Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 291 бұйрығымен.
----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Заң департаменті (Р. Әлімқұлов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министірінің
2008 жылғы 21 мамырдағы
N 297 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. ...
2. ...
3. ...
4. ...
5. ...
6. ...
7. ...
8. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 қазандағы N 854 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 507 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3790 тіркелген).
9. ...
"Бюджеттік қатынастар пен мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3231 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 қазандағы N 854
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережесінде:
Ереженің барлық мәтіні бойынша "білім беруді басқарудың жергілікті атқарушы органдары (облыстық білім департаменттері/басқармалары, қалалық/аудандық білім бөлімдері)", "облыстық білім департаменті/басқармасы", облыстық (қалалық) білім департаменті/басқармасы", "облыстық, қалалық/аудандық білім департаменті (басқармасы/бөлімі)", "облыстық (қалалық) білім департаменті/басқармасы", "қалалық (аудандық) білім басқармасы/бөлім", "білім беруді басқарудың жергілікті атқарушы органдары (облыстық білім департаменті/басқармасы, қалалық аудандық білім беру бөлімі)", "облыстық/қалалық білім департаменті/басқармасы" деген сөздер "аттестаттаушы органмен", "аттестаттаушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екінші абзацындағы "ұйымдарының" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - білім беру ұйымдары)" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
9-тармақтағы "/әкімшілік" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:
"9-1. Аттестаттау мынадай органдармен ұйымдастырылады және жүргізіледі (бұдан әрі - аттестаттау органы):
білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органымен - ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары;
облыстық білім беруді басқару органы - кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру бағдарламаларын мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының, сондай-ақ балалар спорт мектебінің басшылары;
Астана және республикалық маңызы бар қалалардағы білім берудің басқару органы - жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік жалпы, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының басшылары;
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) білім беру органы - жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім беру, білім берудің негізгі жалпы немесе жалпы орта, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының басшылары.";
18-тармақта:
"(басшы орынбасары)," деген сөздер "комиссия төрағасы болып келетін" деген сөздермен толықтырылсын;
", әдіскерлер" деген сөз алынып тасталсын;
19-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын;
21-тармақтың бірінші абзацындағы ", сондай-ақ оған тиісті қалалық/аудандық білім басқармасы/бөлім басшысы қатысады" деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың бірінші абзацындағы "және тиісті білім басқармасы/бөлімі басшысын" деген сөздер алынып тасталсын;
34-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (М. Күзембаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Гамарникке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр