Жануарлардың инвазиялық ауруларын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашада N 654 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 6 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3249. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабы 2-тармағына және 8-бабы 9) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.24 № 625 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      1. Қоса берiлiп отырғандары бекiтiлсiн:
      1) Жылқылардың параскариозын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережесi;
      2) Жануарлардың анаплазмозын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережесi.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және оның облыстық және Астана, Алматы қалалық аумақтық инспекциялары,заңнамада  белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.24 № 625 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      3. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.24 № 625 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнен мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы жариялану сәтiнен бастап қолдануға енгiзiледi.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрiнiң  
12 қарашадағы 2004 жылғы    
"Жануарлардың кейбiр инвазиялық
ауруларын алдын алу және    
жою жөніндегі ветеринариялық 
ережелерiн бекiту туралы"   
N 654 бұйрығымен бекiтiлген  

  Жануарлардың анаплазмозының алдын алу және
жою жөнiндегi ветеринариялық ереже

      Осы Жануарлардың анаплазмозының алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ереже (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға мiндеттi ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Анаплазмоз - патогендi қарапайымдылар туғызатын жiтi және жiтiлеу өтетiн трансмиссивтiк ауру, қызбамен, анемиямен, сарғаюмен, қанталау пайда болумен, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйелерiнiң бұзылуымен байқалады.
      Iрi қара мал анаплазмозының қоздырғышы - Anaplasma marginale, ұсақ малдың - Anaplasma ovis Rickettsiales отрядына, Anaplasma туысына жатады. Эритроциттерде орналасады. Кейде олар лейкоциттердiң және тромбоциттердiң iшiнен табылады. Қан жағындысында (мазок) дөңгелек пiшiндi, мөлшерi 0,2-2,2 мкм және эритроциттiң шетiнде орналасады.
      Анаплазмоз Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ортаңғы және оңтүстiк аудандарында тiркеледi. Солтүстiк және ортаңғы кеңiстiктерде сирек кездеседi.
      Орта Азия республикаларында және Қазақстанда анаплазмоз май айынан бастап пайда болады, ал ауру малдар барлық жаз бойы бөлiнедi. Анаплазмоздың қоздырғышы иксодалық кенелермен, және шiркейлермен, масалармен, ұсақ масалармен, шағатын шыбындармен таралады. Анаплазмоздың бiр малдардан басқа малдарға, механикалық жолмен хирургиялық саймандар арқылы, стерильденбеген инъекция кезiнде жұғуы мүмкiн.
      Аурудың негiзгi жұғу жолы трансмиссивтiк болып табылады.

      2. Анаплазмозға диагноз эпизоотологиялық мәлiметтерге, клиникалық белгiлерiне, патологоанатомиялық өзгерiстерге және зертханалық зерттеулердiң негiздерiне сүйене отырып қойылады.
      Анаплазмозға ерте диагноз қою үшiн серологиялық реакциялар қолданылады: комплементтi байлау реакциясы және антиденелердiң тура емес иммунофлюоресценция реакциясы.
      Анаплазмозға ақырғы диагноз Романовский-Гимза бойынша боялған шеткi қанның жағындыларын және лимфа түйiндерiнiң, көк бауырдың немесе бауырдың пунктаттарын зерттеу кезiнде арқылы қойылады.

  2. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргiзiлетiн анаплазмоздың алдын алу шаралары

      3. Ауруды алдын алу мақсатында меншiгiнде жеке малдары бар жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 2088 тiркелген, Жеке және заңды тұлғалармен орындауға мiндеттi ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргiзу   ережесiне сәйкес, ветеринариялық мамандарға профилактикалық ветеринариялық тексеруге малдарын ұсынады.

      4. Малдардың құнарлы азықтандыруын ұйымдастырады.

      5. Жас малдар ересек малдардың топтарынан бөлек ұсталынады.

      6. Малдарды және азық-жемдi тек аурудан таза шаруашылық субъектiлерiнен әкеледi.

      7. Барлық жаңадан әкелiнген малдарды профилактикалық карантинде 30 күн ұстайды.

      8. Бөлме-жайларға, аулаларға, учаскелiк жерлерге және мал тұратын орындарға дезакаризация жүргiзiледi.

      9. Малдарға, жайылымдарға биотиптердегi кенелермен жүйелi түрде күрес жүргiзiледi.

      10. Әкелінетін, әкетілетін, сондай-ақ орны ауыстырылатын малдарға карантиннен өткiзу және анаплазмозға зерттеу жүргiзiледi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.24 № 625 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      11. Хирургиялық операцияларды, малдарға жалпылама ветеринариялық өңдеулердi жүргiзу кезiнде асептика және антисептика ережелерi қатаң сақталынады.

  3. Анаплазмоздан таза емес бекеттерде
жүргiзiлетiн шаралар

      12. Шаруашылық субъектiсiнде анаплазмозбен ауырған малдар анықталған кезде тез арада ветеринариялық маман бұл жөнiнде сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.24 № 625 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      13. Сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы малдардың анаплазмоз ауруына күдiк пайда болғаны туралы хабар алғаннан кейiн диагноз анықтау үшiн, эпизоотологиялық зерттеу жүргiзу үшiн, эпизоотиялық ошақтың шекараларын анықтау үшiн ауру шыққан жерге келедi. Ауру малдардан патологиялық материалдар алып және оларды ветеринариялық зертханаға жолдап жiбередi.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.24 № 625 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      14. Егер халықаралық міндеттемелерде өзгеше көзделмесе, Анаплазмозға диагноз қойылған жағдайда, ауру малдар бөлiнiп алынады және емдеу үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.24 № 625 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      15. Малдарды апта сайын акарицидтi препараттармен өңдейдi.
      16. Аурудан таза емес пункттерден тасымалданатын асыл тұқымды малдарды тетрациклин қатарының антибиотиктерiмен өңдейдi.

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрiнiң 
"Жануарлардың кейбiр инвазиялық
ауруларының алдын алу және жою
жөнiндегi ветеринариялық  
ережелердi бекiту туралы"   
2004 жылғы 12 қарашадағы   
N 654 бұйрығымен бекiтiлдi  

  Жылқылардың параскариозын (параскаридозын)
алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ереже

      Осы Жылқылардың параскариозын (параскаридозын) алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ереже (кейiн - Ереже), Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға мiндеттi ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн анықтайды.

  1. Жалпы ережелерi

      1. Параскариоз - жұмыр паразиттiк құрт Parascaris equorum туғызатын барлық жерде таралған тақ тұяқты малдардың созылмалы инвазиялық ауруы.
      Малдардың аурумен залалдану дәрежесi олардың жасына керi пропорциональды: мал жас болған сайын инвазияның экстенсивтiлiгi және интенсивтiлiгi жоғары болады.

      2. Қоздырғышы - iрi бөлек жынысты Parascaris equorum нематодасы, ұзындығы 15-тен 37 см дейiн жетедi, пiшiнi жұмыр тәрiздi, сарғыш-ақ түстi. Ауыз тесiгi үш ерiнмен қоршалған. Ер құрттардың құйрық ұшы қайырылған, дене көлемi ұрғашы құрттан кiшi.
      Тоғышар ащы iшекте орналасады, кейде бауырдың өт жолдарында және қарында кездеседi.
      Жұмыртқалары домалақ, салыстырмалы iрi, диаметрi 0,1 мм дейiн, қою-сары немесе қоңыр түстi (ұрықтанбаған жұмыртқалары және иесiнiң iшегiнен шыққан жұмыртқалары, концентрациялық азықтармен көп азықтандарылған малдардан бөлiнген жұмыртқалар ашық түстi) болып келедi.
      Қалың үш қабатты қабықтың болуына байланысты параскарид жұмыртқалары сыртқы ортаға өте төзiмдi: ортаңғы белбеудiң климаттық жағдайында және елдiң оңтүстiгiндегi жайылымдардағы қи-нәжiстерде және топырақта бiр жылдан кем емес уақыт сақталынады.
      Жұмыртқалары 40 о C жоғары ауа температурасында, қи-нәжiстiң 20% төмен ылғалдылығында, қатысты ылғалдылықтың 70% төмендiлiгiнде жұмыртқалары өлiп қалады. Қи-нәжiстердегi жұмыртқалары қар астында өмiр тiршiлiгiн сақтап, қыстап шығуға қабiлеттi.

      3. Аурудың басында балаң құрттардың миграциясы кезiнде (3-4 күн) энтерит және iш өту байқалады, бұдан кейiн балаң құрттардың өкпеге өтуiне байланысты бронхопневмонияның келесi белгiлерi дамиды: жөтелу, тыныс алудың жиiленуi, мұрын қуысынан сарысулы сұйықтың бөлiнуi, қысқа мерзiмдi қызба. Бұл құбылыстар ауру жұққаннан кейiн 9-16 күндерi көрiнедi және 4-7 күнге созылады.
      Бұдан кейiн iштiң жүрмей қалуымен кезектелетiн iштiң өтуi пайда болады, құрсақтың әлсiз шаншуының белгiлерi, құрсақ көлемiнiң ұлғайюы, жем-шөпке зауқымының болмауы, көрiнетiн кiлегей қабықтарының бозаруы, мал арықтайды, тез шаршайды, құлындар өсуiнен қалады, түлеуi тежеледi.
      Аурудың нервтiк түрiнде бұлшық еттердiң тартылуы, артқы аяқтарының парезi, құтырық белгiлерiне ұқсас жын айналуы байқалады. Эритропения, гемоглобин санының азаюы, лейкоцитоз, лимфоцитоз, эритроциттердiң тұну жылдамдығының жоғарылауы байқалады.

      4. Малдың тiрi кезiнде ауруға диагноз эпизоотиялық мәлiметтердiң, клиникалық белгiлердiң және параскаридтiң жұмыртқасын анықтау үшiн Фюллеборнның флотациондық әдiсi бойынша немесе Дарлингтiң құрама әдiсi бойынша фекалий сынамаларын зертханалық зерттеу арқылы қойылады. Кейде параскаридтер малдың фекалиiмен өздiгiнен немесе диагностикалық дегельминтизация кезiнде бөлiнедi. Өлгеннен кейiн өлексенi сойып тексеру кезiнде патологоанатомиялық өзгерiстердi және ересек аскаридтердi анықтау арқылы тексередi.

  2. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргiзiлетiн алдын алу шаралары

      5. Аурудың алдын алу шараларына жылқыларды оптимальды мерзiмде дегельминтизациялау, сыртқы ортаны залалсыздандыру, азықтандыруға және бағып ұстауға қалыпты жағдай жасау жатады.

      6. Профилактикалық дегельминтизациялау мерзiмi және кезеңдiлiгi жылқылардың жасына және олардың басқа гельминттердi жұқтырып алуына байланысты. Ерте көктемде туылған құлындардың параскариозбен моноинвазиясы кезiнде, маусым және шiлде айларында, ал көктемнiң соңында туғандарды - тамыз айында дегельминтизациялайды. Оларды қазан және қараша айларында қайталап өңдейдi. Жас 1-2 жылдық жастағы малдарды жайылымға шығару алдында наурыз және сәуiрде дегельминтизациялайды, қайталап - тамызда және қыркүйекте; интенсивтi инвазия кезiнде қараша-желтоқсанда үшiншi дегельминтизацияны жүргiзедi. Ересек жылқыларды көктемде және күзде дегельминтизациялайды.

      7. Табында бағып ұстау кезiнде жылқылардың бiр мезгiлде параскариозбен және стронгилятозбен зақымдануы кезiнде дегельминтизация кешендi түрде жүргiзiледi, гельминттердiң препатенттi даму кезеңiне сәйкес мерзiмде антибиотиктердiң ассоциациясымен.

      8. Емдiк (лажсыз) дегельминтизацияны жылдың барлық уақытында жүргiзедi.

      9. Дегельминтизациядан кейiн 10-15 күннен соң жылқы қораның және жанасушы аумақтардың санитариялық өңдеудi жүргiзедi. Қабырғалары, едендерi, астаулары және бүкiл шаруашылық құралдары ыстық дезинфекциялық ерiтiндiмен жуылады.

      10. Бұдан кейiнгi уақытта нәжiстен, азық қалдықтарынан және төсенiштерден күнделiктi тазартылып отырылады, нәжiске биотермиялық өңдеу жүргiзiледi.

  3. Эпизоотиялық ошақта және параскариоздан
таза емес бекетте жүргiзiлетiн шаралар

      11. Параскариоздан таза емес шаруашылықта жайылымның бөлiмдiк жүйесiн қолдану ұсынылады, бұл үшiн жайылымдық жерлердi 8 участкеге бөледi. Әрбiр участкеде (1 мамырдан бастап) жылқыларды 10 күннен жайып, 20 шiлдеден бастап бұрынғы бөлiмдерiне сол кезегiмен оралтады.

      12. Инвазияланған жануарларға Қазақстан Республикасында тiркелген антигельминтиктермен емдеу жүргiзiледi, көбiрек тиiмдiсi пиперазин тұздары болып табылады.

      13. Дәрi қоспасын жақсы жеу үшiн, жылқыларды алдын ала аш диетада 10-12 сағат ұстайды.

      14. Қоспаны жылқыларға ұсақ топтармен, 15-20 бастан бiр жастағыларды азықтандырады. Алдымен малдардың сол санына препаратты өлшеп алады, оны 5-еселiк мөлшердегi жылы суда ерiтедi (50 о C температурада), содан кейiн ерiтiндiнi жеммен араластырып бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады