (горшоктан), топырақ пен басқа да қоршаған орта объектілерін гельминттердің қабыршақтарынан зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралар осы Нұсқаулыққа  4-қосымшада жазылған.

  9. Тропикалық аурулардың алдын алуға
және оларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар

      111. Қызметі тропикалық белдіктегі елдерге қызметкерлердің іссапарға баруымен, туристік саяхаттарға байланысты ұйымдар барушыларды тропикалық ауруларды жұқтыру мүмкіндігі және алдын алу (сары қызбаға қарсы егу, тропикалық безгектің химиялық алдын алу, жәндіктердің шағуынан қорғану) шараларын сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді.

      112. Адамдарды кешкі және күңгірт мезгілдерде жәндіктердің шағуынан қорғану үшін қорғаныш киімдерін (жеңі ұзын киім және ұзын балақты шалбар) пайдаланған, дененің ашық жерлеріне репеллент жаққаны, терезелер мен есіктерді торлаған, төсек үстінде репеллент шағылған қорғаныш құралы қарастырылған жөн. Жәндіктер табылған жағдайда инсектисидті аэрозольмен өңделеді немесе электр фумигатор қолданылады.

      113. Лейшманиоз ошақтарында уақытша болған жағдайда, аурудың алдын алу мақсатында жас шамасына байланысты мөлшерлеуге сәйкес хлоридин немесе тиндурин (жетісіне 1 рет), ошақтарда тамақ өнімдеріне немесе салқындатылған сусындарға қосылатын вухерериоз, бругиоз және лоаозо - дитразин (диэтилкарбамазин) қолданылады.

  10. Церкариоздың алдын алу

      114. Су айдындарының суымен пайдаланған кезде церкариоздың алдын алу мақсатында сақталуы тиіс:
      1) шомылу, кір жуу, суда ойнау, балық аулау кезінде өкпе моллюскілері - аралық иелері шистосоматид тіршілік ететін және оларды адамдардың жұқтыру қаупі неғұрлым басым су өсімдіктері өсіп кеткен таяз жерлерден алшақ болу керек. Ашық жағалау аймақтары (өсімдіктер жоқ) қауіпсіздеу. Үйректер көптеп тіршілік ететін су айдындарында (немесе өзге де аймақтарда) адамдардың церкариозды жұқтыру қаупі бар;
      2) суда ұзақ уақыт болғанда (тоған шаруашылықтарындағы жұмыс, су өсімдіктерін жинау, гидробиологиялық зерттеу) қорғаныш киімдері мен аяқ киімдерді (еттіктер, шалбар, көйлек) қолданылады;
      3) су айдынындағы "күдікті" аймағының суына түскеннен кейін қатты сүлгімен немесе құрғақ шүберекпен теріні мұқият сүртеді, суланған киім ауыстырылады. Таяз суда немесе сулы өсімдіктің үстінде жалаң аяқ жүрген кезде әрбір екі-үш минут сайын аяқты сүрткен жөн (шистосоматид өркенқұрттары үш-төрт минут ішінде аяқтың эпидермисіне енеді);
      4) репелленттер (диметилфталат, диэтилтолуаммид) немесе олардың негізінде жасалған кремдер мен майлар пайдаланылады. Теріге жағылған репелленттер шистоматид өркенқұрттарынан 1,5-2 сағат бойы қорғайды.

      115. Қаланың рекреациялық аймақтарында церкариоздың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешені мыналарды қамтиды:
      1) жыл сайын су айдындарын тағамдық және тұрмыстық қалдықтармен ластанудан, олардың адамдар көбірек баратын жерлерін су өсімдіктерінен қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізуді;
      2) су айдындарының жағалауын (немесе барлық жерлерді) көркейтуді (бетондау, асфальттау).

                                           "Паразиттік аурулардың
                                           алдын алу" санитарлық-
                                           эпидемиологиялық ережесі
                                               мен нормаларына
                                                   1-қосымша

      1-кесте "Дүниежүзі елдерінде безгектің таралуы және оның
химиялық алдын алу"

Континент,
ел, өңір

Химиялық алдын
алу препараттары

Безгектің берілу кезеңі
және  ел ішіндегі аймақтар

Азия және Океания

Ауғаныстан

делагил+
прогуанил

  Мамырдан қарашаға дейін,
2000 метрден төменгі
аймақта, тропикалық безгек
елдің оңтүстігінде
жекелеген аймақтарда

Бангладеш

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, Даккиден басқа,
барлық жерде, орманды және
оңтүстік шығыс шекарасы
бойындағы аудандарда.

Бутан

Делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, үндімен
шекаралас 5 провинцияда:
Ширанг, Гайлегпуг, Самчи,
Самдрупионгхар және Шемганг

Вануату

мефлохин 

  Жыл бойы Футуна аралынан
басқа, жер-жерде

Вьетнам

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, орталық
өндірістік аудандардан
және  Қызыл өзен
дельтасынан басқа, барлық
жерде, делагилге және
фансидарға жоғарғы
тұрақтылығы

Үнді

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, Химакал Прадеш,
Джамма және Кашмир, Сикким
аудандарынан басқа, барлық
жерде, делагилге жоғарғы
тұрақты жекелеген штаттарда

Индонезия

делагил+ прогуанил

  мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, Джакарта мен
ірі қалалардан, Ява мен
Бали аралдарындағы ірі
туристік орталықтардан
басқа, барлық жерде
Ириан Джайя аумағында

Иран

делагил (хлорохин)
 
 

    делагил+ прогуанил

  Наурыздан қазанға дейін,
әсіресе Систан-Белуджистан,
Хормозган мен Керман
провинцияларында.

Елдің оңтүстік шығысында

Ирак

делагил (хлорохин)

  Мамырдан қазанға дейін,
негізінен солтүстікте 1500
метр төмен (Духок, Эрбиль,
Тамим, Ниневия, Сулеймания,
Басра провинциялары)

Йемен

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, Адена және
әуежай ауданынан басқа,
барлық жерде, қыркүйектен
ақпанға дейін

Камбоджа

мефлохин (лариам)
 

  доксициклин

  Жыл бойы Пномпенядан
басқа, Ангкорват туристік
орталықтарды қоса алғанда,
барлық жерде
  Батыс провинцияларда

Кытай
халық
республикасы

делагил (хлорохин)
 

              мефлохин (лариам)

  33 солтүстік енділіктен
(бұдан әрі - с.е.)
солтүстікке қарай шілдеден
қарашаға дейін, 33 пен 25
с.е. аралығында -
мамырдан желтоқсанға дейін,
солтүстік енділіктен
оңтүстікке қарай - жыл
бойы тек ауылдық
аудандардан 1500 метрден
төмен. Берілген белгілері
жоқ: Хеилонгджанг, Жилин,
Неи Монгол, Ганьсу, Пекин,
Шанхай, Цингхай, Синцзян.

  Тропикалық безгекті
аудандарда - Хайнань, Юнань

Лаос

мефлохин 

  Жыл бойы, Вьентьянан
басқа, жер-жерде

Малайзия

делагил+ прогуанил

  мефлохин (лариам)

  Ел ішіндегі тек шектелген
ошақтарда және Саравакада.
Безгектен бос қала және
өзен жағалауларының
аймақтары
Сабахеда жыл бойы

Мьянмар

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы - Карен,
наурыздан желтоқсанға дейін
- Чин, Качин, Мон, Рахин,
Шан, Пегу, Каях, сәуірден
желтоқсанға дейін
Тенасеримнің ауылдық
аймақтарында,  мамырдан
желтоқсанға дейін - 
Иравадиде  және 
Мандалайдың ауылдық
аймақтарында,  маусымнан
қарашаға дейін - Магвода
және Сагаингте

Непал

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы Терай
дистриктінің ауылдық
аймақтарында және үндімен
шекараның бойында

Біріккен Араб
Эмираттары

делагил+ прогуанил

  Таулы солтүстік
аудандардың жазықтарында.
Абу Даби, Дубай, Шарджа,
Аджман в Ум аль Хаюмде
қауіп жоқ.

Оман

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, барлық жерде,
2000 метрден төмен

Пәкістан

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, барлық жерде,
2000 метрден төмен

Папуа -
Жаңа Гвинея

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде,
1800 метрден төмен,
P.vіvax, хлорохинге шыдамды

Сауд
Аравия

делагил+  прогуанил

  Жыл бойы батыс және
оңтүстік провинцияларда,
Джиддеде, Мединеде,
Меккеде, Таифеде қауіп жоқ

Соломоновтар
аралы

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде,
аралшықтардан басқа
Оңтүстікке және Оңтүстік
шығысқа қарай

Сирия

делагил (хлорохин)

  Мамырдан қазанға дейін,
елдің солтүстік шығыс
елдерінің бірнеше ошақтарда

Тайланд

мефлохин (лариам)

  доксициклин

  Жыл бойы, Бангкок,
Паттайя, Пхукет,
Чиангмайдан басқа, барлық
ауылды орманды аудандарда,

  Камбоджа мен Мьянмароммен
шекаралас хинин және
мефлохинге шыдамды
аймақтарда

Филиппиндер

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, барлық жерде,
600 метрден төмен
аудандарда. Бохол,
Катандуан, Себу
провинцияларында және
барлық қалаларда қауіп жоқ

Шри-Ланка

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, Коломбо,
Калутара, Нувара Элия
дистриктілерінен басқа
барлық жерде

Тәжікстан

делагил (хлорохин)

  Мамырдан қазанға дейін
Хатлон, Ленинабад
областарында, ГБАО, 
Душанбе қаласында

Өзбекстан

делагил (хлорохин)

  Мамырдан қазанға дейін,
Тәжікстанмен шекаралас
Сурхандария облысында қауіп
азырақ

Әзербайжан

делагил (хлорохин)

  Мамырдан қазанға дейін,
Иран мен Грузиямен
шекаралас Құра-Арақсы және
Ленқоран аудандарында

Африка

Алжир

ұсынылмайды

  Ихрирдегі ошақтың қаупі
шектелген (Иллизи
департаменті)

Ангола

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде

Бенин

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде

Ботсвана

делагил+ прогуанил

  Қарашадан мамыр-маусымға
дейін солтүстік Ботети,
Чобе, Нгамиленд, Окаванго,
Тутуме аймақтарында

Буркина-Фасо

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Бурунди

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Габон

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Гамбия

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Гана

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Гвинея

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Гвинея-Бисау

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Джибути

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Египет

делагил 

  Маусымнан қазанға дейін
Эль Файумда

Заир

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Замбия

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Зимбабве

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы Замбези өзенінің
жазығында,  қарашадан
маусымға дейін - 1200
метрден төмен аймақтарда.
Хараре және Булавайода -
жұқтыру қаупі төмен

Камерун

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Капо-Верде

ұсынылмайды

  Қыркүйектен қарашаға дейін, тек Сантьяго аралы

Кения

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, қорықтарды қоса
алғанда барлық жерде,
Найробиде 2500 метрден
жоғары аймақтарда қауіп
төмен.

Конго

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Кот Дивуар

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Комор
аралдары

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Либерия

Мефлохин

  Жыл бойы, барлық жерде

Маврикий

ұсынылмайды

  Жыл бойы Родригес
аралынан басқа, кейбір
ауылдық аймақтарда

Мавритания

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, солтүстік
аймақтардан басқа, барлық
жерде. Адраре және
Инширида тек жауын
маусымында қауіпті (шілде-
қазан)

Мадагаскар

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде,
әсіресе жағалаулардағы
аймақтарда

Малави

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Мали

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Марокко

ұсынылмайды

  Мамырдан қазанға дейін
жекелеген ауылдық
аудандарда: Хемиссет, Бени
Меллал, Хенифра, Таза,
Лараш Хурибда, Сеттат,
Шершоен

Мозамбик

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Намибия

делагил+ прогуанил

  Қарашадан мамыр-шілдеге
дейін солтүстік аудандарда,
жыл бойы - Каванго
жазықтарында

Нигер

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Нигерия

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Сан-Томе және
Принсипи

мефлохин (лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде

Свазиленд

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Сенегал

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Сомали

делагил+ прогуанил

  Жыл бойы, барлық жерде

Судан

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Сьерра-Леоне

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Танзания

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде,
1 800 метрден төмен

Того

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Уганда

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Орталық
Африка
Республикасы

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Чад

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Экваторлық  Гвинея

мефлохин 

  Жыл бойы, барлық жерде

Эритрея

мефлохин 

  Жыл бойы, Асмардан басқа,
барлық жерде

Эфиопия

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, Аддис-Абебеден
басқа,  2000 метрден төмен
барлық жерде

Оңтүстік
Африка
Республикасы

делагил+
прогуанил

  Жыл бойы биік аймақтарда,
Трансваальдің солтүстігі
мен шығысындағы қорықтарды
қоса алғанда, солтүстік
шығыс Наталядан Түгел
өзеніне дейін

Орталық және Оңтүстік Америка

Аргентина

делагил
(хлорохин)

  Қарашадан мамырға дейін
ауылдық аудандарда, 1 200
метрден төмен Боливия және
Парагваймен шекаралас
провинцияларда

Белиз

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы, қалалық
аймақтардан басқа барлық
жерлерде

Боливия

делагил
(хлорохин)

      мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, Оруро
департаментінен басқа, 2500
метрден төмен барлық жердегі
ауылдық аудандарда, Ингави,
Андес, Омасуйос, Пакайес
провинциялары, сондай-ақ
Потози департаментінің
оңтүстігі мен орталығында.
  Бразилиямен шекаралас
аудандардың Бени және Пондо
департаменттерінің
солтүстігінде тропиктік
безгектер бар

Бразилия

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, 900 метрден төмен
ауылдық аудандарда Амазонка
өзенінің бассейінінде. Таукен
және ауылшаруашылық
зоналарында қауіп жоғары

Венесуэла

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы ауылдық аудандарда, әсіресе Сукреде, Боливарда, Амазонаста, Апуреде, Баринаста, Дельта Амакурода, Меридада, Монагаста, Португуэсада, Тачирада, Зулиядада

Гаити

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы, барлық жерде, 300
метрден төмен, ауылдық
аудандарда және қала
жанындағы мекендерде

Гайана

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, солтүстік - батыс
және Померун өзенінің
бойындағы аймақтарды қоса
алғанда, елдің ішкі
аудандарында

Гватемала

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы, 1 500 метрден
төмен Альта Верапас, Баия
Верапас, Чимальтенанго,
Уэуэтенанго, Изабаль, Петен,
Киче, Сан Маркос, Закапа,
Жутиапа департаменттерінде

Гвиана
Франц.

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде,
елдің ішкі аудандарында

Гондурас

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы Атлантида,
Чолутека, Колон, Эль Параисо,
Грациаса Диос, Вале, Йоро
департаменттерінде, әсіресе 
ауылдық аймақтарда

       Доминикандық
Республикасы

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы, тек тропикалық
безгек, ауылдық аудандардың
барлық провинцияларында:
Барахона, Дажабон, Элиас Пина, Индепенденсиа, Монтекристи, Педерналес, Баника, Эль Лано, Партидо

Колумбия

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, барлық ауылдық
аудандардың 800 метрден төмен
департаменттерінде: Антиохия,
Кордова, Норте де  Сантандер,
Чоко, Тынық мұхит
жағалауларында, Ориноко мен
Амазонияның шығыс жазықтарда

Коста-Рика

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы ауылдық аудандарда
700 метрден төмен Хередиа,
кантонах Матина, Лос Чилес және Таламанка, Централ де Лимона провинцияларында

Мексика

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы жеке ауылдық
аймақтарда. Неғұрлым
зақымдалғандар: Оаксака,
Чиапас, Гуэрреро, Кампеч,
Квинтана, Ру, Синалоа,
Мичоакан, Колима, Табаско,
Идальго

Никарагуа

делагил
(хлорохин)

  Маусымнан желтоқсанға дейін
ауылдық аудандарда, қала
маңындағы Блюфилдс, Бонанза,
Чинандега, Леон. Матагальпа,
Жинотега, Пуэрто Кабеза,
Розита, Сиуна мекендерінде

Панама

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы, Гатун, Байана
өзенініңауылдық аудан-
дарында, Альто Чукунакта,
Дариен, Сан Блас
континентальдық аймағында

Парагвай

делагил
(хлорохин)

  Қазаннан мамырдың соңына
дейін жекелеген ауылдық
аудандарда, Бразилиямен
шекаралас Альто Парана,
Амамбай, Каагуазу, Канендиу и
Сан Педро департаменттері

Перу

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, барлық жерде
ауылдық аудандарда 1500
метрден төмен (Анд жазығы
мен Амазонка бассейінің
жағалауы).
  Бразилиямен, Боливиямен,
Колумбиямен, Эквадормен
шекаралас аудандарда

Суринам

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, Парамарибо
дистриктінен және 5 градус
солтүстік енділіктен
солтүстікке қарай жағалау
аймақтардан басқа, барлық
жерде

Эквадор

мефлохин
(лариам)

  Жыл бойы, 1 500 метрден
төмен Эль Оро, Эсмеральдас,
Гуаяс, Лос Риос, Манаби,
Морано, Сантьяго, Напо
Пастаза, Пичинча, Скумбиос,
Замора-Чинчипе
провинцияларында

Эль
Сальвадор

делагил
(хлорохин)

  Жыл бойы, барлық жерде.
600 метрден төмендікте, жауын
маусымында қауіптілігі
неғұрлым жоғары

      2-кесте "Безгектің химиялық алдын алуда қолданылатын
препараттар" 

N

Препараттар
  немесе
олардың
үйлесімі  1)

Дозалар

  Сызбалар

Ересек-
тер
үшін  2)

        Балаларға  3)

Қауіпті
аймаққа
шығар
алдын-
да  4)

Кел-
геннен
кейін

1-4
жас-
тағы

5-8
жас-
тағы

9-12
жас-
тағы

13-14
жас-
тағы

1

делагил
(хлорохин)

300 мг/
аптасына

1/4

1/2

3/4

3/4

1 апта
ішінде
апта-
сына
1 рет

4 апта
апта-
сына
1 рет

2

делагил
(хлорохин)
+ прогуанил

300 мг/
аптасына200 мг/
күнде-
лікті

1/4

   1/4

1/2

  3/8

3/4

  1/2

3/4

  Ере-
сек-
тер-
дің 
1 до-
засы

3

мефлохин

250 мг/
аптасына

1/4

1/2

3/4

  3/4

1 апта
ішінде
бір рет

4 апта
апта-
сына
1 рет

4

доксициклин

100
мг/күні-
не

    Ұсынылмайды

Ере-
сек-
тер-
дің
1 до-
засы



         1. Жалпы қабылдау мерзімі 4-6 айдан аспауға тиіс, бір жасқа
дейінгі балаларға препаратты қолдану тыйым салынады. Екі қабат
әйелдер үшін: хлорохин + прогуанил  - тек алғашқы 3 айында ғана, 4
айдан бастап мефлохин. Тек мефлохинмен алдын алу аяқталғаннан 3
айдан кейін, доксициклиннен бір аптадан кейін ғана бала көтеруге
болады.
      2. Препараттың есебі негізделіп жүргізіледі.
      3. Сәбилер тобындағы балаларға 5 мг/кг салмақ есебінен қою
шырындағы хлорохин тағайындалады.
      4. Жұғу қаупінің басталу сәтіне қанның қажетті концентрациясы
мен ықтимал әсерін анықтауға қол жеткізілуге тиіс.

                                     "Паразиттік аурулардың
                                             алдын алу"
                                   санитарлық-эпидемиологиялық
                                     ережесі мен нормаларына
                                            2-қосымша

      1-кесте. "Балық өнімінің тағамдық жарамдылығын бағалау
нормативтері және етте өлген әрі адам мен жануарлардың денсаулығы
үшін қауіпсіз паразиттердің гидробионттары (балық, шаян тәрізділер,
моллюскілер, жербауырлар, бауырмен жорғалаушылар) болған кезде оны
тамақ өнімі ретінде сату жағдайы"

Еттегі және гидробионттар
денесінің үстіндегі
паразиттердің
(гельминттердің) түрлері

Коэф-
фици-
ент 1)

Жіті және жоғары қарқынды жұқтырылған дарағының немесе оның бөлшегінің пайызы және балық өнімдерін сату жағдайы

Шектеу-
сіз

Қоғамдық
тамақтану
кәсіпорында-
рында аспаз-
дық өңдеу

Тартылған
етке қайта
өңдеу

Ірі цестодтар (ұзындығы 3
см астам)

0,3

4

12

36

Ірі паразиттік
шаянтәрізділер (ұзындығы
2 см астам) және олардың
еттегі қалдықтары -
Пенелдер және басқалары

0,3

4

16

20

Еттің арасындағы ірі қап
тәрізді ісіктер
(кесіндіде 2 см астам)
шаян тәрізді Саркотацес,
трематодтар дидимозоидтер

0,3

4

4

4

Ұсақ нематодтар
(қалыңдығы 1 мм аспайды)
цестодтар (нибелиниялар)
ұзындығы 1 см аспайды,
шаян тәрізділер (ұзындығы
2 см аспайды), тарандылардың өркен
құрттары және ұсақ
(кесіндіде 1 см дейін)
капсулалары

1,0

4

20

40

Метацеркариялар трематод
(қара дақты немесе
оларсыз)

5,0

20

40

60

      1) 1 кг. балық өніміндегі шекті жол берілетін паразиттердің орташа саны

      2-кесте. "Жіті қарқындылығы (олар болғанда данасы немесе балық өнімінің бөлшегі адамның тамақ өнімі ретінде жарамсыз деп есептелетін паразиттердің саны)"

Балық өнімінің
салмағы
килограмм

Коэффициент (бұдан әрі - К)

К=0,3

К=1,0

К=5,0

Жұқтырудың жіті қарқындылығы
(паразиттер саны)

0,1

1

1

3

0,2

1

1

5

0,3

1

1

8

0,4

1

2

10

0,5

1

3

13

0,6

1

3

15

0,7

1

4

18

0,8

2

4

20

0,9

2

5

23

1,0

2

5

25

1,1

2

6

28

1,2

2

6

30

1,3

2

6

33

1,4

2

8

35

1,5

3

8

38

1,6

3

9

40

1,7

3

9

43

1,8

3

9

45

1,9

3

10

48

2,0

3

10

50

3,0

5

15

75

4,0

6

20

100

5,0

8

25

125

6,0

9

30

150

7,0

11

35

175

8,0

12

40

200

9,0

14

45

225

10,0

15

50

250

                                     "Паразиттік аурулардың
                                            алдын алу"
                                   санитарлық-эпидемиологиялық
                                     ережесі мен нормаларына
                                            3-қосымша

      1-кесте.  "Жалпақ лентецтің өркен құрттары жұқтырылған  шартты түрде жарамды балықты зарарсыздандыру"

Тұздық

Тұздық
тығыз-
дығы

Темпе-
ратура
( 0 С)

Зарарсыздануын
кепілдендіретін
тұздау ұзақтығы

Тұздың еттегі
салмақтық
үлесі (%)

Ащы

1,20

+2-4

14 тәулік

14-тен астам

Орташа

1,18

+2-4

14 тәулік

10-14

Әлсіз

1,16

+2-4

16 тәулік

8

      2-кесте. "Мұздату тәртібі"

Балықтың
температурасы
(Цельсийдің
төменгі
градусі
(бұдан әрі -
0 С)

Балықтың түрлері

Шортан, нәлім,
таутан, алабұға,
сазан, тұқы,
көксерке,
табан, жайын

Кета, күдір,
күнжі, ақсаха,
сахалин
таймені

Пайда, түрке,
ақсаха, голец,
мұқсын, шыр,
албырт, тугун,
хариус, көл
бахтахы

Зарарсыздандыру үшін қажет уақыт (сағат):

12

72 


60 

15


50 


16

36 



20



36 

22

18



26


16 


27

12


30



6

      3-кесте. "Залалсыздандыру температурасы мен уақыты"

Балық денесінінің
температурасы

Зарарсыздандыру
үшін қажет уақыт
(сағат)

минус 40 0 С

минус 35 0 С

14 

минус 28 0 С

32 

      4-кесте. "Мұздатылған балықты сақтау шарттары"

Балық
денесінің
темпера-
турасы 

Температу-
раның әсер
ету уақыты

Одан әрі сақтау шарттары

минус 18 0 С

14 тәулік

Қолданыстағы сақтау
ережелеріне сәйкес

Минус 20 0 С

24 сағат

Минус 18 0 С-дан жоғары емес температурада 7 тәулікте бойы одан әрі сақтау. Бұдан әрі қолданыстағы Сақтау ережелеріне сәйкес

Минус 30 0 С 
және одан
төмен

10 минут

Минус 12 0 С-дан жоғарғы емес температурада 7 тәулік бойы одан әрі сақтау. Бұдан әрі қолданыстағы Сақтау ережелеріне сәйкес

                                     "Паразиттік аурулардың
                                            алдын алу"
                                   санитарлық-эпидемиологиялық
                                     ережесі мен нормаларына
                                            4-қосымша

      1 кесте. "Паразиттік ультрафиолетті шам сәулесімен ауру тудырушыларды залалсыздандыру тәсілдері мен шаралары"

Лас қалдық-
тарды залал-
сыздандыру
әдісі

Лас қалдықтарды өңдеудің
шарттары мен тәртібі

Паразиттік ауру
қоздырғыштары-
ның жойылу
мерзімі жойылу
уақыты

1. Компостау
(орталықтан-
дырылған,
усадьбалық)

Лас қалдықтарды сабанмен, ағаш  үгінділерімен және басқа да су сіңіретін  компоненттермен бурттау.
Бурттардың мөлшері 1,5 метр х 1,0 метр кез келген ұзындық. Көктемде, жазда, күзде Үйінді жасау

Компостағы
температура
+60 C 0 -ға
жеткенде - 3 ай

2. Лас қал-
дықтарды
биотермиялық
өңдеу (био-
дәретханалар)

Биоыдырату камерасындағы
температура +35 -+40 0 С,
пастерлендіру камера-
сында +70 0 С

4 сағат

3. Қазақстан
Республика-
сында қолда-
нуға рұқсат
етілген
дезинфекция-
лаушы
құралдармен
дәретхана
шұңқырларын
өңдеу

Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа немесе әдістемелік нұсқауға
сәйкес


         Ескерту:
      1. Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) зарарсыздандырылады:
      1) биотермиялық камераларда (көлемі 2 текше метрге дейінгі көлемде ҚТҚ толтырылған тас немесе ағаш ыдыстар) жақсы желдетілген және температурасы 65-80 0 С-та шамасында болғанда ішек құрттардың қабыршақтары 12-17 тәулікте жойылады;
      2) компостағы үйінділердің мөлшері 1,5 х 1,0 метр кез келген ұзындық Зарарсыздандыру мерзімі: бірнеше айдан 1,5 жылға дейін;
      3) биобарабандарда сағатына 2000 айналым болғанда екі тәулік ішінде. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және кепкен лас сулардың қалдықтарын (бұдан әрі - ЛСҚ) гельминттер жұмыртқаларынан бірге полелық компостүйінділеу әдісімен залалсыздандыру. Компостың температурасы +50-55 0 С-тан жоғарылағанда көктем мен күзде 45 тәулікте, жазда - 30 тәулікте және қыста - 60 тәулікте толық зарарсызданған компостирланатын салмақ өлшемі 2,8 х 2,1 х 3,0 метрлік, құрамы 40% ЛСҚ және 60% ҚТҚ штабель болады.
      2. Салынымды шаршыаумақ сарқындыларын зарарсыздандыру үшін мыналар қолданылады:
      1) 30 минут ішінде 1 литр суға +50 0 С температураның әсері мен 10-20 миллиграмм активті хлордың дозасы араласқан кезде активті хлор пайдаланылатын құрылғылар;
      2) олардың топырақ асты және топырақ іші ылғалдаушыларға берілу жағдайында егістіктерді суғарудағы сарқынды суларды тазалау.
      3. паразиттік аурулардың қоздырғыштарынан аққан сарқынды сулардың шөгінділерін залалсыздандыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
      1) метантенктерде немесе жылумен кептіргіштерде термофильді (+50-55 0 С температурада) ашыту арқылы;
      2) инфрақызыл сәулелерін алумен (дегельминтизация камерасы);
      3) +70 0 С температурада 20 минут бойы пастерлендіру;
      4) +60-65 0 С температурада 1,5 сағат бойы активті тұнбасы бар шикі шөгінділер қоспасын алдын ала қыздыру арқылы ауада тұрақтандыру әдісімен, бұл 5-6 тәулік ішінде ішек құрттарының патогенді микрофлоралары мен қабыршақтарының толық жойылуын қамтамасыз етеді;
      5) рН 11,0 және одан жоғары сілті ортада (бұдан әрі - рН 11,0) коагулянт ретінде ізбесті пайдалана отырып, сүзгі-престерде немесе вакуумды құрылғыларда сусыздандыру;
      6) 5-6 ай бойы компостау, олардың ішінде компостың барлық бөліктеріндегі температура +60 0 С жетсе, 1-2 айы жылы жыл мезгіліне келеді;
      7) I және ХI климатты аудандардың жағдайында үш жыл шамасында, ІІІ климатты ауданда - кемінде екі жыл, IV климатты ауданда 1 жыл шамасында тұнба алаңшаларда кептіру;
      8) 10 тәулік экспозияция кезінде шөгіндінің жалпы саламағына 2% дозадағы тиозонмен өңдеу. Бұл ретте ішек құрттарының қабыршақтары ғана емес, патогенді микрофлоралары, масалардың өркен құрттары, ішек патогенді қарапайымдыларының цисттері де жойылады. Шөгінді қоюлығына 0,25-0,3% тиозонды қосу және 60 минут бойы центрифугаларда араластыру мен кейіннен 7 тәулік бойы полиэтилен пленкасындағы бурттарда ұстау оның паразиттік аурулар қоздырғыштарына қатысты қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      9) топырақ ішіне (40-60 сантиметр тереңдікке) көртышқан жолы көмегімен қосу арқылы.
      4. Көңді зарарсыздандыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
      1) 12 ай бойы резервуар-жинақтаушыларда 95-98% ылғалдылықта сұйық қи және сарқындыларды ұстау;
      2) +51-57 0 С температурада және 3 сағат экспозицияда сұйық қиды ауада (ылғалдылығымен 92-94%) ашыту (жіті тотықтыру);
      3) өңделетін қоюлықты +50-60 0 С температураға жеткізген және экспозициясы 3 сағат болған кезде метантенкте сұйық қиды 92-95% ылғалдылықпен ашыту;
      4) сұйық немесе газ тәрізді отынды жағу процесінде пайда болған қызуы жоғары (+1200 0 С тан жоғары) факелдің өңделіп жатқан қоюлыққа тікелей берілу есебінен контактілі қыздыру құрылғысында ылғалдылығы 96-98% сұйық қи мен тұнба фракциясын жылумен өңдеу;
      5) құрылғыдан шығарда қоюлық температурасы +80 0 С болғанда бумен өңдеу құрылғысында жылумен өңдеу;
      6) қоюлықтың бастапқы температурасы +10 0 С және одан жоғары болғанда, жабық ыдыстағы 2-3% концентрацияда, 2 тәулік эскпозицияда, сұйық аммиакпен сұйық қи мен тұнба фракциясын өңдеу;
      7) жануарлар жемшөбіне арналған белоктық ұнды алу үшін синантропты масалар өркен құрттарымен 75-80% ылғалдылықпен шошқа қиын қайта өңдеу. Өңдеуден қалған қатты қи фракцияларын залалсыздандыруға оны буртта 10 тәулік бойы биотермиялық өңдеу, ал өркен құрттардың биоқоюлығын оны +100 0 С температурада 30 минут бойы және +60 0 С бір тәулік бойы экспозицияда кептіру жолымен қол жеткізіледі;
      8) қоюлықты буртта биіктігі 2 метр, ені 3,5 метр етіп, кез келген ұзындықпен қатарлап жинау арқылы жүзеге асырылатын сұйық қиды қолмен бөлгеннен кейін алынған қатты фракцияны компостау. Олардағы температура +63-65 0 С, бастапқы ылғалдылығы 65-70%, тиісінше 1-2 ай, көктемгі және күз-қысқы кезеңдердегі қатты фракцияны буртта өңдеу экспозициясы;
      9) оның бастапқы ылғалдығы 72%-дан астам болғанда сұйық қидың қатты фракциясын буртта компостау, ал ылғалдылығы шамадан тыс аймақтарда торфтың қатты фракциясы қоспасынан дайындалған компосттар қоюлықтың ылғалдығылы 75-78% болғанда 6 ай бойы ұсталады;
      10) көктемгі және күз-қысқы кезеңдерде сүзгі-тұнбалы қондырғыларда сұйық қиды қарапайым ажыратқаннан кейін алынған қатты фракцияны 76-83% ылғалдылықта кемінде 3,5 ай компостау керек. Бұл технологиядан алынған сұйық фракцияны залалсыздандырылуға секциялық типті (кемінде 3 секциялы) биологиялық тоғандарда тазарту жолымен қол жеткізіледі;
      11) шошқа шаруашылығы кешендерінің сарқындарды биологиялық тазарту жүйесінде пайда болған артық тұнбаны залалсыздандыру оны температурасы +60-70 0 С-ға жеткенде сұйық аммиакпен 2-3% концентрацияда және 3 тәулік экспозицияда өңдеу жолымен қамтамасыз етіледі.
      5. Топырақты залалсыздандыру Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялаушы құралдармен жүргізіледі.
      Топтырақтың су айдынымен тұрақты түрде шайылып отыратын өзен жағалауы аймағында 1 шаршы метрге 20-30 данасын еккен кезде люпин, тагетес, календула өсімдіктері ризосферасының ғана залалсыздандыру әсері пайдаланылады.
      6. Көкөністер, жемістер, асхана көктері 5-10 минут бойы ішек құрттары қабыршақтарынан ағынды судың астында жуу арқылы залалсыздандырылады. Киім-кешек қайнату және ыстық үтікпен екі жағын үтіктеп залалсыздандырылады. Көрпелер, кілемдер дезинфекциялық камераларда құрғақ ыстық ауамен немесе ауабу қоспасымен, ультракүлгін шам сәулесімен немесе шаңсорғыш көмегімен шаңын жинап кейіннен оны өртеп жіберу арқылы залалсыздандырылады.
      7. Онкосфер теннидті кетіру мақсатында үй және жабайы жануарлардың терілерін өңдеу жуудан, сулаудан, шаюдан, илеуден, майлаудан, кептіруден (+30-33 0 С температурада), керуден, басудан, созудан, сілкуден, өңдеу мен қайта сілкуден тұрады. Теріні ағаш қиқымдарымен өңдеу 9 сағат бойына, ағаш қиқымдарын жылына 6 рет ауыстырылып жүргізіледі. Теріні және тері өнімдерін онкосфер тениидінен залалсыздандыру сынап-кварцты шаммен немесе басқа ультракүлгін сәуле көздерімен жүргізіледі.
      8. Мақта, ағаш таяқшалар пайдаланылғаннан кейін жағылады, заттық және жабынды шынылар қайнатылады, шыны ыдыстарға ыстық су құйылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады