Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссиясының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 530 тіркелген 1998 жылғы 12-маусымдағы N 7 "Бағалы қағаздардың портфелін басқару қызметін лицензиялау Ережелерін, бағалы қағаздар портфелін басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 267 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3200. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

     Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздардың рыногы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағының 11)-тармақшасына, 49-бабына , Қазақстан Республикасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттік Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 12-маусымдағы N 7 "Бағалы қағаздардың портфелін басқару қызметін лицензиялау Ережелерін, Бағалы қағаздардың портфелін басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 530 нөмірімен тіркелген, 1998 жылы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың нарығы бойынша нормативтік құқықтық актілердің Жинағында жарияланған, 2-том, Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссия Басқармасының 2000 жылғы 30-қыркүйектегі N 82 "Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1254 нөмірімен тіркелген қаулысымен бекітілген өзгертулерімен):
     тақырыптағы ", Бағалы қағаздардың портфелін басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және қолдану туралы Нұсқаулықты" деген сөздер алынып тасталсын.
     1-тармақтағы ", Бағалы қағаздардың портфелін басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және қолдану туралы Нұсқаулықты" деген сөздер алынып тасталсын.
     2-тармақтағы "және Нұсқаулық" деген сөз алынып тасталсын.
     "Бағалы қағаздардың портфелін басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және қолдану туралы Нұсқаулық" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 530 тіркелген) қосымшасы алынып тасталсын.
     2. Бұл қаулы Қазақстан Республикасы Агенттік Басқармасының 25 қыркүйек 2004 жылғы N 266 "Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға пруденциалдық нормативтерді есептеу және оның орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы" қаулысы күшіне енгізілген күннен бастап күшіне енеді.
     3. Агенттіктің Cтратегия және талдау Департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Агенттіктің Заң Департаментімен бірге (Байсынов М.Б.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге алу шараларын қолға алсын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан тізілім ұстаушылар ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға хабарласын.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады