Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 298 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3230. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 59 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 59 Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына,  69-бабының 1-тармағына, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 12-бабының 10), 11) тармақшаларына, "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 137  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2335 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 11 басылымдарында 2003 жылғы 19 мамырда - 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "Бағалы қағаздар портфелін" деген сөздер "Инвестициялық портфельді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспеде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Жарлығына" деген сөздер "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      атауында және жоғары оң бұрышында "Бағалы қағаздар портфелін" деген сөздер "Инвестициялық портфельді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспеде "инвестициялық қорлар туралы" деген сөздердің алдындағы "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
      барлық мәтін бойынша "бағалы қағаздар портфелін", "бағалы қағаздар портфелiнiң" деген сөздер тиісінше "инвестициялық портфельді", "инвестициялық портфельдің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) клиенттiң активтерi - инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы қаржы рыногы активтерінің және өзге де мүліктің жиынтығы;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) клиент - басқарушы компанияның қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әр түрлі қаржы құралдары түрлерінің не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес мүліктің жиынтығы;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) ішкі құжаттар - инвестициялық портфельдi басқарушының оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң, қызметкерлерiнiң қызмет ету шарттары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.";

      3-тармақта екінші абзац алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы (бұдан әрі - номиналды ұстаушы) жүзеге асырады.
      Клиенттің бағалы қағаздарынан басқа активтерді есепке алуды және сақтауды кастодиан жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:
      "5-1. Инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі - басқарушы) оның клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және/немесе бағалы қағаздары "А" санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген онымен аффилиирленбеген банктерде немесе резидент емес - бас банкі "А" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингісіне ие резидент - еншілес банктерде банк шоттарын ашады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 тармағымен толықтырылсын:
      "7-1. Басқарушы акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын инвестициялық қордың активтерін сенімгерлік басқару шартын жасау тәртібі, оның нысаны мен мазмұны Азаматтық кодекспен және "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.";

      8-тармақтың 11) тармақшасы "немесе бағалы қағаздарды немесе өзге активтерді есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушы туралы мәліметтер;" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шартты бұзу сәтіне басқарушының қолындағы клиенттің активтері "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шарты бұзылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде клиентке қайтарылады не клиенттің өкімі негізінде басқа басқарушыға беріледі.";

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) оның уәкiлеттi органымен келiсiлгенi туралы белгi қойылған (келiсу күнi және басқарушы ішкі құжаттардың келісілуін растайтын құжаттың нөмiрiн көрсете отырып) басқарушының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған және мөрiнiң таңбасымен расталған ішкі құжаттардың көшiрмесiн;";

      16-тармақтың 3) тармақшасында "мәліметтердің" деген сөзден кейін "не бағалы қағаздар туралы мәліметтердің номиналды ұстаушы ұсынған мәліметтерге не" деген сөздермен толықтырылсын;

      17-тармақта "электрондық почтамен немесе" деген сөздерден кейін "шартта не инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалған" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-тармақта "регламентіне" деген сөз "ішкі құжаттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта:
      2) тармақшада "бағалы қағаздардың" деген сөздерден кейін "және өзге де активтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада "бағалы қағаздарға" деген сөздерден кейін "және өзге де активтерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақта:
      3) тармақшада "бағалы қағаздардың" деген сөздерден кейін "және өзге де активтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада "(бағалы қағаздар)" деген сөздерден кейін "және өзге де активтер" деген сөздермен толықтырылсын;

      25-тармақта:
      1) тармақшада "бағалы қағаздарды" деген сөздерден кейін "және өзге де активтерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармағымен толықтырылсын:
      "25-1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату жөніндегі бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 25-2-тармағымен толықтырылсын:
      "25-2. Инвестициялық қордың активтерін хеджерлеу мақсатында туынды бағалы қағаздармен мәмілелер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ұйымдасқан бағалы қағаздар рыноктарында жасалады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Клиенттің активтерін есепке алу клиентке ашылған шотта басқарушының есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      28-тармақ алынып тасталсын;

      29-тармақта "инвестициялық" деген сөз алынып тасталсын, "регламентінде" деген сөз "ішкі құжаттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақта "кастодиандағы деректерге" деген сөздерден кейін "және/немесе клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының деректеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      31-тармақтың 7) тармақшасында "кастодиандардың" деген сөзден кейін "және/немесе номиналды ұстаушылардың" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне және инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады