Ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір ауруларының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 579 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3204. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса берілгендер бекітілсін:
     1) Қояндардың миксоматоз ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі;
     2) Құстардың респираторлық микоплазмоз ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі.
     3) Құстардың орнитоз ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі.
     2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына жүктелсін.
     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы Министрінің
"Ауыл шаруашылығы жануарларының
кейбір ауруларының алдын-алу
және жою бойынша шараларды  
жүзеге асырудың ветеринариялық
ережелерін бекіту туралы"  
2004 жылғы 11 қазандағы   
N 579 бұйрығымен бекітілді

Қоянның миксоматоз ауруының алдын алу және
жою бойынша шараларды жүзеге асырудың
ветеринариялық ережесі

     Осы қоянның миксоматоз ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (кейін - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ереже

     1. Осы  Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
     Биологиялық сынама - балау және ауыру қоздырғышын бөліп алу үшін лабораториялық жануарларды жұқтыру.
     Қауіпті аймақ деп кояндардың миксоматоздық вирусы ене алатын  елді мекен бекеті, жануарлар фермасы, қояндар бағатын мекенді және басқа аймақты санайды.

     2. Қояндардың миксоматозы - көздің коньюнктивасы мен қабақтарының қабынып, басының, сыртқы жыныс мүшелерімен дененің басқа да телімдерінің тері асты шелінің домбығуымен сипатталатын, жіті өтетін аса жұғымтал ауру.

     3. Қояндардың миксоматозын ауруға тән клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгерістер, індеттанулық деректер және зертханалық тексерудің (биосынама, микроскопия) нәтижелеріне негізделеді. Аурудың жасырын кезеңінің соңында қан сарысуында антиген- антидене - комплемент кешендері пайда болады. Ауруды анықтау үшін 10-15 процент формалиндегі ерітіндіде патматериал алынады, барлық ауру індеті таралмауының шарасы қарастырылады. Патматериалды гистологиялық тексеру үшін, мұз салынған термос арқылы зертханаға тасымалдайды. Егер тексеру нәтижесіз болса немесе ауру белгілері байқалмаса, онда биосынама қойылады.

2. Қояндардың миксоматоз ауыруының
алдын алу шаралары

     4. Миксоматоздан сау шаруашылықта шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар, мал егелері - азаматтар, қоянның егелері, қояндарды құмарлықпен бағып күтетін қоғамдық ұйымдардың басшылары, мамандары аурудың алдын алу үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық шараларын жүргізуге міндетті.

3. Қояндардың миксомотоз ауруы шыққан жағдайда
қолданылатын іс шаралар

     5. Миксоматоз ауруының белгілері байқалған шаруашылықта, елді мекенде ветеринариялық маман клиникалық белгілері бар және күдікті қояндарды бөліп алып, оқшаулайды. Ол жөнінде жергілікті ветеринариялық инспекторға және аудандық (қалалық) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторға болған жағдайды хабарлайды.

     6. Аудандық (қалалық) бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор болған жағдаймен хабардар болғаннан кейін, миксоматозға диагноз қоюдың шарасын қарастырады, аурудың таралуын, қоздырғышы қайдан келгенін және ауруды болдырмаудың шаралары жөнінде тапсырма береді.

     7. Алынған патологиялық материалды (өлген қоянның денесін немесе жараланған терінің бір бөлігін), сынама алудың ережелерін қатаң сақтай отырып, ветеринариялық зертханаға (ветеринариялық органның - облыстық, қалалық, аймақтық, республикалық) немесе тиісті ғылыми зерттеу институтына тез арада миксоматоз ауруына тексеру жүргізу үшін жолдайды.

4. Карантиндік шаралар

     8. Жіберілген патматериалдан қоянның миксоматоз ауруының балауы анықталғаннан кейін, шаруашылық субъектісіне Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу жариялау шығарады.

5. Қоянның миксоматоз ауруын жою жөнінде
атқарылатын іс шаралар

     9. Қолайсыз бекетте миксоматоз ауруын жою үшін келесі шаралар атқарылады:
     1) қоян шаруашылық аумағынан кіре берісте 3 процентті күйдіргіш натрий ерітіндісі бар дезбарьер орналастырады. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қолайсыз ошақтарын болдырмас үшін барлық шаралар қолданылады;
     2) күнделікті қораларға, орындарға шыбын, маса және басқа насекомдарды құрту үшін дезинцекция жұмыстарын жүргізеді;
     3) қояндарды күтуші-мамандар әр жұмысқа келген мезетте оларға таза жұмыс киімдері және аяқ киімдері ауыстырылып беріліп отырады;
     4) басқа қоян бағатын шаруашылықтармен ара қатынасты тоқтата тұрады, автотранспорт қатынасын, заттарды, құрал жабдықтарды, азықтарды, жем шөпті және басқа заттарды ары-бері тасымалдау тоқтатылады;
     5) Мамандардың киетін жұмыс киімдері және аяқ киімдері пароформалиндік камерада залалсыздандырады.

     10. Қолайсыз бекетте орналасқан барлық қояндарды екі топқа бөледі:
     - бірінші - миксоматоз ауруы деп танылған және ауруға сезікті жануарлар. Бұл топқа мынадай клиникалық белгілері танылған қояндар жатады: конъюнктивит, ринит, жануарлардың басында, құлағында, аяқтарында опухоль немесе қауіпті ісіктің болуы және басқа;
     - екінші - миксоматоз ауруына бейім жануарлар, бірақ клиникалық белгілері байқалмаған, қоян бағатын орындарда, оңашаланған кешеннің секторында, бөлек қорада, елді мекенде, оның бөлімшесінде ауру мал шыққан, сақталған және онымен бір бағым күтімде болған жануарлар.

     11. Бірінші топқа жататын жануарларды сол тұрған жерінде сояды, сол жердің өзінде өлтіріп, жояды. Сойған немесе өлген қоянның денесін терісімен қоса утилге жібереді. Қоражайға дезинфекция жүргізіледі.

     12. Екінші - миксоматоз ауруына бейім жануарлар, бірақ клиникалық белгілері байқалмаған жануарларды, қолайсыз бекеттің өзінде қоян бағатын орындарда, оңашаланған-оқшауланған оңтайлы орында ауру қоздырғышының таралуына жол бермеу мақсатында, ветеринариялық санитариялық ережелерді сақтай отырып сою жұмыстарын атқарады.

     13. Қояндарды және оның өлекселерін шаруашылықтан оны жоятын орындарға жеткізу үшін, арнайы дайындалған автокөлік арқылы, жол жөнекей сыртқы ортаны ластанудан, індеттен қорғаудың ережелерін сақтай отырып, ветеринария мамандарының бақылауымен атқарылады.

     14. Ауру жұққаны күдікті қояндарды сойып, етін қайнатқан соң пайдалануға жібереді, ішкі ағзаларын осы нұсқаудың 15 тармағына сәйкес жояды.

     15. Қоян терісін дайындайтын базарларда, мекемелерде ауру шыққанға дейін және шектеу кезінде, қоян терілерін бромды метилмен вакуум камерасында залалсыздандыруға жібереді.

     16. Қолайсыз бекетте барлық қалған аурудан таза, клиникалық белгілері байқалмаған қояндарды миксоматоз ауруына қарсы вакцинамен егеді, ауруды таралмас үшін, барлық кешенді ветеринариялық-санитариялық шараларды атқарады. Әрбір мал басына ветеринариялық бақылау күнделікті жүргізіледі.

6. Қауыпты аймақтағы атқарылатын шаралар

     17. Миксоматоздан сау емес қауыпты аймақта шаруашылық субъектілерінің басшылары, ветеринариялық мамандар, мал егелері - азаматтар, қоянның егелері, қояндарды құмарлықпен бағып күтетін қоғамдық ұйымдардың басшылары, мамандары және мемлекеттік ветеринариялық қызметтің мамандарының міндеті:
     - аурудың алдын алу үшін, елді мекендегі шаруашылық аймағында ауру қоздырғышын жібермеу мақсатында, жалпы ветеринариялық - санитариялық сақтық шараларының жоспарын жасайды;
     - миксоматоз ауру ошағы орналасқан қауыпты елді мекендермен, шаруашылықтармен шаруашылық қарым-қатынасты шектейді;
     - қояндарды бағып-күтуде ветеринариялық-санитариялық режимді қатаң сақтап, қалыптастырады және қояндардың денсаулығын күнделікті қатаң бақылап отырады.

     18. Қояндарды бағып күту үшін, күтуші адамдар бекітіледі. Олар күнделікті жұмыс киімдерін және аяқ киімдерін ауыстырып отырады. Және жеке басының тазалық гигиеналық құралдармен (сүлгі, сабын, дезинфекциялық ерітінділермен) қамтамасыз болады.

     19. Миксоматоздан сау емес қауыпты аймақта, барлық насекомдарды, эктопаразиттерді және кеміргіштердің ошақтарын тауып, оларды жоюдың барлық шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

     20. Шаруашылықта, оның қай меншікке жататынына қарамастан, қояндардың нақты есебін жүргізеді, шаруашылық субъектілерінің басшыларына жазба түрінде, мал егелері - азаматтарға, қоянның егелеріне, қояндарды құмарлықпен бағып күтетін қоғамдық ұйымдардың басшыларына, мамандарына іс-қағаз жүзінде, шаруашылықтан қояндарды және оның өнімдерін алыс-беріс, алып сату, кіріп-шығуды, қозғалысты, жәрмеңке ұйымдастыруды тоқтату туралы ескерту жасалынады.

     21. Миксоматозға қауыпты аймақта, барлық қояндарды миксоматозға қарсы вакцинамен, оның тиісті қолдану туралы нұсқамасына сәйкес егу жұмыстары жүргізіледі.

7. Карантинді алу және шектеуді тоқтату

     22. Қояндардың миксоматоз қолайсыз бекетінен шектеуді Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес шектеу шаралары тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы Министрінің
"Ауыл шаруашылығы жануарларының
кейбір ауруларының алдын-алу
және жою бойынша шараларды  
жүзеге асырудың ветеринариялық
ережелерін бекіту туралы"  
2004 жылғы 11 қазандағы   
N 579 бұйрығымен бекітілді

Құстың респираторлық микоплазмоз ауруының
алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың
ветеринариялық ережесі

     Осы құстардың респираторлық микоплазмоз ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (кейін - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ереже

     1. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
     Трансовариалды жұғу түрі - жұмыртқа арқылы жұғу.
     Ауырудың латенттік түрі - ауырудың белгілері көрінбейтін түрі.
     Биологиялық сынама - балау және ауыру қоздырғышын бөліп алу үшін лабораториялық жануарларды жұқтыру.

     2. Респираторлық микоплазмоз (Mycoplasmosis respiratoria) - тыныс мүшелерінің зақымдануы сипатталатын, плевропневмониялық микроорганизмдер тобымен жүретін ауру. Қоздырушысы - Mycoplasma galliseptica.

     3. Респираторлық микоплазмоз ауруына тауық, күрке тауық, қырғауыл, бөдене, құр, шіл, көгершін, басқа да тауық тұқымдас құстар шалдығады. Негізінен тауық пен күрке тауық ауырады, әсіресе 2-4 айлық балапандар мен жұмыртқалай бастаған жас мекиендер сезімтал келеді.

     4. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және микоплазма алып жүруші құс. Ауру қоздырушысы аэрогендік жолмен және трансовориальді жолымен беріледі. Микроклиматтың жайсыздығы, құсты тасымалдау мен орнын ауыстыру, вакциналау, шектеулі кеңістікте құстарды тығыз орналастырғанда, аммияк және шаңның ауада шамадан тыс көбеюі сияқты қолайсыз әсерлер аурудың шығуына жағдай жасайды.

     5. Микоплазмоз әдетте колисептицемия, гемофиллез, колибактериоз, пастереллез, оспа, аспергиллез, авитаминоз А, жұқпалы ларинготрахеит және жұқпалы бронхитпен қабаттасып көбінесе қосарланған инфекция ретінде өтеді.

     6. Респираторлық микоплазмоздың қоздырғышы өте ұзақ уақыт бойы құстардың организмінде, клиникалық белгілер байқатпай жүреді. Індет басталғанда жекелеген құстардың бей-жай болып, қатарлы ренит байқалады. Кейіннен кеңірдегінен қырылдап, ентігіп, жөтеледі, қатарлы ринит сонымен қоса құс тұмсығын ашады. Мұрнынан экссудат бөлініп шығатыны - синуситтің сипаттамалы белгісі. Жас балапандардың өлімі 20-25 процентке, ересектері 4-6 процент жетеді. Жабайы құстар бостандықта жиі ауырады. Кейбір құстарда конъюнктивит, синусит, ринит, кератит, жақ астының домбығуы байқалады. Өлім көрсеткіші 80-90 процентке жетеді.
     Ауыру құстар арасында ұзақ және созылмалы түрде сипатталады.

     7. Респираторлық микоплазмоз ауруына сезіктенген жағдайда, тез арада ауруды анықтаудың жағдайын жасау керек. Ауруды анықтау үшін лабораторияға 4-5 бас ауырған құсты немесе жаңа өлген құстың денесін тексеруге жібереді. Жасырын симптомсыз өткенде құстың қанындағы антиденелерден басқа аурудың ешбір белгісі болмайды да, құстың күтімі нашарлағанда барып байқалады. Аурудың латенттік түрін анықтау үшін эмбриондарды, жұмыртқасын жара алмаған және әлсіз балапандарды зерттеу қажет.

     8. Балау індеттанулық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістерге, клиникалық белгілерге, бактериологиялық зерттеулер нәтижесіне және тауық эмбрионынында бөлініп алынған микоплазма қоздырғышымен жұқтырады, оң биосынамамен зерттейді. Күдікті жағдайда гистологиялық зерттеулер жүргізеді.

2. Респираторлық микоплазмоз ауруының шығуына
байланысты атқарылатын шаралар

     9. Шаруашылықта аралас жұқпалы аурулар байқалғанда, алдыменен өте жиі өтетін аурулармен күрес жүргізеді.
     Шаруашылық субъектілерінде құстардың микоплазмоз ауыруын балағанан кейін шаруашылыққа Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.
     Шектеу кезінде мыналарға тиым салынады:
     1) құстарды және инкубациялық жұмырқаларды сау қолайлы шаруашылыққа шығаруға болмайды;
     2) құстарды және эмбриондарды ветеринариялық және медициналық биологиялық препараттарды өндіру үшін қолдануға және сатып таратуға болмайды.

     10. Шектеу кезінде мыналарға рұқсат беріледі:
     1) Мемлекеттік жергілікті ветеринария инспекторының рұқсатымен аудан көлемінде, асыл тұқымды шаруашылықтан инкубациялық жұмыртқаларды және бір күндік балапандарды эпизоотологиялық жағдайлары ұқсас товарлы шаруашылыққа шығаруға болады.
     2) Ет өңдейтін мекемелерге уақытша жарамды құстарды союға шығаруға, құс етін, тағам үшін арналған жұмыртқаны және құстың түбіті, қауырсынын өңдеу мекемелеріне шығаруға болады.
     3) Жұмыртқаларды инкубациялауға және балапандарды ішкі шаруашылық жұмыстары үшін өсіруге болады.

     11. Құстың респираторлық микоплазмоз ауруының шығуына байланысты, қолайсыз шаруашылықта аурумен күресудің негізгі шаралары:
     1) Құстың респираторлық микоплазмоз ауруының клиникалық белгісі байқалған құстарды, осы қолайсыз шаруашылықта Әділет министрлігінде 2002 жылы 22 ақпанда N 2105 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы 31 ақпанның N 351 бұйрығына сәйкес сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейін ұшаларын, ішкі органдарын ветеринариялық-санитарлық сараптау және оларға санитарлық баға беру Ережесінің талабына сай өз қажеттігіне қолдана отырып сойады;
     2) Құс тобын, құстардың басқа ауру тіркелмеген үш шаруашылықтан аспайтын инкубациялық жұмыртқаларды және бір күндік балапандарды әкеліп бағып, соның есебінен құстың санын көбейтіп, одан - әрі дені сау бір жастағы құс фермаларын құрастыруға, оқшаулап өсіруге болады;
     3) Құстарды өсіруде зоогигиеналық қалыпты ұйымдастыруға, жақсы сапалы белоктық, витаминдік, минеральдық заттармен және микроэлементтермен байытылған азықтармен қамтамасыз етуге болады;
     5) Құстарды өсіруде цикл аралық демалыс өлшемдерін қатаң сақтайды;
     6) құстардың әрбір партиясын орналастыру алдында, құстарды бағып-күтетін қоралардың-бөлмелердің механикалық тазалығын, дизенфекциялауға қажет.

     12. Ауыру тоқтағанан кейін және балау мақсатпен өлген немесе өзі өлген құстардың, сонымен бірге инкубацияның соңғы күдеріндегі өлген эмбриондардың лабораториялық зерттеулерінің теріс нәтижесін алғаннан кейін, шаруашылықты құстардың микоплазмозынан жазылды деп санап Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес шектеу тоқтатылады.

3. Алдын алу және күресу шаралары

     13. Респираторлық микоплазмоз ауруының алдын алу үшін шаруашылыққа қолайлы шаруашылықтан құс әкелу керек. Инкубациялық жұмыртқаларға санация істеп, құстардың тығыздық орналасуын мөлшерін сақтап, құс қораларында зоогигеналық жағдайын жақсартады. Құсханаларда әр жыл сайын кезекті демалыс беріліп, онда кезекті және күрделі ремонт жұмыстары, жуу, дезинфекциялау жасалынып, айналаға санация істелінеді, инкубациялық жұмыртқаларды және соларды салатын құралдарды дезинфекциялайды.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы Министрінің
"Ауыл шаруашылығы жануарларының
кейбір ауруларының алдын-алу
және жою бойынша шараларды  
жүзеге асырудың ветеринариялық
ережелерін бекіту туралы"  
2004 жылғы 11 қазандағы   
N 579 бұйрығымен бекітілді

Құстың орнитоз ауруының
алдын алу және жою бойынша шараларды
жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі

     Осы құстардың орнитоз ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі (кейін - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ереже

     1. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
     Биологиялық сынама - балау және ауыру қоздырғышын бөліп алу үшін лабораториялық жануарларды жұқтыру.
     Ауырудың латенттік түрі - ауырудың белгілері көрінбейтін түрі.
     Ауырудың алиментарлық жұғу жолы - құстарға ауырудың ауыз немесе мұрын арқылы жұғу жолы.

     2. Орнитоз (Ornithosis, орнитоз) - тыныс жолдарының зақымданған белгісімен өтетін, адамға да қатерлі құстардың жұқпалы ауыруы.
     Орнитоз микробын таситын тоты құстар мен көгершіндер осы ауырумен жиі аурады. Табиғатта орнитоз қоздырушысын сақтайтын үй және жабайы құстар болып саналады, өйткені оларда ауыру жіті, созылмалы немесе латентті түрде өтеді.

     3. Ауыру қоздырушысымен жұқтырылған суды ішкенде немесе тамақ шұқығанда орнитоз ауыруы алиментарлы немесе тыныс жолдарымен жұғады. Адамға ауыру негізінен аулы-тамшылы немесе ауылы шаң жолдарымен жұғады. Ауыру зақымданған тері немесе клегейлі қабық арқылы контакт жолдарымен жұғуы мүмкін. Табиғи жағдайда ауырудың жасырын уақыты 1 айдан 4 айға дейін созылады. Орнитоз ауыруы әр түрлі құстарда әр қалай өтеді. Ауыру әсіресе көгершінде айқын белгілермен өтеді. Ауыру жүргенде ренит, конъюнктивит, бронхит болады. Ауырған құстар тышқақтайды, кейде аяқтары және қанаттары паралич болады. Көгершіндерде орнитоз жіті немесе созылмалы түрде өтеді. Тауықтар мен үйректерде көбінесе инфекция белгісіз өтеді, ал балапандарда әсіресе үйректердің балапандарында клиникалық белгілері көгершіндердегідей болады.

     4. Көптеген жағдайда құстардың орнитозбен ауруғанын, адамдардың аурғанымен қатар келеді. Орнитоз ауыруына індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерінен басқа, биоснаманың, (ҰКБР) нәтижесіне сүйенеді.

2. Құстардың орнитоз ауыруы кезіндегі
алдына алу шаралары

     5. Ауруды болдырмау үшін барлық ауыруларға ортақ алдына алу шараларын жүргізеді және ауруды тасымалдаушы жабайы құстармен күресу жұмыстарын жүргізеді.

     6. Құстардың орнитоз ауыруын алдын алу шаралары құс шаруашылық субъектілерінде, зообазаларда құсты ұстау, азықтандыру қалыпты жағдайын жасау керек. Құс шаруашылық объектілерінде микроклимт жағдайын жасау керек, "бос - бос емес", "таза - таза емес" тәртібін қатаң сақтау керек және Қазақстан Республикасына әкелінген құстарды 30 күн жеке ұстап оқшаулайды.

     7. Балау, диагноз індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді.

     8. Орнитоз ауруы шыға қалған жағдайда құс шаруашылығы қолайсыз шаруашылық деп Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.
     Шектеу кезінде осы шараларға қатаң тиым салынады:
     шаруашылыққа сырттан жаңадан құстар әкелуге, шаруашылықтан сатуға құстарды шығаруға және оларды топтауға тиым салынады;
     ауру шығып жатқан шаруашылықтан жұмыртқа жинауға және жұмыртқаны бастыруға қатаң тиым салынады.

     9. Ауруға күдікті және ауыру құсты жойып, қора жайды тазалап, дезинфекциялайды. Ауыру шыққан құсқанадан алынған жұмыртқаларды озонның немесе формальдегидтің буымен залалсыздандырады, содан кейін пайдалануға рұқсат етіледі.
     Құстарды бағып күту үшін, арнайы күтуші адамдар белгіленеді. Бұл адамдармен басқа құс шаруашылық мекемелерге кіруге болмайды.

     10. Шектеу Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 3 тармағына сәйкес шектеу шаралары тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады