Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы N 854 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3231. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 291 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 291 бұйрығымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Заң департаменті (Р. Әлімқұлов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
       3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр                                Ж. Түймебаев

                                         Қазақстан Республикасы    
                                     Білім және ғылым министірінің
                                         2008 жылғы 21 мамырдағы   
                                         N 297 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы N 854 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3231 тіркелген).
      6. ...
      7. ...
      8. ...
      9. ...

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелері бекітілсін.
      2. Орта білім департаменті (С.Есбосынова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бақылау білім және ғылым вице-министрі К.Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 22 қазандағы  
N 854 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру
ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу туралы
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Ескерту: Мәтін бойынша сөздер алмастырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелері) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына әзірленді.
      Осы Ереже мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін анықтайды.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

2. Мемлекеттік білім білім беру ұйымдарының
басшыларын аттестаттаудың мақсаттары мен міндеттері

      2. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттау - олардың кәсіби біліктілік, ғылыми-әдістемелік, құқықтық, қаржы тәртібі деңгейін және білім беру ұйымдарын тиімді басқару қабілетін анықтау жөніндегі мерзімді жүзеге асырылатын рәсім.

      3. Білім беру ұйымының басшысын аттестаттаудың (бұдан әрі - аттестаттау) мақсаты басшының лауазымына сәйкестігін әділ бағалау, жауапкершілігін және орындаушылық тәртібін арттыру.

      4. Аттестаттаудың негізгі міндеттері:
      1) республиканың білім беру жүйесіндегі жоғары білікті басқару кадрлары құрамын қалыптастыру;
      2) басшылардың лауазымына сәйкестігін белгілеу;
      3) білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру;
      4) басшылардың әлеуетті мүмкіндіктерін қолдану келешегін анықтау;
      5) басшылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін мақсатты түрде арттыруға ынталандыру;
      6) басшылардың біліктілігін арттыру кәсіби даярлау немесе қайта даярлау қажеттілігін анықтау;
      7) кадрлардың ұтымды ауыстырылуын қамтамасыз ету, кадр резервін қалыптастыру.

      5. Аттестатталушыларға объективтілікті және қамтамасыз ететін міндеттілік, ашықтық, алқалық аттестаттаудың негізгі қағидаттары болып табылады.

      6. Барлық үлгідегі меншік білім беру ұйымдарының басшылары (бұдан әрі - басшылар) аттестатталуға жатады.
      Жүкті әйелдер басшылар аттестаттауға жатпайды.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

      7. Басшы лауазымдағы үздіксіз жұмысының әрбір үш жылы өткен сайын басшылар аттестаттаудан өтеді, бірақ осы лауазымға тұрған күннен алты ай мерзім өтуі шарт.

      8. Аттестаттауға бірқатар дәйекті рәсімдер енеді:
      1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
      2) аттестаттау комиссиясы өткізетін басшымен әңгімелесу;
      3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

      9. Басшыны аттестаттау кезіндегі негізгі талаптарға аттестатталушының білім беру ұйымының басшыларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі және аттестаттауға дейінгі жыл бойында тәртіптік сөгістері болмауы жатады.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

      9-1. Аттестаттау мынадай органдармен ұйымдастырылады және жүргізіледі (бұдан әрі - аттестаттау органы):
      білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен - ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары;
      облыстық білім беруді басқару органы - кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру бағдарламаларын мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының, сондай-ақ балалар спорт мектебінің басшылары;
      Астана және республикалық маңызы бар қалалардағы білім берудің басқару органы - жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік жалпы, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының басшылары;
      аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) білім беру органы - жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім беру, білім берудің негізгі жалпы немесе жалпы орта, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының басшылары.
      Ескерту: 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

3. Аттестаттация өткізуге дайындық

      10. Аттестаттау өткізуге дайындықты аттестаттаушы орган басшысының тапсырмасымен кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) ұйымдастырады және ол мынадай іс-шаралардан тұрады:
      1) басшыларды аттестаттауды өткізудің мақсаты және тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      2) аттестаттауды өткізу кестесін жасау;
      3) басшыларға аттестаттау материалдарын дайындау;
      4) аттестаттау комиссиясының құрамын анықтау (бұдан әрі - комиссия);
      5) кешенді тестілеуді өткізу бойынша дайындық жұмыстары.

      11. Кадр қызметі осы Ереженің 7-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын басшылардың тізімін алты айда бір рет анықтап отырады.

      12. Аттестаттаушы орган басшысы кадр қызметінің ұсынысы бойынша бұйрық шығарады, онымен:
      1) аттестатталатын адамдардың тізімі;
      2) аттестаттауды өткізу кестесі;
      3) комиссия құрамы бекітіледі.

      13. Кадр қызметі аттестатталатын білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттау өткізілетін мерзім және кезеңдері туралы оның өткізілуінен кемінде отыз күн бұрын жазбаша хабарлайды. Хабарламаға облыстық (қалалық) департаменттің/басқарманың тиісті бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.
      Аттестаттауды өткізудің бекітілген кестесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда кадр қызметі оның өткізілуінен кемінде он күн бұрын аттестатталатындарға бұл жөнінде хабар беруі керек.

      14. Аттестаттаушы орган басшысы қарамағында жұмыс істейтін аттестатталатын адамға: аттестаттаушы органмен бекіткен нысан бойынша қызметтік мінездемесін дайындайды.
      Қызметтік мінездеме аттестатталатын адам басшы лауазымын 2 жыл үздіксіз атқарған кезеңнен өткізілетін аттестаттауға дейінгі мерзімдегі кәсіби, жеке қасиеттері және ол басқаратын білім беру ұйымының нәтижелерін негізді объективті бағалау болуы керек.
      Қызметтік мінездеме және анықтама (кесім), аттестаттаушы орган басшысының қолы қойылып, кадр қызметіне жіберіледі.

      15. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысынан кемінде 3 апта бұрын аттестатталатын адамды оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
      Басшының өзінің қызметтік мінездемесімен келіспеушілігін мәлімдеуге және комиссияның отырысынан кемінде он бес күн бұрын кадр қызметіне тиісті ақпаратты ұсынуға құқығы бар.

      16. Кадр қызметі басшыға аттестаттау қағазын әзірлейді.

      17. Кадр қызметі барлық аттестаттау материалдарын комиссияға оның отырысынан он күн бұрын жібереді.

      18. Комиссия құрамына облыстық/қалалық әкімдік өкілі, аттестаттаушы орган басшысы комиссия төрағасы болып келетін мамандар, соның ішінде кадр, заң қызметі мамандары кіреді.
      Комиссия құрамына тәуелсіз сарапшылар (ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, республикалық, облыстық немесе қалалық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының қызметкерлері, қамқоршы кеңес мүшелері, ата-аналар комитетінің, консалтингтік және сараптау ұйымдарының өкілдері, шетелдік сарапшылар) енгізілуі мүмкін.
      Кадр қызметі, мүдделі ұйымдар, мекемелер және құрылымдар басшыларының ұсынысымен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

      19. Комиссия төрағасы болып аттестаттаушы орган басшысы (басшының орынбасары) тағайындалады.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

      20. Комиссия мүшелері - аттестатталуға тиіс білім беру ұйымының басшылары аттестаттаудан жалпыға бірдей негізде өтеді.

4. Аттестация комиссиясы мәжілісін өткізу

      21. Басшыны аттестаттау мәселесі қаралатын комиссия отырысы міндетті түрде оның қатысуымен өтеді.
      Басшы комиссия отырысына орынды себептермен келе алмаған жағдайда оның аттестатталуын қарау комиссия белгілеген мерзімге кейінге шегеріледі.
      Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

      22. Отырыс барысында комиссия ұсынылған мәліметтерді зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.
      Аттестатталатын тұлғаға қойылатын сұрақтар оның кәсіби және басқарушылық қызмет, республикасының білім беру жүйесін дамыту перспективасы, халықаралық тәжірибе мәселелеріндегі құзыреттілік деңгейін анықтауға, ол басқаратын білім беру ұйымының қызметін зерделеуге тиіс.
      Аттестатталатын адамның кәсіби, іскерлік және жеке басының қасиеттерін талқылау объективтілік, сыпайылық, тілеулестік жағдайында өткізілуі тиіс.
      Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

5. Аттестаттау комиссиясының шешімін шығару

      23. Комиссия ұсынылған мәліметтерді зерделеу және басшымен әңгімелесу нәтижесі бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) "лауазымына сәйкес";
      2) "лауазымына сәйкес емес";
      3) "қайта аттестатталуға ұсынылсын".

      24. Комиссия, егер басшының кәсіптік, басқару құзыреттілігі лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болса, онда басшы "лауазымға сәйкес" деген шешімді қабылдайды.

      25. Комиссия, егер басшының кәсіптік, басқару құзыреттілігі лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес емес болса, онда басшы "лауазымға сәйкес емес" деген шешімді қабылдайды.

      26. Комиссия, егер аттестатталатын адамның кәсіптік және басқару құзыреттілігіне деңгейі лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына толық сәйкес болмаса "қайта аттестатталуға ұсынылсын" деген шешімді қабылдайды.

      27. Қайта аттестаттау осы Ережемен белгіленген тәртіппен бірінші аттестаттау өткен күннен кемінде 6 ай кейін өтеді.

      28. Аттестаттау нәтижесі бойынша қызметкерлерге белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Куәлікке аттестаттаушы орган басшысы қол қояды және мөрмен расталады. Куәліктің көшірмесі басшының жеке іс-қағаздарында сақталады. Куәліктің берілуі парақтары белгіленген тәртіппен тігілген нөмірленген журналға тіркеледі.

      29. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады. "Жақтаушысы" және "қарсы" дауыстар тең болса комиссия төрағасының даусы шешуші болады. Комиссия отырысына оның құрамы кемінде 3/2-і қатысса шешім заңды деп есептеледі.

      30. Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын білім беру ұйымының аттестатталатын басшысы өзі туралы дауыс беру кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      31. Комиссияның аттестаттау нәтижесі туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысқан комиссия төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы, комиссия мүшелері қол қояды.
      Комиссияның аттестаттау нәтижесі туралы шешімі қабылданған күні басшының назарына жеткізіледі.

      32. Білім беру ұйымы басшысының қызметтiк лауазымына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы Комиссияның шешімі қайтадан аттестаттау жөнiндегi ұсынысы негізінде аттестаттаушы органның кадрлық қызметі тиісті бұйрық дайындайды.

      33. Комиссияның "лауазымына сәйкес емес" деген шешімі білім беру ұйымы басшысының лауазымына сай емес деп тану және басқа жұмысқа ауыстыру, лауазымын төмендету немесе жұмыстан босату туралы шешім қабылдауға негіз болады.

      34. Комиссияның шешімі білім беру ұйымы басшысының аттестаттау қағазына және қызметтік тізіміне енгізіледі.
      Ескерту: 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 Бұйрығымен.

      35. Білім беру ұйымы басшыларын аттестаттауды өткізу барысында туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады