Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1569 тiркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 301 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3240. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 158 Қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 158 Қаулысымен.

      --------------------- Қаулыдан үзінді ------------------------

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы
(бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      4. ...
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                         Е. Бахмутова

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы                                          нарығын және қаржы ұйымдарын   
                                     реттеу мен қадағалау агенттігі
                                       Басқармасының 2008 жылғы     
                                     29 қазандағы N 158 қаулысына  
                                                қосымша             

Күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1569 тiркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру
нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3240 тіркелген).
      4. ...
      5. ...

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1569 тiркелген, 2002 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 5 том), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуiрдегi N 114 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2312 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

     кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) және 15) тармақшаларына" деген сөздер "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларында:
     кiрiспеде "және жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер алынып тасталсын;
     барлық мәтiн бойынша "эмиссиясы", "эмиссиясының" деген сөздер тиiсiнше "шығарылымы" "шығарылымының" деген сөздермен ауыстырылсын;

     1-тармақтың 5) тармақшасында "немесе Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздер алынып тасталсын;

     3-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;

     7-тармақтың 3) тармақшасындағы "7" саны "6" санымен ауыстырылсын;

     18-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

     1-қосымшаның 3-тармағының 3)-18) тармақшалары алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

     3. Агенттiктiң Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Токобаев Н.Т.):
     1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.

     4. Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары E.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады