Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 280-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3188. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 94-ө бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы   N 94-ө   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.
____________________________

      Табиғатты пайдалануға рұқсат беру жөніндегі рұқсат етілетін жүйелерді жетілдіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі ұсынылған Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Сараптама және лицензиялау Департаменті (Алиев И.Ж.) қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсынуға және рәсімдеуге дайындау жөніндегі ұсынылған Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Бекжановқа жүктелсін.
      5. Қоршаған ортаны қорғау Министр міндетін атқарушының 17 қыркүйектегі 2004 жылғы N 256-П бұйрығының күші жойылсын.

      Министрдің міндетін атқарушы
_______________________________________
      жіберілсін: СжЛД, ҚАҚОҚБ, ОАҚОҚБ

Қазақстан Республикасы Қоршаған  
ортаны қорғау министрдің міндетін 
атқарушының "Қоршаған ортаны    
ластауға рұқсат алуға өтінім    
материалдарын дайындау, рәсімдеу 
және ұсыну жөніндегі Нұсқаулықты 
бекіту туралы"         
2004 жылғы 21-ші қазандағы    
N 280-ө бұйрығымен бекітілген  

  Қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім
материалдарын ұсыну және рәсімдеуге дайындау
жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Берілген нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы"  Заңымен  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі N 1154 қаулысымен бекітілген Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру  Ережесіне  (бұдан әрі - Ереже) сәйкес әзірленді.

      2. Берілген нұсқаулық табиғатты пайдаланушыларға қоршаған ортаны ластауға рұқсат алуға өтінім материалдарын ұсыну (бұдан әрі - Өтінім), сонымен қатар Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мен аумақтық басқармаларының (бұдан әрі - аумақтық орган) қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру (бұдан әрі - Рұқсат) тәртібін реттейді.

  2. Өтінім материалдарын рәсімдеуге
қойылатын талаптар

      3. Министрлік пен аумақтық органдарға ұсынған өтінім материалдары папкаларда (регистрларда, клип немесе файлдарда) рәсімделуі қажет, келесі бетінде Ережедегі тізбеге сәйкес мазмұны көрсетіледі.

      4. Өтінім материалдарының түпнұсқасы ұсынылады.

      5. Аумақтық органдардың жасаған қорытындысында келесі мағлұматтар болуы қажет:
      1) әр құжаттың парақ саны көрсетілген материалдар тізбесі;
      2) өтінім материалдарының Ереже талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды;
      3) тиісті нормативті талаптарға ластаушы заттардың негізделген сұраным көлемінің сәйкестігі;
      4) Ластаушы заттар көлемінің өтінімдік кестелерінің қағаз және электронды болжамдары қолда болуы;
      5) ластаушы заттардың келісілген көлемі.
      Аумақтық органдардың өтінім материалдары бойынша берген оң қорытындысында қосымша талаптар немесе ескертулер болмау керек. Берілген қорытынды теріс болған жағдайда өтінім материалдары нақтылауға жатады.

      6. Өтінім материалдарына аумақтық органдармен келісілген, өткен жылғы қоршаған орта өндірістік мониторингі бойынша жылдық есебі қосымша ұсынылады.
      Қоршаған орта өндірістік мониторингі жөніндегі жылдық есебіне қоршаған ортадағы ластаушы заттардың концентрациясын өлшеу бойынша жұмыс жүргізуге құқық беретін аттестация немесе талдау зертханасы қоса беріледі.
      20 парақтан асқан есеп, жеке том болып ұсынылады.

      7. Шектеулі рауалы шығарынды, шектеулі рауалы төгінді нормативтерінің жобасы, қоршаған ортаны қорғау жұмыс жобаларының бөлімдері мемлекеттік экологиялық сарапшылардың оң іс-әрекеттегі қорытындысы болуы қажет.

      8. Шайынды сулар төгіндісінің, атмосфералық ауаның ластануның тұрақты көзінен нақты ластаушы заттар шығарындылары көлемдері өткен жылдардағы 2ПТ-ауа, 2ПТ-су шаруашылығы нысындарына жылдық статистикалық есептіліктің деректері бойынша нақтылануда.

  3. Өтінім материалдарын ұсыну тәртібі

      9. Өтінім жинақтары алдын-ала қаралғаннан кейін ғана тіркелуге жіберіледі.
      Егер, ұсынылған Өтінім материалдары Ереже мен берілген нұсқаулықтың 2 бөлімінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оның кемшіліктерін 30 күн мерзімдерінде тіркелген күнінен бастап ұсыну және жою үшін қайтарылып беріледі.
      Сәйкес болған жағдайда материал қарауға қабылданады.
      Бірінші қарауда көрсетілген ескертулерге, өтінім бойынша қосымша ескертулер жасауға болмайды.
      Бірінші қарау кезінде қойылған ескертулерді жойғаннан кейін қосымша ескертулер қаралмайды және олар Рұқсат беруден бас тартудың себебі қызметін атқара алмайды. Егер, ескертулер бойынша ақпарат толық емес деп саналса, онда Министрлік (аумақтық орган) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

  4. Өтінім материалдарын қарау тәртібі

      10. Рұқсат алуға берілген Өтінім бойынша қорытынды дайындау және алғашқы келісім, аумақтық органдарда 15 күн ішінде жүргізіледі.

      11. Өтінімдердің аумақтық органдарда алғашқы қаралуынан кейін, Ереженің 7 тармағында көрсетілген табиғат пайдаланушылар, Министрлікке жіберіледі.

      12. Министрлікке жіберілген өтінімдердің аумақтық органдарда алғашқы қаралуынан кейінгі қорытындысымен, берілген нұсқаулықтың 5 тармағына сәйкес аумақтық органдардың қорытындысы жасалынады.

      13. Аумақтық органдардың жетекшілері Өтінімдердің қаралған алғашқы қорытындысының мазмұнына жауапты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады