Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлардың инвазиялық ауруларын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 654 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3249 болып тіркелген, 2005 жылғы 14 қазандағы № 126-127(751) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесінде «8)» деген сан «9)» деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және оның облыстық және Астана, Алматы қалалық аумақтық инспекциялары,заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»;
3-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың анаплазмозының алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережеде:
10-тармақта «Импорттан алынған» деген сөздер «Әкелінетін, әкетілетін, сондай-ақ орны ауыстырылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12 және 13-тармақтарда «ветеринариялық инспекторына», «ветеринариялық инспекторы» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспекторына», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта «Анаплазмозға» деген сөздің алдынан «Егер халықаралық міндеттемелерде өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрінің
міндеттерін атқарушы Е. Аман