Авиациялық уақиғаларды тергеу бойынша комиссияда жұмыс істейтіндерге арналған қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 12 қарашадағы N 218 бұйрығы. Қазақстан Респбуликасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3215. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 1182  қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу мен бекіту ережелері және Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі салалық нормативтерді әзірлеу мен бекіту ережелеріне сәйкес, авиациялық оқиғаларды тергеуге қатысушы мамандардың, сондай-ақ ұшақтар мен тік ұшақтардың экипаж мүшелерінің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғау жөніндегі негізгі талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық уақиғаларды тергеу бойынша комиссияда жұмыс істейтіндерге арналған қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық аваиация комитеті ұшулардың қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

       Төраға

      "Келісілген"

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау вице-министрі
      ______________________
      (Лауазымы, аты-жөні)

      2004 жылғы 15 қараша

            М.О.

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің Азаматтық  
авиация төрағасының    
2004 жылғы 12 қарашадағы  
N 218 бұйрығымен бекітілген

Авиациялық уақиғаларды тергеу бойынша
комиссияда жұмыс істеушілер үшін қауіпсіздік
және еңбекті қорғау жөніндегі
нұсқаулық

      1. Осы авиациялық уақиғаларды тергеу бойынша комиссияда жұмыс істеушілер үшін қауіпсіздік еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) авиациялық уақиғаларды тергеуге қатысатын мамандардың еңбектерін қорғау жөніндегі негізгі талаптарды қамтиды және авиациялық уақиға (бұдан әрі - АУ) орнында жұмыс жүргізген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және денсаулықты сақтауға бағытталған.
      Осы Нұсқаулық пайдаланылатын техника мен жауапкершілік аймағының ауа райлық және/немесе географиялық жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып азаматтық авиация кәсіпорындарында еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты жасау үшін негіз болып табылады және авиациялық уақиғаларды тергеуге қатысатын тұлғалар үшін арналған.
 

      2. Авиациялық уақиға орнында жұмыс істеуге кезекті диспансерлеуден және кенелік мидың қабынуынан және басқа да қауіпті жұқпалардан (эпидемиялық көрсеткіштер бойынша) сақтандыру егуден өткен дені сау тұлғаларға рұқсат берілуі мүмкін.
 

      3. АУ-ны тергеу бойынша комиссия (бұдан әрі - комиссия) авиациялық уақиғаны тергеуге орнына келген бойда, АУ-ны тергеу бойынша жұмыстардың тиісті бағыттары бойынша (АУ-ның сипаты, ауқымы және басқа сипаттамаларына байланысты) құрылатын кіші комиссиялардың төрағалары олардың аумағында авиациялық уақиға болған еңбекті қорғау жөніндегі, авариялық-құтқару және медициналық қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып АУ орнында жұмыс істейтін барлық мамандармен еңбекті қорғау жөнінде ағымды түсіндіру жүргізеді.
      Ағымды түсіндіруде алда атқарылатын жұмыспен байланысты жалпы және АУ-ның нақты шарттары мен жағдайларына тәуелді жеке мәселелер көрсетілуі тиіс.
      Түсіндіруді өткізгені туралы мәліметтер тиісті бланкіде немесе түсіндірудің тиісті журналында тіркеледі.
      Түсіндіруден өтпеген тұлғалар АУ орнында жұмыс істеуге жіберілмейді.
      Түсіндірудің өтуін бақылау, рұқсат етілуін тексеру және түсіндірудің тиісті бланкілерін немесе журналдарын есепке алу комиссияның ағымды мәселелерін (техникалық, ұйымдастырушылық шаралар, байланысты ұйымдастыру, материалдық-техникалық жабдықтау) жедел шешу үшін құрылатын штаб (комиссия) бастығына жүктеледі.
 

      4. АУ орнында жүргізілетін жұмыс табиғи апат салдарларын жойған кездегі жұмыс жағдайларына теңестірілетін ерекше жағдайлардағы жұмыстар санатына жатқызылады.
 

      5. АУ орнында жұмыс істеушілер АУ-ның ерекшеліктерімен және сыртқы жағдайларымен (ландшафтық, географиялық, ауа райлық, метеорологиялық) байланысты қауіпті және зиянды факторлармен түйісуі мүмкін.
      Авиациялық уақиғаларды тергеумен байланысты қауіпті және зиянды өндірістік факторларға:
      1) жерлерде әуе кемелерінің немесе оның сынықтарының орналасуына байланысты қираудың сипатымен шарттасқан аса қауіпті жарақаттану: металдың өткір жиектері, пістіктер, бетінің тайғанақтығы және өзгелері;
      2) әуе кемелерінің немесе оның сынықтарының бетіндегі ауаның жоғары немесе төменгі температурасы;
      3) төгілген отынның тұтануы;
      4) қозғалтқыш (от қосу агрегатының разрядтауышы), мұзданудың радиоизотоптық дабыл берушісінің бұзылған кездегі радиацияның жоғары деңгейі;
      5) борттық радиолакция станциясы іске қосылған кездегі СВЧ-сәулелері;
      6) пиротехникалық құрылғылары бар агрегаттармен немесе қысымның астында тұрған жүйелермен: тану жүйелерінің блогы, дабыл беретін ракета, гидроаккумуляторлар, гидроцилиндр, бәсеңдеткіш тіректер мен шассидің пневматикалары, өртке қарсы ауа және оттек жүйелерінің баллондары жұмыс істеген кездегі жарақаттану қауіптілігі;
      7) төгілген майдың бұрамаға немесе оттегі бар баллонның редукторына тиген кезде, бұраманың немесе баллонның корпусы деформацияланған жағдайда жарылыс қауіптілігі;
      8) агрессиялық сұйықтар: сынған аккумуляторлардың және жанар-жағар майлардың қышқылдары, сілтілері теріге тиюі;
      9) АУ орнынан қаза тапқандарды эвуакациялаған кезде биологиялық материалдардың зақымданған теріге (сызат, дақтар) тиюі;
      10) тасымалданатын жүкке (радиоактивтілігі, жарылыс қауіптілігі, улы және агрессиялық заттар, бактериялық пен вирустық препараттар) тәуелді өзге қолайсыз өндірістік факторлардың әсері;
      11) физикалық ширығуы;
      12) уақыт тапшылығы жағдайларында орындалатын жұмыстардың ерекшеліктеріне байланысты жүйке-психикалық жай-күйі;
      13) терінің ашық жерлерін күюге және көздің сілемейлі қабығын "қар соқырлығына" әкелетін ультрафиолет сәулесінің әсері;
      14) әсіресе таулы-тасты жерде аса қауіпті жарақаттану;
      15) теңіз бетінен 2,5 километр биіктікте болған кезде оттектің жетіспеушілігі;
      16) қан сорушы жәндіктердің: масалардың, үнсіз масалардың, шірекейлердің шабысы;
      17) мидың қабынуын таситын - кенелер мен масалардың шағысы;
      18) улы жануарлар мен жәндіктердің: жыландардың, сары шаяндардың, өрмекшілердің шағысы;
      19) су тоғандарында мекендейтін улы ұлулармен, тікенекті балықтармен түйісу;
      20) жыртқыш жануарлардың шабысы;
      21) табиғи апаттар: орман өрті, көшкіндердің түсуі, құламатастар, су басуы және өзгелер;
      22) қолайсыз метеорологиялық факторлар: бұрқасын, тұман, найзағай, жаңбыр, шаңды дауыл және өзгелер;
      23) судың ашық беттері, батпақты жер, мұздың жарықтары, қарсыз беттері қарайланған мұздың жылымдары, әуе кемесінің құлап түскен мұздың жұқа осал учаскелері және өзгелер;
      24) тәуліктің қараңғы мезгілі, әсіресе қыс кезі.
 

      6. АУ-ға тергеу жүргізген кезеңде топтың жетекшісі уақытша қарамағындағы тұлғалардың жұмыс уақытын есепке алу міндетті. Уақыттан артық жұмыс атқарған, оның ішінде демалыс және мерекелік күндер, комиссияда жұмыс істеушілерге өтеулі демалыстар комиссия және/немесе кіші комиссия төрағасы немесе комиссия штабының бастығы қол қойған және жауапкершілік аймағында және/немесе оның аумағында АУ-ға тергеу жүргізілген азаматтық аваиация (әрі қарай - АА) кәсіпорнының, ұйымның мөрімен расталған анықтама бойынша қолданыстағы еңбек туралы заңнаманың негізінде осы қызметкерлердің негізгі жұмыс орны кәсіпорнының әкімшілігі береді.
 

      7. Комиссияның штаб бастығы жауапкершілік аймағында және/немесе оның аумағында АУ-сы болған АА ұйымының басшыларымен қамтамасыз ететін тергеуге қатысушылардың материалдық-техникалық жабдықталуын ұйымдастыруға және бақылауға тиіс.
 

      8. АУ орнында жұмыс істейтін тұлғаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету мыналардан: жергілікті жағдайларға сәйкес жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құралдардан, арнайы киім мен арнайы аяқ киімнен, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғау құралдарынан, жұмыс үшін қажетті аспаптар мен құралдардан тұрады.
 

      9. Әуежай аймағынан тыс дала жағдайларында жұмыс атқарған кезде комиссияларда жұмыс істеушілер қосымша арнайы құралдар:
      1) 5 адамға арналған 1 жиынтық есебінен жеке қорғау құралдарының жиынтық қорларымен;
      2) қолайсыз сыртқы жағдайлардан қорғану құралдарымен (палаткалармен, ұйықтауға арналған қаптармен, үрленетін матрастармен, масаханалармен, үнсіз масаларға қарсы торлармен, үркіткіштермен);
      3) радио байланыс, дабыл беретін, бағдарлау (радиостанция, белгі беретін пистолет, пиропатрондар, шамдар, компас, қарта және өзгелер) құралдарымен;
      4) қосалқы құралдармен (тауда жұмыс істеген кезде - сақтандыру арқаны және құралдармен, теңіз бетінен 2,5 километр биіктікте жұмыс істеген кезде оттек құралдарымен, суда жұмыс істеген кезде қайықтар және қорғаушы желеткелермен);
      5) бірінші медициналық көмек көрсету үшін құралдармен;
      6) азық-түлікпен, сумен, тағамды дайындау және қабылдау құралдарымен қамтамасыз етіледі.
 

      10. Комиссия мүшелері АУ орнына және жағдайларына қатысты материалдармен, нақты әуе кемесіне қатысты ұшу мен техникалық, сондай-ақ тасымалданған жүкке қатысы бар құжаттамамен, егер жұмыс комиссия штабы орналасқан жерден алыста жүргізілетін болса ауа райы мәліметтерімен танысуға міндетті.
 

      11. Жұмыс алдында әрбір маман арнайы киімді және арнайы аяқ киімді, сондай-ақ АУ орнында атқарылатын жұмыстарға қойылған міндеттер мен сипатына сәйкес жеке қорғау құралдарын өлшеп кию және тықсыруды жасайды.
 

      12. Егер жұмыс елді мекенінен алыс жерде шағын топтармен атқарылатын болса, онда топтың жетекшісі арнайы жарақтардың жиынтығын және оның жарамдылығын тексереді, ал топқа кіретін медициналық қызметкер судың және азық-түліктің ең аз қорымен қамтамасыз етілуімен, сондай-ақ дала жағдайларында жедел медициналық көмек көрсету кезде медициналық дәрі қобдишасының ішіндегісін тексереді.
 

      13. АУ орнында радиоактивтік жұқтыру деңгейін өлшеулері жүргізілуі тиіс. Табылған радиоактивтік жұқтыру көздері комиссия мүшелерінің жұмысы басталғанға дейін алынады және уақиға орнынан эвакуацияланады.
 

      14. Жұмыс жүргізген кезде кездесіп қалуы мүмкін сипатты, жұмыстың көлемін, қауіптілікті алдын-ала бағалағаннан кейін топтардың жеке қорғау құралдарымен, арнайы жарақтармен, аспаппен жабдықталуын анықтау қажет.
 

      15. Уақиға орнын тексерген, әуе кемесі құлаған кезде пайда болған іздерді зерттеу, кедергіге тиудің бірінші орнын және әуе кемесінің шашыраған аймағын анықтаған, сондай-ақ уақиға орнын суретке түсіру кезінде тергеуге қатысушылар өзара сақтандыру тәсілдері мен құралдарын пайдалануға, дене жарақаттануын алмау үшін абайлық пен ұқыптылық сақтауға; АУ қатысушыларының қаза болғандардың сүйектері мен жеке заттарына қол тигізбейді.
 

      16. Егер жерде: таулардың, жарлардың, жартастардың құламалы беткейлерінде әуе кемесі немесе оның элементтері орнықсыз жатқан болса, тексеру алдында оларды тіркеу қажет.
 

      17. Әуе кемесінің биік немесе ыңғайсыз орналасқан бөлшектері бойынша жылжу қажеттілігі кезінде өзара сақтандыруды қамтамасыз ете отырып, сақтандыру белбеуді пайдалану керек.
 

      18. Мұздың қабыршағымен жабылған тайғанақ үстілері бойынша жылжыған кезде аяқ киімнің үстіне киілетін маталы қаптарды, ал мұздың үстімен жылжыған кезде - аяқ киімнің табанына тіркелетін арнайы ілмектерді пайдалану қажет.
 

      19. Одан арғы зерттеулер үшін авариялық өзі жазушыларды, радиоактивті бергішті және авиациялық техника элементтерін іріктеу бойынша барлық жұмыстар қышқылдардың, сілтелердің, жанар-жағар майлардың (бұдан әрі - ЖЖМ), металл сынықтарының және өзге заттардың, қолдардың, беттің ашық участоктарына, көзге және киімнің бетіне түсінен қорғайтын жеке қорғау құралдарды: алжапқыштарды, жеңғаптарды, қолғаптарды, көзілдіріктерді пайдалана отырып жүргізілуге тиіс.
 

      20. Сынған (зақымданған) әуе кемесінен ұшу ақпаратын тіркеуші борттық қонтейнерлерді және авиациялық техниканың элементтерін алған кезде контейнерлерге және оларды алып шығуға жолды тазалау үшін мынадай - балта, лом, күрек сияқты қол құралдарын қолдана отыры, абайлық танытқан жөн.
 

      21. Алып шығуға жататын отын құйылған контейнерлерді және техниканың басқа да элементтерді ескі-құсқы затпен сүрту және оларды бөлшектеуді отын ұшып кеткеннен кейін ғана бастау керек. Егер отын кабинаның ішіне немесе жердің бетіне төгілсе, онда ондай жерлерді ұшқыннан өрттің шығуын болдырмау үшін өрт сөндіретін көбікпен кезеңді жабып отыру қажет.
 

      22. Өрттен кейін контейнерлерді алып шығу кезінде металдық ілгекті бақандарды және ілмектерді пайдалану керек.
 

      23. Жоғары қысымдағы жүйенің элементтерін алып шығудың алдында жүйеде артық қысымның жоқтығына көз жеткізу, ал қажет кезінде атмосфералық қысыммен теңестіру қажет.
 

      24. Оттек баллондарды алып шығудың алдында шұра мен редуктордың толық жабылғанын тексеру керек. Егер баллонға шұра немесе редукторға май жұқса, онда оттектің жарамдылығы мен сапасын тексеруді жуушы құралдар арқылы майдың орнын толық кетіргеннен кейін ғана жүргізуге болады. Осы мақсаттар үшін органикалық еріткіштерді қолдануға тыйым салынады.
 

      25. Отын, май және гидравликалық жүйелерден ЖЖМ-ды іріктеуді жүргізетін тұлғалар жеке қорғау құралдарды: қолғаптарды, қорғайтын кремдерді (биологиялық қолғаптар), жеңғаптар мен бөлектейтін үлгідегі маталардан жасалған алжапқыштарды, сондай-ақ қорғаушы көзілдірікті пайдаланады.
 

      26. Ұшу ақпаратын тіркейтін борттық қонтейнерлерді ашу арнайы лабораторияда жүргізілуге тиіс. Ашуды жүргізетін тұлғалар тығыз түймеленетін киімдерде, қолдарында - резина қолғаптары болуға тиіс. Егер контейнер агрессиялық сұйықтықтармен ластанса, онда арнайы киімнің үстінен жеңғаптарды және бөлектейтін үлгідегі маталардан жасалған алжапқыштарды кию керек.
 

      27. Төменгі температура жағдайларда жұмыс орындаған кезде, егер жұмыстар дала жағдайларында жүргізілсе жылы үй-жайда немесе алаудың қасында оқтын-оқтын жылынып, жұмыста үзілістер (жылуды сезінуіне байланысты) жасау қажет; бір бірінің беттерінің түстерін қарай отыру қажет. Металдық заттармен жұмыс істеген кезде қатты салқындаған металға терінің жабысуын (қатуын) және оны жарақаттануын болдырмау үшін қолғапты шешуге тыйым салынады.
 

      28. Жоғары температура жағдайларында жұмыс орындаған кезде күннің аса жоғарғы инсоляциясы кезінде жұмыста үзілістер жасау қажет. Тері жамылғыларының күюін болдырмау және басқа ыстық тигізбеу үшін киімді және бас киімді шешуге тыйым салынады.
 

      29. Үсті қармен жабылған жерде немесе су кеңістігінің жанында жұмыстар атқарған кезде көздің сілемейлі қабыршағын ультрафиолеттік киюіден алдын алу үшін тіпті жабырқаңқы ауа райында да жарық фильтрлі көзілдірікті кию міндетті.
 

      30. Таулы жерде жұмыс жүргізіп жатқан тұлғаларды тәжірибелі нұсқаушы - альпинист АУ орнында сақтануын қамтамасыз етеді. Егер теңіз бетінен 2,5 километр биктікте жұмыс жүргізіліп жатса, онда оттек аштығын жою немесе алдын алу үшін кем дегенде 3 адамға бір оттек құралының есебінен иелену қажет.
 

      31. Орманда жазғы уақытта жұмыс атқарған кезде киімді: аяқ-сирақ буындарынан бастап шалбарды және қолдың басынан жеңді мұқият "гермитикалап" тоқыма баумен байлап тастау, тоқыма баумен байланған жерлерден куртканың жағасы мен шалбарды шетіне дейін түймелеу, сондай-ақ масалардың, шыбын-шіркейдердің, кенелердің шабысын алдын алу үшін қол басының терісіне үріткіштерді (мен) жағу (сулау) қажет.
 

      32. Ашық кеңістікте жұмыс атқарған кезде және жүргізетін құралдарда болғанда, барлық жұмыс істеушілер киімнің үстінен құтқарушы желеткелері киіледі. Жылы теңіздердің жағалау аймағында жұмыс жүргізген кезде тікенекті балықтармен, теңіз кірпі шешендерімен, конус түрді нысандағы бақалшықтардағы ұлулармен түйісуден алыстаған жөн.
 

      33. Мұздың үстінде жұмыс атқарған кезде, бұл ретте сақтандыру белбеулер мен арқандарды пайдалана отырып сүймен немесе лом арқылы мұз жамылғысының қалыңдығын алдын-ала тексеру; мұздың қалыңдығы оның үстінде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз етпейтін жерлерін алдын алу белгілерімен көрсету қажет. Барлық жұмыстар өзара сақтандыру құралдары мен тәсілдерін пайдалана отырып жүргізілуге тиіс.
 

      34. Табиғи апаттар: орман өрті, су басуы, көшкіндінің түсуі, тас құламасы, шаңды дауыл болған кезде жұмыстарды дереу олар аяқталғанға дейін тоқтату керек.
 

      35. Қолайсыз метеожағдайлар: бұрқасын, тұман, қатты жел, назағай, жаңбыр болған кезде жұмыстарды тоқтатып, метеорологиялық ахуал оңалғанға дейін таса жерге бару керек.
 

      36. Жұмыстарды түнде атқарған кезде ерекше ұқыптылық пен абайлықты таныту қажет, өйткені бұл жағдайда айтарлықтай қанағаттандырылатын жасанды жарықтың кезінде де жарақаттану қауіптілігі елеулі өседі.
 

      37. АУ аймағында жұмыс атқарған кезде шылым шегуге, тамақтануға, су ішуге болмайды.
 

      38. Дала жұмысы кезінде шөлді қандыру үшін табиғи көздерден суды, сондай-ақ қар мен мұзды пайдалануға болмайды.
 

      39. Комиссияның басқа мүшелерінің көрінім шегінен тыс әлде-бір жұмыстарды жүргізуге болмайды.
 

      40. Жұмыс уақытында жарақат алған, күйген, үсіген, өзін-өзі жайсыз сезінген жағдайда жазғырылған (ауырып қалған) жұмыстар жүріп жатқан орында болған дәрігерден (фельдшерден) көмек сұрауға тиіс.
 

      41. Зақымдалмаған теріге агрессиялық сұйықтықтар тиген кезде олардың тамшыларын дәке тығынымен немесе ескі-құсқы затпен сүртіп, ал одан кейін жуушы паста, су сабыны немесе сабын арқылы сумен жуып тастау қажет. Теріге агрессиялық сұйықтықтарды жағуға, оларды қар арқылы кетіруге тырысуға тыйым салынады.
 

      42. Егер агрессиялық сұйықтықтардың тиюімен бір мезетте терінің зақымданғаны болса, онда дәрігерге көріну қажет.
 

      43. Жеке қорғау құралдары бүлінген жағдайда, оларды ауыстыру қажет.
 

      44. Улы жорғалаушылар, жәндіктер шаққан кезде медициналық көмек көрсету үшін дәрігерді (фельдшерді) дереу шақыру керек.
 

      45. Суық суға түсіп кеткен жағдайда, жазғырылғанды шығарып алғаннан кейін оның киімін ауыстыру, таса жерге жіберу, ыстық сусын (шәй, кофе) беру қажет.
 

      46. Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы киімді және жеке қорғау құралдарды, сондай-ақ аспапты санитарлық өңдеуге тапсыру және гигиеналық рәсімдерді орындау қажет.
 

      47. Егер жұмыс дала жағдайларында өтсе және аяқталмаса, ластанған алжапқыштарды, жеңғаптарды, аяқ киім үшін маталы каптарды, қорғау қолғаптарын таса жердің сыртында қалдырған жөн, ал бүлінген жеке қорғау құралдарын ауыстыру қажет. Орманды және шөлді аумақтарда жұмыс істеген соң киімді шешкеннен кейін бірден оны қарап және кездейсоқ түскен қауіпті жәндіктерді жою үшін қатты сілку қажет.
 

      48. Орманды жердегі жұмыстан кейін гигиеналық рәсімдерге кіріскенге дейін бастың, мойынның, иық белдеуінің тері жабындыларын қараған жөн. Кене табылған жерге йод тұнбасын жаққан жөн, ол түсіп қалғаннан кейін жараны йодпен өңдеу және қолды сабынмен мұқият жуу керек.
 

      49. Теріде сызат, дақ, қажалу, мүйізгек және басқа да зақымданған жерлер болған кезде гигиеналық рәсімдерді орындау алдында дәрігерге көріну қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады